XIX
ғасырдың 40-60 жылдарындағы
Ресейдегі ғалымдардың
педагогикалық көзқарастыры
Жоспар:
- Н.И.Пирогов,Н.Г.Чернышевский,Н.А.Добролюбовтың
өмір жолдары және еңбектері.
- XIX ғасырдың
60-жылдарындағы қоғамдық педагогикалық
қозғалысқа жалпы сипаттама.
Николай Иванович Пирогов (1810-1881)
көрнекті орыс дәрігері-хирургі, халық
ағарту ісінің қайраткері, белгілі педагог.
Ол – Москва университетінің медицина
факультетінің түлегі. Дернт университетінде
(қазіргі Тарту қаласы, Эстония Республикасы)
медицина ғылымының докторы ғылыми дәрежесіне
диссертация қорғайды.26жасында Дерпт
университетінде ол хирургия профессоры
атағын алады.Петербургтің медициналық
хирургия академиясында профессорлық
қызмет атқарады. Ол Қырым соғысына өз
еркімен қатынасады. Ол белгілі дәрігер-хирург
Қырым соғысында Севастопольді қорғауға
қаһарман қатысушыларына дәрігерлік көмекті
ұйымдастырушы ретінде 1856 жылы “Марской
сборник” журналында Г.И.Пироговтың “Өмір
мәселелері” атты мақаласы жарияланған
болатынды. Бұл мақала жұртшылықтың назарын
өзіне аударды.
Бұл мақаласында Пирогов педагогиканың
аумағынан тыс қарастырылатын
мәселелерді күн тәртібіне қойды,
атап айтқанда: азаматтық жеке
тұлғаға және оның дамуының
толықтығы, адамзаттың парасаттылығы.
Тәрбиеге қатысты оның мағынасы,
адамды тәрбиелеу қажет, ең
алдымен жоғары, адамгершілік өнімдері
қалыптастыру; жалпы адамзаттық
тәрбие арнаулы, кәсіби білім
беруден бұрын келуі қажет.
Н.И.Пирогов былай деп жазды:
“Пайдалы азамат боламын деп
даярланып жатқандардың барлығы
алдымен адам болңға үйренуі
қажет”.
“Өмір мәселелеріне” Пироговтың
айтқан ойлары алдыңғы қатарлы
жұртшылықтан қолдау тапты, оның
ішінде революцияшыл демократтардың
өкілдері оның тәрбие және
педагогика мәселелері бойынша
оның болашақ мақалалары үшін
негіз болды.
Пироговтың ескі мектепке қатысы.
Өзінің баспа беттерінде мақалаларында
Пирогов сол кездегі мектептің жағдайы
Пироговты қанағаттандырмады.
Мектептердің негізгі кемшіліктері
мен олқылықтарына Пирогов оқытудың
сословиялық және тармамандық
сипаты, сонымен қатар оқытудың
артта қалған, ескі тәсілдерді
қолдануы. Оқытудың тар мамандық
сипаты, Пироговтың пікірінше, карьеристерді
тәрбиелеуге көмектеседі деді.
Пирогов білім берудің ресми
курсына жалпы адамзаттық тәрбие идеясын
қарсы қойды,ол жан-жақты ой-өрісі бар
жоғары адамгершілікті адамды қоғамдық
өмірге даярлаудың қажеттігін қойды.
“Адам болу – бұл тәрбиенің
негізгі мақсаты болу керек”,-деп
жазды Пирогов. Ол ерте, күні
бұрын берілген балаларды мамандандырудан
сақтандырды, ол олардың ой-өрісін
тарылтады және адамгершілік
дамуын тежейді.
“Өмір мәселелері” мақаласының
негізгі идеясы – жалпы адамзаттық
білім беруді қорғау болып
табылады.
Тәрбие
мақсаты және мектеп
жүйесі.
Н.И.Пироговтың
педагогикалық көзқарасының жетекші
белгісі гуманизм болып табылады.
Бірақ Пироговтың гуманизмі буржуазиялық
шектеулі болды. Осыдан келіп, Пирогов
тәрбиенің мақсаты деп, әрбір
оқушыдан өмірде кейін қандай арнаулы
жолды таңдайтындығына қарамастан,
“шындықты сүйетін адамды” даярлау,
демек, жан-жақты ғылыми танымды, жоғарғы
адамгершілік сенімдерді, ерікті және
берік ерік-қайратты меңгерген осындай
адамды есептеді.
Пирогов сословиялық мектепке
қарсы бағытталған мектеп жүйесінің
жаңа жобасын ұсынды. Ол мектеп
жүйесінің негізгі екі жылдық
бастауыш мектеп болу керек,
бастауыш мектептен барлығына
орта мектепке жол ашылады.
Өзінің мектеп жүйесін ол бірыңғай
мектептің қағидасы бойынша құрды.
Пирогов мектеп жүйесін бірнеше
сатылардан ұмынды, атап айтқанда:
екі жылдық бастауыш мектептен
кейін-прогимназия (тоық емес
орта мектеп) төртжылдық мерзіммен
екі түрлі; одан кейін гимназия
екі түрлі – үшжылдық және
бес жылдық мерзіммен; бұл жүйені
жоғары мектеп аяқтайды (университеттер
және жоғары арнаулы оқу орындары).
Пирогов ұсынған
мектеп жүйесінің жобасы.
Орта мектеп жүйесінде Пирогов ерекше
орынды ертедегі тілдерге (латын және
грек), орыс тілі мен әдебиетк, математикаға
және тарих пәндеріне береді. Классикалық
орта мектептерге реалдық мектептерге
қарағанда артықшылықпен қарады. Оқу мерзімі
біріншісінде екіншісіне қарағанда 2 жыл
артық.
Классикалық гимназияны бітіргендер
университеттерге немесе жоғары
арнаулы оқу орындарына түсе
алады немесе практикалық жұмысқа
барады.
Пирогов мұғалімдерді ескі догматикалық
оқыту тәсілдерні алып тастау
және жаңа әдістерді қолдану
қажеттігі туралы көңіл аударды.
Жоғары білім алуды жеңілдету
мақсатында Пирогов жағдайы нашарларға
оқу үшін төлем ақысын азайтты.
Оқушылардың ойлау ерекшелігін
ояту қажет, олардың ойлау қабілеттілігін
дамыту,өз бетімен жұмыс істеу
дағдысын меңгертті. Тәжірибелі
оқытушы оқушылардың зейінін
қоздыру қажет хабарланған оқу
материалына оларда қызығуды
дамыту – бұл, Пироговтың пікірінше
оқытудың жемісті ұйымдастырудың
ең негізі деп түсінді.
Негізгі дидактикалық қағидаларды
Пирогов оқытудың мәнділігі, белсенділігі
және көрнекілігі.
Пирогов гимназиялардың педагогикалық
кеңестерінің жұмысын жақсарту
туралы ұсыныстар жасады, талқыланатын
мәселелердің мазмұнын кеңейтті,
дидактикалық мәселелер туралы
баяндамалар жүйесін және пікір
алысуды, мұғалімдердің әдістемелік
ізденістерін көтермелеп отыруды
енгізді, өзара сабақтарға қатысуды
ұсынды. Пирогов сыныптан сыныпқа
көшіруді оқушылардың жылдық
үлегірм нәтижесінде іске асыру
ұсынылды.
Жоғары мектепте сабақ беруге
Пирогов белгілі ғалымдарды тартуды
ұсынды, профессорлардың студенттермен
әңгімелесулерін күшейтуді, семинарлар,
просеминарлар және практикалық
сабақтар өткізуді, әруақытта да
студенттерде тереңдетілген өз
бетімен жұмыстың дағдыларын
дамытуды енгізуді ұсынды.
Оқушылардың тәртібі туралы мәселеге
Пирогов ерекше мән берді. Пирогов
жақсы ұйымдастырылған тәртіпті
оқыту мен адамгершілік тәрбиенің
жетістіктерінің негізгі шарттарының
бірі деп есептеді. Ол ұрып-соғу,
казармалық тәртіп сол кездегі
мектептерде кең өріс алды, балаларға
оның жеке басына жауапсыздықпен
қарауды қатты сынға алды және
тәртіпті орнатуда ізгілікпен
және жүрек жылуымен қарауды
талап етті.
Оқушы тәртіпсіз жасағанда педагог
тәртіпсіздік қандай жағдайда
жасалды соны өте зейін салып
ескеру және оны бағалау қажет,
оқушының санасына оның кінәсін
жеткізу және қылығы үшін берілген
жазаның әділдігіне Пирогов ерекше
назар аударды.
Өзінің 1858 жылғы жазған “Балаларды
ұрып-соғуға бола ма және басқа
балалардың алдында ұрып-соғуға
болама” атты мақаласында Пирогов
баланы ұрып-соғуға және дене
жағынан жазалауға қарсы бола
отырып, бірақ тәжірибеде олсыз
мүмкін емес дей келіп, оны
тек ғана гимназияларда педагогикалық
кеңестің шешімін ерекше шара
ретінде қолдану керек деген
ұсыныс жасады.
Н.А.Добролюбов Пироговтың осы
көзқарасын және жазалау туралы
екіжақтылығын әділ сынға алған
кезде, ол “Киев оқу округі
бойынша гимназиялардың шәкірттерінің
қылықтары мен жазалау туралы
ережелерді енгізудің салдарлары
туралы” мақаласын жариялады.
Онда ол бұл ережелер Киев
округінің директорлар кеңесінде
қабылданғандығын, округтің попегителі
ретінде бұл коллегиялық шешімді
өзгертуге болмайтындығын, “Ережені”
енгізудің нәтижесінде дене жазалауын
қолданудың санының бір жылдың
ішінде өткен жылмен салыстырғанда
бірнеше есе азайғандығын атап
өтті.
Добролюбов Пироговтың келісімпаздығын
және бұрынғы жарияланған прогрессивті
қағидаларынан бас тартқандығына
жаңа мақаламен жауап берді.
Көптеген саяси және педагогикалық
мәселелерді бірізді емес, жартылай
шешуіне қарамастан, Пирогов орыс
педагогикасының тарихында ерекше
прогрессивтік роль атқарды. Пироговтың
гуманизмі, оның тәрбиенің негізінде
адамгершілікке үндеуі, оның сословиялық
мектепке қарсы болуының мәні
ерекше болды. 60-жылдардағы қоғамдық-
саяси қозғалыстың жағымды дәстүрлері
мен ұмтылыстары Пироговтың есімімен
байланысты.
Көптеген мәселелерде Пирогов
ресми педагогикаға қарсы шығып,
мектептегі бюрократизмге қарсы
күресе отырып, коллегиялық идеялар
мен алдыңғы қатарлы әдістемелер
үшін, оқытудағы схоластикаға қарсы
күресе білді.
Николай
Гаврилович Чернышевский (1828-1889)
1828 жылы Саратов қаласында діни қызметкердің
жанұясында дүниеге келді. Алғашқы білімді
үйде алды, орта білімді–діни семинарияда,
жоғары білімді–Петербург университетінде.
Петербург университетін бітіргеннен
кейін Саратов гимназиясында
үш жыл бойы әдебиет пәнінің
мұғалімі болып жұмыс істеді.
Одан кейін Петербургке барып,
өзін әдеби-публицистикалық қызметке
арнады.
“Современник” журналының жетекшісі
қызметін атқарып, ол журналды
орыс революцияшыл-демократтарының
жауынгер арганына айналдырды. Сонымен
қатар журналистік қызметін атқара
жүріп, Чернышевский астыртын
революциялық жұмысты жүргізді.
1862 жылы ол ұсталып, Петропавл
қамалына қамауға алынды, жеті
жылға сотталды, одан кейін патша
үкіметі бойынша, Сібірге өмірлік
жер аудару тұрған болатын-ды.
21 жыл түрме, каторга және жер
аударудан кейін Астрахань қаласында
тұруға лұқсат етілді, ал 1889 жылы
қайтыс болудан бірнеше ай
бұрын Саратов қаласына келді.
Чернышевский 1889 жылы қазан айында
қайтыс болды.
Чернышевский студенттік жылдардың
өзінде крепостникалық право
және патша үкіметі еңбекшілердің
басына түскен ауыртпалық пен
бақытсыздықтың негізгі себептері
болып табылады, олар прогресстің,
ғылымның және ағарту ісінің
жаулары деген қорытынға келген
болатын-ды. Сонымен қатар бірден-бір
дұрыс және сенімді жол, оны
жою үшін күрес революциялық
жолы болып табылады.
Чернышевский өзінің қызметінде
педагогика және тәрбие мәселелеріне
ерекше орын бере отырып, оларды
материалист және революцияшыл
демократ тұрғысынан қарастырды.
Тәрбиенің ролі мен
мәні туралы. Чернышевский былай деді:
“Өмір сүретіннің барлығы – материя,
материясыз сана болмайды, болуы да мүмкін
емес”. Тәрбие мәселелерін ол материалистік
тұрғыдан қарады. Чернышевский жеке тұлғаның
дамуында және қалыптасуында басты, шешуші
рольді өмір жағдайы, қоршаған орта және
тәрбие атқарады деп түсіндірді, бірақ
толықтай тұқым қуалаудың ролін жоққа
шығармады.