Жасөспірімдерге құқықтық тәрбие беру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2013 в 16:38, реферат

Описание работы

Бүгінгі таңда қылмыс деңгейінің арта түсуі барша әлемге тән проблема. Бұл жайтқа дәнекер болған әр түрлі себептер бар. Әлемдік экономикалық дағдарыс, жұмыссыздық, халықтың әлеуметтік жағдайының төмендеуі қоғамдағы қылмыстық деңгейге өзінің кері әсерін тигізеді. Бұл тұрғыда құқық қорғау және сот жүйесінің иығына үлкен жүк артылады.

Работа содержит 1 файл

Қылмыстың алдын алу.docx

— 25.44 Кб (Скачать)

 

 

Қылмыстың алдын алу-соттың басты мақсаты

   Бүгінгі таңда қылмыс деңгейінің арта түсуі барша әлемге тән проблема. Бұл жайтқа дәнекер болған әр түрлі себептер бар. Әлемдік экономикалық дағдарыс, жұмыссыздық, халықтың әлеуметтік жағдайының төмендеуі қоғамдағы қылмыстық деңгейге өзінің кері әсерін  тигізеді. Бұл тұрғыда құқық қорғау және сот жүйесінің иығына үлкен жүк артылады. Құқық қорғау органдары қылмыскерлерді құрықтаса, сот билігі заң бұзушыларды жауапқа тартады. Дегенімен барлық құқық қорғау органдары мен сот жүйесін үкіметтің жазалаушы машинасы деп түсінген дұрыс емес. Соттың басты мақсаты азаматтардың құқықтарын қорғау, қылмыстық деңгейін төмендету, әділеттілікті шарықтату. Ал қылмыс жасаған адамды жауапкершілікке тартып, оған жаза тағайындаудың басты мақсаты, ол адамды қудалау емес. Негізгі нысанаға алынған нәтиже – заңды аттаған адамды түзету, қылмыскерді оқшаулау арқылы оның тарапынан, басқалардың тарапынан жаңа қылмысты болдырмау. Яғни, әділ соттың мақсаты қылмыстың алдын алу.  
Жалпы қоғамдық қылмыстық деп тарихи тұрақсыз, кері әсерлі, қоғамдағы белгілі бір уақыт аралығында, нақты бір кеңістікте жасалған қылмыстар жиынтығы арқылы сипатталатын объективті әлеуметтік құбылысты айтамыз.  
Жоғарыда атап өткендей, қоғамдағы заң бұзушылықтың алдын алуда соттың орны бір бөлек, дегенмен еліміздегі қылмыстықтың  өршуін болдырмауда ешкім де шет қалмау керек. Яғни, қоғамның әлеуметтік экономикалық, әлуметтік психологиялық, адамгершілік сынды жағдайларына әсер ету қылмыс деңгейін төмендетудің тетіктері болып табылады. Мысалға алсақ, соңғы кездері ұрлыққа, тонауға және басқа да қылмыстарға жастардың, кей жағдайларда жасы кәмелетке толмағандардың қатысатындығы жиіледі. Оған қоса ауылдық жерлерден шыққан жастардың құқықтық тәртіп бұзушылыққа баратыны да етек алуда. Оған – дағдарыстың себеп болып отырғанын тілге тиек етеді  құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен жастар белсенділері. Дәмханалардың, дүкендердің және басқа да шағын бизнес кәсіпорындарының жабылуынан қалаға жұмыс іздеп келген ауыл жастары жұмыссыз қалды. Соның салдарынан олар ішімдікке, есірткіге бой алдырып, қылмыс жасауға дейін барады. Бұл тұста   жастардың қылмысқа баруын азайтудың бірден-бір тәсілі – оларды еңбекпен қамтуды ұйымдастыру деп санаймын.   
Дүние жүзілік практикадан алынған жазаны ізгілендіру бағытындағы алғашқы қадамдар елімізде орын алып қылмыстық заңдарда бекіді. Жазаны ізгілендіру арқылы қылмысты өршітіп аламыз деген ой пікір – талас тудыруда. Бұл пікірмен толық келісе алмаймын. Себебі қылмыстың да түр-түрі бар. Мәселен, жемқорлық  қылмыстарға жаза¬лау¬ды күшейту керек дегенге келісемін.   Қоғамға қауіп төндіретін қылмыстардың қатарына жат¬пайтын қылмыс түрлері де бар. Мәселен, алғаш қылмысқа барған адамдарға абайсыздан жасаған қылмыстар үшін, әсіресе жастарға жеңілдіктер болуы керек. Құр босқа түрмеге тоғыта бергеннен ешкім ұтпайды. Оның үстіне адам¬дар темір торда неғұрлым көп жатқан сайын олардың қылмыстық «квалификациясы» арта береді. Ал экономикалық қылмыстарға қатысты жазалауды күшейту керек. Меніңше, қомақты айыппұл төлеткен оңтайлы шешім. Мұндай қылмыскердің Үкіметтің қаржысына түрмеде жатқанынан ешкімге пайда жоқ. Салық төлеуден жалтарған бизнесмендерге де солай істеу керек. Бизнесін жауып тастап, өздерін қамап қойғаннан гөрі, артығымен айып¬пұл төлеп берсін. Яғни жазалауларды қылмыстың түрлеріне байланысты терең саралап реформалау керек. Әйтпеген күнде жаза түрлерін ізгілендіреміз деп жүргенде қылмыстың артып кетуі әбден ықтимал. 
Құқықтық   мемлекеттің  негізгі  белгісі  – халықтың  құқықтық  мәдениетінің  болуы.  Құқықтық  мәдениет қоғам   мәдениетінің негізгі салаларының бірі болып табылады. Ол  екі бөлімнен тұрады: жеке тұлғалардың мәдениеті және қоғамдық мәдениет.  Адамның   жалпы мәдениеті мен    құқықтық  мәдениет, құқықтық мәдениет пен   құқықтық   сана  өзара тығыз байланысты.  Құқықтық   мәдениет   құқықтық  санамен салыстырғанда  әлдеқайда  кең ұғым. Азаматтардың құқықтық мәдениеті олардың  қолданыстағы   заңдар  жөніндегі   білімінен  байқалады.  Барлық   заңдарды  білу қажеттілігі  мүмкін емес болса  да, негізгі  қоғамдық    қатынастарды   реттейтін  заң талаптарын  әрине   әрбір  азамат  білгені  жөн.  Азаматтар өздерінің негізгі құқықтары мен бостандықтарын, міндеттерін біліп, оны  өзгелердің және мемлекеттің мүддесіне  қайшы  келтірмей   түсініп саналы орындауы, мемлекет алдындағы өз жауапкершілігін сезіне білуі құптарлық іс.  Құқық  бұзушылық  пен  келеңсіз  жағдайларды  барынша  болдырмау және  алдын алу,   оның  зияндылығы мен қауіптілігін түсіндіруде  -   өскелең  ұрпаққа  құқықтық тәрбие беру,  оның  мақсат – міндеттерін   дұрыс   түсіндірудің  маңызы  ерекше. Құқықтық тәрбие беру жан - жақты  тәрбиелеудің маңызды  бір саласы. Бұл тұста әрбір ата - ана өз баласына құқықтық   заңдылық  талаптарын түсінуге әрі мойындауға баулуы қажет . Себебі тәрбие отбасынан бой алады. 
Еліміздегі қылмыс деңгейін төмендету сынды үлкен шараға мемлекет билігінің әр саласы өз деңгейінде қолдан келгенше ат салысса жақсы нәтижелерге қол жеткізер едік. Бұл тұста әрине заң шығару билігі мен сот жүйесінің орны бір бөлек. Тіпті қылмыстық кодекстің өзі қылмыстың алдын алу функциясына ие. Атап айтсақ, кез келген қылмыс атауына императивті түрде тыйым салып, оған қоса нақты қылмыс түрлеріне  лайықты жаза тағайындайтын заңның бар болуының өзі қоғам санасында ондай әрекеттерден ада болу қажет екендігі жайында ой тудырады. Дегенмен заң бұзушылыққа бейімділігі бар адамдардардың әр түрлі себеппен қылмыс жасағаны күнде де, олар өз істері үшін заң алдында жуап береді. Заңдағы әділеттік принцип бойынша әрбір кінәлі адам өзінің қылмысына сай келетін жазасын алады. Тағайындалған жазасын өткеру барысында, қылмыскерге өз кінәсін мойындап, жасаған ісінің ауырлығын түсінуге, қынжылуға, түзелуге мүмкіндік туады. Қылмыс істеген адамның қайтсе де жауапкершілікке тартылатыны және ол жауапкершіліктен ешкім жалтара алмайтындығы қылмыстық істе бақылаушы болған қоғам санасында бекіп, белгілі дәрежеде заң бұзушылыққа тосқауыл болады.  
 Қорыта келгенде, сот билігін атқарудағы түпкілікті мақсат жазалау емес қылмыстың алдын алу. Ал кінәлі адамға жаза қолдану мемлекет тарапынан қылмысқа қарсы реакция ретіндегі еріксіз шара.

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстандағы қылмыстар статистикасы жарияланды

Осы уақыт ішінде республикада 97 692 қылмыс тіркелген.

Яғни өткен жылдың осы кезімен салыстырғанда 19 550 қылмыс артық тіркелген (25 пайызға көп). Қылмыс жасаудан келген материалдық шығын – 158 516,3 миллион теңге.

Оның 61,6 пайызы экономикалық саланың үлесіне тисе, 25,3 пайызы жеке меншік мүлікке қатысты жасалған.

Елдің құқық қорғау орындары 47 620 заң бұзушылықты анықтаған. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 2,5 пайызға аз. 30 227 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған (өткен жылғы көрсеткіштен 8,8 пайызға аз).

Қылмыстың 91,2 пайызын жасаған – бірінші рет мұндай іске барған адамдар. Қайтара қылмыс жасағандардың үлесі 8,8 пайызды құрайды. Ал қылмыстың 78,6 пайызын жұмыссыздар жасаған.

Сарапшылардың айтуынша, елдің әлеуметтік, экономикалық және демографиялық дамуы қылмысты өздігінен азайта алмайды.  Әлеуметтік жағдайы төмен, қатаң режимді елдерде де қылмыс деңгейі төмен болады екен. Мысалы, Түркіменстан 1990 жылдың басында  атақты қылмыстық топтардың көзін жойды.

Авторитарлық президент  Сапармұрад Ниязов қылмыстық топтардың  басшыларын  тергеусіз, сотсыз-ақ бірден атып тастауға бұйрық берді деген де сыбыстар бар. Алайда Түркіменбашы өзінің бағыныштылар арасындағы сыбайлас жемқорлықты, есірткі мафиясы мен оны бөлшектеп сатушылардың көзін жоя алмады.

АДАМ ҚЫЛМЫСТЫ ШАРАСЫЗДЫҚТАН ЖАСАЙДЫ

Қылмыстың әлеуметтік құбылыс екендігіне дәлел – қылмыс жасаған азаматтардың негізінен жұмыссыз екендігі. Әрі олардың саны аз болса да, үздіксіз  артып келе жатыр. Егер 2006 жылы олардың үлесі 72,7 пайызды құраса, 2007 жылы 73,3 пайыз, 2008-2009 жылдары 74 пайыздан, 2010 жылы 75 пайызды құраған.

Өмірден өз орнын таба алмаушылық та адамды қылмыстық әрекеттерге баруға итермелейді.

Қылмыстың артуының негізгі себептері – шешімін таппаған әлеуметтік-экономикалық проблемалар, идеологиялық және тәрбие жұмыстарының жүргізілмеуі. Қазір әйелдер мен балаларды құрметтеудің дәстүрлі шығыстық үлгісі еленбей қалып барады. Сол себепті әйелдерге қатысты жасалған қылмыс 147,5 пайызға, ал кәмелетке толмаған балаларға қатысты істелген қылмыс 125 пайызға өскен. Тұтастай алғанда барлық қылмыстардың төрттен үші әйелдерге қарсы жасалған.

Халықтың нақты  ақшалай кірісі 2011 жылдың шілде айында өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 1,4 пайызға азайған. Халықаралық еңбек ұйымының есебі бойынша, 2011 жылдың тамыз айында жұмыссыздар 461,2 мың адам, ал жұмыссыздық 5,3 пайыз болған. Өмірдегі түрлі жағдайлар, баспана мәселесі, жұмыссыздық, қолдау мен келешектің жоқтығы, тығырыққа тірелу адамды қылмыстық жолға итермелейді.

Өмірдегі түрлі жағдайлар, баспана мәселесі, жұмыссыздық, қолдау мен келешектің жоқтығы, тығырыққа тірелу адамды қылмыстық жолға итермелейді

Ғаламдық жоспарлардың соңында жүрген мемлекеттің адамға қолдау көрсетуге, қамқорлық танытуға бағытталған нақты бір тетігі жоқ. Баяндама жасап үйреніп қалған шенеуніктер кейде адам таң қалатын нәрселер айтады. Мысалы, Әділет вице-министрі Әмірхан Аманбаев “Жетінші арнаның” эфирінде “Қазақстанда түрмеде отырғандардың саны үш жылдан кейін 30 мыңға дейін қысқарады деп мәлімдеді. Бірақ бұл рақымшылық есебінен қысқара ма, я сақтандыру шаралары арқылы қысқара ма – оны айтқан жоқ.

Адамның ертең қылмысқа баратынын, бармайтынын қалай болжап біле аласыз? Статистикалық мәліметтер бойынша, Қазақстанда ұрлықтың саны жылдан жылға өсіп бара жатыр. Есірткіні қолдану мен сату, адам саудасы, экономикалық қылмыс сияқты проблемалар да шешімін таппай отыр.

Казахстан , Криминал , Общество Страны: Казахстан

30.09.2011 18:26,Новости NUR.KZ

Добавить комментарий


Информация о работе Жасөспірімдерге құқықтық тәрбие беру жолдары