Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2011 в 12:50, реферат
Антикалық пәлсапа алғашқы қауымдық құрылыстың орнына құл иеленушілік құрылыс келген дәуірде өмірге келді.
Ертедегі Грекияның алғашқы философтары стихиялы материалистік бағытты ұстануымен ерекшеленеді. Олар бүкіл дүниені тұтастай алып қарап, әлемнің, дүниенің түп негізін, алғашқы бастамасын табуға тырысты. Антикалық философтарды «физиктер» деп атаған. Себебі, олар философиялық ойларын табиғат құбылыстарымен байланыстыра отырып тұжырымдаған. Мұндай философиялық пікірді философияда «натурфилософия» деп атайды.
Платонның түсінігінше игіліктің төрт түрі бар. Олар: жүректілік, данышпандық, естілік және әдептілік. Бұл игіліктер адамдардың бәріне бірдей дарымайды. Осы игіліктердің даруына қарай қоғамдағы әлеум. топтарды үш топқа бөлуге болады. Олар: игіліктердің төрт түрінің төртеуі де дарыған — философтар, бұлар мемлекетті басқарулары керек, данышпандықтан басқа қалған үш игілік дарығандар — әскербасылар, т.б., ал игіліктің соңғы екеуі ғана дарығандар — қолөнершілер, шаруалар, саудагерлер, т.б. Осы әлеум. топтардың әрқайсысы мемлекетке пайдалы және өте қажет. Сондықтан мемлекет өз тарапынан азаматтарды игілік рухында қалыптастыруға, тәрбиелеуге жағдай жасауы керек. Жетілген мемлекетте аталған үш әлеум. топ бір-бірімен жарасып, әрқайсысы өз ісімен айналысады да, мемлекетте игілік орнайды. Өзінің жетілген мемлекет идеясын жүзеге асыруға талпынысы сәтсіз аяқталған соң Платон өз шығармаларында "барлық нәрсенің өлшемі — Құдай" деп санайтын адамдардан құралған нақты мемлекет пошымын табуға ұмтылады. Платонның ойынша, адамдар өз қажеттіліктерін жеке дара өтей алмайды. Олар өмір сүру үшін тамақ, киім өндіріп, үй салулары, т.б. жасаулары керек. Біреулері егіншілікпен, екіншілері тігіншілікпен, үшіншілері құрылыспен, төртіншілері етікшілікпен, т.с.с айналысады.
Сөйтіп, олардың
бәрі бірігіп қана қажеттілігін өтейді.
Осы бірігудің арқасында қоғам, мемлекет
пайда болады. Мемлекет еркін адамдардың
бәріне бірдей әділ қызмет етуі керек.
Платон мемлекеттік құрылысты 5 түрге
бөлді: аристократия, тимократия, олигархия, демократия және тирания. Бұлардың ішінде ең
жақсысына аристократ. мемлекетті жатқызды.
Онда ақыл-естілік, парасаттылық билейді.
Оның қағидалары адамгершілік, абырой,
ар-намыс деп санады. Платон қоғамдық меншікті
қолдап, жеке меншікке қарсы тұрды. Өйткені
қоғамдағы кикілжіңдер мен дау-жанжал,
қайшылықтарды тудыратын жеке меншік
деп санады. Платонның философиясы ежелгі
грек дәуіріндегі Пифагордан басталған діни-мистикалық
идеяны дамытумен ғана шектелген жоқ.
Платон өзіне дейінгі философтардан қажетті,
бағалы деген ой-пікірлерді қабылдай білді.
Ежелгі грек философиясының көрнекті
өкілі ретінде адам туралы мәселеге кеңінен
тоқталып, соған байланысты көптеген мәселелер
көтерді. Оның философиясындағы үлкен
бір жаңалық — адамды биол. табиғи, сезімдік
заттар дүниесінің немесе атомдардың
қосылысы деген дөрекі, тұрпайы анықтамадан
бас тартуы. Ол, ең алдымен, адамды қоғамдық
өмірдің сан түрлі белестеріне көз жүгірте
отырып, тануға ұмтылды. Сондықтан Платонның
ойынша, адам — әрі қоғамдық, әрі парасатты,
әрі мемлекеттік азамат. Платон өзінің
көптеген шығармаларында, әсіресе, саяси-әлеуметтік
мәселелерді қарастырған сұхбаттарында
адамның ішкі дүниесін ашумен қатар оның
қоғамдық іс-әрекетіне де талдау жасады.
Платонның көптеген ой-пікірлері кейінгі
философтарға үлкен ықпалын тигізіп, осы
күнге дейін өміршеңдігін көрсетіп келеді.
Аристотель (грекше: Ἀριστοτέλης Aristotélēs) (б.з.д. 384 — б.з.д. 322 жылдар) — грек пәлсапашысы, Платонның шәкірті, Ұлы Александрдың ұстазы. Ол түрлі-түрлі тақырыптарға зерттеулер жазған, соның ішінде физика, метафизика, ақындық өнер, театр, музыка, логика, шешендік өнері, саясат, үкімет, этика, биология және зоология.
Сократ және Платонмен бірге Аристотель батыс философиясының ең маңызды, оның негізін қалаушы тұлғалары ретінде қарастырылады. Ахлақ, эстетика, логика, ғылым, саясат және метафизика сияқты мәселелерді қамтитын ең алғашқы жан-жақты пәслапалық жүйені құрған — Аристотель. Аристотельдің физикалық көзқарастары ортағасырлық ғылымның қалыптасуына терең әсер етіп, оның ықпалы Ағарту дәуіріне дейін созылды. Бірақ кейін ол қазіргің заманғы физикаға орын беруге мәжбүр болды. Биологиялық ғылымдарда, ол жасаған кейбір бақылаулардың дұрыстығы тек 19-шы ғасырда ғана расталды. Оның еңбектерінде ең алғашқы логикалық зерттеулер жасалған, соның негізінде 19-шы ғасырда қазіргі заманғы формалды логика ғылымы қалыптасты. Аристотельдің метафизикалық ілімі яһуди және мұсылман философияларына зор ықпал жасады. Ал оның мәсіхшілік философияға әсері, әсіресе Шығыс православ шіркеуінің философиясына және Рим католик шіркеуінің пәлсапалық схоластика мектебіне қазір де жалғасып келе жатыр. Аристотельдің философиясының барлық қырлары әлі де терең зерттелуде.
Аристотель кезінде көптеген өте көркем шығармалар мен диалогтар (Цицерон оның әдеби стилін «алтын өзен» деп атаған) жазса да, оның жазбаларының көпшілігі бізге дейін жетпеген. Оның кейбір еңбектері біресе табылып, біресе қайта жоғалып отырды. Кейбір пайымдаулар бойынша, оның жазбаларының тек бестен бірі ғана сақталған.
— Гиппократтың шәкірті, философия ілімінің бірінші үстазы сол кездегі басқа да ойшыл ғалымдармен қатар барлық ғылымдардың, оның ішінде морфологияның дамуына да зор үлес қосты. Аристотель салыстырмалы әдістерді пайдалана отырып, жануарлардың 500-ден аса түрлерінің дене құрылысын зерттеу арқылы өз заманына сай морфологиялық ғылыми түжырымдар жасаған. Аристотель жануарлар денесінің еркін қозғалысын мидың басқаратындығын, сүйекқаптың маңызын, жүрек пен қан тамырларының байланысын дүрыс түсініп, жүйкені (нервті) басқа мүшелерден ажырата білген. Аристотель өзінің ғылыми еңбектерімен салыстырмалы анатомияның, зоологияның және эмбриологияның негізін қалаған.
Аристотель Халкидика түбегіндегі Стагейра қаласында б.з.д. 384 жылы туған. Оның әкесі Македония патшасы Аминтастың жеке дәрігері болған. Аристотель ақсүйектерге лайықты тәрбие және білім алды. Шамамен он жасында Аристотель Афины қаласына барып, Платон Академиясында білім ала бастады. Ол сонда шамамен жиырма жыл бойы, б.з.д. 347 жылы Платон қайтыс болғанға дейін қала берді. Содан соң ол Ксенократпен бірге Кіші Азиядағы Һермиас патшаның иеліктеріне сапар шекті. Азияда болған кезінде ол Теофрастпен бірге Лесбос аралына сапар шегіп, екеуі аралдың өсімдік және жануар әлемін зерттеді. Аристотель Һермиастың қызы (не қарындасы) Питияға үйленді. Ол туған қызды ол Пития деп атады. Һермиас қайтыс болғаннан кейін Аристотельді Македония патшасы Филипп өзінің ұлы Александрға тәлімгер болуға шақырды. Ол Александрды сабап оқытты деседі.
Александрға бірнеше жыл тәлім бергеннен
кейін Аристотель Афиныға қайтып оралды.
Б.з.д. 335 жылға дейін ол сонда Лүкейон деп аталатын өзінің
мектебін ашып алған болатын. Афиныда
оның әйелі Пития қайтыс болып, ол Стагейралық Һерпиллида атты бір әйелді кездестіреді.
Ол ұл туып, оның атын Аристотель өз әкесінің
құрметіне Никомах деп қояды.
Аристотель көптеген еңбектерін өмірінің
осы кезеңінде жазған болуы мүмкін. Ол
тек кейбір бөліктері ғана сақталған диалогтар
жазған. Бізге келіп жеткен еңбектерінің
көбі «трактат» түрінде өзінің шәкірттеріне
арналған оқу құралы ретінде жазылғандықтан
көпшілігі жалпы таратуға арналмаған.
Оның ең маңызды еңбектері ретінде «Физика», «Метафизика», «Никомахтың
этикасы»,
«Жан
туралы»
және «Поэтика». Бұл еңбектердің арасында
өте маңызды байланыстар мен үндестіктер
болса да, олардың стилі мен тақырыптары
жағынан әртүрлі болып келеді.
Философияан эстетика, этика, басқару
ғылымы, метафизика, саясат, психология, шешендік
өнері және құдайтану туралы еңбектер жазды.
Ол білім
беру, шетелдердің
әдет-ғұрыптарын, әдебиет және поэзияны зерттеді. Оның шығармаларының
толық жинағы ежелгі гректерге белгілі
болған білімнің энциклопедиясы деп атауға
болады. Өз заманында белгілі болған ғылыми
мәліметтердің бәрін білген адамдардың
ең соңғысы Аристотель болған деген жорамал
жасалған.
Александр қайтыс
болғаннан кейін Афиныда