Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2013 в 00:44, реферат
Жасөспірімдердің білімі қалыпты болса да тәрбиесі жеткіліксіз болуының қоғамға тигізер кесірі мол. Қоғам өркендеп, заман көркейгенмен жаны азған, тілден, діннен безген, арбау мен алдау, кісі өлтіру мен ұрлық, әділетсіздік пен қайырымсыздық сияқты келеңсіз жағдайлардың кездесуі - ата-ана, мектеп, жұртшылық тарапынан тәрбиенің кеміс түсіп жатқанының айғағы. Сондықтан қазіргі таңда мектептің алдында тұрған өзекті мәселелердің бірі - білім берумен қатар тәрбие жүйесін жетілдіру. Жалпы білімді ізгілендіре отырып, тәрбие беру жолдары қандай? Тәрбие беру жолдарын қалай жетілдіруге болады? Міне, педагог қауымды ойландырып отырған осындай мәселелер Ш.Жексенбаев атындағы орта жалпы білім беретін мектеп-балабақшасында төмендегідей жолдармен шешімін табуда.
Тәрбие технологиясы
Тәрбие технологиясы
Жасөспірімдердің білімі қалыпты болса
да тәрбиесі жеткіліксіз болуының қоғамға
тигізер кесірі мол. Қоғам өркендеп, заман
көркейгенмен жаны азған, тілден, діннен
безген, арбау мен алдау, кісі өлтіру мен
ұрлық, әділетсіздік пен қайырымсыздық
сияқты келеңсіз жағдайлардың кездесуі
- ата-ана, мектеп, жұртшылық тарапынан
тәрбиенің кеміс түсіп жатқанының айғағы.
Сондықтан қазіргі таңда мектептің алдында
тұрған өзекті мәселелердің бірі - білім
берумен қатар тәрбие жүйесін жетілдіру.
Жалпы білімді ізгілендіре отырып, тәрбие
беру жолдары қандай? Тәрбие беру жолдарын
қалай жетілдіруге болады? Міне, педагог
қауымды ойландырып отырған осындай мәселелер
Ш.Жексенбаев атындағы орта жалпы білім
беретін мектеп-балабақшасында төмендегідей
жолдармен шешімін табуда.
Мектептегі тәрбие жүйесі Қазақстан Республикәсындағы
білім беру мекемелерінің 2006-2011 жылдарға
арналған тәрбие жұмысының кешенді бағдарламасына
негізделіп құрылған.
Тәрбие мәртебесін көтеруді көздейтін
бағдарлама мектептің алдына жүктейтін
міндеттерді, мақсатын, ұстанымдарды өзінің
айқындығымен, нақтылығымен жандандыра
түседі.
Тәрбиенің негізгі мақсаты - жеке тұлғаны
дамытудағы толыққанды, парасатты, дені
сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани
ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, ар-ожданы
мол, еңбекқор, іскер азаматтың бейнесін
қалыптастыру. Мектепте осы негізде тәрбие
жұмысын жүзеге асыратын диагностикалық
талдау жасалынып, жоспар жасалды және
оны жүзеге асыратын тәрбие орталықтары
құрылды.
Осы тәрбие орталықтары арқылы тәрбие
беру бағытында жүргізілетін жұмыстар
жолға қойылған.
Бұл орайда ата-аналар комитетінің ролі
айрықша. Мектеп жанынан құрылған ата-аналар
комитеті бала тәрбиесіне ықпал етуде
көптеген игі істердің бастамасы болуда.
Орта мектеп пен жанұяның тәрбие берудегі
біріккен іс-әрекеттерінде әртүрлі әдістер
қолданылады. Оны екі топқа бөлуге болады:
бірінші әдістерге оқушыларға ата-аналардың
педагогикалық мәдениетін көтеру арқылы
әсер ету жатса, екіншісіне - тікелей әсер
ету жатады. Бірінші топқа ата-аналар жиналысын
жатқызуға болады. Ата-аналардың жалпы
жиналысында тәрбие беру шараларын өткізудің
маңыздылығына тоқталып, балаларға тәрбие
берудің жолдары айтылады. Ақпарат мазмұнында
мектеп оқушыларының мінез-құлқына қысқаша
талдау жасау сипатында болады. Сыныптағы
ата-аналар жиналысында балаларға тәрбие
берудің жас ерекшеліктеріне тоқталуға,
сыныпта осы бағытта жүргізіліл жатқан
жұмыстармен, кейбір заң актілерімен таныстыруға
болады. Ата-аналардың педагогикалық мәдениетін
көтерудің басқа түрі тәрбие мәселелері
бойынша дәрістер оқу, әңгімелесу, педагогикалық
өзіндік білімін көтеруге арналған нұсқаулар,
балаларға адамгершілік-құқықтық тәрбие
беру жөнінде нақты тапсырмалар беру,
адамгершілік-құқықтық тақырыптардағы
әдебиеттерді ата-аналармен бірлесіп
талқылау болып табылады. Ата-аналар мен
мұғалімдердің жеке кездесулерінің пайдасы
көп. Кезбе-кез кездескенде ең жан ауыртатын,
құпия, басқа адамдардың көзінше айта
алмайтын сырларын бөлісе алады Осындай
әңгімелесуде жасөспірімдердің тәрбиесіне
жағымды әсер ететін әдісті табу оңай
болады.
Ата-аналарға балалардың жас ерекшелігіне
сай білімін, педагогикалық мәдениетін
көтеруде лекторийлар, тақырыптық оқулар
ұйымдастырылған. Жанұялық жарыстар "Шаңырақ",
"Әкем және мен", "Жарасымды отбасылар"
сайысын өткізу дәстүрге айналды. Мұндай
жарыстар ата-аналарды мектеппен жақындастырып,
оқушыларға жан-жақты тәрбие беруде қолайлы
әлеуметтік орта қалыптастырады. "Сіз
қандай ата-анасыз?" деген анкета, "Бала
тәрбиесі баршаға ортақ", "Бала тәрбиесіндегі
ата-ананың ролі", т.б тақырыптағы дөңгелек
стол, кездесу кештері бала тәрбиесіне
үлкен ықпал етеді. Сабақтан себепсіз
қалған оқушылармен, олардың ата-аналарымен
жекелей жұмыс, "Ашық есік күнін"
өткізу өз нәтижесін берері хақ.
Тәрбиелік қарым-қатынаста оқушы мен мұғалімнің
іс-әрекетін ғылыми тұрғыда үйымдастырудың
маңызы зор. Осы мақсатта ортақ іс-әрекет
арқылы мұғалімдер ұжымы мен оқушылар
үйымының бірігуі нәтижесінде баланың
бос уақытын тиімді пайдаланудың ұтымды
нәтижелері жасалады. Оқушылар кеңесі
оқушылардың өзін-өзі басқару мектеп өмірін
демократияландыру, мектеп істеріне қатысу,
түрлі танымдық кештер, іскерлік ойындар,
көгалдандыру, бірігіп танымдық жорықтарға
шығу оқушылардың белсенділігін, еркін,
ұжымдық іс-әрекетін дамытуда үлкен роль
атқарады. Айына бір рет кеңес отырысын
өткізіп, алдағы атқарар істерін оқушылардың
жас ерекшеліктерін ескере отырып шешеді.
Мектептің тәрбие жүйесі тек қана педагогикалық
фактор есебінде емес, ауыл жұртшылығы,
жастар бірлестігі, ақсақалдар кеңесі,
кәсіпкерлер, мәдениет қызметкерлері,
құқық қорғау органдарымен тығыз байланыста
жұмыс жасайды.
Осындай қоғамдық ұйымдармен бірлесе
отырып, тақырыптык, кештер, қайырымдық
көмектер, мерекелік концерттер, мамандармен
кеңес, конференциялар өткізіліп отырылады.
Сонымен қатар оқушыларға ұлттық тәрбие
беру бағытында ауыл ақсақалдары мен аналармен
кездесу кештері болып тұрады.
Сабақтан тыс тәрбие жұмыстарын жүргізуде
көркемөнерпаздар (хор, домбыра), "Ісмерлер",
"Шеберқолдар", "Шұғыла" би үйірмесі,
футбол, баскетбол, волейбол, тоғызқұмалақ,
күрес, қазақтың ұлттық ойындары секциялары
жүргізіледі. Оқушылардың 80 пайызы осы
үйірмелерге қатысады.
Сынып жетекшісі - тәрбие жұмысының негізгі
ұйтқысы. Сынып жетекшісінің әдістемелік
шеберлігін нығайтуда әдістемелік бірлестіктің
жұмыс жоспарын жасамас бұрын сынып жетекшілерінің
диагностикалық картасы жасалады. Осыған
сүйене отырып бірлестік жоспары құрылады.
Бұл сынып жетекшілерінің қажеттілігін
қанағаттандыруға оң ықпал етіп, тәрбие
жұмысының белсенді әдіс-тәсілдерін меңгеруге,
өз білімдерін жетілдіруге қол жеткізді.
Сонымен қатар мектепте тәрбиелік шараларды
еткізудің интерактивті түрлері қолданылады.
Тәрбие саласындағы басты мақсатымыз
жан-жақты дамыған, рухани адамгершілікті
ұрпақ тәрбиелеу болса, оған апарар тура
жол оқушылардың туған елге, жерге деген
сүйіспеншілігін арттыру. Ол үшін тәрбие
жұмысын турис-тік-өлкетану және экологиялық
іс-әрекет арқылы ұйымдастыруға болады.
Теменде осындай бағытта құрылған тәрбие
құрылымының сызбанұсқасы көрсетілген.
Бұл тәрбие құрылымы "Атамекен" республикалық
туристік өлкетану экспедициясы жұмысының
негізінде, сонымен қатар Мәскеу халықаралық
балалар-жасөспірімдер туризмі және өлкетану
академиясының профессоры Найлагүл Нарболованың
бағдарламасын басшылыққа ала отырып
құрылған.
Нәтижесі: 1. ¥рпақ арасындагы байланысты
орнату. 2. Ата-ана мен бала арасындағы
қарым- қатынасты нығайту. 3. Денсаулықты
сақтау.
4. Шығармашылық қабілетті дамыту. 5. Адамгершілік
қасиетке баулу. 6. Өз Отанына сүйіспеншілігін
арттыру.
Оқу жылының басында сыныптың алғашқы
жиналысында оқу тәрбие жұмысының қай
бағытпен жүретіні анықталады. Сынып алдындағы
іс-жоспары құрылып, алға белгілі міндеттер
қойылды. Тәрбие жұмысының бағыттары төмендегіше
бекітіліп берілді:
1-2-сыныптар "Мен және менің ата-тегім"
тобы. Әр оқушы өзі, өзінің ата-тегі, жанұясы,
жақын ағайындары туралы білу.
3,4-сыныптар "Менің көшем, менің ауылым"
тобы. Әр оқушы өзі тұрған көшесі, ондағы
адамдар туралы мәліметтерді білу және
ауыл туралы мағлұматтармен таныс болу.
Осы тәрбие бағыттары мектеп бағдарламасындағы
пәндерді оқыту кезінде сыныптан тыс жұмыстардың,
мектептің және сыныптардың тәрбие жоспарларына
енгізу арқылы жүзеге асады.
Гуманитарлық пәндер адам-қоғам, табиғат
арасындағы қарым-қатынастардың жалпы
заңдылықтары негізінде, олардың біртұтастылығы
туралы экологиялық көзқарас қалыптастырады.
Жаратылыстану пәндері оқушыларға экологиялық
білім беру мен туристік өлкетану іс-әрекеттерін
ұйымдастырудың орталық ядросы. Әсіресе
география, өсімдіктану, жануартану, тәнтану,
химия, физика пәндерінің негізгі идеясы
мен мазмұны негізінде осы іс-әрекеттер
қалыптасады. Филология пәндері саласында
көркем әдебиет туындылары, көркемсурет
пен музыка оқушыларға экологиялық тәрбие
берудің мөлдір бұлағы деуге болады. Себебі
суретші салған сұлу табиғат көрінісі,
құстардың мүсіні, гүлдердің сан құбылған
түр-түсі оқушы сезімін оятары сөзсіз.
Сонымен қатар білім мен тәрбие беру үрдісінде
жергілікті жердің өлкетану материалдарын
кең көлемде әрбір сабақта қолданғанда
оқушылардың қызығушылығы арта түседі.
Сабақта берілетін білім мазмұны мектеп
бағдараламасында шектеулі болуына байланысты
күнделікті өмірде болып жатқан ғылыми-техникалық,
экологиялық өзгерістерді кеңінен қамти
алмайды. Сондықтан сыныптан тыс сабақтарда
қосымша жаңа мазмұндағы материалдарды
кең қолдануға болады. Осы орайда сыныптан
тыс жұмыстарда тәрбие құрылымын іске
асыруды мынандай бағыттарда жүргіздік:
1. Үйірме жұмыстары (апталықтар кештер,
ойындар, т.б.).
2. Табиғи ортадағы жұмыстар (танымжорық,
жаяу және түйе жорықтары).
3. Мектеп мұражай бөлмесі.
Туристік-өлкетану жұмысы орта мектептегі
сыныптан тыс жұмыстардың бірі. Мектептен
алған ғылыми-теориялық білімдерін туристік-
өлкетану жұмыстары кезінде іске асырады.
Оқушылардың денесін шынықтырады, қиыншылықтарды
жеңуге, табиғат жағдайында тіршілік етуді
үйретеді, әрі демалысты ұйымдастырады.
Табиғатпен үндесіп, оны түйсінген бала
ешқашан жаман әдеттерге жоламайды. Жорыққа
шыққан жас жеткіншек айналасына қол ұшын
беруді, ұжымшылдықты түсінеді. Қазіргі
мектеп қабырғасында дамып жетілген жас
ұрпақ, ертеңгі ел болашағын жасаушы
қайраткер. Сондықтан бала бойында өзі
жайлы сыр берген болмашы жақсы нышанды
одан әрі дамытып, жаман нышанды дер кезінде
тоқтата білейік.