Аристотель

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 17:42, реферат

Описание работы

Аристотель- ежелгі грек философы және ғалымы. Көптеген ғылымдардың, соның ішінде логика ғылымының негізін қалаушы. Карл Маркс Аристотельді «ерте заманның ұлы ойшылы» грек философиясының Александр Македонскийі деп атады. Аристотель Фракиядағы Стагир қаласында туылған. Афины қаласында оқып білімін жетілдіреді. Он жеті жасында Платон академиясына түсіп, Платон қайтыс болғанға дейін(20 жыл бойы)сонда ғылыммен шұғылданады.

Работа содержит 1 файл

Аристотель.doc

— 39.50 Кб (Скачать)

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

 

Молда Мұса атындағы жалпы орта мектебі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   Баяндама

 

 

 

 

       Тақырыбы:    АРИСТОТЕЛЬ

 

 

 

      

 

 

Орындаған: Жақсыбек Д                           Қабылдаған: Абдіраманов Ө

 

                                                                     

 

 

 

 

 

                                                              Түркістан  2011

 

 


                   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аристотель

 

Аристотель- ежелгі грек философы және ғалымы. Көптеген ғылымдардың, соның ішінде логика ғылымының негізін қалаушы. Карл Маркс Аристотельді «ерте заманның ұлы ойшылы» грек философиясының Александр Македонскийі деп атады. Аристотель Фракиядағы Стагир қаласында туылған. Афины қаласында оқып білімін жетілдіреді. Он жеті жасында Платон академиясына түсіп, Платон қайтыс болғанға дейін(20 жыл бойы)сонда ғылыммен шұғылданады. Б.з.б. 343ж. Македония патшасы- Филипп Аристотельді баласы Александрдың ұстазы болуға шақырады. Александр патша болғаннан кейін Аристотель алдымен Стагираға, одан 335ж. Афиныға оралады. Мұнда келгеннен кейін өзінің мектебін –ликей ашады. Бұл мектеп сол кездегі философия мен ғылымды дамыту орталықтарының біріне айналады. Александр өлгеннен кейін Аристотель Афиныдан кетіп, б.з.б. 322ж. дүние салады. Аристотель өзіне дейінгі философия мен ғылым жетістіктерін қорытып жүйеге келтіріп, әр түрлі ғылым саласынын көптеген еңбектер жазып қалдырған. Кейбір деректер бойынша оның еңбектерінің саны төрт жүзге, бір деректер бойынша мыңға жеткен. Аристотельдің философиялық көзқарасы «Метафизика», «Жан туралы», «Категориялар» және «Аналитика» атты шығармаларында жете баяндалған. Философияның негізгі мәселесін шешуде Аристотель материализм мен идеализмнің екі арасында ауытқып отырды. Ол ғылым класссификациясында философияны ең жоғарғы орынға қояды. Басқа ғылымдар  болмыстың кейбір жақтарын ғана зерттесе, философия бастаманың жалпы табиғатын зерттеумен шұғылданады. Философияның басқа ғылымдардан ерекщелігін Аристотель былай деп түсіндіреді: «Шындығында даналық бүтіндей үстемдік құрушы және жетекші ғылым болғандықтан, басқа ғылымдар оған қарсы сөз айтуға дәрменсіз. Сондықтан да мақсат пен игілікті зерттейтін ғылым бірінші орынға қойылады» ( Метафизика ,М.,1934с 45). Аристотель философиясында болмыс туралы ілімге, табиғатқа яғни барлық заттардың негізі болып табылатын алғашқы материяға көп көңіл бөлінген. «Метафизикада» Аристотель табиғатты жан-жақты зерттеумен шұғылданады. Табиғат-бір жағынан заттың пайда болуының, зат құрамының негізгі және  «әрқайсысындағы алғашқы қозғалыстың көзі» болатын болса, екінші жағынан, табиғат өздігінен өмір сүретін заттардың мәні, «табиғат дегеніміз-форма және мән». Аристотельдің пікірінше философияның пәні жалпы бола тұрса да, ол жекеленген заттарды(құрамды мәндерді)-статуя,мемлекет т.б түсіндіре білуі керек. Жекеленген заттардың болмыстығын сезім арқылы білсек, жалпының болмыстығы ой арқылы ашылады. «Метафизикада» және басқа да еңбектерінде Аристотель заттардың табиғатын түсіндірудің төрт түрлі себептерін көрсетеді: материалды себеп, формальды себеп, өндіргіш себеп, мақсатты себеп. Мысалы үй салудың бастамасы-құрылыс өнері, мақсаты (неге керектігі), материясы (тас,кірпіш және жер) ,формасы(ұғым). Аристотельдің пікірінше, заттың мәнін түсіндіруде осы аталған себептердің бәрі де бірдей қамтылуы қажет. Аристотель философиясында форма заттың мәні әрі іс-әрекеттің көзі болып табылады. Аристотель өзінің форма мен материя жөніндегі ілімінде олардың өзара байланысын ашып, бұл жөнінде маңызды диалектикалық пікір ұсынды. Сонымен Аристотель форманы алуан түрлі мазмұны бар (түр, себеп-мақсат, құдырет) белсенді және творчестволық бастама деп сипаттайды. Аристотель философиясының елеулі бір саласы категорияларды зерттеу болып табылады. Категорияларды ол  болмыстың негізі деп түсіндіреді және олардың мазмұнын, ақиқаттылығын болмыспен байланыстылығына қарап анықтауға тырысады. Жан-жақты маңызы бар ұғымдарға Аристотель 10 категорияны жатқызады: «өзара байланыссыз айтыла салған сөздердің әрқайсысы, -деп жазады ол – бірде мән, бірде сапа, бірде сан, бірде қатынас, бірде орын, бірде әрекет, бірде жағдай болып келед»і. «Егерде бастапқы мәндер болмаса, деп көрсетеді Аристотель – онда басқа еш нәрсе де болмаған болар еді». Аристотель қозғалыстың түрлері мен таным негізін зерттеу ісіне де көп мән береді. Аристотельдің пікірінше, мүмкіншіліктің шындыққа айналуын жете түсіну үшін осы айналудың формасы болып табылатын қозғалыстың жалпы белгілері мен оның нақты түрлеріне талдау жасау керек. Аристотель «Метафизикада», «Аналитикада» т.б. еңбектерінде таным туралы ілімді дамытады. Ол объективтік шындықты танып білуге болатынына күмән келтірмейді. Аристотель адамгершілік пен этиканы адамдардың маңызды сипаттамасы деп таниды.  «Политикада» ол былай деп жазады: «Мейірбандық пен зұлымдық, әділеттілік пен әділетсіздік, т.б отбасы мен мемлекеттің негізін қалайтын ұғымдарды сезім тұрғысынан қабылдау тек адамның ғана қолынан келеді». Философ адамгершіліктің көзі енжарлық пен дәрменсіздікте емес, керісінше белсенділік пен жасампаздық деп дұрыс түсінеді. Адамның әділетті, жігерлі болуы оның игілікті ісімен тығыз байланысты. Аристотельдің ілімін дамытып, дүниеге танытқан ұлы шәкірттерінің бірі Әбу Наср Әл-Фараби болды.


Информация о работе Аристотель