Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2013 в 15:40, доклад
Нарықтық экономика еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарға сұранысты қажет ететіні мәлім. Бұл білім ордаларының барлық салаларына жаңа талап, жаңа міндет, жаңа мақсаттар жүктейді. Кез-келген жас маман өзі таңдап алған кәсібінің қыр-сырын ғана емес, сол саладағы жаңа технологияларды, жаңаша жұмыс жасау дағдыларын, жаңаша ойлауды, белгілі ортаға икемді қарым-қатынастарды қалыптастыруды үйреніп, заман талабына сай қолдана білсе ғана, бәсекеге қабілетті болатыны сөзсіз.