Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 09:19, реферат
Ересек буын қоғамдыдтарихи өмірде жинаңталған тәжірибені, білімді жас буынға тәрбие процесі арқылы береді. Тәрбие материалдық игіліктерді өндіруге қабілетті, іскер адамдарды дайындауға бағытталуы қажет. Басты өндіруші күш - жеке тұлға. Адам жүйелі түрде күрделі қатынастарға араласып, қоғамдағы қалыптасқан идеяны, саяси және моральдық көзқарастарды, сенімдерді қоғамдағы адамдардық өмір сүру тәртібін меңгереді.
1. Тәрбие әлеуметтік құбылыс.
2. Педагогика классиктерінің тәрбие мақсаты жөніндегі пікірлері.
3. Тәрбиенің мақсат-міндеттері.
4. Тәрбие процесінің мәні.
5. Тәрбиенің заңдылықтары мен принциптері.
• Өзін-өзі бақылау - кемшіліктерін болдырмау
үшін жағымды мінез-құлықтарын дамыту
мақсатында күнделік жүргізу.
Өзіне баға беру - мінез-құлықтарының кемшіліктерін
жою үшін баланың өзін-өзітәрбиелеуі.
К.Д.Ушинский жасаған өзін-өзі тәрбиелеу
ережелері:
• Өте сабырлылық, тіпті болмағанда, сыртқы сабырлықты сақтау.
• Турашылдық.
• Ойлы әрекет.
• Шешімділік.
• Өзің туралы қажет болмаса, бір сөз айтпау. Санасыз бос уақыт өткізбеу.
• Не істесең де еріктісің, бірақ, кездейсоқ істен сақ бол.
• Қажетті немесе керекті іспен ғана айналыс, көрсеқызар болма.
• Бітірген ісіңе еш уақытта мақтанба.
• Әркез ағыңнан жарылма, өз ісің туралы өзіңе жауап беріп отыр.
• Бұл журналды ешкімге көрсетуші болма.
Бұл ережелерді байытуға болады. Көп ретте
адам өз алдына ислгілі бір биік мақсат
өойып, өз бетімен ізденіп, өзін-өзі тәрбиелеп
жетілдірудің жолдарын өзі қарастырады.
Содан әсерленіп қанатталған ішкі сезімдері
арқылы білімді қажетсініп, нәтижесінде
мақсатына жету үшін табандылықпен ізденеді.
Адам баласының тарихында ондай мысалдар
баршылық. Демосфен жас кезінен шешендік
өнер меңгеруді армандайды. Аляйда, көпшілік
алдындағы алғашқы сөзінде-аң сәтсіздікке
ұшырайды. Оның дауысы тым бәсең, сөздері
үйқаспай, тілі « күрмеліп, шәлкем-шалыс
келе береді. Соны сезген қауым оны ' тыңдамай,
ысқырып, тыжырынады. Оның орнында басқа
біреу болса, бұл масқарадан кейін тауы
шағылып, қолын бір-ақ сермеп ' жайына кете
барар еді. Демосфен өйтпеді. Ол елден
оқшауланып, теңіз жағасынан үй салып,
дауылды күндері, бүрқ-сарық, болып жағаны
ұрып жатқан толқынға қарап, сағаттап,сұырып
салма сөздерін қарша боратып, бар дауысымен
сөйлейтін. Тіліндегі кемістігін жою үшін,
тілінің астына малта тастарсалатын болған.
Сондай жан қиярлық табандылық пен ерік-қайрат
Демосфенді дегеніне жеткізді. Ол әлемнің
айтулы ұлы шешеніне айналады.
Талай ұлы адамдар өз мінездерін жаман
әдеттерден арылтып, жақсы қасиеттерді
дарыту мақсатымен жұмыс істеген. Соқтықпалы
соқпақсыз жерде өсіп, мыңмен жалғыз алысқан
ұлы Абай өзін-өзі тәрбиелеп,өзін-өзі білімдар
еткен адам.С.М.Торайғыров " Жұлдыз болып
көрмеймін елдің бетін, болмасам толып
тұған толық айдай" немесе "Қараңғы
қазақ көгіне күн болмағанда кім болам",
- деген романтикаға толы батыл жолдарды
өзіне және болашақ жастарға арнап айтқан
.
Профессор С.Я.Долецкий айтқандай, біз
өз қателігімізді ойша айтамыз да өзімізге
өзіміз кешірім жасап, кейін оны ұмытып
кетміз Егер біз оны дауыстап айтатын
болсақ, онда өзіне-өзі кешірім жасау қиынырақ
болады, - дейді.
Әдебиеттер:
1.Ж.Қоянбаев,Р.Қоянбаев. Педагогика.-Алматы,
1998, 2000.
2. Е.Сағындықұлы. Педагогика. - Алматы,1999.
3. С.Қалиев, Ш.Майғаранова, Г.Нысанбаева,
А.Бейсенбаева. Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін
дамытудық педагогикалық негіздері. -
Алматы, 2001.
4. А.С.Макаренко. Тәрбие мақсаты. – М 1958.
5. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы
балалардың тәрбие тұжырымдамасы. – А,1995.