Құқықтық мемлекет

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Сентября 2013 в 03:48, реферат

Описание работы

Құқықтық мемлекет — конституциялық басқару тәртібі, дамыған құқықтық жүйе мен тиімді сот билігі бар мемлекет нысаны.

Құқықтық мемлекет – өзінің негізгі институттары ретінде билік бөлінісін, сот тәуелсіздігін, басқару заңдылығын, мемлекеттік билік тарапынан азаматтардың құқы бүзылуына жол бермеуді және оған қоғамдық мекеме тарапынан тигізілген залалдың құнын өтеп алуды қарастыратын мемлекет. Құқықтық мемлекет идеясының сан ғасырлық тарихы бар. Ол сонау ежелгі дәуірден бастау алады. Құқықтық мемлекеттің философиялық негізін И. Кант жасады.

Работа содержит 1 файл

Құқықтық мемлекет.docx

— 32.05 Кб (Скачать)

Құқықтық мемлекет — конституциялық басқару тәртібі, дамыған құқықтық жүйе мен тиімді сот билігі бар мемлекет нысаны.

 

Құқықтық мемлекет – өзінің негізгі институттары ретінде билік бөлінісін, сот тәуелсіздігін, басқару заңдылығын, мемлекеттік билік тарапынан азаматтардың құқы бүзылуына жол бермеуді және оған қоғамдық мекеме тарапынан тигізілген залалдың құнын өтеп алуды қарастыратын мемлекет. Құқықтық мемлекет идеясының сан ғасырлық тарихы бар. Ол сонау ежелгі дәуірден бастау алады. Құқықтық мемлекеттің философиялық негізін И. Кант жасады.

Қазіргі ғаламдық әлемде құқықтық мемлекет тұжырымдамасы мемлекет, қоғам және азаматтың арақатынасын қалыптастырудың әмбебап идеалы болып отыр. Құқықтық мемлекет идеясының мәні - оның бірізді демократиялылығы, билік көзі ретіндегі халық егемендігін бекіту, мемлекеттің қоғамға бағынуы. Құқықтық мемлекет идеясындағы бастысы - мемлекеттің және оның органдарының зорлық-зомбылығынан, басынуынан азаматтарды қорғау кепілі болатын мемлекеттің құқықпен байланыстылығы. Құқықтық мемлекет ең алдымен, барлық мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер және азаматтар бағынуы тиіс өзіндегі құқықтық ережелермен өзін-өзі шектейтіндігімен ерекшеленеді, ал ондағы басты принцип - құқық үстемдігі.

Құқық үстемдігі деген ең алдымен заң үстемдігін білдіреді. Басты, маңызды, негізгі қоғамдық қатынастар заңмен реттеледі. Қоғам өмірінде заң үстемдігі арқылы, барлық саяси институттарда жоғарғы құқық бастаулары, құқық рухы енгізіледі. Осылайша, азаматтардың құқықтарының шынайылығы әрі мызғымастығы, олардың сенімді құқықтық мәртебесі, заңдық қорғалуы қамтамасыз етіледі. Құқықтық мемлекет - ең алдымен, құқықтық мемлекет идеялары іске ас¬қан конституциялық мемлекет. Конституциялық құрылымның негізгі қағидаттары, қоғам дамуының маңызды бағыттары, оның басты идеялары конституциялық деңгейде бекітіледі. Конституция құқықтық жүйенің орталығы болып табылады. Соның негізінде құқықтық мемлекеттегі заңдылық тетіктері қалыптасады.

 

Құқықтық мемлекет атауы алғаш рет ХIХ ғасырдың бірінші ширегінде пайда болып, кейін Еуропаның бірқатар елдеріне таралды. Бірақ құқықтық мемлекет туралы негізгі көзқарастар антикалық заманда қалыптасып, мемлекет пен құқықтың арақатынасы жайлы тұжырымдамалар жасалған еді. Жаңа заманда құқықтық мемлекет туралы көзқарастардың қалыптасуы табиғи құқық доктринасының бекітілуі, зайырлы заң дүниетанымының пайда болуы мен нығаюы, абсолюттік және полициялық тәртіпті сынға алу, адамдардың бостандықтары мен теңдігін, мызғымас құқықтарын тану, биліктің заң шығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөліну тұжырымдамасының қалыптасуы, конституционализм теориясы мен тәжірибесінің дамуы арнасында жүрді. Бұл ережелердің жасалуына Г. Гроций, Б. Спиноза, Дж. Локк, Ш. Монтескье, Д. Адамс, Д. Медисон, т.б. қомақты үлес қосты. Құқықтық мемлекетте биліктің, азаматтың, қоғам мен құқықтың теңдігі және олардың заң алдындағы құқықтық теңдігі негізгі орын алады. Құқықтық мемлекетте қоғам өмірі заңмен реттеледі, заң үстемдік еткен жағдайда, сот ісі тәуелсіз болып, тек заңға бағынады. Құқықтық мемлекет әрбір жеке адамның заңды мүдделерінің, ар-намысы мен қадір-қасиетінің қорғалуына кепілдік беруі, барлық азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, олардың бірлестіктері мен қауымдастығын қамтамасыз етуге тиіс. Оның негізгі белгілері: құқықтық заңның үстемдігі, билік бөлінісі қағидаларын конституциялық-құқықтық реттеу негізінде егеменді мемлекеттік биліктің ұйымдасуы мен қызмет етуі, индивид, қоғам мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасының құқықтық нысаны. Құқықтық мемлекетте қоғам, топ мүшелері мен азаматтар қауымдастықтарының мемлекет алдында, жалпы мемлекеттің, оның органдары мен басқармаларының, лауазымды адамдардың қоғам, азаматтар алдындағы жауапкершіліктерінің қатаң тәртібі орнауы қажет. Құқықтық мемлекетте биліктің бір адамның, органның немесе әлеуметтік топтың қолында шоғырлануына жол берілмейді. Өзінің жетілген үлгісінде құқықтық мемлекет тұжырымдамасы биліктің барлық институттарының өкілді болуын, лауазымды адамдардың сайлануын білдіреді. Құқықтық мемлекет жағдайында сот әділдікті жақтаушы, кең мағынада құқықты қорғаушы, негізгі міндеті – адам құқықтарын қорғау болуы тиіс. Қоғам мен мемлекеттің өзара байланысы, өзара тәуелділігі мемлекет заңдарында көрсетілген құқықтар мен міндеттер арқылы жүзеге асады. Қазіргі кезде құқықтық мемлекет тұжырымдамасы адам құқықтарымен тығыз байланыста қарастырылады және адамның жеке, азаматтық, саяси және экономикалық құқықтары мен бостандықтарының қорғалуын білдіреді.

 

 

Конституциялық құқық  — құқық жүйесінің басты саласы (кейбір елдерде ол "мемлекеттік  құқық" деп аталады). Конституциялық құқық, құқықтың басқа салаларының  жасалуы, әрекет ету мен қалыптасуының  негізі болып табылады. Мұндай салалар  бүгінгі күні жиырмадан астам: мысалы, әкімшілік құқық, азаматтық құқық, қылмыстық құқық, қаржы құқығы және т.б.

 

Конституциялық құкық  маңызды мынадай мәселелерді:

 

    қоғам мен мемлекет  құрылысының негіздерін;

    мемлекеттік билік  пен жергілікті өзін-өзі басқару  ісін жүзеге асырудың тәртібін;

    адам және азамат  құқығын, бостандығы мен міндеттерін  реттейді.

 

Конституциялық құқық  — адам, мемлекет пен қоғамның өз тіршілік әрекетін құруына өте кажетті  оған лайықты басты ережелерді белгілейді. Мемлекеттік билікті жүзеге асырумен байланысты пайда болатын қоғамдық қатынастар конституциялық құқықтың пәнін  құрайды. Қазақстан Республикасында  азаматтарға мемлекеттік оқу  орындарында тегін орта білім  алуға кепілдік берілген. Азаматтардың бұл құқығын кім камтамасыз етеді? Әрине осыны жүзеге асыруға құқылы мемлекеттік органдар (мысалы, Білім  және ғылым министрлігі). Біздің елімізде әркім Қазақстан Республикасының  Конституциясын және заңнамаларын сақтауға, басқа тұлғалардын құқықтары  мен еркіндіктерін, ар-ожданы мен  абыройын қастерлеуге міндетті. Аталған  талаптар сақталмаған жағдайда оны  бұзушыларға мемлекеттік органдардың  алдында (полиция, прокуратура, сот) жауап  беруге тура келеді. Конституциялық құқық  қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуге багытталған әдістер мен тәсілдер арқылы реттейді. Оларға мыналар жатады:

 

    міндеттеу әдісі;

    тыйым салу әдісі;

    ерік беру әдісі;

    мойындау әдісі.

 

Қазақстанда әркім мемлекеттік  рәміздерді құрметтеуге міндетті (аталған  жағдайда міндеттеу әдісі қолданылады). Республика азаматын Қазақстаннан тысқары  жерлерге қуғындауға жол берілмейді (мұнда тыйым салу әдісі колданылады). Біздің елімізде әркім өзінін ана  тілін, мәдениетін пайдалануға, колдануға  құқығы бар екендігі белгілі (бұл  жағдайда ерік беру әдісі колданылады). Қазақстан Республикасында Конституцияға  сәйкес адамдардың құқықтары мен  еркіндіктері танылады және оған кепілдік беріледі (көріп отырғанымыздай, мұнда  мойындау әдісі колданылады).

Конституциялық құқықтың қайнар көздері, ұғымы және оның түрлері

 

Қоғамдық құбылыс ретінде  құқықтың ішкі және сыртқы түрі болады. Құқықтың ішкі пішіні — оның мазмұнын құрайтын бөлшектердің құрылымы мен  жүйесі. Құқықтың сыртқы пішіні — құқықтық тәртіп ережелері арқылы бекітілетін  заңдық қайнар көздердің жиынтығы. Құқықтық нормалардың жиынтығын  құқықтық қайнар көздері деген ұғымға жинақтауға болады. Құқық тек мемлекеттік  органдардың іс-әрекетінің нәтижесінде  пайда болады.

 

    Конституция;

    конституциялық  заңдар;

    әдеттегі заңдар (жай заңдар);

    президенттің нормативті  жарлықтары;

    үкімет қаулылары;

    қоғамның негізгі  құрылымын, мемлекеттік билік  ұйымдарының ұйымдастырылуын реттейтін  басқа да құқықтық-нормативтік  актілер Қазақстан Республикасы  конституциялық құқығының кайнар  көзі болып табылады.

 

Көрсетілген актілердің әрқайсысының нақты заңдық күші, оны кабылдаудың (өзгерістер енгізудің), жариялаудың, күшін  жоюдың тәртібі болады. Аталған мәселелердің барлығы Қазақстан Республикасының "Нормативті құқықтық актілер туралы" Заңында толық карастырылған.

 

    Конституцияның  ең жогары зандық күші болады  және Қазақстан Республикасының  барлық аумағына тікелей ықпал  етеді. Бұл құқықтың басқа барлық  кайнар көздері Конституция негізінде  жасалатындығын және оған кайшы келмеуі қажет дегенді білдіреді. Конституцияның нормалары кез келген басқа актіні кабылдауынсыз қолданылады. Кез келген азамат өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін Конституцияны, оның нормаларын мемлекеттік органдар мен сотқа шағымдану арқылы колдана алады.

    Конституцияның  нормалары мемлекет пен қоғам  өмірінің барлық: саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени аяларына ықпал  етеді. Олар қоғамдық қатынастардың  басты жақтарын реттейді.

    Конституция тек  конституциялық құқықтың ғана  қайнар көзі емес, сонымен қатар  басқа құқық салаларының да  кайнар көзі болып табылады.

    Конституцияға  өзгертулер мен толықтырулар  енгізудің ерекше тәртібі бекітілген.

 

Конституция халықтың тікелей  дауыс беруі арқылы референдумда қабылданады, заңдарды Қазақстан Республикасының  Парламенті қабылдайды. Қазақстан Республикасының  Конституциялық құқығының келесі қайнар көзі — конституциялық заңдар болып  табылады. Олар Конституцияда бекітілген нормаларды нақтылайды және тек Конститудияда  көрсетілген мәселелерді ғана реттеуде колданылады. Конституциялық заңда  Қазақстан Республикасының мемлекеттік  рәміздерінің (ту, елтаңба, әнұран) сипаттамасы  және оны ресми қолдану тәртібі; республикада сайлау өткізу мен ұйымдастыру  тәртібі; республикалық референдум өткізу тәртібі; республиканын сот  жүйесі бекітіледі; президенттің құқықтық мәртебесі; парламентті құру және кызметін ұйымдастыру, оның депутаттарының құқықтық мәртебесі; үкіметті құру және оның кызметін ұйымдастыру құзыры айкындалады; Конституциялық кеңестің кызметі және оны ұйымдастыру  тәртібі реттеледі. Жай заңдар —  қоғамның, азаматтардың құқықтары мен  бостандықтарының барлық жақтарын реттейді. Елімізде көптеген жай заңдар әрекет етеді. Солардың қатарына кодекстерді  жаткызуға болады. Қазақстан Республикасы Президентінің нормативті жарлықтары — мемлекет пен қоғам өмірінің әр түрлі мәселелеріне қатысты президент  кабылдайтын акті. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары — үкіметтің  өз кызметі шеңберінде қабылданған, конституциялық-құқықтық мазмұндағы актісі. Халықаралық келісімшарт нормалары  да конституциялық құқықтың кайнар көзіне жатады. Себебі, мұнда адам құқығы, қоғамдық бірлестіктер, Қазақстан Республикасы азаматтарының құкықтары мен  міндеттері туралы нормалар бар. Қоғамның құрылымы мен мемлекеттік билікті  ұйымдастырумен байланысты басқа да нормативті құқықтық актілер конституциялық құқықтың қайнар көздеріне жаткызылуы мүмкін

 

ҚР азаматтарына тиесілі  құқықтарды олар қоғамдық әртүрлі қарым-қатынастарда қолданады. Бірақ бұл құқықтар біртекті емес, және оларды дұрыс түсіну үшін заңдарда және әдебиетте келтірілетін терминдердің бірдей болуы жөнінде  келісіп алған жөн.

 

Құқық адамдар арасында, олар мен ұйымдар және т.б. арасындағы қарым-қатынасты реттейді. Құқық  адам мен заттың арасындағы қатынасты  реттемейді, ал заттарға және материалдық  емес игіліктерге қатысты қатынастарды реттейді. Осылайша барлық құқықтар мен  міндеттер тек адамға, жеке тұлғаға  немесе адамдар қауымдастықтарына  тиесілі, сондықтан оларды жеке құқықтар деп атауға болады (кең мағына тұрғысынан). Бірақ азаматтар әртүрлі қоғам салаларына қатысып, әрбір саланың өзгешеліктеріне байланысты әртүрлі құқыққа ие болады. Заң әдебиеттерінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын мынадай шартты түрдегі топтарға бөледі: саяси, жеке, әлеуметтік-экономикалық және мәдени құқықтар мен бостандықтар. Демек, «жеке құқықтар» деп азаматтарға тиесілі барлық құқықтар емес, белгілі бір әлеуметтік-экономикалық және саяси құқықтардан айырмашылығы бар құқықтар жатады. Бұл топқа жеке тұлғаның өзінен ажырамайтын, жеке өмірінің әртүрлі салаларында қорғайтын азаматтардың осындай құқықтарын біріктіреді. Бұл құқық ар-ожданын, өмірін, денсаулығын, атын, әртүрлі жеке өмірі салаларының құпиялылығын, оның ішінде жанұя өміріндегі құпияларын және ҚР Конститутциясының ІІ бөлімінде кепілдік берілген басқа да нормаларды білдіреді. Дәл осы азаматтардың құқықтарын «жеке құқықтар» ретінде атайды (осы терминнің тар аясында). «Жеке құқықтар мен бостандықтар» ұғымы ғылыми әдебиетте ХХ-ғасырдың 40-жылдарының соңы мен 50-жылдарының басында қалыптасты.

 

Жеке құқықтардың маңызды  ерекшеліктеріне мыналар жатады:

 

1) жеке адамның бостандығына  кепілдік береді, яғни азаматтың  адамгершілік қатынастарда, жеке  тұрмыстық өмірінде әртүрлі іс-әрекет  етуін кедергісіз таңдау мүмкіндігін  білдіреді (әрине, егер мұндай  іс-әрекеттер құқық нормаларына  қайшы келмеген жағдайда);

 

2) жеке азаматтың тұлғасын  оқшауландырып, оның рухани мүдделерінің, қабілеттерінің, жеке өмірдегі дағдылары  мен жеке ерекшеліктерінің жан-жақты  көрініс табуына көмектеседі.

 

Жеке құқықтарда жеке мүдде, тұрмыс саласы, жеке адам өмірі, адам қауіпсіздігі конститутциялық қорғау объектісі  болып саналады; мұнда азамат жеке творчестволық тұлға ретінде  алдыңғы сапта көрінеді. Сондықтан  гуманизм идеясы көрсетілген құқықтарда өзінің айқын конституциялық-құқықтық мәнін көрсетеді.

 

Жеке құқықтардың ерекшеліктерінің бірі олардың адамның жеке игіліктерінен  ажыратылмайтын ар-ожданы, жеке өмірі, жеке қауіпсіздігі тәрізді құқықтарды білдіреді. Ажырамайтын бұл құқықтар басқа адамдарға келісім немесе басқа жолмен берілуі мүмкін емес және олардың мүліктік сипаты жоқ. Олардың  өзгешелігі рухани, олар қамтамасыз ететін ажырамайтын игіліктердің материалдық  емес сипатында.

 

Адам құқықтары мен  бостандықтарының заң табиғаты оларды қоршаған адамдардың бұзудан бойын  аулақ ұстау міндеттігін көрсетеді. Бұл құқықтардың жария құқықтық қорғау тұрғысынан азаматтардың мемлекет алдындағы міндеттерінен тыс  шеңберде жатқан жеке құқықтары саласына мемлекеттің араласпауы мұнда алдыңғы  қатарға шығады. Мемлекет сонымен  бірге қажет болған жағдайда азаматтарды мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың, азаматтардың тарапынан болған заңсыз әрекеттерінен қорғауды қамтамасыз етеді.

 

Жеке құқықтар мен бостандықтардың  белгілі ішкі құрылымы болатын жеке жүйеге қатысты (дәлірек айтқанда, азаматтың  құқықтың мәртебесінің шағын жүйесінде) қасиеттері бар. Жеке құқықтардың жіктелуінің  негізіне жеке адам бостандығының ең маңызды атап айтқанда: азаматтың  жеке қауіпсіздігі, оқшаулану мүмкіндігі мен жеке өмірі, оның ар-ожданы мен  абыройының қорғалуы, жанұясы мен  некесінің қорғалуы, рухани өмірінің құпия тараптары, ар-ожданының қорғалуы тәрізді құқық нысандарын алуға  болады. Жеке бостандықтың мұндай нысандарының көрініс табуы маңызды әлеуметтік игіліктер болып табылады және Конститутцияның  баптарында бекітілген заң нормаларының көмегімен қамтамасыз етіледі.

 

Қорытынды

 

Қазіргі кезде Қазақстанда  экономикалық және саяси жағдай тұрақтанған  кезде, азаматтардың құқықтары мен  бостандықтарына кепілдік беру және олардың жүзеге асырылуы маңызды  болып отыр. Құқықтар мен бостандықтар мәселесін қараған кезде құқықтар мен бостандықтардың барлығының толық көлемде жүзеге асуы нақты  демократиялық құқықтық мемлекет болған жағдайда орын алатындығын атап өткен  жөн.

 

Осы Конститутцияда азаматтардың барлық құқықтары мен бостандықтарына  кепілдік берілетіндігі бекітілген. Оларға экономикалық, саяси, әлеуметтік, ұйымдастырушылық, құқықтық, педагогикалық, тәрбиелік және сыртқы экономикалық кепілдіктер жатады. Әдетте, ғылыми әдебиетте адам құқығының экономикалық, саяси және идеологикалық кепілдіктері аталады. Кейде жалпы кепілдіктердің басқа да түрлерін, атап айтқанда қоғамдық, әлеуметтік және рухани түрлерге бөледі.

 

Қазақстанда адам құқықтарының жүзеге асырылуының мынадай түрлері  жатады:

 

1) адам құқығының жағдайына  қатысты альтернативтік заңдарды  әзірлеуі;

 

2) адам құқығын сақталуын  бақылаушы мемлекеттік органдардың  белсенділігін арттыруы;

 

3) сот, прокуратура қызметінің  адам құқықтары мен бостандықтары  саласындағы халықаралық нормаларға, атап айтқанда азаматтық (жеке) және саяси құқықтары мен бостандықтарын  сәйкестендіруі;

 

Информация о работе Құқықтық мемлекет