Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 18:56, реферат
Болашақта мектеп мұғалімі қандай болуы тиіс екенін түсіну үшін, бүгінгі күні орта білім беретін оқу орындарында жас ұрпақты оқытып және тәрбиелеп жүрген мұғалім бейнесін қайта қарауымыз керек. Бұл орайда тілге тиек болатыны, педагогтардың біліктілігінің төмендігі, шәкірттермен арадағы педагогикалық әдептілік негіздері қарым-қатынастардың қажырлығы және оның барлық уақытта сақтала бермеуі.
XXI ҒАСЫР ПЕДАГОГЫНЫҢ ИМИДЖ
Болашақта мектеп мұғалімі қандай болуы тиіс екенін түсіну үшін, бүгінгі күні орта білім беретін оқу орындарында жас ұрпақты оқытып және тәрбиелеп жүрген мұғалім бейнесін қайта қарауымыз керек. Бұл орайда тілге тиек болатыны, педагогтардың біліктілігінің төмендігі, шәкірттермен арадағы педагогикалық әдептілік негіздері қарым-қатынастардың қажырлығы және оның барлық уақытта сақтала бермеуі. Сондықтан, мұғалімге тән педагогтық қарым-қатынас әрекетінің мәні мен мазмұнын ашып, ұстаздарға оның негізгі сапаларын қалыптастыруымыз қажет сияқты. Сонымен XXI ғасыр педагог имиджіне тоқталатын болсақ, имидж – ағылшын тілінен аударғанда «бейне», «кейіп» деген мағына береді.
Тартымды имидж:
- Айналасындағы адамдардың көңілін аулау кепілі;
- Кез келген жұмыста жетістікке жетудің негізгі шарты.
Егер оқушылар мұғалімнің жеке тұлғасына қызықпаса пәнге деген қызығушылығы да болмайды деген байламға келуге болады.Себебі, баланың өмірінің жартысы оларға білім ғана беріп қоймай, сонымен қатар оларды тәрбиелейтін және жеке тұлға ретінде қалыптастыратын мектепте өтеді. Әлеуметтік және балалық шақтан алған әсерлер мен тәжірибелер үлкен өмірге өтуіне әсер етеді. Мұғалімнің жеке басы оқушының жеке тұлға болып қалыптасуына көмектеседі. Ақпараттың басым бөлігін біз көру арқылы аламыз, сондықтан да біздің тартымды бейнеміз өте маңызды. Оған ұқыптылық, іскерлік стиль, мәнер, әдеп, күлкі жатады.Ұстаз өзін қалай көреді және оны оқушылары қалай елестетеді? Мектеп әкімшілігі мен оқушылар сыйлау үшін және іс оңға басу үшін не істеу керек? Бар мәселе имиджде.
Имидж құрылымы:
- сыртқы бейне;
- вербалды
және вербалды емес қарым-
- ішкі «Мен» сезімінің кәсібіне сәйкестігі.
Сыртқы имиджді құраушыларға:
- мимика,
- дауыс күші мен тембрі,
- костюм,
- қимыл,
- мәнер.
Айналаңыздағы адамның санасындағы сіздің бейнеңіз туралы көзқарас. Ол сізбен жүздесуден кейінгі сыртқы кейпіңіз бен өз-өзіңізді ұстауыңыздың тәрбиелік мәні мен сөйлесу мәнеріңіз арқылы қалыптаспақ. Сыртқы бейнеміздің үйлесімді әсер қалдыру үшін вербалды және вербалды емес қатынас қажет:
• Мәнерлі сөйлеу
• Көндіре білу
• Стиль мен киім түсінің психологиялық әсерін білу
• Тұрған тұрысқа, мимикаға және мәнерге көңіл бөлу
• Шыдамдылық
• Көргіштік
Басқа мамандық иелеріне қарағанда мұғалім мамандығы ерекше, ол әрдайым үлкен аудитория ішінде және көпшілік көз алдында. Сонымен имидж – сіздің бойыңыздағы талантыңыздың жарқырап ашылуы, өзіңіз туралы жақсы пікір қалыптастыру жолы. Әлемдік өркениеттің стандарттарын ұсынатын американдық психологтардың пікірінше, тамаша табыс феномені – адамның имиджі мен оның карьерасымен тікелей сабақтас. Егер олай болмаса, қолдан жасалған имидждің көмегі тимесі анық. Сондықтан да кәсіби мамандығын жан-жақты меңгерген педагог қана жоғары бағаланып, әріптестері мен шәкірттерінің ыстық ықыласына бөленбек. Ал педагог имиджі мен педагог әдебі деген ұғым бір-бірімен егіз,бөліп жарып ажыратып айтуға болмайтын ұғым ба дерсің. Сонымен, педагогтық әдеп дегеніміздің өзі не екеніне көңіл аударайық.“Әдеп” (такт) сөзі (латынша – taktus) “жұғысу”, “адам ара қатынасының түрі” мағынасында қолданылады. Әдеп – адамдардың өзара жақсы қарым-қатынас жасауына қажетті жағдай. Әдепті адамдарға басқаларға барынша жақсылық жасауды, қуаныш әкелуді тілеп тұру тән. Басқа адамдармен қарым-қатынаста әдепті адам сақ та сергек. Ол өзін ұжымда оған сөзімен, жеңілтек мінезімен ешкімнің көңіл-күйін бұзбауға тырысады. Қайсыбір арсы-гүрсі мінезді мұғалімдер қайдағы бір орынсыз әзіл, тұрпайы тұспал, естіген құлаққа ерсі сөздермен шәкірттерінің жанды жеріне тиеді. Ондай мұғалімдерді оқушылардың суқаны сүймейді. Олар өз әріптестерімен де сыйыспайды. Ондайлармен тіл табысу өте қиын. Мұғалім мен оқытушы арасында болатын қатынаста педагогикалық тактінің маңызы зор. Педагог этикасында бұл ұғым тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арақатынастарын белгілейді. Мұғалімнің педагогикалық әдебі болмайынша ол өз пәнін қанша терең білгенімен, тіпті тәрбиелік жұмыста алуан – түрлі, әдіс-тәсілдерді меңгергенімен, өзінің алдына қойған – жас ұрпаққа жан-жақты тәрбие беру мақсатына жете алмайды. Педагогикалық әдептің психологиялық мәні бар екендігін атап кеткен жөн. Жеке адам басқа адамдармен, сондай-ақ жас ұрпақпен қарым-қатынас жасағанда, мол өзінің индивидуалдық өмір тәжірибесін, адамдар арасындағы қандай нормалар арқылы жүзеге асатындығын нақтылы көрсетуге тырысады. Өйткені педагогикалық такт, басқа этикалық ұғымдар сияқты, белгілі бір құрылымнан – өзіне тән ерекше құрамдас мүшелерден тұрады. Солардың ішіндегі ең негізділері: оқушыларға педагогикалық әсер етудегі мөлшерді сақтау мәселесі, ұстаздық ықпалдың нәтижелілігі, жеке адамның рухани дүниесін егжей-тегжейлі түсіне білуі, жас буынның ұнамды қасиетін тани біліп, оны бүкіл адамгершілік мінез-құлықты қалыптастыруға пайдалануға қабілеттілігі. Демек педагогикалық әдеп – мұғалімнің ең басты моралдық қасиеттерінің бірі, онсыз ол ұстаздық ете алмайды. Әдепті сақтамаған адамдар біреуге жақсылық жасап отырып та, оның жанын жарақаттауы да мүмкін. Оқушыларды оқыту тәрбиелеу ісінде жалпы әдеп атаулыны педагогикаға кіріктіріп пайдаланудың өзі педагогтық әдеп болып есептеледі. Әдетте, әдепті адамдарды олардың кішіпейілділік, басқаны түсіне білушілік, жылы шырайылылық, тапқырлық, елгезектік, өзгенің пікіріне құлақ асушылық, ұстамдылық, байсалдылық, әзілкештік сияқты мінез-құлық белгілеріне қарап тануға болады екен. Мұндай айрықша белгілер әдепті мұғалімнің бойында да болуы тиіс. Әдепті мұғалім ересек адамдармен қалай сыпайы және ілтипатпен сөйлесе, оқушылармен де, тек ересектерден гөрі сақ және ықыласпен сөйлесуі керек. Біз мұны әлде де баса айтқымыз келеді, өйткені, әлдекімдердің ойынша әр адамның өзін ересектердің арасында ұстауы – бір басқа да әңгіме де, оқушылардың ішінде ұстауы мүлдем басқа әңгіме көрінеді.Мектепте мұғалім ашық жарқын, биязы, сүп-сүйкімді, ал, сынып табалдырығынан аттаса болды, суық, тұнжыр, түсініксіз боп шыға келетін мұғалімдер қателеседі. Мұғалім әрине, өте жинақты, бірақ табиғи жинақты болуы керек. Жалпы әдеп бар да, педагогикалық әдеп бар. Кез-келген тәрбиелі де мәдениетті адамның бойынан педагогтық әдеп табыла бермейді. Педагогтық әдеп пен педагог имиджі – медицина қызметкерлерінің дәрігерлік этикалық сияқты мұғалімнің кәсіптік сапасы. Ол педагогтық білім мен педагогтық тәжірибені қоса алғанда пайда болатын педагогтық шеберліктің құрамдас бөлігі болып табылады. Педагогтық әдептің негізі оқушыларға деген шын ықыласта және олардың адамдық ар-ұятында, адалдықта жатыр. Педагогтық әдепке – баланы адам ретінде сыйлау деп анықтама беруге болады. Баланы құрметтеу қажет екенін алдыңғы қатарлы педагогтар аз ескерткен жоқ. Әдептің негізі оқушыларға деген шын ықыласта және олардың ар-ұятына деген адалдықта жатыр. Педагогтық әдеп заңдылықтарын кейбір мұғалімдердің өздері білмеуі мүмкін. Бала тәрбиесінде әрдайым “қамқорлықпен қараудың сақталуын” талап етуі қажет. Бұл ойды шәкірттер бойындағы адамдықты сақтау ғана емес, қайта оның дамуына қамқор бола білуіміз керек деп, түсіну керек. Кейде оқушылар әдеп сақтамайды, дөрекілік көрсетеді, тәртіп бұзады. Ол үшін оларға ақырып, жекірудің қажеті жоқ, қайта өз ар-намыстарын қорғап қана қоймай, басқалардың ар-намыстарын да қорғау үшін күресу керек. Мұғалімдердің кейбіреулері педагогтық әдеп – мұғалімнің оқушыны баурап алатын табиғи қабілеті десе, енді біреулері – мұғалімнің жалпы мәдениетінің құрамдас бөлігі: үшінші біреулері – пәнді жетік білу және оның методикасын жақсы меңгеру деп есептейді. Бұл айтылғандардың ішінде аздылы көпті педагогтық әдептің белгілері бар. Педагогтық әдепті меңгеру кейбір мұғалімдерге қарағанда екінші мұғалімдерге жеңілдеу сағатына күмәнсіз, бірақ мұны іштен туа пайда болатын қабілет деу қажет. Сол сияқты, педагогтық әдетті мұғалімнің жалпы мәдени тәртібі, немесе оның жалпы методикалық сауаттылығымен қатар қоюы да қате. Педагогтық әдеп әрине, мұғалімнің барлық қасиеттерімен жылдасып жататыны рас, өзіндік ерекшеліктері болады. Мұғалімнің әдебі бүкіл оқу-тәрбие жұмысының барысында ұстанатын жөнге лайық шара ретінде анықталады. Жөнсіздікке жол беру – педагогтық әдептен айырады. Тәжірибелі педагогтардың да кейде шамдануы мүмкін, бірақ олар шектен шықпайды. Мұғалім неғұрлым ашуланса, оқушылардың соғұрлым көп күлетінін кім білмейді? Педагогтық әдепті шама-шарықты білумен ғана шектеуге болмайды. Шама-шарықты білу – педагогтық әдеп негізінде жатқан педагогтық заңдылықтардың бірі. Шама-шарықты білуге қарағанда әдеп ұғымының мағынасы әлдеқайда кең. Мазмұны жағынан педагогтық әдебі – оның жеке басының іскерлік сияқты көптеген қасиеттерінің жиынтығы. Педагогтық әдеп, кең мағынасында алғанда – мұғалімнің әрбір нақты ісі үстінде тәрбие мәселесінің ең ұтымды әдіс-тәсілдерін қолданып, оқушыларды еліктіріп әкететін кәсіптік сапасы