justify"> Гәп мынада:
махаббат - күллі әлемге нұрын, шуағын
төккен қуат, ал әділет - тұтастай ғалам
құбылыстарын реттеуші құдірет. Қос феномен
қосылғанда ғарыштық күрделі қатынастар
ғажайып үйлесімін табады.
Міне хакім
Абай махаббат, ғаделетке осы тұрғыдан
келіп, жаңа аталған 45-ші қарасөзінде мынадай
даналық тұжырымын жасайды: «Бұлардың (махаббат пен әділеттің)
керек емес жері жоқ, кіріспейтұғын да
жері жоқ. Ол - жаратқан Тәңірінің ісі».
«Ол –
жаратқан Тәңірінің ісі» деген бір-ақ
ауыз тезис бүгінгі біздер үшін аса салмақты.
Осылайша Абай бізге он сегіз мың ғаламның
махаббат-әділет заңымен басқарылып, реттелетінін
ашықтап беріп отыр. Бұл, сөз жоқ, тек әлем
ойы алыбының ғана сыбағасы. /10.144-147б/
Махаббат - Жаратушының
бір аспектісі екендігі, әрине, әлімсақтан
мәлім. Барлық әлемдік діндер осыны діттейді,
айталық, исламдық сопылық ағым «махаббат
діні» делінеді. Ал, әділеттілік ше? Ол
махаббатқа тете, теңдес ұғым ба? Ең бастысы,
Абай екі ұғымды неге қосақтаған? Жаңағы
тезис міне осының жауабын беруімен құнды.
Біле білсек,
Абайдың: «Неше мың түрлі
діннің бәрі де ғаделет, махаббат Құдайға
лайықты деген» деп тұжыруы
өз алдына жаңалық. Сахара ойшылы бұл арада
хақиқат заңды күллі қасиетті кітаптардан
сүзіп алғанын сездіртіп отыр. Абайдың
жаңағы әділет, махаббат түсініктерін
бөлмей-жармай қолдану сыры киелі кітаптар
мазмұнында екенін көреміз.
Қорыта айтқанда,
махаббат, ғадалет категорияларын, бір
жағынан, «Тәңірінің ісі» (Тәңірінің хикметі,
заңы деген мағынаны да білдіреді) деп
ғаламдық деңгейде бағамдау, екіншіден,
олардың түп генезисі мен ортақ трансценденттік
мәнін ашып беру - Абайдың керемет жаңалықтары.
Бұл пайым артық
айтқандық боп көрінбеуі үшін мысалдармен
бекіте кетелік. Сөз басында әділет-жан
тыныштығының кепілі, оны аңсау адам баласына
Тәңіріден дарыған қасиет дегенбіз. Қазіргі
орасан қаржылық дағдарысқа да әділеттілік
заңының бұзылуы «кінәлі» екендігі шүбәсіз.
Сол сияқты планета жұртшылығын алаң еткен
Батыс және Шығыс делінетін осы заманғы
орасан үлкен өркениеттілік қарым-қатынас
пен өзара ұғысу проблемалары да әділеттілік
заңына тіреледі. Ол ол ма, күллі материалдық
әлем Ньютон ашқан заңдармен реттелетіні
сияқты күллі ғаламның тыныс-тіршілігі
Абай ашқан әділет-махаббат заңымен реттеледі./11.28-31б/
г) Ғақлия және Ғақлият-тасдиқат кітаптарының философиялық маңыздылығы
Ойшыл ақынның 1891 жылдан былайғы өмірінде басты шығармашылық жұмысы - екі проза
кітабы болғаны, оларға күш-қуатын сарқа жұмсағаны анық: бірі - 40 ғақлиядан тұратын «Ғақлия» атты (1891-97
жылдар арасында жазылды) кітабы, бірі
– «Ғақлиат-тасдиқат» (қазіргіше 38-ші қарасөз) атты кітабы.
Алдыңғысы - туған халқына жөн-жоба сілтеген
арнау өсиеттері, ал 1898-1902
жылдар аралығында жазылған екіншісінің - берісі мұсылман әрісі күллі адамзатқа арналған даналық трактат екені
талассыз.
Төменде Абайдың әділдік ілімі қалыптасуының саты-сатысына
осы қолжазба кітаптары
бойынша ой жүгіртелік.
Кітап «Ғақлия»-ның үшінші сөзінде ойшыл қойған кесек мәселелерден қазақ өмірі қайтсе түзеледі немесе қоғам қайтсе әділетті болады
деген сұрақ жазбай танылады.
Айнала дүниенің қиянатшыл болуы
- әділеттің жоқтығынан. Сондықтан Абай: «Осы қазақ халқының осындай бұзықшылыққа тартып, жылдан
жылға төмендеп бара жатқанын көрген соң менің ойыма келеді»
дей отырып, бұзықты азайтып, әділді молайту хақында ой-пікірлерін
ортаға салады.
Бесінші қарасөзінде: «Мағлұм болды: қазақ тыныштық үшін, ғылым үшін, білім үшін, әділет үшін қам жемейді екен,
мал үшін қам жейді екен...»
деп басталатын сөйлем бар. Бұл сөйлемді, әрине, «әділет үшін» деген тіркеске
бола келтірдік.
90-шы жылдардың ортасы – Абайдың ақындық мектебі үшін ең жемісті кезең. Осы кездерде «Ұстаздық қылған жалықпас» деп өзі айтқандай, қасына талапты жастарды
жиып, оларға өлең сөздерімен де, ауызша өсиет, ұзақ мәжілістерімен де үлгі-өнеге шашу сүйікті ісіне, дағдысына айналған болатын. Бұл туралы: «Абай ұстаз да, сөз ұғатын ынталы, талапты
жастардың бәрі шәкірт» дейді Мұхаң.
1894-95 жылдар
шамасында жазылған «Әсемпаз болма әрнеге» деген өлеңінен осы кездің тынысы айқын сезіледі:
Қайрат пен ақыл жол табар,
Қашқанға да қуғанға.
Әділет-шапқат кімде бар,
Сол жарасар
туғанға.
Бастапқы екеу соңғысыз,
Біте қалса қазаққа.
Алдың – жалын, артың – мұз,
Барар едің қай жаққа?
Көріп отырмыз, Абай өлеңде жай ғана әділет демеген,
«әділет-шапқат» («шапағатты әділет» деген мағынада) тіркесін
пайдаланған. Сөйтіп, адам рухын,
жалпы болмысты басқарушы күш Тәңірінің әділет-махаббат
заңы екеніне Абай
алғаш рет меңзейді.
Егерде жеке
адам немесе бүкіл қоғам тек қайрат пен ақылдың тапқан жолына түсер болса - «алдың – жалын, артың - мұз». Ақынның «алдың-жалын» дегені
ахирет - тозақ жалыны, ал «артың-мұз» дегені сүрген өмірің мағынасыз, баянсыз
дән шықпайтын, дәнеңе өнбейтін тақыр деген мағынаны білдірсе
керек-ті. Демек, адамға бақыт қонуының басты шарты, ойшылдың білуінше, әділет-шапқат иесі болу.
Абай осы
түбегейлі идеясын
бірде ғақлия сөзіне, бірде өлеңіне өзек етіп, дамыта
береді. Тағы бірер мысал алайық.
«Ауруды жаратқан - Құдай, ауыртқан Құдай емес, байлықты, кедейлікті
жаратқан – Құдай, бай қылған, кедей қылған Құдай емес деп, нанып ұқсаң болар, әйтпесе жоқ» (28-сөз) дейді Абай. Бұл жерде де әділет-шапқатқа меңзелгені сөзсіз. Осымен, данышпан
Тәңірінің әділет заңын орындау я орындамау,
яғни бақытқа жету-жетпеу әр пенденің өз ырқы екенін білдіреді.
Әділеттік, арлылық, махаббат пен –
Үй жолдасың қабірден әрі өткенде, -
дей келе:
Ғадәләт пен мархамат
- көп азығы,
Қайда көрсең, болып бақ соған көмек, -
(«Көк тұман-алдыңдағы келер заман»
1897 жыл).
деп түйін түйеді Абай. Келер
жылы тағы бір әйгілі өлеңінде:
Махаббат ғадауатпен майдандасқан,
Қайран менің жүрегім мұз болмай ма? –
(«Өлсем, орным қара жер сыз болмай
ма» 1898 жыл).
деуінде не сыр
бар? Ақын жүрегі неліктен майдан
алаңы, махаббат сезімі
не үшін майдандасты? Әділет үшін. Мұны осы кездерде
жазылған «Жүрегім менің – қырық жамау» өлеңінде:
Жүрегім менің – қырық жамау,
Қиянатшыл дүниеден, -
деп ойшылдың өзі паш етеді («қиянатшыл» сөзі «әділетсіз» сөзіне синоним).
Сонымен,
Абайдың поэзиясында, әсіресе, кітап «Ғақлия» атты мұрасында «қалың елі, қазағын», өзге халықтар қатарына қосу, яғни «ел қылу» идеясы бүкіл қоғамда әділдікті орнықтыру идеясымен қабыса табысқанына көз жеткіземіз. Бұл ерекшелікті ғұлама М.Әуезов бізге былайша
білдіреді: «...Ылғи ғана таза адамшылық жолын үгіттейді. Әділдік, шыншылдық, махаббатты –
бауырмалды арлылық, ойшылдық, сыншылдық сияқты адамды адам қылатын жан тәрбиесінің барлық негізін қолданады».
Енді Абайдың екінші қолжазба кітабы
- «Ғақлиат-тасдиқат» (қазіргіше 38-ші қарасөз) мазмұнына көшелік.
Алдыңғы кезеңде, яғни өлеңдері мен «Ғақлия» кітабында қадау-қадау көрінген әділет-мархамат
концепциясы 1898 жылдан беріде жүйелі ілімге айналуы,
жаңа сатыға көтерілуі заңдылық. Абайдың екінші кітабы
- «Ғақлиат-тасдиқат» міне осының асқақ айғағы. Бұл даналық еңбек басты үш бөліктен тұрады: бірінші -
Алланы тану (мұсылманша мағрифатулла), екінші
- әділет, махаббат
Тәңірінің ісі, хикметі екенін
дәйектеу (Абайдың өз сөзімен айтқанда: «Алла тағаланың пенделеріне салған жолы қайсы?» екенін білу), үшінші - адамның кәмалатқа жету шарттары
немесе «ғадалетті адам»
идеалын сомдау.
Біз алдарыңыздағы мақалада қойылған міндетке орай,
ойшылдың әділет-махаббат
Тәңірінің заңы екенін дәйектеген ой-пайымдарын ғана шолып өтпекпіз.
«Адам баласынан
махшарда сұрау алатұғын қылып жаратқандығында һәм ғаделет, һәм махаббат бар»
дейді Абай трактаттың мағрифатулла бөлігін аяқтаған тұсында.
Осыдан соң, ғұлама Алла тағаланың адам баласының пайдасына жасаған несібе, нығметтерін түгелдей тізбелеп
айтып: «Бұл хикметтерінің һәммасында мархамат һәм ғаделет заһир тұр екен» деп түйін түйеді. Он сегіз мың ғаламның бір тәртіпке бағынып, аса күрделі зор мәшина сияқты таңғажайып үйлесімділікпен
жұмыс жасауы енді
түсінікті: Құдай ісінің бәрі мархамат-ғаделеттің көрінісі екен. /12.70-73б/
Әрі қарай Абай ғаламдық көріністерден адам
баласының іс-әрекеттері қалайша мархамат-ғаделетті болмақ деген мәселеге ауысады.
«Енді белгілі,
иман құр инанышпенен болмайды, ғаделет уә рафғатпенен болады,
- дейді данышпан. - Ғамалус-салих (жақсы істер) ғаделетті мархаматты
болмақ. Күллі тәнмен қылған құлшылықтарың ешбір ғаделетті мархаматты
бермейді. Көзің күнде көреді намаз оқушы, ораза тұтушылардың не хәлетте екендіктерін,
оған дәлел керек емес».
Демек, иман шын болудың маңызды шарты –көпке пайдасы тиетін
ізгілікті істер - ғамалус-салихтерді
атқару, қысқасы, «мархамат-ғаделетті иманның шартынан хисап қылу».
«Алла тағаланың пендесіне салған жолы қайсы?» деген бүкіләлемдік сұраққа ұлы Абайдың берер жауабы міне
осы.
Төрткүл дүниені төңкеріп өткен талай ұлы төңкерістерді білеміз.
Олардың әділет сезімге сүйенбегені, оны
желбіреген туына жазбағаны кәне. Бірақ бұл «әділет» пен Абайдың «ғаделеті» арасы
жер мен көктей алшақ. Алдыңғысы бір қоғамды түбірімен қопарып тастап,
келесісін орнатуға бағытталса, Абайдікі
Тәңірінің ісі, заңы сапасында болғандықтан жұртшылықты тыныштыққа, береке-бірлікке ұйыстыруға қызмет етеді. Кемеңгердің жай ғана «әділет» демей, оған міндетті түрде шапағат, махаббат, мархамат ұғымдарын қосақтауының мәнісі осы арада,
осылайша жаңа сападағы категорияны,
кеңірек алғанда ілімді қалыптастырған деуге керек./13.87-88б/
д) Абай өлеңдерiндегi көркемдік мекеншақ сипаты
Көркем
әдебиет – уақыт пен кеңiстiктiң
шағын моделi. Оны дүниеге әкелу
үшiн де мекеншақ (хронотоп) өлшемi керек,
оның мазмұндық құрылымы да әр алуан
мекеншақ қатынастарына негiзделмек.
Шығарманы қабылдау кезеңдерi де мекеншақ
ерекшелiктерiмен сабақтас. Тегi, уақыт
және кеңiстiктiң перцептуалдық бейнесiн
әдебиет мекеншақ тағандарына табан
тiреп тұрып сомдайды. Абай философиясының
ең басты бағаналы терегi – Уақыт
(әрине, кеңiстiк ұғымы өзiнен-өзi сана
астарында тұрмақ). Әдепкiде ақын мұндай
объективтi табиғи құбылысқа мән
бермесе де керек. Уақыт – ананың
құрсағында жүрiп, уақыттың түйткiл
мәселелерiн шешемiн деп ойлау
– өзiңдi айнасыз көрудiң мүмкiн
еместiгiндей қиын нәрсе. Әйтсе де, Абай
өмiр сүру уақыттың сыңарына айналу
екенiн бiледi. Оның туындылары –
ой-сана мекеншағының мәтiн арқылы тұрақтылық
табуға ұмтылысы. Абайдың “Жасымда
ғылым бар деп ескермедiм” өлеңiнде
ақын алғаш рет уақытты жанама
кейiпкер етiп алады. Мұнда тарихи,
әлеуметтiк, даралық уақыт өкiнiш
сезiмiне байланысты психологиялық
уақыттың түрлi атрибуттары боп көрiнедi,
кеңiстiк детальдарын түзедi. Қазақ
елiнiң тұрмыс жағдайы мен әлемдiк
өркениет арасындағы қайшылық лирикалық
кейiпкер дүнетанымындағы қозғалыс
заматымен iшкi драматизм тудырады.
Ментальдық iлгерiлеудiң жекелiк қасиетi
мен ұлттық тұйықтыққа тән жалпылық
нышан тағы да қарама-қарсылық күйден
айнымауы рефлексологиялық мезет кернеуiн
арттырады. Ақын үшiн алдыңғы буынның
олқылығын толтыруға тиiс ұрпақ
болашағы да қауiпсiз емес. Ол кертартпа
орта мен iзгiлiктi мұрат арасындағы
кереғарлықты сезiнiп, қам жейдi. Лирикалық
қаһарман негiзгi тұтқа идеясын меже
қылып ұсынғанмен, өзiнiң жекелiк
қасиеттерi, қоғамдық орта мiнезiмен
келiспеушiлiк тәрiздi сарындарға көшуiмен
тақырып әртараптылығы жағынан
бұл жолы да, басқа туындыларында
да толғау жанрына хас ерекшелiктi
аңғартады. Бұл тәсiл баяндау уақытының
еркiндiгiн оятады. Абай дидактикалық
үлгiдегi жыраулар поэзиясының мекеншақ
жағынан тым тәуелсiз болмысын
бойына сiңiре отырып, әлеуметтiк және
психологиялық мекеншақ аясында
бұрынғы дәрiптеу мен таңырқау әсерiне
қатысты қабылдау аясымен тұтастық
шегiн бұзады да, осы төңiректегi драматизм,
лиризм элементтерiн ұштай түсу арқылы
эмоционалдық полифония қалыптастыру
нәтижесiнде жаңа поэзия, модернистiк
дүниесезiну дәстүрiн дүниеге әкеледi.
Оны реалистiк поэзия деу аз. Өйткенi реализмнен
жыраулық, ақын, сал, серi поэзиясы да құралақан
емес-тiн. Сыншылдық пафос тарихи-әлеуметтiк
себептерден гөрi жеке адамның өзiне байланысты
әшкерелеу интенциясына құрылуымен де
өзгеше. Аса биiк ерлiк, даналық сапалар
емес, азаматтық құқық жағынан таршылық
жағдайдағы мүлде басқа рухани құндылықтар
эмблематикасын алға тартады. Ұлттық идея
ежелгiдей майдан даласындағы батырлық
пен ел билеушiлерiн мадақтаудан iрге айырып,
жатаған қалыптағы, бiрақ орыс мәдениетi
түрiнде көрiнiс берген жаһандану үрдiсiн
мақұлдау арқылы мазмұндық аясына жаңалық
енгiзедi. Абай тарихи-әлеуметтiк мекеншақты
психологиялық мекеншақпен тығыз араластыру
нәтижесiнде соны сипаттағы iлгерiшiл ұлттық
мұрат субстратын назарға ұсынады. Қоғамдық
уақыт мәселелерiн өзiне қатысты бағамдап
отырған ақын негiзгi оқу, ғылым тақырыбын
қоя тұрып, жеке қасиеттерi мен қоршаған
орта арасындағы толық келiсiм жоқтығына
орай жан назасына көшедi: – Өзiм де басқа
шауып, төске өрледiм, Қазақта қара сөзге
дес бермедiм. Еңбегiңдi бiлерлiк еш адам
жоқ, Түбiнде тыныш жүргендi терiс көрмедiм
(14.22). Дара басының қасиетiн ұлықтау жырау,
жыршы, айтыс ақындарында кездесетiн. Бiрақ
ондай қабiлет, мiнез ерекшелiктерi ешқандай
дау-дамайсыз, диалогтық қатынасқа түспей
баяндалатын. Ал Абай толғаныстары мiндеттi
түрде екiншi бiр қарама-қарсы ұйғарымдар
симулякрын көзге елестетiп, сол тұрғыдағы
ой-пiкiр әсерiмен қатты есептесуге құрылады.
Ой-толғамдар логикасы әрiден тамырласқанмен,
баяндау уақыты мөлшерiнде терең қабысып
та жатпайды. Олар – жүйелi нұсқадағы монолог
емес, сана ағымы түрiндегi тебiренiстер.
Сана ағымы модернистiк әдебиетке тән
құбылыс. Баяндау уақыты әр алуан байлам,
пайым мекеншағына тосқауыл қойып, кiдiрiс
тапқыза алмайды. Осындай эволюциялық
қадам айшықтарын түсiнген М.О.Әуезов:
“Азамат ақынның зор идеясын бастаған
өлең сол “Жасымда ғылым бар деп” болса,
ендi осыған жалғас 1886 жылы туған толып
жатқан тың өлеңдi көремiз. Тегiнде 1886, 1889,
1896 жылдар Абайдың ақындық, ойшылдық еңбектерiнiң
ең жемiсi мол, өнiмдi жылдары болады. 1886
жылы Абай он сегiз өлең жазған” (15. 110),
– дейдi. Ғұлама ғалым Абай “Қартайдық,
қайғы ойладық, ұйқы сергек”, “Қартайдық,
қайғы ойладық, ұлғайды арман” өлеңдерiн
жазғанда қырық бiр жаста ғана екенiн ескертедi.
Алғашқы аталған шығармада уақыт кескiнi
философиялық бейнеге айналатын тұстар
көп. Ақын бiрден-ақ психологиялық жағдаяттардың
әлеуметтiк мекеншақ аясындағы себептерiн
ашып көрсете бастайды: – Қартайдық, қайғы
ойладық, ұйқы сергек. Ашуың ашыған у, ойың
кермек. Мұңдасарға кiсi жоқ, сөздi ұғарлық,
Кiм көңiлдi көтерiп, болады ермек (14. 23).
Метафоралық ойлау жүйесiне құрылған,
ассонанс, аллитерациялық өлшемдер сөздердiң
вокальдық қуатын арттыратын, риторикалық
сұру арқылы шешендiк сөйлеу үрдiсiн стилистикалық-эмфатикалық
амал ретiнде пайдаланатын өлеңде тағы
да лирикалық тұлғаға қатысты шартты түрдегi
пiкiр қайшылығы төбе көрсетедi. Ол “Жасымда
ғылым бар деп ескермедiмде” бiлiм тапшылығының
қорлығына назаланса, ендiгi жерде өзiнiң
үлкен ойшылдығын жоққа шығармайды. Бiлiм
мен ақыл барлық уақытта бiрдей егiз емес
сияқты. Ал Абай ыңғайында алсақ, ұлы шайырды
дүние жүзi тарихы мен әдебиет, дiнiнен
мағлұматы олқы деу қиын. Автор әдепкiде
жорта кiшiрейiп сөйлейдi немесе өзiнде
бардан да iрi қайнарға ұмтылады, әйтпесе
жалпы қазақ қауымына ортақ сауатсыздық
зардабына налиды. Жеке тұлға мен қоғамдық
орта арасындағы зияткерлiк, рухани теңдестiктiң
адалығы тарихи мекеншақ пен даралық мекеншақ
арасындағы қиғаштық межелерiн тым алшақтатып
жiбередi. Абайдың тағы бiр жаңалығы – өз
уақытынан асып, болашақ уақытпен сырласуын
поэтикалық стиль доминантасына айналдырғанын
тайға таңба басқандай анық бiлдiруi. Ол
эмоционалды әсiрелеу тәсiлiн де ой жiгерiн
жану үшiн қолданады. Бiр адам хакiм сөзiн
елемейтiн болса, бұл өлең тыңдалмас та,
бүгiнге жетпес те едi. Ұлы ақынның соншалық
асқақ, тәкаппар сөз орамдарындағы бiраз
жұртты сынай тұрып, менсiнбеушiлiк әуенiн
қарапайым халық кешiрiммен қарау орнына,
табынып қарсы алады. Демек, Абай сөзiнiң
магиясы күштi. Ол негiзiнен ақын жанының
нәзiктiгi, басқа субъектiлердiң өмiрлiк
уайым, қасiретiне ортақтастық көңiлiн бүкпелемей,
ащы да болса, шынайы жариялай бiлуiнде.
Адалдық пен талант, сезiмталдық, мейiрiмдiлiк
Абай поэзиясын омыртқасына отырғызып
жүзетiн алып кит тәрiздi. Бұл жерде сан
мен сапа ұғымының арасындағы тартыс орын
алған. Ақын екi көрсеткiштен де тоят таппаған.
Ол осы мезеттегi, бәлкiм бұрынғы әрi дағдылы
мекеншақ аясындағы ахуалды келер шақ
түрiндегi сөйлем түзiлiмдерi бойынша баяндау
арқылы стилистикалық политопизм бедерiн
елестетедi. Сар далада “Ақылдың азабын”
кешетiн ақынның үмiт, сенiм туралы түсiнiгi
де бұлыңғыр. Модернистiк әдебиеттегiдей
айналасынан түңiлу, жақсыдан күдер үзу
мотивi үзеңгi теуiп шыға келетiндей. Абай
бүкiл философиясының алтын қазығы iспеттi
аса терең ойдың тұңғиығын екiншi шумақта-ақ
жайып салады: – Жас қартаймақ, жоқ – тумақ,
туған – өлмек, Тағдыр жоқ өткен өмiр қайта
келмек. Басқан iз, көрген қызық артта қалмақ,
Бiр құдайдан басқаның бәрi өзгермек (14.
23). Келер шақ етiстiк үлгiсiне ұйқас толымдылығымен
экспрессивтi екпiн дарытатын үзiндiдегi
алғашқы жолда уақыт тiзбектерi логикалық
ыңғайда ауысып келгенiмен, адам өмiрiне
байланысты мезгiл ырғағы сағат тiлiн алға
жылжытып отырған. Абай күллi саналы жанды
таң қалдыратын биологиялық өрiс айналымының
пайда болу, даму, шегiне жету, яғни көзден
кету түрiнде өзгеше кейiпте қайта оралу
фактiсiн Құран Кәрiм қағидаларымен бiрлiкте
жырға қосады. Алла тағала мәлiм еткен
құпия ақиқатты Абай өз жүрегiнiң көрiгiнен
өткiзiп барып, баршаға аян етедi. Әрине,
өлең құдiретi рухани-танымдық құндылығы
шексiз мифопоэтикалық шындықты өмiр салтына
лайық жоралғы, ғұрып машығына қосу талабымен
көгерiп, көркейе түскен. Тұрақтылықтың
да, қозғалыстың да кепiлi Абай үшiн – Құдай.
Уақыт пен кеңiстiктiң бастауын Жаратушыдан
iздейдi. Өйткенi ғалам сырын басқаша ұғындыру
мүмкiн емес. Дүниенi танып, бiлудiң шекарасынан
асуды жөн санамайтын ақынның идеалистiк
көзқарасы Ислам iлiмiн терең меңгеру нәтижесiн
аңғартпақ. – Алашқа iшi жау боп, сырты
күлмек, Жақынын тiрiде аңдып, өлсе өкiрмек.
Бiр-екi жолы болған кiсi көрсе, Құдай сүйiп
жаратқан осы демек (16. 28). “Көп пен дүрмекке”
сүйенетiн надан адамға тиесiлi мiнез-құлық
типологиясы психологиялық нанымдылықпен
қамтылады. “Iшi”, “сырты” – мекендiк
ұғымдар. Жеке тұлғаның жан дүниесi мен
бет-пiшiн қимылдарының арасындағы кереғар
сурет белгiлi бiр социумның алдамшы, жалған
дүниетанымын әйгiлейдi. Бұлар – өзiне-өзi
сенiмсiз пенделер. Неғұрлым күшi, байлығы,
айласы мол пасықтарды ұнатқаннан емес,
қорыққаннан сыйлайды. Сонысымен қауiптi.
Олардың туған-туысына байланысты идеологемада
ұзақ мерзiмдегi опасыз көңiл мен шектеулi
заматтағы шамалы өкiнiш ақиқат қақпасының
алдында қақтығысқа түседi. – Ел бұзылса,
табады шайтан өрнек, Перiште төменшiктеп,
қайғы жемек. Өзiмнiң иттiгiмнен болды демей,
Жеңдi ғой деп шайтанға болар көмек (16.
30). Абай реалды-тұрмыстық уақыт пен дiни-мистикалық
мекеншақтың қабаттасып келу сәтiн де
сахара тұрғынының өмiр жайлы түсiнiгiне
сай бейнелейдi. Мұндағы оппозиция: перiште
мен шайтан. Бұл эмблематикалар қоғам
iшiндегi iрiткi мен бiрлiктiң трансценденттiк
себебiн қарастырумен сабақтас. Жер бетiндегi
қара ниеттiлер дiни-мифологиялық уақыт
пен кеңiстiк шындығының өзiн көзi байлаулы
алдамшы мекеншақ үшiн бағдаршам қылуға
тырысады. Оған төрелiк айтатын – ақынның
даралық мекеншағындағы мейлiнше әдiл,
шыншыл, турашыл мұрат пен парасат үстемдiгi.
Абайдың өмiр туралы толғамдарының бәрi
дерлiк алдағы iс-әрекет нобайын болжау
түрiнде құрылуға бейiм: – Өлсем, орным
– қара жер сыз болмай ма, Өткiр тiл – бiр
ұялшақ қыз болмай ма. Махаббат ғазауатпен
майдандасқан, Қайран менiң жүрегiм мұз
болмай ма! (17. 226). Сұрай арнау формасын
таңдаған әйгiлi жырдың затты-бейнелiлiк
сипаты зор. Әсiресе айқындау мен алмастырудың
көркемдiк-эстетикалық палитрасы бай.
Барлық сұрауға жауап дайын. Әйтсе де осы
тәсiлдiң ойындық табиғаты шығармадағы
қайғылы атмосфераны өткiр динамизммен
суреттеуге қосар үлесi мол. Мекендiк өлшемдер
өзгерiссiз қатқан қалып ретiнде жанды
әлемнiң айқын антиподы боп, “қ”, “а”,
“ж” дыбыстарының басқа тiркестерде жаңа
семантикалық бiтiммен қайталанып отыруы
ой, екпiн ырғағын ширықтырып жiбередi.
Суықтық, үнсiздiк, қараңғылық референттерi
уақыт пен кеңiстiктiң адам санасы арқылы
қабылданатын екi полюсi арасындағы ымырасыз
суреттер қоюлығымен психологизм мазмұнын
аша түседi. Қорқыныш, үрей, шарасыздық,
тәуекел эмоциясы тiршiлiктiң шiдерсiздiгi
жайлы модернистiк эстетикаға тән жатсыну
философиясымен тамырластық табады. Экзистенциалдық
сарын “аяғын шалыс басқан” “асау жүрек”
концептiнiң предикативтiк сипаттары негiзiнде
қоғамдық ортаға лайық сұрықсыздық пен
парықсыздықтың астарлы суретiн имплициттi
түрде елестету негiзiнде нанымдылыққа
иеленедi. “Махаббат”, “ғазауат” – жүрек
кеңiстiгiндегi ұғымдар. Сонда жүрек сан
алуан, тiптi мүлде кереғар сезiм, қайшылықтардың
мекенi. Ал қайшылықтардың таласы – өмiр
денотаты. Өмiр шектеулi. Уақыт шексiз. Адам
өлiмiмен бiрге уақыттың бiр бөлшегi ғана
құрдымға кетедi. Демек, оны ұстап тұрғандай
материалды сауыт – жүрек те мәңгiлiк мекеншақ
аясында физиологиялық мәнiн жояды. “Соқтықпалы,
соқпақсыз жерде өстiм” дегенде Абай рухани
мекеншақ пен тартысқа толы тiршiлiктi астарлы
мағынада қамтитын табиғи ландшафт көрiнiстерiнiң
жан драмасын ашуға қатысты эмоционалдық
аурасын бейнелейдi. Аллитерациялық құбылыстардың
да қызметi мол. “Жүректiң” “түбi” перпендикулярлық
орналасым түзуiн елестететiн бейнелi тiркес.
Ол семантикалық мәннiң уақыт пен кеңiстiк
жағынан неғұрлым сандық сипаты көп қырларын
сапалық өлшемге айналдыру үшiн жұмсайтын
зияткерлiк, психолгиялық қажырын бедерлейдi.
Бiз Абайдың тiкелей өмiр, өлiм, табиғат,
тән, рухқа байланысты атақты шығармаларына
кейiнiрек арнайы тоқталуға тиiспiз. Ал
мына туындының мәтiнiн толық келтiрейiк:
– Жапырағы қуарған ескi үмiтпен, Қиял
қып, өмiр сүрiп, бос жүрiппiн. Жыбыр қағып,
көңiлдi тыншытпайды Қашанғы өтiп кеткен
бұлдыр көп күн. Ол дәурен өмiр емес, бiр
көрген түс, Ойға тойма, қызықты қиялдан
күс. Қарашы, өз бойыңда түгел ме екен Ыстық
жүрек, өң-шырай, қуат пен күш? Төңкерiлiп
құбылған жұрт – бiр сағым, Шынға шыдап,
қоса алмас ынтымағын. Көптiң аузын күзетсең,
күн көрмейсiң, Өзiңдi өзiң күзет, кел, шырағым!
(18. 242). Абай бұған дейiн алдағы көрiксiз
жағдаятты оймен болжап бейнелеуге тырысып
көрсе, ендi өткен шақтың көмескi кескiнiн
тағы да жады кеңiстiгiнде жан бiтiрiп көруге
ынта қояды. Бүгiнгi уақыт ертеректегi бiрталай
жылдың кадрларын жинақтап, сомдап, екшелген
өмiр суреттерiн ғана берi сүйреп әкеледi.
“Қиялға” байланысты контексте уақыт
тым iлгерiлеп кетiп, кейiн шегiнгенiн аңғару
қиын емес. Бiрақ ол уақыт әлеуметтiк-рухани
шындықтың жеке тұлға үшiн өкiнiштi әсерiн
жеткiзе алуымен бағалы. Себебi уақыттың
тiзбегiнде кездейсоқ түйiндер жоқ. Бәрi
де тiрi нүктелер. Адам үшiн оның басталуы
мен аяқталуы белгiсiз. Алайда өмiр жолының
әр кезеңi көңiл мекеншағындағы қоғамдық
ұстаным, мұраттар безбенiне тартылғанда,
сан түрлi көзқарас, толғаныс сипатына
бағдар бередi. Ақын жанын жабықтыратын
– асыл армандардың орындалмауы. Жеке
адам мен ортаның ортақ ымыраға келе алмауы
терең драматизмге азық тауып бередi. “Төңкерiлiп
құбылған жұрт – бiр сағым” әлеуметтiк
мекеншақ пен табиғи мекеншақтың сырт
ұқсастығын нәзiк пайымдаудан туған шебер
метафора. Ұлттық мiнез-машықтың керiтартпа,
жерқорақ, тұйықтық әлпеттерi аса жоғары
ар-ождан өлшемдерiне жауап бере алмайды.
“Шынға шыдап, қоса алмас ынтымағын”
дейтiндей қауымның өзара сүйiспеншiлiктi
қадiрлей бiлмеуi ұлттық мәртебе берiктiгiне
сенiмсiздiктен шығатын ахуал. Ұлттық намыс
Абай идеялары арқылы күн көрiп жатыр.
Кеңiстiк суретiндегi бұлдырлық уақыт аясындағы
мiнез-құлық өзгерiстерiнiң жылдамдығын
ұнамсыз ықыласпен нариза күйде суреттеуге
әдемi фон болған. Сағымға жақындау да,
оны қолмен ұстау да мүмкiн емес. Ол – бар
да жоқ материя. Абай өзiн ортадан биiк
санап, адасса, мұңаймас едi. Әйтсе де, “ақылдың
азабы” тәңiрлiк өркениет ұстанымдарын
орнықтыруға жан салады. Бұл ретте ол тағы
да жалғыздық кешедi. С.Къеркегор айтатын
этикалық, эстетикалық, дiни экзистенция
сатыларына көтерiле алмаған социум ұлы
шайыр жырларының трагедиялық мотивiне
желi тартады. Абай шығармалары тарихи-әлеуметтiк
тұрғыда кемшiн соғатын қазақ қоғамы кеңiстiгiндегi
түрлi нанымсыз уәждерге қарсы әлемдiк
уақыт асқақ мұраттарының үстемдiк жүргiзе
алатынын өнер құдiретi арқылы дәлелдеп
бердi. Уақыт пен кеңiстiк түрлерiнiң адам
жан дүниесiмен тығыз тамырластығын көрсеттi.
Тән мен рухтың мекеншақ аясындағы күресiнде
екiншi субтанцияның жеңiсiн мойындады
әрi осы ақиқатты көңiлiне медет тұтты.
Өйткенi тiрi жан иесi уақыт пен кеңiстiктен
тыс еш нәрсе бола алмайтынын ақын бар
болмысымен түсiндi. Сондықтан Абай поэзиясындағы
ең басты қаһарман Уақыт екенi баршаға
белгiлi саналса керек. /19.4-5б/
ІІІ Қорытынды
Абай - ұлы тұлға,оның қара сөздері қазіргі заманға да үлгі. Оның ілімі мен философиясы
бүгінге дейін өз өзектілігін жоғалтқан жоқ. Абайды оқыған адам рухани
тұрғыдан тазара түседі, әділ және қайырымды болады»,
Туған халқын сүйіп, оны қасіреттен құтқаруды, бодандыққа қарсы Абай халқын оятып, береке-бірлікке
шақырды. Туған халқы да Абайын сүйіп, қатты құрметтеді. Өмірлік мағынасы зор өлеңдерін жатқа айтып, тұмардай сақтады. Шынында әр сөзі теңіздің тереңіне тартқандай мың батпан ойдан туған, кісіге берер
шабыты мен шапағаты мол Абай әр қазақтың бағдаршамы іспетті.
Абай қазақ өлең үлгісін жаңаша тұрғыдан байыта түсті. Сондықтан да Абай қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы деуге болады.
Абай қазақ өлең үлгісін жаңаша тұрғыдан байыта түсті. Сондықтан да Абай қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы деуге болады.
Абай өлеңдерінің тақырыбы жан-жақты әлеуметтік аясы
кең. Өлеңдері халықты өнерге, білімге, ғылымға шақырады, әрі жанға жайлы, жүрекке жылы тиетін
махаббат өлеңдері болып келеді.
Сондықтан Абай өлеңдері XIX ғасырдағы «қазақ қоғамының айнасы»
деп те аталады.
IV Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1 Абай Құнанбаев: Библиографиялық көрсеткіш (екі тілде).
- Алматы: ҚР-ның Ұлттық кітапханасы, 1995.
- 302 б.
2 Борбасов
С., Ізтілеуова С. Ұлы ақын тәлімі
және ұлттық рухани келбеті
// Семей таңы. - 1994. - 4 қазан. -77б
3 Байтұрсынов
А. Қазақтың бас ақыны // Абай.
- 1992. - №3. – 23-24 б
4 Қабдолов З. Қазақ ақыны Абайдың философиясы және оған сын. «Советская степь», 1928, 2 тамыз
– 5б.
5 Бэйхай
Су. Қазақтың ұлы ақыны – Абай // Абай. -
2003. - №1. - 3 б.
6 Сонда
(5) – 112б
7 Әуезов
М. О. Абайдың туысы мен өмірі // Абай. - 2003.
- №3. – 74-76б.
8 Сонда
(7) – 93-95б
9 Әуезов
М. Абайдың лирикасы // Сөзстан. 7 - кітап
- Алматы, 1996. - 39-41 б.
10 Сонда(5)
144-147б
11 Сонда(7) 28 - 31 б.
12 Құнантаева
К., Халитова И. Абайдың қара сөздеріндегі педагогикалық ой-пікірлер // Ақиқат. - 1994. - №4. - 70
- 73 б.
13 Сонда(12)
– 87-88б
14 .М.Мырзахметов //
Абайды оқы,таңырқа... Алматы 1993-22-23б
15 Сонда
(9) 110б
16 Сонда(3)
28-30б
17 Сонда
(14) 226б
18 Мекемтас Мырзахметұлы «Ғылым, білім, ілім»
Жамбыл, №2, 2005, 242б
19 Қазақ
әдебиеті газеті, №45, ЖҰМА, 9-15 қараша 2007ж.
2007-11-09-4-5б