Тәрбиешілерді белсендірудің әдістері мен формалары

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 18:58, лекция

Описание работы

Тәрбие – алдын ала жасалған арнаулы жоспар бойынша мақсаты бағыттала және ұйымдастырыла жүргізіледі. Бала өмірінің басым бөлігі отбасында өтеді. Отбасы – адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы – ата-ана. Сондықтан бала мектеп табалдырығын аттағанға дейінгі оның алғашқы ұстазы – ата-анасы. Отбасы мектеппен бірлесіп оқу-тәрбие үрдісінің не табысты не табыссыз болуын анықтайтын тәрбиелеуші ортаның факторларының маңызды кешенін туғызады.

Работа содержит 1 файл

Балаларды тәрбиелеуде отбасының рөлі.doc

— 42.50 Кб (Скачать)


Балаларды тәрбиелеуде отбасының рөлі.

Бала тәрбиесі мен дамуындағы басты рөл атқарушы отбасы.                                                                                                                                                                         Тәрбие – алдын ала жасалған арнаулы жоспар бойынша мақсаты бағыттала және ұйымдастырыла жүргізіледі. Бала өмірінің басым бөлігі отбасында өтеді. Отбасы – адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы – ата-ана. Сондықтан бала мектеп табалдырығын аттағанға дейінгі оның алғашқы ұстазы – ата-анасы. Отбасы мектеппен бірлесіп оқу-тәрбие үрдісінің не табысты не табыссыз болуын анықтайтын тәрбиелеуші ортаның факторларының маңызды кешенін туғызады.

Отбасы – адам тәрбиесі үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің жағымды өнегелердің, мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереду. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады. Отбасының басты қызметі – бала тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі.

Адамзат  ұрпағына  отбасының  аса құнды  ықпалы  мен әсерін  өмірдегі  басқа  еш  нәрсенің  күшімен  салыстыруға               болмайды. Балаға  ата-ана  тәрбиесінің  орнын еш  нәрсе  толтыра  алмайды. Бала отбасы жағдайында өмірдегі әр түрлі жағдайларда өзін  қалай ұстауды, адамгершілік әліппесі: кішіпейіл болу, ізеттілік, сыйластық, үлкендермен және кішілермен қандай қарым- қатынаста  болу  сияқты тәжірибе жинақтайды және оны меңгереді.

Моралдік жағынан азғындаған отбасында, әдетте, балаға жеткілікті көңіл бөлінбейді. Балалар ата- анасының  қамқорлығы мен сүйіспеншілігін сезінбегендіктен, олар «ертеңгі күннің қуанышын» жоғалта бастайды. Сондықтан олар отбасында өздеріне алмаған жылылық пен қайырымдылықты  сырттан, көшеден іздейді.

Бала  тәрбиесіндегі ананың  орны  ерекше. Ана тілі, ұлттық  ерекшелік, адамға тән  жақсылық  атаулы  ана сүтімен  сіңеді. Сондықтан,баланы  кішкене  кезінен  анасының  сүт  ақысын  өтеуге  баулу, бүкіл  қоғамда  анаға  ерекше  ілтипат  қалыптастыру;

Жас адамды есті, саналы, сергек етіп тәрбиелеу отбасы мен тәрбие орындарының бірден – бір парызы.

Ата-ана  күнделікті  өмір  тіршілігінде  еңбегі, адамдық  бейнелері,  жақсы  мінез – құлқы  дұрыс  қатынасы  арқылы  балаға  үлгі.

Ата-анаға  баладан  жақын  ешкім  жоқ. Сондықтан да  баласының, әдепті, арлы азамат  болып  қалыптасуы  оларға  тікелей  байланысты. Баланың  жақсы болып өсуі – тәрбиеден. Тәрбиенің дұрыстығы- тәрбиешіден. Баланың ең алғашқы тәрбиешілері- ата- анасы. Бойына білім дәнін себетін басты тұлға- ұстаз. Ұстазы білімді болса, шәкірттерінен озық ойлы азамат шығады. Ана тәрбиесі, әке тәрбиесі, ата- ене тәрбиесі халық тәрбиесімен сабақтасады.

 

Әбу Насыр әл-Фараби атамыз: «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас-жауы» дегендей отбасындағы ата-ана бала тәрбиелеуде ең бірінші мына төмендегі ұсыныстарды есте ұстаған жөн:
- баланың бойына өз елінің салт-дәстүрін, ана тілін, дінін, мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу;
- баланы отбасында Отан сүйгіштікке, патриотизмге тәрбиелеу;
- ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты дұрыстау;
- баланы табиғатына сәйкестендіріп, қабілетін анықтап, бейімділігін дамыту;
- баланың өзіне деген сенімін арттыру, өзін-өзі бағалауға тәрбиелеу;
- отбасында баланың рухани байлығын (эстетика, еңбек, адамгершілік, имандылық т.б.) дамыту;
- отбасында баланы жеке тұлға ретінде қарау;
- баланың өзін-өзі басқаруы (қаржы, іс-әрекет т.б.);
- баланың табиғатына сәйкестендіріп, кәсіп таңдауға бағыт-бағдар беру.

Ата-аналар:
1. Балаға дұрыс тәрбие беру – ата-ананың моральдық қана емес, заң жүзіндегі міндеті.
2. Бала тәрбиесі мәселесінде ата-ана арасында толық келісім болуға тиіс.
3. Баланың бойындағы ізгілік, жақсылық атаулының бәрін, оның үлгілі болуға тырысқан талабын көтермелеп отыру керек.
 4. Баланың адал да ізгі адам болып өсуі үшін оған ата-анасы үлгі болуға тиіс.
5. Баланы еңбекке құрметтеу мен сүю  рухында жас кезінен тәрбиелеп, оның бойына адамгершілік жєне рухани мєдениеттің негізін, қоғамдағы мінез-құлық дағдыларын дамыту керек.
6. Ересектер балаларды күн сайын сипайылыққа, сергектікке, үлкендерді құрметтеуге, әділдікке өз үлгісімен тәрбиелеп отыруға тиіс.
7. Үйдегі жайлылық пен салауаттылықтың алғы шарттары – тазалық пен тәртіп, сондай-ақ барлық отбасы мүшелерінің тату-тєтті тұруға ұмтылуы.
8. Үй ішіндегі татулыќ күйеуіне де, әйелге де байланысты. Оның бірінші шарты - өзара сенім, құрмет, өзара түсіністік және, әрине сыпайы, әдепті мінез-құлық.
9. Сыпайылық жєне әдептіліктің ережелерін сақтау табиғи, емін-еркін болып, ешбір жағдайда екіжүзділікке, өтірік ұялшақтыққа негізделмеуге тиіс.
10. Тату-тәтті тұру үшін ұстамды болып, өзін-өзі билей білу керек. 

 

Педагогикадағы отбасы тәрбиесінің дамуына ежелгі Рим философы Квинтилиан, педагогика ғылымының негізін салушы Я.А.Коменский, ағылшын философы Дж.Локк, француз ағартушысы Ж.Ж.Руссо, Швейцар педагогы И.Г.Песталоций, орыс педагогы К.Д.Ушинский, ұлы жазушы Л.Н.Толстой, қазақ ағартушылары Ы.Алтынсарин және Абай Құнанбаев, кеңес педагогтары Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, С.Т.Шацкий, қазақ зиялылары М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов және көптеген басқа педагогтар өз үлестерін қосты.


             Отбасы - адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты қызық дәурені осы отбасында өтіп жатады. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ата-ана өздерінің негізгі борыштарын - тәрбие жұмысын атқаруға кіріседі Мектепке дейінгі жаста балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі міндеттері мына жайлармен түйінделеді: ізгілік бастамасымен тәрбиелеу, балалар мен үлкендер арасындағы саналы қарым-қатынас/ тұрмыстың қарапайым ережелерін орындау/ кеңпейілдік, қайырымдылық, жақын адамдарға қамқорлықпен қарау және т. б./ Ұжымға тәрбиелеу, балалардың өзара ұжымда қарым-қатынасын қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, әр түрлі ұлт өкілдеріне қадір тұту және сыйлау.

Осылайша мейірімділіктің негізі қаланады, немқұрайдылықтың пайда болуына, құрбыларына, төңіректегі үлкендерге қалай болса солай қарауға мүмкіндігі жасалмайды. Жас өспірім тәлім-тәрбиені, адамгершілік қасиеттерді үлкендерден, тәрбиешілерден насихат жолымен емес, тек шынайы көру, сезім қатынасында ғана алады.



Информация о работе Тәрбиешілерді белсендірудің әдістері мен формалары