Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 20:15, реферат
Антикалық философияны Сократқа дейінгі кезең, Сократтан кейінгі кезең деп те бөледі. Сократқа дейінгі кезең натурфилософия деп аталды. Натфилософия табиғатпен байланысты сұрақтарды зерттеді. Натфилософия әлемдегі иерархияны құрастырумен айналысты. Аспан, жер, жұлдыздар қалай пайда болды деген мәселені зерттеді. Сократ та әлемді түсінгісі келді, бірақ ол басқаша мәнерде қарастырды. Ол құбылыстан құбылысқа өту арқылы емес, жалпыдан құбылысқа қарай беттеу арқылы ізденіс жүргізді. Мысалы: әдемі заттар көп, бірақ әдемілік ұғымын бір затпен ғана байланыстырып қоюға болмайды. Әдемі заттарға ортақ қасиет бар. Оларға тән жалпылықты идея, эйдос деп атауға болады. Эйдос, жалпы идея заттардың мазмұнын, мәнін көрсетеді.
Антикалық философия
Антика философиясының дәуірі 13 ғасырға созылды. Б.з.б. 8 ғасырда басталып, б.з. 5 ғасырда аяқталды. Антикалық философияны жүйелейтін болсақ, мынандай кезеңдерді байқаймыз:
Антикалық философияның мектептерінің негізгі мәселелері:
Cократ
Антикалық философияны Сократқа дейінгі кезең, Сократтан кейінгі кезең деп те бөледі. Сократқа дейінгі кезең натурфилософия деп аталды. Натфилософия табиғатпен байланысты сұрақтарды зерттеді. Натфилософия әлемдегі иерархияны құрастырумен айналысты. Аспан, жер, жұлдыздар қалай пайда болды деген мәселені зерттеді. Сократ та әлемді түсінгісі келді, бірақ ол басқаша мәнерде қарастырды. Ол құбылыстан құбылысқа өту арқылы емес, жалпыдан құбылысқа қарай беттеу арқылы ізденіс жүргізді. Мысалы: әдемі заттар көп, бірақ әдемілік ұғымын бір затпен ғана байланыстырып қоюға болмайды. Әдемі заттарға ортақ қасиет бар. Оларға тән жалпылықты идея, эйдос деп атауға болады. Эйдос, жалпы идея заттардың мазмұнын, мәнін көрсетеді. Жалпылық сезім арқылы емес, ақыл, ойлау арқылы табылатын болса, онда ол ой, ақыл сферасына жатады, міне осыдан идеализм бастау алған. Сократтың ашқан жаңалығы – жалпылық туралы пікір. Онда басты идея – идея (блага) жақсылық, ізгілік мүдде. Әр нәрсенің қажеттілігі осы идеямен анықталады. Сократ үшін этикалық мәселеден жоғарғы мәселе жоқ. Жақсы адамның мәні жақсылықты білгендігі және сол біліміне сәйкес іс-әрекет жасауында. Адамгершілік ақылмен байланыстырады. Білім қайдан туады? Пікір талас: тәсіл, пікір алысу жаңа ой тудырады. (ирония, майевтика) спорттық диалектика (тәсілі).
Софистика дегеніміз – бастапқы теорияны сақтап қалу үшін логика ережелерін субъективті түрде пайдалануды мүмкін етіп қарайтын аргументтердің көп түрінің жиынтығы. Бастапқы деп алынатын теория ақиқат деп қаралады және сынауға, қайта қарауға тиым салынған болады. Софистика әдісі көздегенге жету үшін, соны дәлелдеу үшін семантикалық және логикалық ережелерді пайдаланады.
Софизм – бұл еркін таңдалынған ой толғау. Оның негізінде софист адамға о бастан қолайлы альтернативалар жатады. Софист осы альтернативалардың көмегімен кез-келген пікірді дәлелдеп шыға алады. Мысалы: бір афиналық әйел баласын үйреткен: “Қоғамдық істерге араласпа. Шындықты айтсаң, адамдарға ұнамайсың, ал өтірік айтсаң, құдайға ұнамайсың.” Керісінше де дәлелдеп шығуға болады.
Софистика адамның
таным сферасында шексіз
Платон
Платон Сократ ілімін
ары қарай жалғастырды.
Платон әлемнің толық
Платон қоғам туралы ілім негіздеді. Әділетсіз мемлекеттерге 1) тимократия (честолюбцев власть); 2) олигархия (власть богатых); 3) тирания; 4) бейбасылық пен анархияға жол берген демократиялық мемлекет. Әділет. Мемлекет құру үшін жан үш бөлігі қатысуы керек: 1) парасат;2) аффректі;3) вожделяющие (ұстамды, олар қол өнершілер, шаруалар). 1-ші даналар, олар ел басшы. Б/к. Аффекті жандар-қайратты, олар әскери қолбасшы.
Аристотель.
Аристотель б.з.б. 384 жылы туылды. Б.з.б. 322 жылы қайтыс болған. Ежелгі Грек философиясы логиканың негізін қалаушы. Басқа да ғылымдардың негізін қалаған. Аристотель Платонның денесіз формалар туралы ілімін сынға алды. Бірақ Платонның идеализмін жеңе алмады. Сөйтіп, материализм мен идеализм арасында бір жағына шықпады. Философияда Аристотель 3 бөлімді қарастырды. 1. Теориялық бөлім: болмыс туралы ілім, болмыстың құрамы, себептері және бастауы. 2. Практикалық бөлім-адамдардың іс-әрекеті турлы. 3. Поэтикалық бөлім-шығармашылық туралы.
Ғылымның зерттейтін нәрсесі жалпылық болу керек. Жалпы, ақыл арқылы танылады. Бірақ, жалпы сезім арқылы қабылданатын жалқы арқылы өмір сүреді және сол арқылы танылады. Жалпыны танудың шарты: Индукциялық қорытындылау. Ол өз ретінде сезімдік қабылдаусыз мүмкін емес. Аристотель 4 себепті мойындайды. Материя, қалыптасудың пассивті мүмкіндігі. 2. Форма (түр) мәндік болмыс, материядағы мүмкіндіктің шындыққа айналуы. 3. Қозғалыс бастауы. 4 мақсаты: Табиғат. Аристотель айтуынша: Материядан формаға өтудің бірінен кейін бірі келіп отыратын тізбегі. Аристотель материяда пассивті бастауды көрді. Ал активтілікті тек формаға ғана таңды. Қозғалыс пен мақсат та формадан бастау алады. Қандай қозғалыстың формасф болмасын, қайнар көзі-құдай деп білді. Құдай объективтік сипатта болды.
Аристотельдің формалды логикасы болмыс туралы ілімі мен және ақиқат теориясымен тығыз байланыста болды. Логикалық формаларда ол болмыстың формаларын көре білді. Таным туралы ілімінде Аристотель шынайы білімді болжамдық біліммен ажыратты. Бірақ тіл арқылы ол екеуі байланыста болады. Тәжірбие Аристотельдің айтуынша: Болжамдық білімді тексерудің соңғы инстанциясы ғана емес. Себебі ақиқат сезім арқылы ғана емес, ақыл арқылы да танылады. Ол іс-әрекет арқасында, нәтижесінде фактілерді жинау нәтижесінде қалыптасады. Ғылымның мақсаты затты анықтау, ал оның шарты дедукцияны дедециямен біріктіру. Себебі Аристотельдің айтуынша барлық ұғымға предикат бола беретін ұғым жоқ.Сондықтан түрлі ұғымдар бір топқа біріге алмайды. Сол себепті Аристотель категорияларды ойлап тапты. Категориялар шынайы мәндердің басқа топтарын өзіне біріктіретін жалпы ұғымдар:
Аристотельдің категориялары 10. Категориялардың 9-ы мынандай сұраққа жауап береді: Заттардың қасиеттері қандай? Бір категория: “Болмыс деген не?” сұраққа жауап береді, ол мән категориясы.
Аристотель мен Платонның
Стоицизм- Субъективтіліктің мәні неде деп сұрайды? Субъективтің мәні сөзде. Сөздің мазмұндық маңызында, яғни Лектондат, Лектон бұл- мән. Лектон дұрыс және теріс пікірлердің үстінде тұрады. Бұл жерде сөз жалпы талдау туралы олып жатыр. Лектон адамның ішкі дүниесінде де жүзеге асырылады. Сол кезде атараксия болады.Атаракся дегеніміз- көңіл-күйдің қалыпқа түсуі, болар-болмасқа селк етпеуі, күйінбеуі. Стоиктер дүниені дұрыс танып, оның логосын, заңын толық танып, сол заңмен үйлесімді өмір сүріп, көңіл-күйі бір қалыпта, тыныштықта болады деп қарастырды. Стоиктердің қойған мәселесі: егер адам түрлі заңдарға тәуелді болса, ол қандай шамада бостандықта болады? Бұл мәселемен қаншалықты айналысқанмен, философтар әрі күнге шешімін тапқан жоқ.
Неоплатонизм-олар әлемдік иерархияда адам өз орнын сезініп, терең ойланып ұғынуды мақсат етуі керек. Жақсылық жоғарыдан, тұтас дүниеден келеді. Зұлымдық төменнен, материядан келеді. Зұлымдық негізгі нәрсе емес. Ол жақсылықпен байланысты емес. Адам зұлымдықты қабылдамауына болады. Оған бұл жағдайда адамның материалдық емес құрылымның (сатысы) дүние сатысының қай деңгейінде көтерілгені әсерін тигізеді. Ол саты:жан, ақыл және біртұтастық (яғни космос). Бұл сатыға сезім, ой және экстаз сәйкес келеді. Неоплатондықтар барлық жерде гармония мен әсемдікті көрген. Жақсылықтан туындағандардың бәрі сұлу, әсем. Адамдар-әлемдік ақылда қалыптасқан сценарийді жүзеге асыратын актерлер. Неоплатондықтар антика философиясын аяқтады. Олар оны жоғарғы нотада аяқтады. Олар оны біртұтас игілікке шақырды. Одан кейінгі көкжиектің артында философтарды теоцентрлік мәселелер күтіп тұр еді.