Қайта жаңғыру дәуірі

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 16:07, реферат

Описание работы

«Ренессанс» деген атпен белгілі болған Қайта жаңғыру дөуірі ақсүйектік сипатта болса, ал Реформация қозғалысы — діни бағытта жүзеге асырылды. Қайта жаңғыру идеялары бұқара халықтың арасынан гөрі, қоғамның үстемдік етуші таптарының арасында кеңінен тараса, ал Реформация идеялары бүкіл халық тарапынан кең қолдау тапты. Қайта жаңғыру дәуірі мен Реформацияның өзара қарым-қатынастары әрі күрделі, әрі бір қалыпты емес, бірақ соған қарамастан бұл мөдени төңкерістер жаңа заманның жаршысы, адамзат баласының мәдениет саласындагы жарқын кезеңдерінің бірі болды.

Содержание

1Қайта жаңғыру дәуірі және Қайта жаңғыру мәдениеті (Ренессанс
2 Архитектура
3 Италияндық қайта жаңғыру дәуірі
4 Әдебиет
5 Қайта жаңғыру дәуірдегі адам
6 Бейнелеу өнері
7 Дін және Философия
8 Музыка
9 Пайдаланған әдебиет

Работа содержит 1 файл

Қайта жаңғыру дәуірі.docx

— 191.50 Кб (Скачать)

 

Мадонна Оньисанти. 1310 жыл  Уффици, флоренция.

Италияның даңқын асырған  ұлы суретшілердің бірі — Джотто ди Бондоне (1276—1337 жылдары) болды. «Иуда  ишараты» — талантты суретшінің ең әйгілі шығармасы. Көп адам қатысқан бұл композициядағы басты тұлғалар — Христос пен Иуда. Христос  бейнесінен ізгіліктің, адамгершіліктің, сабырлылықтың белгілерін байқайтын  болсақ, ал екінші бір кейіпкер Иуданың  бойынан бір көргенде-ақ озбырлық пен сатқындық қасиеттерін жазбай танисыз. Екі жүзділік, күншілдік, зұлымдық сияқты жағымсыз қылықтар кейіпкердің  жүзінен де, қимылынан да айқын  көрінеді, ізгілік пен зұлымдық арасындағы ымыраға келмейтін күрес —  шығарманың негізгі идеясы. Орасан зор шеберлікпен жазылған бұл  туынды Джоттоның есімін бүкіл Италияға әйгілі етті. Көзінің тірісінде-ақ ол «Флоренцияның ұлы азаматы» деген  абыройлы атаққа ие болды. Қайта жаңғыру  кезеңінде талай өнер саңлақтары өздерінің өшпес туындыларымен  әлемді таң қалдырды. Егер орта ғасырларда әлемнің кіндігі — құдай деп саналса, ендігі жерде адам құдай дөрежесіне көтеріліп, мадақталды.

 Қайта жаңғыру дәуірі — мәдениет пен өнер және ғылым тарихындағы ұлы бетбұрыс кезең болды. Үш ғасырдан астам уақыт ішінде Еуропаның көптеген елдерінде бұрын-соңды болып көрмеғен гүлдену, мәдени қозғалыс басталды. Орта ғасырлар мәдениетінің мән-мағынасын сәулет өнері көрсететін болса, Қайта жаңғыру дәуірінде живопистік туындылар (суреттер) басым болды. Дін әктемдіғінен, оның қүрсауынан босанудың ар- қасында өмірдің сан-саласын тұтас көрсететін, адамды рухани жағынан толық қанағаттандыратын шығармалар өмірге келді. Бұл дәуірде адамның бұл дүниедегі алатын орны жан-жақты көрсетілді. Ренессанс мәдениетінің негізінде жаңа заманда еурапалық адам қазіргі өркениетке қарай шешуші қадам жасады. Осындай ұлы мәдени бастамалардың жаршысы болған Италия елінде, алғаш рет католиктік реакция басталды, гуманистік қозғалыстың өкілдері шіркеу тарапынан қуғынға ұшырады. XVI ғасыр 40-жылдары инквизиция басталды. Еркін ой иелерін қудалап, айыптау мақсатында IV-ші Павлдың бастамасымен тыйым салынған кітаптардың тізімі жасалды. Бұл тізімге христиан дінінің қағидаларына қайшы келетін, адамдардың сана-сезіміне әсер ететін шығармалар енді. Оның қатарына Джованни Боккаччо сияқты Италияның ұлы гуманистерінің шығармалары да жатқызылды. Тиым салынған кітаптар отқа жағылды. Католиктік шіркеумен ымыраға келмей, өз идеяларын табанды түрде қорғап, халық арасына кеңінен насихаттаушы еркін ой иелерін қудалап-жазалау сол қоғамға тән құбылыс болды. Папа өкіметіне, шіркеуге қарсы шыққан көптеген ғалымдар, ойшылдар, өнер адамдары инквизиция құрбандығына шалынды. Мысалы, 1600 жылы Римде, «Гүлдер алаңында», «О бесконечности Вселенной и мирах» атты атақты шығарманың авторы ұлы Джордано Бруно отқа өртелді. Мұндай сындарлы кезеңде көптеген ақындар, суретшілер, сәулетшілер және т.б. гуманизм идеяларынан бас тартып, Қайта жаңғыру дәуірінің ұлы қайраткерлерінің «Үлгісінің» ғана қабылдауға мәжбүр болды. Осындай «маньеризм» стиліндегі өнер адамдарының қатарына атақты суретшілер Понтормо (1494— 1557 жылдары), Бронзино (1503—1572 жылдары) және мүсінші Челлини (1500— 1573 жылдары) және т.б. жатты. Бірақ көптеген суретшілер сурет өнері саласындағы реалистік дәстүрді одан өрі жалғастыра берді. Олардың қатарына Веронезе (1528—1588 жылдары), Тинторетто (1518—1594 жылдары), Караваджо (1573—1610 жылдары) ағайынды Караччилер және т.б. қосылды. Олардың кейбірінің, атап айтқанда Караваджоның шығармашылығы Франция, Испания, Голландия елдеріндегі сурет өнерінің дамуына өз әсерін тигізді. Әрине, әр елдің жаңғыру мөдениетінің қалыптасуы мен дамуының ұлттық ерекшеліктерінің болғандығы даусыз.

 Итальян Ренессансындағындай Германияда да ең озық дамыған өнер саласы — сурет салу болды. Бұл салада Альбрехт Дюрер (1471—1528 жылдары), кіші Ганс Гольбейн (1497—1543 жылдары) сияқты дарынды суретшілердің мерейі үстем болды.

Дін

 

Александр VI

Германияда гуманизм идеялары XV ғасыр ортасыңа қарай тарай  бастады және оларды негізінен прогрессивтік  интеллигенция мен жоғары оқу  орындарының ұстаздары қолдады. Немістің жаңғыру мәдениетінің қалыптасуында  экономикалық факторлар: тау-кен өндірісінің  дамуы, кітап бастыру ісінің жолға  қойылуы мен тоқыма өнеркәсібінің  қарышты қадамы айрықша рөл атқарды. Шаруашылық саласына тауар-ақша қатынастарының еркін енуі және Германияның жалпы  Еуропалық нарықтық процестерге  араласуы адамдардың сана-сезімін өзгертті. Сонымен қатар саяси ыдыраңқылық  жағдайларындағы Германияның өзінде де католиктік шіркеуге, оның озбырлық әрекеттеріне қарсылық күшейе түсті. Сондықтан  да, шіркеуді қайта құру жолындағы  күрес неміс жерінде қарқынды жүргізілді. Осы орайда Мартин Лютердің Библияны неміс тіліне аударуы —  Германиядағы Қайта жаңғыру дәуірінің  бастамасы болды. Бұл аударма  жүмысы 20 жылға созылды және осыдан кейін іле-шала Библия (Ӏнжіл) ағылшын, француз және т.б. тілдерге де аударылды. Библияның неміс тіліне аударылуы  — немістің ортақ әдеби тілінің  қалыптасуына да әсерін тигізді. Германиядағы Қайта жаңғыру дәуірі Реформациямен (католиктік шіркеуді реформалау жолындағы  қозғалыспен) тығыз байланысты болды. Реформация жолындағы бұл қозғалысты Мартин Лютердің өзі басқарды.

 Еуропаның басқа бір елі — Испанияда Қайта жаңғыру дәуірі басқа елдерге қарағанда қарама-қайшылықтарға толы болды. Мұнда гуманистер католицизм мен католиктік шіркеуге қарсы шыққан жоқ, өйткені оған Испанияда қалыптасқан қоғамдық-саяси жағдай өз әсерін тигізді.

 

Философия

 Немістің гуманистік әдебиетінің белгілі өкілдерінің бірі — Иоганн Рейхлин (1455—1522 жылдары) — «Письма темных людей» деп аталатын атақты сатиралық шығарманың авторы. Ол бұл еңбегінде ғылыми атақтары бар магистр мен бакалаврлардың қара ниетін айыптап, қоғамдық өмірді сынға алды.

 Нидерландыдағы Қайта жаңғыру мәдениетінің алыбы Эразм Роттердамский (1496—1536 жылдары) болды. Ол өзін «әлемнің азаматымын» деп атады. Эразмның «Есерсоқтықты мақтаған сөз», «Үйдегі әңгіме» сияқты өмірдің сан-саласын қамтитын сатиралық шығармалары Германияға, Францияға, Испанияға, Англияға кеңінен тарады. Ол өз шығармаларында корольдер мен князьдердің, феодалдардың саяси озбырлықтарын әшкерелеп халыққа қайғы-қасірет әкелетін соғыстарды сынға алды. Бұл түста Нидерландының ұлттық гимнінің авторы Филип Альхонде, суретшілер Питер Брейгел (1525—1569 жылдары), Франс Хале (1580—1660 жылдары) және т.б. баға жетпес туындылар берді. Нидерландының мәдени өмірінің басты ерекшелігі — қалаларда ғана емес, сонымен қатар, шағын деревняларда да риторикалық қоғамдардың құрылуы болды. Бұл қоғамдардың мүшелері өлең, ән, пьеса, әңгіме шығарудан өнер сайысына түсетін болды. Мұндай риторикалық қоғамдар халықтың мәдени дәрежесінің көтерілуіне үлкен үлес қосты.

 

Англияда гуманистік идеялардың орталығы — Оксфорд университетінде  өз заманының алдыңғы қатарлы  ғалымдары — Гросин, Линакр, Колет  және т.б. жемісті еңбек етті. Әлеуметтік философия саласындағы гуманистік қағидалардың дамуы «Утопияның»  авторы Томас Мордың (1478—1553 жылдары) есімімен тығыз байланысты болды. XVI ғасыр бірінші жартысында көркем әдебиет саласында драматургия  алдыңғы орынға шықты. «Қаңғыбастар»  ретінде қатаң жазалану қаупіне  қарамастан елде актерлердің «Қыдырма»  топтары көбейе түсті. XVI ғ. Лондонда байлар үйлеріндегі жеке меншік театрларды есептемегенде 9 театр жұмыс істеді.

 

 

 

 

«Глобус» театры

Солардың ішіндегі ең ірісі  — «Глобус» театры — ағылшын  халқының ұлы драматурга, ағылшын  Ренессансының алыбы — Вильям Шекспирдің (1564—1661 жылдары) шығармашылығымен тығыз байланысты болды. Ерекше атап өтетін бір жайт, ағылшын театрларына  барлық сословиенің өкілдері — ақсүйектер де, шенеуніктер де, көпестер де, жұмысшылар мен шаруалар да, қолөнершілер де бара алатын, сондықтан да болар, театр  өнерінің өрге басуы, оның демократиялық  сипаты — ағылшын қоғамындағы  демократиялық жүйенің қалыптасуына ерекше ықпал жасады. Шекспирдің шығармашылығы  гуманистік идеяларға толы болды. Оның қыл қаламынан шыққан «Гамлет», «Король  Лир», «Отелло», «Юлий Цезарь», «Асауға  тұсау», «Генрих VI», «Ричард III» сияқты трагедиялары мен тарихи пьесалары  дүниежүзілік даңқ пен құрметке ие болды. Жалпы алғанда, Жаңғыру дәуіріндегі  театрдың дамуы Шекспирдің атымен тығыз  байланысты. Ол театр саласындағы  реалистік ағымның жаршысы болды. Дүние жүзіндегі барлық театрлар Шекспир мектебінен өтті, ал бұл  тамаша дәстүр бүгінгі заманда одан әрі жалғасуда. Жаңа тарихи жағдайда театр әрбір халықтың, әрбір мәдениеттің  тынысын жан-жақты беруге талпыныс жасады. Театрлар қойылымдарында, әсіресе Шекспир қойылымдарында этикалық кең құлаш байқалды, әлеуметтік сатира мен өмірлік реализм басты орынға шыға бастады. Ең бастысы — бұл қойылымдарда халықтық рух басым болды.

 Жаңғыру дәуірінің қарсаңында Испанияда ұлт-азаттық қозғалыстың нәтижесінде елдің ұлттық бірігуі жүзеге асырылды. Сегіз ғасыр бойы арабтардың қол астында болған испаңдықтардың ұлттық тәуелсіздігі үшін күресі жеңіспен аяқталғанды. Осы бір азаттық күрес заманында «рыцарьлық» романдар кеңінен тарады. Бұл жанрдың негізін қалаушы атақты трагедиялық комедияның «Селестинаның» авторы Фернандо де Рохас еді. Бұл тамаша өдеби дәстүрді Испанияның ұлы жазушысы, мәңгі өшпес туынды — «Дон-Кихоттың» авторы Мигель де Сервантес пен «История жизни пройдохи» деп аталатын әйгілі романның авторы, жазушысыншы Франческо де Кеведо (1580—1645 жылдары) одан әрі жалғастырды. Испанияның ұлттық драматургиясының негізін қалаушы, Шекспирмен қатар «Дәуір алыбы» деген құрметті атаққа ие болған, екі мыңдай әдеби шығармалардың авторы ұлы Лопе де Вега (1562— 1635 жылдары) дүниежүзілік драматургия саласында алдыңғы қатарда болды. Оның атақты туындылары «Би мұғалімі», «Валенсия жесірі», «Құмыра көтерген қыз», «Ақымақ қыз» — халық көңілінен шықты.

Музыка

 

 

Лютня- Қайта жаңғыру дәуірінің  ең әйгілі музыкалық аспаптарының бірі

 

XVI ғасыр ортасында Реформациялық  қозғалыстың жеңіске жетуі ұлттық  мәдениеттің жандануына зор ықпал  тигізді. Германияның музыкалық  мәдениеті де сансалалы бай  болып келеді. Әншілік өнермен  қатар балет, опера жанрлары  да қалыптаса бастады. К. Пауман, П. Хопхаймер, Г. Изак сияқты  ұлы композиторлар таңғажайып  музыкалық шығармалар берді.

XVI ғасыр ортасында Реформациялық  қозғалыстың жеңіске жетуі ұлттық  мәдениеттің жандануына зор ықпал  тигізді. Германияның музыкалық  мәдениеті де сансалалы бай  болып келеді. Әншілік өнермен  қатар балет, опера жанрлары  да қалыптаса бастады. К. Пауман, П. Хопхаймер, Г. Изак сияқты  ұлы композиторлар таңғажайып  музыкалық шығармалар берді.

Пайдаланған әдебиет

1.↑ Мәдениеттану: жоғарғы оқу  орнындары мен колледж студенттеріне  арнлған оқулық. Алматы: Раритет, 2005.- 416 бет. ISBN 9965-663-71-8

2.↑ Өнер: Жалпы білім беретін  мектептің жаратылыстану-математика  бағытындағы 11-сыныбына арналған  оқулык/Қ.Болатбаев, Е.Қосбармақов,  А.Еркебай. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-33-998-8

3.↑ Драч Г.В. Культурология.  — Ростов-н/Д., 1995. — С. 217.

4.↑ Любимов Л. Батыс Еуропа  өнері. — Алматы, 1982. — 184-бет


Информация о работе Қайта жаңғыру дәуірі