19-20ғ. батыс философиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 15:41, реферат

Описание работы

19 ғасырдың аяғында ХХ ғасырдың басында философияда иррационалдық сипаттағы бағыттар қалыптаса бастады. Иррационализм ұғымы рационализмге кері деген мағананы береді. Ақылмен түсінуді мүмкін емес деп, танымдағы басқа қабілеттерге назар аударады. Осы кезеңдерде пайда болған философияға бейклассикалық деген айдар тағылды. ХХ ғасыр философиясының бастамасы “Өмір философиясы” болды. Оның бірінші нұсқасы А.Шопенгауэр, Ф.Ницше, А.Бергсон есімдерімен байланысты. Олар күшке табыну түйсіктеріне мән берді. А.Шопенгауэр мен Ф.Ницше “ерік философиясын” қалыптастырды. “Өмір философиясының” екінші нұсқасы Дильтей және Шпенглер сияқты философтардың есімімен байланысты болды. Олар өмірді алғашқы реалдылық деп қарастырды. Анри Бергсон философиясында интуицияға көп мән берілді. Өмір аналитикалық ақыл таразысына салуға келмейді деп шешті.

Работа содержит 1 файл

19-20ғ батыс философиясы.docx

— 15.62 Кб (Скачать)

 “Өмір философиясын” терістеп шыққан философияны позитивизм деп атады. Бұл ағымның атының өзі позитивтік, яғни дұрыс әрі дәлелденген білімді ғана мойындау дегенді білдіреді. Позитивизмнің негізін қалаған Огюст Конт (1798-1857). Позитивисттер нақты ғылымдарды білімнің бірден-бір көзі деп жариялаған. Олар философиялық зерттулердің танымдық маңызын теріске шығарған.

Вильгельм Дильтей (1833 - 1911)- жаратылыстану және мәдени ғылымдар арасындағы методологиялық ерекшеліктерді дәлелдейтін неміс философы, идеалист.Өмір философиясының теориялық негізін қалаушы. Негізгі еңбектері: "Жизнь Шляйермахеров", «Конструкция исторического мира в культурных науках»

Шпенглер Освальд (29.5. 1880, Бланкенбург – 8.5.1936, Мюнхен) – немістің идеалист-философы, мәдениет теоретигі, тарихшы, публицист. 1908 – 11 жылы Гамбургтегі гимназияда математика мен тарихтан сабақ берді. 1911 жылдан өмірінің соңына дейін ерікті әдебиетші ретінде Мюнхенде тұрды. Шпенглердің тарих философиясына байланысты негізгі шығармасы – “Еуропаның құлдырауы” (1 – 2-т., 1918 – 22) Германия 1-дүниежүз. соғыста жеңіліс тапқаннан кейін көп кешікпей жарыққа шықты және зор табысқа жетті. Шпенглер өз еңбектерінде неміс ұлтшылдығын қолдады, бірақ 1933 жылы Германияда ұлтшыл-социалистер билікке келгенде оларға қызмет етуден бас тартты. Гитлершілердің антисемиттік саясаты мен “тевтондық” қиялдарын әжуалағаны үшін оның атын баспасөзде атауға тыйым салды. Шпенглерге Ницше философиясының елеулі ықпалы болды. Шпенглер үшін “Мәдениет” жеке дара тағдыры бар, өзара ықпалдастықтағы өзіндік пайда болу, даму, гүлдену, күйреу кезеңдерін басынан кешетін ерекше тіршілік иесі. Шпенглер 8 мәдениетті талдап көрсетеді, олардың ішінде Мысыр, Үнді, Вавилон, Қытай, т.б. бар. Мәдениет өлгенде, яғни шығармашылық, даму кезеңі тоқталғанда ол жансыз “Өркениетке” айналады деп білді. Шпенглердің баяндау стилі метафоралық теңеулерді пайдалана отырып, ұғымдар логикасымен ұштастыра қолдануға негізделген. Шпенглердің “Еуропаның күйреуі” атты еңбегінің кейінгі философтарға, тарихшыларға, жалпы мәдениет және өнер адамдарына ықпалы зор болды

Бергсон Анри (1859-1941)- француз философы,эволюция және интуитивизм қағидасын жасаған иррационалист. Оның философиясының негізі ұғымы «өмір». Өмірдің мәніне интуицияның көмегімен жетеді. Өмір ағып жатқан тасқын сияқты үздіксіз процесс.[1] Бергсон бойынша, заттық дүниенің қозғалыссыз бітімдеріне сай келетін ұғымдарды пайдаланушы интеллект қозғалысты, соның ішінде "тіршілік талпынысьш", шындықты жасаушы, әсіресе сананың атрибуты болып табылатын "ұзақтықтық" шығармашылық стихиясын түсіне алмайды. Ол тек жануарлар инстинктеріне ұқсас тікелей сезіну, иррационалдық интуиция арқылы ғана қабылдана алады. Интуиция мүддесіз болғандықтан, дейді Бергсон, шындықты күнделікті өмір қажеттіліктерімен және пайдалы нәрселерді іздеумен ғана байланысты интеллектіне қарағанда тереңірек ашады. Дүниені интуициялық жолмен қабылдаудың бір түрі ретінде Бергсон "таза өнер" дегенді қояды. Комедия, Бергсон бойынша, таза өнерге жатпайды, өйткені ол әлеуметтік айыптаудың түріне жатады. Бергсон өнерді ғылымға Қарағанда танымның маңызды әрі әмбебап деп есептеді.

Информация о работе 19-20ғ. батыс философиясы