Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Января 2012 в 17:54, реферат
Августиннің ілімі бойынша, адам дүниеге келмей тұрып т.б. оның іс-әрекеттері, қылықтары құдайдың ерік-жігерімен белгіленіп қойған. Ол белгі игілікке (жазықсыз болса да) бағытталған болуы мүмкін. Құдай әлемді жаратқанда, барлық заттардың түрлерінің бастамасын енгізіп, әрі қарай өздері дамитындай мүмкіндік береді. Адамзат тарихы да осы заңдылыққа бағынады. Тарихтың даму негізінде адам санасының өзіне сенімділігі(бұл сенімнің негізгі құдай) мен құдайға деген сүйіспеншіліктің таңымдық күші жатыр.
Мәселен, ежелгі үнді, қытай және грек философиясының генезисін анықтау, олардың алғы философиялық сананың формаларына деген ара-қатынасын анық түсіну, әрқайсысының спецификасын және олардың даму заңдылықтарының құрылуына мүмкіндік береді.
Бұл көне Шығыс пен ежелгі грек философиясын, сондай-ақ Шығыс пен Батыс өркениеттігін де салыстырмалы түрде оқып білудің алғы шарттары болып табылады. Өркениеттің рухани аспектісінің кең ауқымда болғандығы соншама, оның Шығыс қоғамындағы орны Батысқа қарағанда мүлде қзгеше.
«Бұрынғы әлемдік философия тарихының қазіргі мәселе қою жағдайынан өзгешелігі сол, онда еуроцентрзм үстемдік етеді.
Ол Батыстағы шешімді асырып жіберіп, Шығыс философиясын теріс бағалады. Бұған сенсек, Шығыста барлық уақытта бір түрлі философия өмір сүрген». Бірақ бұл солай ма? Олай емес. Өркениет, философия, мәдениет Шығыс да, Батыстағыдай әрқилы жолдармен жүріп, дамып келеді.Бұл алшақтық Шығыстың қоғам дамуының ереше өз көрінісін тапқан, қайталанбас өз тарихы, салт-дәстүрі бар дербес Шығыс қоғамын көрсетеді.
«Өкінішке орай кезінде ұлы
Гегел де Батыс философиясы
Шығыс философиясынан
«Шығыс
философиясына үңіле зер
Бұдан біздің пайымдайтынымыз, Шығыс философиясының өзіндік бір дербес ерекшелігі бар, ешқандай бұлжымай қатып қалған философия түрлерінің болмауы. Қайта бағыттардың әртүрлі қалыптарына, өміршеңдігіне, даналығына көз жеткіземіз. Сотдықтан да біздің бұл бөліміміз Шығыс философиясының бір бұтағы болған араб және түркі тілдес орта ғасырлық мұсылмандық шығыс философиясына арналып отыр.
Осы бір тұста тарихи заңдылыққа сәйкес философиялық ғылыми ойдың даму орталығы ортағасырлық мұсылмандық Шығысқа ойысты да, сонау XVI ғасырға дейін мәдени өркендеудің негізгі ошағы сонда болады. Орта ғасырлық шығыста XIII-IX ғасырларда Батыс Ууропаның мәдениеттік даму деңгейі төмен дәрежеде қалып қойған кезде араб тілді философия, араб мәдениеті кең өркен жайды.Бұл арабтардың ұлттық сана-сезімнің оянуы, мәдениетінің кең өркен жаюы, жалпы VII ғасырда Арабстанда жаңа ислам дінінің пайда болуымен де байланысты болады. Олар VII ғасырдың екінші жартысында ислам туының астында үлкен бір орталыққа айналды. Араб халифаты VIII ғасырдың бірінші жартысында тіпті бұрынғы Рим империясынан да асып түскені бізге тарихтан белгілі.Оның құрамына Арабстаннан басқа Иран, Армения, Индияның солтүстік-батысы, Сирия, Египет, Палистина, бүкіл солтүстік Африка жағалауы және Пиреней түбегі кірді. Атландикадан Қытайға дейінгі сауда жалпы арабтардың қолында болды, араб тілі Гибралтардан Инд өзеніне дейінгі жерде ортақ тілге айналды. Араб халифатының қол өнері, шаруашылығы, атап айтқанда суармалы жерді пайдалану мәдениеті мен техникасы, саудасы мен өндірісі Еуропаға қарағанда анағұрлым жоғары дәрежеде еді. Осы себептердің бәрі жиналып келіп, орта ғасырлық ғылым мен философияның күрт дамып өркен жаюына игі ықпал жасады.
Алайда, араб мәдениеті араб халифаты сияқты көпұлтты болды. Оның көркеюіне, дамуына арабтармен бірге түріктер де, берберлер де , парсылар мен египеттіктер де атсалысты. Екінші жағынан араб тілінің негізіңде ежелгі Шығыс мәдениеті мен антикалық мәдениет ұштастырыла дамытылды, өзіндік дәстүрлі далғасын тапты.
Осыған орай Бағдат қаласы үлкен мәдени, рухани орталыққа айналды.Мұнда Платонның, Аристотелдің, Гиппократ пен Галеннің, Эвклид, Архимед және Птолемейдің шығармалары араб тіліне аударылып, басылып, мұсылман әлеміне кеңінен танымал болады. Ал Х ғасырда екінші орталық Пиреней түбнгіндегі Кордова қаласына ойысы бастап, XVI ғасырда мәдени даму өзінің шарықтау биігіне көтеріліп, шегіне жетті. Аристотелизм ағымының ықпалы философия саласында өте күшті болды. Сөйтіп мұсылман перипатизмнің негізі қаланды. Ол негізінен екі бағытқа бөлінген еді. Біріншісі, Ал-Кинди, Ал-Фараби және Ибн Синаның атымен байланысты шығыстық аристотелизм. Екіншісі, Ибн-Рушдтың атымен байланысты ислам аристотелизмі. Алғашқы кезде арабтар Аристотел философиясының неоплатониктер бұрмалаған нұсқасымен танысқан-ды. Кейіннен, Аристотелдің түпнұсқа еңбектері араб тіліне тікелей аударылып, зерттеу обектісіне айналған кезде ғана ол бұрмалаушылықтардың ықпалы жойылды. Сөйтіп араб мұсылман әлемі Платон және Аристотел еңбектерімен тікелей танысуға мүмкіндік алды.
Мұсылмандық шығыс перипатизмнің алғашқы бастаушы өкілдерінің бірі Аристотелизм іліміне алғаш жол ашқан ғұламафилософ Аль-Кинди(шамамен 800-870 ж.)”араб философы” деген құрметті атаққа ие болды. Ол өзінің трактаттарында табиғат құбылыстарын детерменистік тұрғыдан түсіндіруге баса назар аударды. Ол жан-жақты терең білімді, геометрия, астрономия, оптика, медицина, музыка ғылымдпрымен шұғылданған ойшыл адам.