Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 06:21, лекция
Тәрбие әдісі дегеніміз - оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланысты педагогикалық жұмыс тәсілдері.
Адамгершілік сананы қалыптастыратын әдістер.
• Іс-әрекет және қоғамдық тәртіп тәжірибесін қалыптастыратын әдістер.
• Тәртіпке, іс-әрекетке ынталандыратын әдістер.
• Мінез-құлық пен іс-әрекетке бақылау жасау, өзін-өзі бақылау, ұйымдастыру және өзіне-өзі баға беруді, ұйымдастыруды жүзеге асыру әдістері.
Ойын - бала әрекетін дамытудың негізгі құралы. Ойын баланың мінез-құлқын қалыптастырып, ой-өрісін өсіріп, ортаға бейімдеп, өзін еркін сезуге үйретеді. Ойын - балалардың бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерін тәрбиелейді. Балаларды қоршаған ортамен таныстыру, тілін дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу өнері пәндері оларда табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сипатын қалыптастырады.
Ойын - мектеп балаларының
негізгі іс-әрекеті. Сұлтанмахмұт Торайғыров
"Балалықтың қанына ойын азық" деп
бекер айтпаған. Ойын үстінде баланың
бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі
және қызығуы анық байқалады. Ойын мазмұны
мен түріне қарай: мазмұнды-бейнелі,
қимыл-қозғалыс, дидактикалық, құрылыс,
кейіптендіру ойындары болып бөлінеді.
Мазмұнды-бейнелі ойында балалар
ойын мазмұнын түсінікті етіп жеткізуге
тырысады, оған қажетті құрал-жабдықтарды
табуға талпынады, оларды дайындау үшін
еңбектенеді. Бала алған рөлдеріне
сай кейіпкердің киімін киіп, қимылын,
дауыс ырғағын мәнерлі
Құрылыс ойынында бала сызық
бойына әдемі үй құрылысын жасап,
оның бояуларының бір-бірімен
4. Тәрбие әдістерінің
үшінші тобы: тәрбиеленушілердің
мінез-құлықтары мен іс-
Бұл әдістерді қолдануда
педагогикалық-психологиялық
Баланың табиғатында "Мен
өзім" деген белсенділігі бар, ол
тәрбиеленушілердің әрекетіне және
өздерінің мінез-құлықтары мен
іс-әрекеттеріне тәрбиешілердің берген
бағасына енжар қарамайды. Сондықтан,
тәрбие мен баланың өзін-өзі
Мадақтау - оқушылардың тәртібін, мінез-құлқын бағалап және көтермелеп отырудың, педагогикалық ықпал етудің тиімді жолы.
Мадақтау оқушының өзінің
адамгершілігін сезінуіне, мінез-құлқы
мен көңіл-күйіне бақылау жасауға,
өзін-өзі тәрбиелеуге
Мадақтау түрлері: алғыс айту, мақтау, сыйлық беру, марапаттау. Жазалау - жағымсыз мінез-құлқы мен іс-әрекетінің теріс екендігін балаға үғындыру және істеген теріс ісіне қынжылту. Мұғалім мектептегі жазалау шарасына өте сақтықпен қарауы тиіс. Оған қойылатын талаптар:
• жазаны талап қою әдісімен ұштастыру;
• жазаның кек алу, баланың жеке басының адамгершілік қасиетін кеміту, намысын қорлау, жәбірлеу түрінде болмауы;
• жазаның әділдігі, әділетсіз жаза балаларды тәрбиеленушілерден алыстатып, ұжымнан бөлектенуіне әкеліп соғады;
• жаза қолдануда педагогтік әдепті сақтау. Тәжірибелі педагогтар оқушылар ұжымының көмегіне, қолдауына сүйеніп, тәртіпсіз оқушыны жазалайды.
Жазаның түрлері оқушылардың жас және дара ерекшеліктеріне сай болып, тәрбиенің басқа тәсілдерімен байланысты болуы шарт. Жазалаудың түрлері: ескерту, сөгіс, т.б.
Жарыс жастардың бір-бірімен еңбектегі, спорттағы, өнердегі табыстарын көрсету үшін қолданылады. Жарыс оқушының іс-әрекетіне жаңа серпін, жаңа өріс беріп, өзіне талап қоюына мүмкіндік туғызады.