Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2011 в 22:25, реферат
Қазақ халқының көрнекті перзенті, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұлов өзі өмір сүрген кезеңде туған елінің болашағы үшін көп нәрсе жасады. Рысқұловтың артына қалдырған өшпес мұрасы – саясат, экономика және рухани құндылықтар тақырыбына жазған публицистикалық, терең зерттеу еңбектері мен мақалалары бүгінде өз ұрпағына қызмет етуде. Әсіресе, солардың ішінде экономика және қаржы-қаражат мәселелеріне арналған еңбектерін ойшылдар мен жас ғалымдар әлі күнге дейін іздеп оқиды. Күні кеше Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде тұңғыш рет “Бірінші Рысқұлов оқулары” халықаралық конференция мәртебесінде тұсауы кесілгені осы құрметтің және орынды ардақтаудың көрінісі деп санауға болады. Оған Ресейдің, Литваның, Қырғызстанның, Түркияның, Қытайдың, Оңтүстік Кореяның, басқа да елдердің ғалымдары және білім беру мекемелері, еліміздегі банк секторлары, министрліктер мен халықаралық ұйымдардың, елшіліктердің, ірі фирмалар мен компаниялардың жетекші өкілдері қатысуда.
Тұрар Рысқұлов
Қазақ халқының
көрнекті перзенті, белгілі мемлекет
және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұлов
өзі өмір сүрген кезеңде туған
елінің болашағы үшін көп нәрсе жасады.
Рысқұловтың артына қалдырған өшпес
мұрасы – саясат, экономика және
рухани құндылықтар тақырыбына жазған
публицистикалық, терең зерттеу
еңбектері мен мақалалары бүгінде
өз ұрпағына қызмет етуде. Әсіресе, солардың
ішінде экономика және қаржы-қаражат
мәселелеріне арналған еңбектерін ойшылдар
мен жас ғалымдар әлі күнге
дейін іздеп оқиды. Күні кеше Т.Рысқұлов
атындағы Қазақ экономикалық университетінде
тұңғыш рет “Бірінші Рысқұлов оқулары”
халықаралық конференция
– Рысқұлов оқуларының аса мәнді болатын
себебі, бұрын бір-бірімен онша байланысы
жоқ жеке-дара ғылыми шаралар өткізіліп
келген болса, енді елдегі жетекші экономикалық
жоғары оқу орнының базасында жыл сайын
өтетін бұл Оқулардың өзіндік дәстүрі
қалыптасып, ол қазақстандық және шетелдік
экономистердің ғылыми ой бөлісуінің,
отандық және әлемдік экономиканың ең
бір көкейкесті келелі проблемалары бойынша
теоретик ғалымдар мен осы мәселемен тікелей
айналысушылардың арасындағы пікірталасының
өнікті бір формасына айналмақшы, – деді
Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық
университетінің ректоры, профессор Әли
Әбішев халықаралық конференцияның ашылу
салтанатында. – Біз өз дамуында сапалық
жаңа күйге ұмтылатын қоғам дамудың біртұтас
байыптамасына ділгер болатынын өктем
түрде сезінеміз. Әлеуметтік-экономикалық
үдерістер эволюциясы векторының айқын
бейнесін нақ сол бере алады және сонысы
арқылы жаңартудың шынайы, ғылыми негізделген
бағдарламаларын әзірлеудің негізіне
айналады. Рысқұлов оқулары университеттегі
ғылыми қызметті барлық деңгейде қарқындатып,
дарынды зерттеушілердің ғылыми баяндамалар
мен хабарламалар жасауының мінбесіне
айналуы қажет.
Басқосуға жиналған ғалымдар мен саясаткерлер,
қаржыгерлер “Қазақстан: бәсекелестік
және жаңғыру” деген тақырыпта басталған
конференция жұмысына белсене қатысты.
Қазақстанның экономикалық және стратегиялық
басымдықтары, жаһандану мен реформалар:
саясат, құқық және қоғам, Қазақстанның
инвестициялық мүмкіндіктері, сондай-ақ
экономикалық білімнің жаңартылуы деген
секциялар бойынша өз ойларын ортаға салды.
Білім және ғылым министрінің орынбасары
Ғафиза Өтеулина жастарға әлеуметтік
стандарттарға сәйкес білім беру ісі осы
даму жолында қоғам қол созатын межеге
апаратын бірден-бір жол, деді. Кезінде
Т.Рысқұлов кеңестік Қазақстанның 15 жылдығы
құрметіне бас қосқан қазақ жастарының
жиынында “Сендер – болашақ экономистер,
инженерлер, техниктер, агрономдар мен
педагогтар – Қазақстанның бұдан әрі
қарай дамуына тиянақ болатын кадрларсыңдар”
деген болатын. Бұл сөздер өзінің мәні
мен маңызын әлі де жойған жоқ. Терең ойлы
қайраткердің республика жұртшылығын
халық тұтынатын тауарлармен қамтамасыз
ету үшін өңдеуші салаларды дамытуға зор
көңіл бөліп, ел экономикасын индустрияландырудың
мәнін жоғары қойғаны да белгілі. Қайраткердің
экономикалық мұрасын әлі де терең зерттей
түсу қажеттігі жас ұрпаққа аманат.
Ұлттық банктің төрағасы Әнуар Сәйденов
өз сөзінде Т.Рысқұловтың экономикалық
пайымы терең екенін дәлелдейтін бірқатар
деректерді алға тартты. Оның ХХ ғасырдың
басында Монғолия елінің ұлттық ақшасын
белгілеу жөніндегі қызметінің өзі бір
төбе. Рысқұлов оқуларының біздің өмірімізден
өз орнын табатын тұстары көп. Себебі,
қазіргі заман интеграциялық байланыстардың
мағынасын бұрынғыдан да күшейтіп келеді.
Қаржы рыногында тиімділікке қол жеткізу,
банк қызметін ұтымды ұйымдастыру жөнінде
осы конференцияға қатысушылар өздерінің
бағалы ұсыныстарын әзірлеуге мүмкіндік
алатынына сенім білдірді.
Алматы қаласы әкімінің орынбасары, саяси
ғылымдар докторы Серік Сейдуманов бүгінде
бұл конференцияның дәстүрлі түрде өтуіне
негіз қаланса, ертеңгі күні ол Алматының
экономикалық форумына айнала алады деген
пікірін айтты. Еліміздің күнгейдегі бас
қаласын Орталық Азиядағы қаржы орталығына
айналдыру мақсатты түрде қолға алынғанын
ескерсек, әлемдік бай тәжірибе және жаңа
экономикалық ізденістер бұл тұрғыда
құнды болмақ.
Румынияның Қазақстандағы төтенше және
өкілетті елшісі Василе Соаре: “Кезінде
Румыния елі де дағдарысты кезеңдерді
бастан өткерген. Қазір экономикалық бағыт-бағдары
даму жолын көздейтін біздің еліміз тікелей
инвестиция тартуда табыстарға қол жеткізіп,
отандық өндірісін ұлғайту үстінде. Қазақстан
да нарық жағдайында бірқатар қиындықтарды
артқа тастады. Сіздердің елдеріңіздің
дүние жүзінде бәсекелестікке лайықты
50 мемлекеттің қатарына қосылу жөніндегі
стратегиялық мақсатты алға қоюы – қарқынды
дамудың нәтижесі. Қазақ экономикалық
университетінде басталған ғалымдардың
ой жиынтығы қоғамға қызмет ететініне
сенемін”, деді.
Америкалық экономист-ғалым, профессор
Камал Фатехи қазақтың және көптеген шетелден
келген белгілі ғалымдардың пікірталасы
жағдайында қазіргі заманғы экономикалық
ғылымның ең маңызды мәселелерін талқылап,
Қазақстанның ең маңызды экономикалық
проблемалары мен әлемнің басқа да елдерінің
экономикалық құрылымдарына байланысты
нәрлі және қажетті ой қорытуға пайдасы
мол конференция әрдайым өміршең болады,
деді. Болашағы бар ел өзінің өткен тарихының
жарқын беттерін асыл мұра ретінде оқытады.
Тұрар Рысқұлов сияқты терең білімдар
саясаткер әрі публицист-экономистің,
бір ұлтқа ғана емес, бүкіл түркі жұртына
тұтқа болған азаматтың еңбектерінен
өзекті мәселелерді туындатып, бүгінгімен
сабақтастыра қарау кездейсоқтық емес.
Конференцияның пленарлық мәжілісінде
Білім және ғылым министрлігі Экономика
институтының директоры, профессор Оразалы
Сәбден “Тұрар Рысқұлов – Орталық Азия
мен Ресейдің көрнекті мемлекет қайраткері:
экономист, тарихшы, публицист” деген
тақырыпта келелі сөз қозғап, тарихи тұлғаның
сан қырын түйіндеп айтып берді. ҚР Ұлттық
Ғылым академиясының академигі Яхия Әубәкіров
“Экономикалық теория – экономикалық
білімнің өзегі” деген тақырыпта баяндама
жасап, көп ойларды алға тартты. Біз экономика
теориясы жөніндегі мамандарды көптеп
тәрбиелеп шығаруымыз керек. Өкінішке
қарай, соңғы жылдары бұл пән кейбір жоғары
оқу орындарында тізімнен шығып қалған
сияқты. Осының салдарынан енді біз қоғамның
экономикалық байланыстары жөнінде терең
білім алған мамандарға зәру болуымыз
мүмкін. Қалай айтсаңыз да, ғылым теориясыз
болмайды. Бұл мәселе орыс ғалымдары арасында
да бірнеше мәрте талқыланды. Жаһандық
әлеуметтік-экономикалық тақырып өткір
күйінде сезілуде, ендеше біз осы саланың
мамандарын даярлауға ерекше мән беруге
тиіспіз, деді.
Белгілі академик, Т.Рысқұлов атындағы
ҚазЭУ қаржы, банк менеджменті ғылыми-зерттеу
институтының директоры Оразгелді Баймұратов
әлемдегі дәуірлік өзгерістер және Қазақстан
– экономистің көзқарасында қандай деңгейде
және бағытта екеніне зер салды.
Сондай-ақ Франциядан келген ғалым Пьер
Мандес Франс университеті жанындағы
Еуропа кеңістігін зерттеу институтының
директоры Иван Самсон Бүкіләлемдік сауда
ұйымына кірудің Қазақстан экономикасы
үшін салдары қандай болмақ деген сұраққа
жауап іздеді. Ол жауап біржақты естілген
жоқ. Күрделіліктер туғызуы мүмкін. Дей
тұрғанмен, бәсекелестікке қабілеттілікті
арттыру қоғамның барлық саласында қолға
алынса, қарқынды даму шешуші әрі пайдалы
рөл атқарады.
Сонымен, “Бірінші Рысқұлов оқулары”
Алматы қаласында әлемге аты әйгілі болған
ғалымдардың басын біріктіріп отыр. Олар
ең әуелі Қазақстанның бүгінгі өркениетті
даму жолына түскенін сезінуі бір төбе,
сонымен бірге Тұрар Рысқұлов сияқты қайраткерлердің
ұрпақтан ұрпаққа тарайтын асыл мұраларының
өшпес ізін жарқырата көрсететіні сөзсіз.
Форумға қатысушылар Т.Рысқұлов туралы
көрме экспонаттарымен, ғылыми еңбектерімен
және жоғары оқу орындарының бүгінгі тыныс-тіршілігімен
танысып та үлгерді. Олар бүгін бірнеше
“дөңгелек үстел” пікірталасына қатысады.