Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2013 в 17:10, реферат
Антикалық философия алғашқы қауымдық құрылыстың орнына құл иеленушілік құрылыс келген дәуірде өмірге келді.
Ертедегі Грецияның алғашқы философтары стихиялы материалистік бағытты ұстануымен ерекшеленеді. Олар бүкіл дүниені тұтастай алып қарап, әлемнің, дүниенің түп негізін, алғашқы бастамасын табуға тырысты. Антикалық философтарды «физиктер» деп атаған. Себебі, олар философиялық ойларын табиғат құбылыстарымен байланыстыра отырып тұжырымдаған. Мұндай философиялық пікірді философияда «натурфилософия» деп атайды.
Адамның ақыл-парасатының қабілетін этикадағы ең жоғарғы қозғаушы күш деп тапты. Аристотельдің моральдық үлгісі – Құдай, яғни «өзін ойлайтын ой» - нағыз кемелденген философ.
Антикалық философияның үшінші кезеңі римдік –эллиндік кезең ( б.д.д. 3ғ – б.д. 6ғ.). Платон мен Аристотельдің философияға енгізген орасан зор еңбектері мен жаңалықтарынан кейін философия айтарлықтай беделге ие болып, дәрежесі өсе бастады. Бұл жағдай «Эллиндік дәуірдің» өркендеп, гректік ойлау ерекшелігінің Жерорта теңізінің барлық территориясына таралуына септігін тигізген еді. Мұнымен қоса, Александр Македонскийдің бірнеше елді мекендерді жаулап, сол жерлерде жаңа мәдениетті жасауы боды.
Бір жағынан грек ойшылдарының
философиясы жан-жақты таралып, қанат
жая өркендеп өсуі- сол замандағы
адамдардың өз өмірдерін жақсартуға
деген құлшыныстарына да байланысты
болды, өйткені, олар «қалай өмір сүру
керектігін» білу үшін, «данагөй»
болуға тырысты. Соған орай философия
жүйеленіп, догматикалық сипатқа ие
бола бастады. Қалаған мектебінен, ұстазынан
білім алатын жағдайға жетті, себебі
әртүрлі философиялық мектептер
қалыптаса бастады. Ерекше сипатқа
ие болған философиялық мектептер қатарына
стоиктер, эпикуршылар және скептиктерді
жатқызкға болады. Мүмкін, Сіз, философияның
барлық бағыттарын меңгеріп, олар туралы
білетін шығарсыз, бірақ қайсысын
таңдар едіңіз, әрине, күнделікті өміріңізде
қолданатын болғандықтан. Адам өмірінің
жандануы мен құлдырауы жөніндегі
мәселе сол кездегі негізгі
Сіздің басыңыздан мынадай
жағдай өтті ме: жақсы не жаман сәттер,
оқиғалар болуы мүмкін, бірақ сіз
осы жағдайларға
Стоиктер («стоя») мектебі. Аталған мектептің негізін салған Китиондық Зенон. Өкілдері Сенека, Эпиктет, Марк Аврелий. Стоиктердің басты идеясы – сыртқы дүниенің түрлі әсерлерінен құтылу болды. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін философтар табиғатпен бірлікте болуға шақырып, байлықты, әсемдікті жақтады. Жағымсыз әлде қуанышты сәттер болсын, салқын қандылық таныту керек, жағымсыз, жан дүние - өтпелі, сондықтанда одан құтылуға асығудың қажеті жоқ.
Эпикуршылдар мектебі – негізін салған Эпикур. Ірі өкіл Лукреций Кар. Мектепті эпикур бақшасы деп те атайды. Ол Эпикур үйінің артында орналасқан бақшамен байланысты. Осы бақшада шәкірттер білім алып, сол жерде өмір сүрген. «Атараксия» ( гр. «ataraxia» –сабырлылық, жан тыныштығы, оған дана адамдар ғана қол жеткізе алады.) күйіне жету үшін бақшадан тысқары шығармаған. Эпикур өмірден өткеннен кейін, мектепті шәкірті Гермарх басқарады.
«Өмірдің мәні – бақытты
болуда» дейді Эпикур. Өмір сүрудегі
ең негізгі мақсаты – жан
Танымның мақсаты- адамды надандық пен жоққа сенушіліктен, құдай мен ажалдан қорқудан арылту, ал мұнсыз бақытты болу мүмкін емес. Эпикурдың ойынша, Құдай адам өміріне араласпайды, сондықтан, ол туралы ойлап, бас қатырудың қажеті жоқ, себебі жоғары жаратушы күшке сену – азаптанудың көзі. Эпикур құдайға сенбегендіктен, Жаратушы күш адамдардың өміріне, іс-әрекеттеріне араласпаса. онда не үшін ржаратты деген ойға келеді. Әлем, адамзат баласын не үшін жаратты деген сұраққа жауап іздеу барысында Дүние – атомнан құралған деп санаған Демокритпен танысады.
Эпикур – Демокриттің атомдық көзқарасын жалғастырып, толықтырулар енгізеді. Эпикурдың ойынша бос кеңістікте бірдей шапшаңдықпен қозғалатын атомдардың соқтығысуы мүмкіндігін түсіндіру үшін ол атомның тура бағыттан спонтанды (іштей шартты) «ауытқу» ұғымын көрсетті. Таным теориясы бойынша Эпикур –сенсуалист. Түйсік әрқашан өзінен- өзі ақиқат, өйткені ол объективті нақтылықтан туады; ол қателіктер түйсікті түсіндіруден туады. Түйсіктің пайда болуын Эпикур материалистік тұрғыда былай деп түсіндірді: дененің бойымен өте майда бөлшектердің үздіксіз ағысы жүріп, олар сезім мүшелеріне енеді және заттардың бейнелерін туғызады.
Эллинизм кезеңінің үшінші
мектебі – скептиктер болды. Скептицизм
(гр. Skeptikos -сынаушы) – объективті шындықты
танып-білудің мүмкіндігіне шүбә келтіретін
философиялық концепция. Скептицизмнің
соңы – агностицизмге әкелді. Алғашқы
скептик Пиррон (б.д.д.360-270 ж.ж.ш.) –
ежелгі грек философы, антикалық скептицизмнің
негізін қалаушы. Оның айтуынша ешнәрсеге
сенімді болмау керек деп үйретті.
Ол бақытқа жетудің жолын