Жоғарғы оқу орнында білім берудің басты мәселелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2012 в 12:57, реферат

Описание работы

Кәсiптiк жоғары бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымы жоғары оқу орны деп аталады. Жоғары оқу орны (ЖОО), оның ведомстволық бағыныстылығына және меншiктiлiгiне қарамастан, өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына , Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымындағы "Бiлiм туралы" Заңына , Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң бiлiм беру саласын реттейтiн жарлықтарына, басқа бiлiм беру жүйесiнiң қарым-қатынасын реттейтiн нормативтiк-құқықтық актiлерге осы Ережеге және өзiнiң Жарғысына сәйкес атқарады.

Содержание

Кіріспе
1. Жоғары оқу орындарының қызметiн ұйымдастыру ережелерi
2. Жоғары бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң негiзгі мәселелерi
Қорытынды

Работа содержит 1 файл

Реферат.doc

— 64.50 Кб (Скачать)

Л.Н.Гумилев  атындағы Еуразия ұлттық университеті

 

 

 

 

 

 

Реферат 

 

 

Жоғарғы оқу  орнында білім берудің басты  мәселелері

 

 

 

 

Орындаған:Канатаева  Б.С. мМКМ-11қ

Тексерген:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспар:

          Кіріспе

  1. Жоғары оқу орындарының қызметiн ұйымдастыру ережелерi 

 

  1. Жоғары бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң негiзгі           мәселелерi 

 

Қорытынды

    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

1999 жылдың 7 маусымындағы  Қазақстан Республикасының "Бiлiм  туралы"  Заңы  жаңа ұлттық бiлiм жүйесiнiң моделiн қалыптастырудың негiзi болып табылады, оның келешектегi даму стратегиясын және осы саладағы мемлекеттiк саясат принциптерiн айқындайды.   
     Бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк саясаттың iске асырылуын үлестiрiлген құзыреттерiне сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi, білiм беру саласындағы орталық атқарушы органдар және жергiлiктi атқарушы органдар және жергiлiктi бiлiм берудi басқару органдары жүзеге асырады. Барлық бiлiм беру ұйымдарына жалпы ғылыми-әдiстемелiк басшылықты, олардың ведомстволық бағыныстылығына және меншiктiлiгiне қарамастан, бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы орган жүзеге асырады. Осы мақсатпен аталмыш орган білiм беру ұйымдарының қызметiн реттейтiн нормативтiк-құқықтық актiлердi әзiрлейдi және бекiтедi. Осындай бiлiм беру ұйымдарының қызметiн реттеу бiлiм беру субъектiлерi тең жағдайларда болуы және бiлiм беру саласында тең құқықтарды пайдалануы үшiн керек. Әрине, қоғамдағы демократиялық принциптердiң дамуы бiлiм беру ұйымдарының академиялық еркiншілiгiн ұлғайтуға бағытталған. Сонымен бiрге бiр топ мәселелердiң реттелуі үкімет деңгейінде немесе орталық атқарушы орган деңгейiнде немесе бiлiм беру ұйымының өз деңгейiнде шешiледi. Бәрi де бұл мәселелердiң бiлiм беру субъектiлерiнiң, бiлiм алушылардың, олардың ата-аналары мен бiлiм беру ұйымдары қызметкерлерiнiң мүдделерiн қандай дәрежеде қозғауына байланысты болады.   
     Кәсiптiк жоғары бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымы жоғары оқу орны деп аталады. Жоғары оқу орны (ЖОО), оның ведомстволық бағыныстылығына және меншiктiлiгiне қарамастан, өз қызметiн Қазақстан Республикасының  Конституциясына , Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымындағы "Бiлiм туралы"  Заңына , Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң бiлiм беру саласын реттейтiн жарлықтарына, басқа бiлiм беру жүйесiнiң қарым-қатынасын реттейтiн нормативтiк-құқықтық актiлерге осы Ережеге және өзiнiң Жарғысына сәйкес атқарады.   
     Осы Ереже арқылы кәсiптiк жоғары бiлiм беретiн ұйым қызметiнiң жалпы мәселелерi, факультеттер мен кафедралардың жұмысы, жоғары оқу орындарында экстернат түрiнде оқытуды ұйымдастыру, жоғары оқу орындарында қысқартылған мерзiмде оқытуды ұйымдастыру, кәсiптiк жоғары бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушыларға академиялық демалыс беру, бiлiм алушыларды аралық аттестаттаудан өткiзудi ұйымдастыру тәртiбi, "Қазақстан тарихы" пәнiнен мемлекеттiк емтихан ұйымдастыру және жүргiзу, дипломдық жобаларды (жұмыстарды)

Жаңашылдық  білім беру саласының алдында  тұрған жаңа міндеттерді сәтті орындаудың негізгі шарттарының бірі болып  саналады. Олар оқу-тәрбие жұмыстарының тиімділігі мен өнімділігін арттыруға  септігін тигізеді. Білім беру саласына жаңалықтар енгізбестен бұрын, қоғамдық еңбектің басқа салаларына сәтті түрде жаңалықтар енгізу қиынға соғады.

Өзгерістер  өмірдің диалектикасы ретінде тек  қана біздің заманға, біздің қоғамға  және біздің өмірге тән құбылыс емес. Олар мәңгі адами қозғалыстың, яғни адамның жақсы өмір сүруіне, жаңа заман талабына сай шарттарға қол жеткізуіне деген күресі мен талпынысының көрінісіне айнала отырып, жалпы өмірдің диалектикасын бейнелейді. Жуырда ғана мұндай өзгерістер өте баяу жүзеге асатын, алайда соңғы жылдардағы ғылым мен техниканың өзара тығыз байланысты дамуының нәтижесінде олар да қарқындылығын күшейте бастады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоғары  оқу орындарының қызметiн ұйымдастыру ережелерi  

Бүгінгі күні әртүрлі елдер  үшін білім беру мен тәлім-тәрбиені дамыту бағытында ортақ қиыншылықтардың туындағанына қарамастан, олар бір-бірінен білім беру мәселелерін шешу жолдары, әдістері және мақсаттары тұрғысынан елеулі дәрежеде ерекшеленіп отырғандығы байқалады. Мұндай айырмашылықтар адамның ролі мен оны жетілдірудің маңызын (мінез-құлқының маңызын, жеке тұлғаны дамытудағы тәрбиенің ролін), осыдан барып қоғамның жекелеген мәселелерін шешудегі, оның қажеттіліктерін қанағаттандырудағы және жалпы қоғамды дамытудағы білім беру жүйесінің міндеттерін әртүрлі түсінуден келіп шығады. Осыған байланысты, әртүрлі қоғамдық-саяси жүйелерімен ерекшеленетін елдерде білім беру саласына жаңалықтар әртүрлі мақсаттармен, әртүрлі тәсілдермен және әртүрлі атаулармен енгізіледі де, олардан әртүрлі нәтижелер күтіледі. Әртүрлі елдердегі бірдей жаңалықтар әртүрлі қызметтерге ие болып, оларды қолдану нәтижелері де түрліше бағаланады.

Ғылыми-педагогикалық  әдебиеттерді сараптау нәтижелері “новация”  мен “инновация” ұғымдарын жеке-жеке қарастыру керектігін көрсетті. Дегенмен, әдебиеттерде осы екі ұғымның  әртүрлі анықтамалары кездеседі. Инновация ұғымын энциклопедиялар мен сөздіктерде әртүрлі анықтамаларын кездестіруге болады.

Инновация ұғымына  жалпы энциклопедияның жаңа басылымында  “инновация, жаңалық, жаңару – техникалық және технологиялық жетістіктер  мен ашылымдардың немесе жаңалықтардың іс жүзіндегі қолданысы” деген анықтама беріледі.

Ал, сөздікте “новация –  бар нәрсенің ішінара жаңаруы, яғни қандай да бір бөлігінің, қасиетінің, байланысының өзгеруі” делінсе, “инновация – мүлдем жаңа нәрсе, жаңалық” ретінде пайымдалады.

“Инновация” сөзі латын тіліндегі іn (ішіне) novus (жаңа) сөздерінен құралып, жаңару, жаңалық, өзгеру деген мағынаны білдіреді.

Қазақстанда ең алғаш  “инновация” ұғымын қазақ  тілінде анықтаған ғалым, профессор  Н.Нұрахметов. Ол “Инновация, инновациялық үдеріс деп отырғанымыз білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызмет” деп көрсетеді.

Ал, К.Құдайбергенова “инновацияны” – нақты қойылған мақсатқа сай алынған жаңа нәтиже деп есептеп, төмендегідей аудармалар жасаған: “инновация” - жаңарту, “нововедение” – енген жаңалық, “новое” – жаңа, “новшество” – жаңалық, “инновационный процесс” – жаңарту үдерісі.

Алайда, инновация ұғымының шығу кезеңі мен тарихын дәл анықтау  мүмкін болмаса да, бұл ұғым қоғамдық ғылымдарға жаратылыстану ғылымдарынан келген деп есептеледі. Өйткені, инновациялар көбіне экономика, техника, агрономия, өнеркәсіп және медицина салаларында кеңінен қолданылады. Инновациялар қоғамның пайда болу кезеңінен бері жүзеге асырылып келе жатса да, педагогикалық категория ретінде ХХ ғасырдың 70-80 жылдарында ғана қолданысқа енгізілді. Мұның басты себептерінің бірі – олардың мағынасының түрліше түсінілуінде.

Кейбір ғалымдар инновациялардың анықтамасын берер  кезде оның түрлеріне де ерекше тоқталып өтеді. Кейбіреулері білім берудің мақсаты мен міндеттеріне негізделетін жаңалықтарды: материалдық және рухани, құрылымдық және технологиялық, негізгі, іргелі, стратегиялық жаңалықтар деп бөлсе; ал біреулері білім беру саласы мен ұйымдарындағы жаңалықтарды: жаһандық, жекелеген, ұйымдық және спонтандық, ірі және ұсақ, сырттан әкелінген және спонтандық, ішкі және сыртқы жаңалықтар деп бірнеше түрлерге ажыратады.

Білім берудегі жаңалықтарды жіктеу барысында инновацияның адам қызметінің ең маңызды түрлерінің бірі екендігін ескерген жөн. Бұл қызметті қатаң шектеуге және бөлшектеуге болмайды. Білім берудің барлық құрамдас бөліктері мен аспектілеріне жаңалық енгізу қиын, тіпті мүмкін емес болғанымен, оларды бір құрамдас бөлікке біріктіру одан сайын қиынға соғады. Сондықтан, білім беру мазмұнындағы жаңалықтар міндетті түрде ұйыммен және тиісінше, жұмыс істеу әдістемесімен өзара ықпалдасып отырады.

Қазіргі уақытқа  дейін ғылыми әдебиеттерде инновациялық үдерісті мынадай кезеңдерге бөледі:

1) Идеяның немесе инновация тұжырымдамасының пайда болу кезеңі, мұны шартты түрде, іргелі де қолданбалы ғылыми зерттеулердің нәтижесі болып табылатын жаңалықтың ашылу кезеңі деп те атайды.

2) Ойлап табу кезеңі, яғни қандай да бір нысанға, материалдық немесе рухани өнім-үлгіге айналған жаңалықты құру немесе ашу кезеңі.

3) Жаңалықты енгізу кезеңі, мұнда ойлап табылған жаңалық іс-жүзінде қолданысқа еніп, қайта өңделеді және жаңалықтан тұрақты нәтиже  алынады.

Бұдан кейін жаңалық өз бетінше өмір сүре бастайды да, инновациялық үдеріс жаңалыққа деген алғырлық қалыптасқан жағдайда келесі кезеңге аяқ басады.

Жаңалықты пайдалану  кезінде мынадай кезеңдер орын алады: 

4) Жаңалықты тарату кезеңі, мұнда жаңалық кеңінен қолданысқа енгізіліп, жаңа салаларға кіреді.

5) Нақты бір  салада жаңалықтың үстемдік ету кезеңі, мұнда жаңалық бұрынғы жаңашылдық қасиеттерін жоғалта бастайды да оны едәуір тиімді жаңалықпен ұтымды алмастыру үдерісі қарастырылады.

6) Жаңалықтың қолданылу аясын қысқарту кезеңі, мұнда жаңалық жаңа өніммен алмастырылады.

Инновациялық  білім беру үдерісінің мән-маңызы, біздің пікірімізше, оның инновацияны бастау, жаңа өнімдер мен мәмілелерді  дайындау, оларды нарықта сату және одан әрі қолданысқа енгізу жөніндегі мақсатты іс-әрекеттер тізбегін қамтитындығынан көрінеді.

Инновациялық  білім беру үдерістерін басқаруды  кәсіби қалыптастырудың тиімділігін  бағалау критерийлеріне инновациялық білім беру үдерісінің шынайылығы, жүзеге асырылғыштығы (ресурстық қамтамасыз етілу деңгейі), басқарылғыштығы, инновациялық деңгейі, гуманитарлығы, өңделгендігі және таралу мүмкіндігі жатады.

Жоғары оқу  орындарындағы инновациялық білім  беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастырудың ұйымдық-педагогикалық шарттар жүйесі:

- инновациялық білім беру үдерістері жұмыс істейтін оқу және білім беру ортасының ғылыми әрі оқу-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етілуін;

- жоғары оқу  орындарының инновациялық құрылымын  құру кезінде білім беру, ғылыми-зерттеу  және коммерциялық (инновациялық  білім беру үдерістеріне кететін шығынды өтеу және келешектегі инновациялық білім беру үдерістерін қаржыландыру әлеуетін қалыптастыру мақсатында) іс-әрекеттердің үйлесімділігінің орнатылуын;

- жоғары оқу  орындарындағы инновациялық білім  беру үдерістерін басқару құрылымының инновациялық білім беру үдерісінің кезеңдерін жүзеге асыратын функциялармен сәйкестігін;

- оқу материалдарының  көлемін және пәндік дайындықтың  қысқартылған мерзімін ескере  отырып, оқыту әдістері мен түрлерінің  ең оңтайлы үйлесімділігін;

- оқу материалының кәсіптік бағдарлану, өзекті мәселеге бағытталу және мәселені ашып көрсету деңгейінің қамтамасыз етілуін еңбек нарығы мен білім беру қызметтері нарығының маркетингтік зерттелуін қамтиды.

Қазіргі кездегі  жоғары білімнің мақсатына жаңаша түсінікпен қарасақ, оны дамытудың басты стратегиялық бағдары - өмірге жауапкершілікпен қарайтын, дүниетанымдық мәдениеті жетілген, шығармашылық ойлауға дағдыланған, іскерлік қабілеттілігі биік, гуманистік ойлауы басым, инновациялық ілімімен қаруланған адамгершілік қасиеттері мол білікті мамандардың жаңа ұрпағын қалыптастыру болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоғары  бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң негiзгі мәселелерi

Қазақстан Республикасында  кәсiптiк жоғары білiм беретiн бiлiм  беру ұйымдары заңды тұлғалық құқықтары бар, кәсiптiк жоғары бiлiм беру және кәсiптiк жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм беру бағдарламаларын, iргелi және қолданбалы ғылыми бағдарламаларды жүзеге асыратын, бiлiм алушылардың тәрбиесiн қамтитын және кәсiптiк жоғары бiлiм туралы құжат беруге құқығы бар ұйымдар болып табылады.Кәсiптiк жоғары білiм беретiн бiлiм беру ұйымдарының басты мiндетi - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетiстiктерi негiзiнде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсiби шыңдауға бағытталған бiлiм беру үшiн қажеттi жағдайлар жасау арқылы кәсiптiк жоғары бiлiм беру және кәсiптiк жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм беру бағдарламаларын жүзеге асыру.      

 Бiлiм беру жүйесiнiң  басым мiндеттерi:   
     жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкiндiктерiн дамыту, адамгершілiк пен салауатты өмiр салтының берiк негiздерiн қалыптастыру;   
     азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйiспеншiлiкке, мемлекеттiк рәмiздердi құрметтеуге, халық дәстүрлерiн қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез келген көрiнiстерге төзбеуге тәрбиелеу;   
     еңбек рыногында бәсекелесуге қабiлеттi бiлiктi жұмысшылар мен мамандар даярлау, оларды қайта даярлау және бiліктiлiгiн арттыру;   
     жұмыстан босатылған қызметкерлердi және жұмыспен қамтылмаған халықты қайта оқыту және қайта даярлау;   
     әлемдiк және отандық мәдениеттiң жетiстiктерiне баулу, қазақ халқы мен республикасының басқа халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерiн зерделеу, мемлекеттік тiлді, орыс, шетел тiлдерiн меңгеру;   
     оқытудың жаңа технологияларын енгiзу, бiлiм берудi ақпараттандыру, халықаралық әлемдiк коммуникациялық желiлерге шығу.     

    Кәсiптiк жоғары  бiлiм беретiн бiлiм ұйымдары:   
     мемлекеттiк (бiлiм беру мекемелерi және бiлiм беру кәсiпорындары);   
     мемлекеттiк емес (жеке меншiк, Қазақстан Республикасының аумағында тiркелген қоғамдық және дiни бiрлестiктердiң жоғары оқу орындары);   
     халықаралық болулары мүмкiн.      

 Қазақстан Республикасында  жоғары оқу орындарының мынадай түрлерi белгiленедi: университет, академия, институт және оларға теңестiрiлгендер (консерватория, жоғары мектеп, жоғары училище).   
     Жоғары оқу орнының мәртебесiн (түрiн, үлгiсiн) және оның атауын бiлiктiлiк талаптарын ескере отырып, оның құрылтайшылары айқындайды және ол жоғары оқу орнының Жарғысында көрсетiледi.       

Информация о работе Жоғарғы оқу орнында білім берудің басты мәселелері