Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 17:02, лекция
Ұлы Абайды өмір, қоршаған дүние, табиғат, болмыс сыры, олардың заңдылықтары көп ойландырған, ол дүние сырына бойлап, өзін мазалаған сауалдарға жауап табуға тырысқан. Мен осы кіммін? Жан иелері өмірінің түпкі мәні неде? Барлық адам баласы, жан-жануарлар да тамақтанады, ұйықтайды, қорғанады, артына ұрпақ қалдырады. Сонда адам баласының басқа жан иелерінен айырмашылығы неде? Міне, Абай әркімді де толғандыратын терең сырлы сұрақтарға жауап іздейді. Ол өзінің ілімінде, пәлсапалық шығармаларында адам баласының өмір сүру мақсатын, сол мұратына жету жолын, әлемдегі болмыстың мәні мен өзіндік ішкі байланысты, жалпы заңдылықтарын ашып көрсетеді.
Абай философиясы
Ұлы Абайды
өмір, қоршаған дүние, табиғат,
болмыс сыры, олардың заңдылықтары
көп ойландырған, ол дүние
Кемелдену,
жетілу – адам өмірінің
Абайдың айтуы
бойынша жан жүректе орын
Абай өз
шығармаларында жетілу жолдарын, олардың
түрлі белестерін көрсетеді. Әрбір адам
осы жетілу жолдарынан өте отырып өзінің
қай деңгейде тұрғанын және өмірінің келесі
белесін анықтай алады. Мәні терең ашылып,
келешегі айқындалғанда ғана адам өмірі
маңызды болмақ. Абай ілімі осылай әркімнің
өмірінің мәнін ашып, оның келешектің
жарқын жолына шығуына мүмкіндік береді.
Ақын мұрасында
бір жүйеге түсірілген
Көрнекті
мәдениет қайраткерлері мен
Ақын шығармалары
19 ғасырда да Қазақстанда
1) қазақтың ауыз әдебиеті мен өткен замандардағы жазба ескерткіштерінен сусындаған алдыңғы қатарлы халықтық дәстүр;
2) ежелгі және
орта ғасырдағы Шығыс
3) орыстың материалистік
философиясы мен демократиялық
мәдениеті, сол арқылы дүниежүзілік
(ең алдымен Батыс Европаның) философиялық
ойдың жетістіктері.
Әуезов бұл
идеялық бағыттарды бір-
Ғалым Абайдың
орыс әдебиетімен және
Өз заманының
ғұламасы болған Абай көптеген
орыс жазушылары мен
Ойшыл-ақын
ежелгі заман философтары
Ол Ч. Дарвиннің даму теориясы мен анатомиялық ілім негіздерін білді. Абайдың жаратылыстану ғылымындағы білімінің кеңеюіне орыстың материалистік психологиясы, нақтырақ айтқаңда И.М.Сеченов пен К.Д.Ушинский еңбектері маңызды қызмет атқарды. Ақынның дүние-танымына сол кезеңде Семейде тұрған, саяси аударылған адамдарымен достығы игі әсерін тигізді. Олардың арасында Е.П.Михаэлис, Н.И.Долгополов т. б. демократтардың идеясында тәрбиеленген алдыңғы қатарлы зиялы қауым өкілдері бар еді. Абайдың көптеген өлеңдерінде терең философиялық ойлары, табиғатқа, таным, ақыл жайлы толғаныстары көрініс тапқан:
«Өлсе өлер табиғат, адам өлмес»,
«Көк тұман
- алдыңдағы келер заман» т.
б., 45 «сөзден» тұратын қара сөзбен
жазылған «Ғақлиялары» - ақынның
философиялық көзқарасының
Абай дүниетанымының
бағыттарын зерттеуге Әуезов
елеулі үлес қосты. Ол Абайдың
көптеген өлеңдері мен 19 ғ-дағы
көрнекті орыс ойшылдарының
«Дүние - үлкен көл,
Заман - соққан жел,
Алдындағы толқын - ағалар,
Артқы толқын - інілер,
Кезекпенен өлінер,
Баяғыдай
көрінер...»
Абайдың философиялық
көзқарастарын оларды тек
Адам мәселесін
Абай әр түрлі: философиялық, биологиялық-психологиялық,
эстетикалық және этикалық көзқарастан
қарастырған. Абайдың адам туралы негізгі
түжырымдары Чернышевскийдің «Философиядағы
антропологиялық принцип» (1860) деген еңбегінде
айтылатын ойлармен ұштасады. Чернышевскийдің
түсіндіруінше болмыс бірыңғай болған
жағдайда адам басынан екі түрлі: материалдық
(адам тамақ ішеді, ұйықтайды, жүреді) және
адамгершілік тұрғыдағы (адам ойлайды,
сезеді, қалайды) құбылыстарды байқаймыз.
Абай Жетінші сөзінде: «Жас бала анадан
туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі
- ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады...
Біреуі білсем екен демеклік. Дүниенің
көрінген Һәм көрінбеген сырын түгелдеп,
ең болмаса денелеп білмесе, адамдықтың
орны болмайды», - дейді ойшыл-ақын.
Ақынның дүниетанымы
шынайы заттарды тануға және адамдар бақытын
о дүниеден емес, жарық дүниеден іздеуі
керектігіне бағытталды. Ойшыл-ақын, әсіресе,
ғылыми ақиқатты жоғары бағалады: «... әрбір
хақиқатқа тырысып ижтиһатыңмен көзің
жетсе, соны тұт, өлсең айрылма!» Ол діни
қағидалардың мәнін аша келіп, Алланың
«барлығының» өзіне, оның құдіретті күшіне
деген сенімге күдік келтіреді: «Дініміздің
бір жасырын тұрған жалғаны жоқ болса,
ақылды, оны ойлама дегенімізге пенде
бола ма? Ақыл тоқтамаған соң, діннің өзі
неден болады? Әуелі иманды түзетпей жатып,
қылған ғибадат не болады? Алла мен бүкіл
басқа дүниенің арақатынасын бұлайша
түсіндіру, құдіреттің ұйғарымынсыз ешнәрсе
де жасалмайды деп пайымдайтын Құран қағидасынан
тікелей бас тарту болып табылады. Абай
дүниетанымы бұлжымайтын қағида мен нанымға
негізделген тапжылмайтын дін сияқты
емес, санаға сүйенеді. Ол өзінің бірқатар
өлеңдеріңде молдаларды, мұсылмаңдық
қағидаларды уағыздаушы дін қайраткерлерін,
ырымшылдық пен қараңғылықты қатал сынап,
айыптайды. Абай мұрасында таным мен логика
мәселелері ерекше орын алады. 19 ғ-дың
2-жартысында Қазақстанның қоғамдық дамуына
байланысты туған талаптар ойшыл-ақынды
заңды түрде таным мәселелеріне көңіл
бөлуге мәжбүр етіп, оған өзіндік көзқарасын
айқындап берді. Қоғамдық өмірдегі ғылым
мен білімнің маңызын жоғары бағалап,
оларды әлеуметтік жаңалықтармен тығыз
байланыстырған ақын таным қызметін қоғамның
үздіксіз дамуындағы басты күш деп есептеді.
Ол объективті әлемді тану мүмкіндігін
және оның даму заңдылықтары мәселелерін
дұрыс шешті. Оның ойынша қандай да болмасын
білімнің, ақиқаттың қайнар көзі адам
өзінің сезім мүшелері арқылы танитын
объективті шындық. Біздің біліміміздің
салыстырмалы шама екенін айта келіп,
Абай «... хабарлардың ұнамдысы ұнамды
қалпыменен, ұнамсызы ұнамсыз қалпыменен,
әрнешік өз суретімен көзге түседі. Ол
көңілге түсіруші... бес нәрседен өткен
соң, оларды жайғастырып көңілде суреттемекке»,
- деп атап көрсетті. Ол таным мәселесін
шешкенде ерікті адамның жеке басы мен
оның белсенді күресіне деген сеніміне
сүйенеді. Адамды дәрменсіз, әлсіз жан
иесі деп қарайтын діни ілімдерге қарама-карсы
ойшыл-ақын адамды белсенді, саналы, жасампаздық
қызмет атқара алатын қуатты күш деп санайды.
Абай сананы, «өз рухын» адам надандыққа
қарсы күресте, қажырлы еңбек арқылы үнемі
нығайтып отыруы керек деп есептейді.
Бір жағынан «сана ерікпен бірігуі қажет»,
екінші жағынан - сана мен еңбек әрқашанда
бір жерден көрінуі керек. Ары таза, еңбекқор,
білімді адамдар үшін табиғат құпияларын
танудың шегі жоқ. Ақын білімді адам құбылыстар
мен заттардың өзінен бұрынғы беймәлім
жаңа қырлары мен қасиеттерін тануға кең
мүмкіндік алатынын атап көрсетеді. Ол
ғылымды: «Адамның білімі хақиқатқа, растыққа
құмар болып, әр нәрсенің түбін, хикметін
білмекке ынтықтықпен болады», - деп қарады.
Әлемді тануға
құштарлық адамның бойына біткен табиғи
қасиеті деп есептеді ойшыл. Бірақ, оның
бұл мүмкіншілігі үнемі жетілдіріп отыруды
талап етеді. Бала рухани қасиеттерін
жетілдіру үшін оның өзін қоршаған ортамен,
оның қасиеттерімен, адамдардың қызметімен
танысуы керек. Адам табиғат құбылыстарының
құпияларын ұғу немесе соған байланысты
белгілі бір дәрежеде жорамал жасау арқылы
өзінің қызметін нығайта түседі: «Дүниенің
көрінген Һәм сырын түгелдеп, ең болмаса
денелеп білмесе, адамдықтың орны болмайды.
Оны білмеген соң, ол жан адам жаны болмай,
хайуан жаны болады». Дегенмен, ол қоршаған
ортаны тануға болатындығын мойындай
отырып, сонымен қатар таным қызметінің
мүмкіндіктері шектеулі екенін, барша
танымның толық аяқталмайтындығын да
ескертеді. Ол мұның себебі материалдық
әлемнің шексіздігі мен таусылмайтындығында,
бітпейтіндігіңде деп біледі: «Бұл ғаламды
көрдің, келісті керімдігіне және қандай
лайықты жарастықты законімен жаратылып,
оның ешбірінің бұзылмайтұғынын көресің.
Бұлардың бәріне ғажайып ықыласың және
ақылың жетпейді».
Данышпан нұсқаған
жолмен жүріп, оның өсиеттерін бұлжытпай
орындаған адамның жан сарайы күннен-күнге
тазарып, кемелденудің биік деңгейіне
шыға алады.
Бұл ақпаратты Абай атындағы Семей облыстық кітапханасының қызметкерлері ұсынды.