Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 18:29, реферат
Педагогика ғылымы өзінің пәнін зерттей отырып, оқыту-тәрбиелеу процесінің теориясын жасайды. Теориялық білімге ұғым (категория), заңдар, заңдылықтар жатады, оларды зерттеу теорияны жасауға және оқыту-тәрбиелеу жұмысын, педагогикалық процесті ұйымдастыру әдістеріне бағыт береді.
Ұғымдардың көмегімен педагогикалық шындыққа, сонымен бірге біртұтас педагогикалық процеске да сипаттама беруге болады.
Біршама консервативтік болғанмен, яғни уақыт өткен сайын аз өзгеретін таңдап алынған жұмыс формасы қойылған міндеттерді шешуге белгілі бір әдіс-тәсілдерді қолдануды талап етеді. Нақтылы педагогикалық процесте бұл әрқашанда нақтылы тапсырмаларды (жүктелген міндет, іс) орындаумен байланысты. Ұстаз үшін «еңбек затын» талдау (ол үшін оқу еңбегінің мазмұны болады) оқылатын материалды меңгеру үшін оқушылардың танымдық іс-әрекет тәсілдері ерекшеліктерін айқындау кажет. Студенттер үшін таным іс-әрекетінің «еңбек құралдары» (әдістер мен тәсілдер) олардың оқи алуы үшін, енді үйренуге керекті заттар. Сонда олардың педагогикалық процестің оқу және оқудан тыс аймақтарына белсенді қатысу мүмкіншілігі шындыққа айналады.
Педагогикалық процесс компонентерінің ерекшеліктерін талдау олардың арасында ішкі бірліктері мен өзара байланыстылығының бар екендігінің көрсетеді, оны ескермейінше педагогикалық процестің жүйе ретіндегі құрылымы туралы мәселені шешу мүмкін емес. Бұл, әрине, бөліктер арасындағы байланыстарды анықтаумен бірге белгілі бір нәтижеге әкелетін, яғни процеске тән заңдылықтарды нақтылы жағдайлард да анықтауды шамалайды.
Оқыту әдістерін дәстүрлі түрде үшке бөледі:
Сабақ беру әдістері: оған лекция, әңгіме, түсіндіру, әңгімелесу;
Үйрету әдістеріне тыңдау, мазмұндау, жаттығу, әдебиеттерді зерттеу, модельдеу, сондай-ақ, практикалық жұмыстар т.б.
Бақылау әдістеріне сұрау, аралық бақылау, коллоквиум, сынақ, емтихан, жобаны қорғау т.б. жатады (И.Ф.Харламов, Р.А.Низамова).
Сондай-ақ әдістер ақпарат беру тәсіліне қарай, дидактикалық мақсаттың сипатына қарай, танымдық әрекет сипатына қарай түрлерге бөлінеді.
Соңғы кездері ойын арқылы оқыту әдістері кең тарауда, тренинг әдістері, шет тілдерді қарқынды оқыту әдістері. Осы әдістер кейде оқытудың белсенді әдістері деп топталады, себебі білім алушы оқу процесін жүзеге асыру мен жоспарлауға белсенді түрде араласады.
Тәрбие әдістері жоғары мектеп практикасында оқыту процесіне енгізілгендіктен бөлініп қаралмайды. Тәрбие әдістеріне оқытушының әрекетіндегі жеке үлгі әдісі, тұлғааралық сенімге негізделген қарым-қатынас әдісі, оқу жоспарларынан тыс өткізілетін іс-шараларды өткізу әдістері жатады.
Жоғарғы мектеп педагогикасында оқытудың белсенді әдістеріне іскерлік ойындар, рольдерді ойнау әдісі, нақты жағдаяттарды талдау, белсенді бағдарламалық оқыту, ойындық жобалау, проблемалық лекциялар, пікірталастарды жатқызады. Белсенді оқыту әдістерінің дәстүрлі әдістерден айырмашылығы оларды қолдану барысында студенттерге берілетін білім «дайын күйінде» берілмейді, студенттердің белсенді әрекетінің арқасында «қол жеткізіледі».
Оқытудың дәстүрлі түрінде білім алушы оқу процесіне көбіне енжар араласып, басты назарда оқытушы болатын. Оқытудың белсенді әдістері бойынша, керісінше, білім алушы-субъект оқу процесіне барынша белсенді ат салысады.
Сонымен оқытудың белсенді әдістері білім алушылардың қабілетін саналы тәрбиелеу және олардың қажетті әрекеттерін саналы қалыптастыру арқылы аз мезгіл ішінде көп күш салмай қажетті білім мен дағдыларды меңгеруіне ықпал етеді.
Пікірталас әдістері. Пікірталас (дискуссия) өте ежелден белгілі, орта ғасырларда өте кең қолданылды. Дискуссияның міндетіне таным процесін дамыту, стимулдау жатады. Пікірталасқа мүмкіндігінше оқытушылар емес, студенттерді де қатыстыру керек. Дискуссиялық әдістерді тиімді түрде жүзеге асырудың бір жолы пікірталасқа түсушілердің алдын ала білікті дайындығы болып табылады.
Дискуссиялық әдісті тек гуманитарлық пәндерді жүргізу барысында пайдаланған ұтымды деген пікір жаңсақ, себебі бұл әдісті тарих, әлеуметтану, этика, әдебиет сынды пәндермен қоса химия, физика, биология т.б. пәндерді өткізу үшін қолдануға әбден болады.
Дискуссия тақырыбын таңдағанда терең мазмұнды тақырыптармен қатар, адамгершілік мәселелері, адамдар арасындағы қарым-қатынас жөнінде пікірталастыруға болады.
Ойындық әдістер. Ойынның оқыту және ғылыми, өндірістік, ұйымдастырушылық тұрғыдағы мәселелерді шешу мақсатында қолданылатын түрлері көп. Оларға: оқу, имитациялық, ролдік, ұйымдастыру-әрекеттік, іскерлік, әскери, инновациялық, басқармалық т.б. ойындар жатады. Оқу процесіндегі ойын оқытудың формасы да, әдісі де болып табылады.
Оқу ойындары студенттің өзіндік білім, білік, дағдыны меңгеруге бағытталған әрекеті. Ойын әдістерін оқыту процесінде қолдану Еуропа мен ТМД елдерінің жоғары оқу орындарында, Францияның, Германияның, Англияның инженерлік және гуманитарлық жоғары оқу орындарында кең тараған. АҚШ-тың Гарвард, Калифорния, Нью-Йорк, Стэнфорд университтері, сондай-ақ Гопкинс университеті, Лихай, Массачусетс технологиялық институты т.б. көптеген атышулы университтер мен колледждерді ойындық әдістерді қолдануда ең алдыңғы қатардан орын алады.
Проблемалық әдістер. Мәселені көтеру, қарама-қайшылықтарды анықтау, білімді проблемаландыру оқу процесі секілді ежелден келе жатқан оқытуды белсендіру түрлері болып табылады. Проблемалық әдіс шығармышылық ойлауды дамытуға ықпал жасайды. Прблемалық жағдаятты шешу қашанда шығармашылық сипатта болады. Нәтижесінде студент белгілі бір біліммен қаруланады, сондай-ақ табысқа жету арқылы оның бойында өзіне деген сенімнің, қанағаттану сезімінің, оң эмоциялық көңіл-күйдің орнығуының шешуші көзі болатыны анық. Проблеманы түсіну үшін студент бұрынғы алған біліміне сүйенуі керек. Ол білім проблемалық оқыту немесе дәстүрлі оқыту барысында алынуы мүмкін.
Қазіргі кезде оқытудың барлық сатыларында жеке тұлғаға білім беруді оқытудың бағыттылық принципі негізінде жүзеге асыру көзделген. Бұл принцип жоғары оқу орындарында оқытудың кешенді мақсаттарын шешуге ықпал етеді.
Ғылымилық принципі болашақ маманның өзі таңдаған саласы бойынша объективті ғылыми деректермен, тұжырымдар және теориялармен толыққанды тоғысуына мүмкіндік береді.
Ғылымилық прнинципі арқылы қоршаған орта жөнінде ғылыми көзқарас қалыптасып, жаңа қоғамды құру ғылыми негізделген процесс ретінде қабылданады.
Жүйелілік принципі бойынша жоғары оқу орнында меңгерілетін пәндер оқу жоспарларында логикалық реттілікпен бөлінеді. Соның негізінде барлық пәндер бойынша типтік және жұмыс бағдарламалары жасалады.
Саналылық принципі – білім,білік, дағдыны меңгерудегі жеке сенім ретінде қарастырылады. Бұл принцип жоғары оқу орнында студенттердің белсенділігі, қызығушылықтарды, бастамашылдық, шығармашылдық ізденістері, өзіндік жұмыс жасау қабілеттерімен тығыз байланыста қарастырылады.
Оқыту процесінде дамудың маңызды шарты, студенттердің оқыту процесін ұғынуы болып табылады. Мәнін, мағынасын түсінбей игерілген білімнің практикалық құндылығы болмайды. Игерілген білім негізінде тұрақты сенімдерді бойына саналы түрде қалыптастырудың маңызы зор.
Оқытудың практикамен байланыс принципі оқыту процесінде алған теориялық білім практика жүзінде қолдану, талдау, дидактикалық міндеттерді шешу арқылы өзіндік көзқарасты қалыптастыруға ықпал жасайды. Теорияны практика жүзінде тиімді пайдалану студенттердің білім сапасының басты көрсеткіші.
Оқытудың ұғынымдылық принципі негізінде оқу материалының ғылыми-теориялық күрделілік деңгейі, оқу материалының ауқымы, нормасы, оқыту әдістері айқындалады. Ұғынымдылық принципі әлі де жетілдіруді, дамытуды қажет етеді, өйткені ол оқыту міндеттерін шешу жолдарын көрсетпейді. Оқытудың ұғынымдылығының бірінші ережесі оңайдан ауырға, қарапайымнан күрделіге өту жолы, яғни қарапайым түсінік, ұғым, фактілерді үйретуден бастап, біртіндеп күрделі материалды меңгеруге көшу. Оқытудың ұығынымдылығының екінші ережесі белгісізден белгіліге, жақыннан алыстағыға өту жолы, яғни, өткенді бекіту, оны студенттердің танымдық процесін дамыту барысында одан әрі дамыту, жетілдіруге көшу.
Білімді игерудегі беріктік принципі. Студенттердің алған білімдері барынша берік болуы қажет, демек, студенттердің кәсіби әрекетінде, содан соң маманның кәсіби әркетінде алған білімді меңгеру үшін ол студенттің жадында мықтап сақталуы тиіс. Ғылыми мәліметтер тек қана меңгеріліп, есте сақталумен қатар қолдану барысында ғылыми және практикалық негізделген болуы қажет. Ол үшін жоғары мектеп педагогы меңгерілген материалдың қайсысын есте сақтап, қай материалмен танысып қана қоюға болатындығын анықтап алғаны жөн.
Жеке және ұжымдық бірлік принципі. Оқытудың мақсат, міндеттеріне сай оқу процесінде барша білімденушілердің және ұжымның әрбір мүшесінің қызығушылықтары ортақ болатындығы айқын. Сондықтан ұжым әрбір мүшесіне белгілі бір, қалыптасқан, бекіген талаптарды қояды. Сондай-ақ, ұжымның әрбір мүшесі сол талаптарды өзінің белсенділігі, бастамашылдығы негізінде толықтырады, кеңейтеді.
Тұтас педагогикалық процестін заңдылықтары және принциптері, олардың тұтастығын, өзара байланысын дәлелдейді. Зандылықгар объективті осы процеске қатысушылардан олардың ұнамды көңіл-күйінің тілектерінен тәуелсіз.
Педагогикалық процестің заңдылықтарының бір бөлігі эмпирикалық жолмен басқалары теориялық жолмен анықталса, өзгелері теориялық-экспериментальдық жұмыстарды орындау барысыңда анықталды. Егер зандылықтардың мәні жеткілікті дәрежеде терең зерттелген болса онда ол үш себептен ұтымды болды. Анықталған зандылықтар негізінде процестің өзінің белгілі бір құрылым бөліктердің өзара әрекетін, өзара әсерін анықтауға болады. Осының негізінде жасалған педагогикалық процестің идеалдық, теориялық моделі ғылыми зерттеуде сол процестің өзінің және сонымен бірге мектеп ісінің практикасын жетілдіре түсудің мүмкіншілігін кеңейте
түседі. Ең ақырында қандайда
болмасын процестің
тану оны басқару мен мұғалім іс-әрекетінің нәтижесін болжауға әкелетін ғылыми талдаудың мүмкіншілігін кеңейтеді.
Педагогикалық ғылымда XX ғасырдың
20-шы жылдарында тәрбиенің
тыс уақытындағы (Болдырев. Н.И., Щукина Г.И.; Петухов Н.Н.) және оқу процесінің (Загвязинский В.И.) зандьлықтары зерттелді. XX ғасырдың
соңғы он жылдығыңда пайда
болған жұмыстарда толық шолу
жасалынбағанымен біртұтас
Педагогикалық процестің
оқу орнының педагогикалық процесі қоғамның әлеуметтік
экономикалық қажеттілігіне сай болады;
педагогикалық процестің мақсатқа бағыттылығы қоғамның мақсатын
көрсетеді, ол әлеуметтік тапсырыс ретінде, білім беру заңдары
арқылы талап етіледі;
педагогикалық процесс екі жақгы процесс, ол ұстаздармен
оқушылардың, тәрбиешілер мен
тәрбиеленушілердің өзара
байланысты, міндетті түрдегі екі жақты іс-әрекет;
оқушылардың творчестволық белсенділігі мұғалімнің мұқият
ойластырған және
педагогикалық процестің қызметі
оның жасалуы мен ұйымдастырылуы
студенттер коллективі, сонымен катар
жеке студенттердің жас
педагогикалық процесс бөліктерінің мағынасы, маңыздылығы әртүрлі, олардың бір-біріне бағыныштылығы (иерархия) мен бір-біріне
әсері бар;
педагогикалық процесс бір қас қағым сәттік емес ұзақ мерзімге
бағытталған;
педагогикалық процестің ішіндегі қосымша жүйелердің
ортасы мен өзара қиылысқан бағыттарының әсері көптеген факторларды
тудырады,соның ықпалы негізінде ең ақырғы нәтиже қальштасады.
Заңдылықтар педагогикалық процестің ішкі және сыртқы байланыстарын көрсетеді, олар өз арасында жеткілікті дәрежедегі күрделі байланыстарын құрайды. Сондықтан, егер ұстаз нақтылы педагогикалық процессті негізгі жағдайда заңдар мен зандылықтарды ескермей ұйымдастырса, бұл ең ақырында оку-тәрбие жұмысының сапасынан төмендеуіне әкеледі. Принциптер мұғалімнің іс-әрекетін ұйымдастыруға қойған негізгі талаптар болып есептеледі, олар тұрақты нысаналар болып және педагогикалық процестің қызмет істеуінде шығармашылық түрде көрінеді. Негізінен принциптерде педагогикалық процестің заңдары мен зандылықтары жүзеге асады.
Заңдар, заңдылықтар және педагогикалық процесті ұйымдастыру принциптері өзара байланыста болуы мүмкін. Бұл өзара байланыстылық процестің мәнінен оған қатысушылардың практикалық әрекеттерінен көрінеді, ал педагогикалық процестегі мұғалімдер мен оқушылардың іс-әрекеттерін ұйымдастыру моделі ретінде ұсынылуы мүмкін.
айдаланылған әдебиеттер:
Р.Т.Игенбаева. Жоғары мектеп педагогикасы. – Алматы, 2009
Ю.К. Бабанский. Педагогика высшей школы. – Алматы, 1989
Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. Жалпы педагогика – Алматы, 2005
Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика – Алматы, 2000
Информация о работе Жоғары оқу орнында біртұтас пед-лық процесстің құрамдас компоненттері