Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Апреля 2013 в 09:24, статья
Қазіргі уақытта шетел тілінде тілдесім мәдениетіне оқыта отырып студенттердің мәдениеттану, лингвоелтану, лингвомәдениеттану құзіреттіліктерін қалыптастыру лингвомәдениеттану әдісінің басты міндеттерінің бірі болып табылады. Оқыту үрдісінде студенттерді шетел тіліне үйретуде сол елдің мәдениетімен салт дәстүрімен сол елге ғана тән сөз өнерінің ерекшеліктерімен таныстыру маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Лингвомәдениеттану құзіреттілігін В В Воробьев былай түсіндіреді: Тілде сипатталған сол елдің барлық мәдениет құндылықтарының жиынтығының жүйесі [1;85].
Кішкенебаев Р.У , магистрант
Абылайхан атындағы ХҚ және ӘТУ, Алматы қаласы
Студенттердің лингвомәдениеттанулық құзіретін қалыптастыруда реалияларды қолдану.
Қазіргі уақытта шетел тілінде тілдесім мәдениетіне оқыта отырып студенттердің мәдениеттану, лингвоелтану, лингвомәдениеттану құзіреттіліктерін қалыптастыру лингвомәдениеттану әдісінің басты міндеттерінің бірі болып табылады. Оқыту үрдісінде студенттерді шетел тіліне үйретуде сол елдің мәдениетімен салт дәстүрімен сол елге ғана тән сөз өнерінің ерекшеліктерімен таныстыру маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Лингвомәдениеттану құзіреттілігін В В Воробьев былай түсіндіреді: Тілде сипатталған сол елдің барлық мәдениет құндылықтарының жиынтығының жүйесі [1;85]. Сонымен лингвомәдениеттану құзіреттілік дегеніміз- рухани мәдениет пен көркем мәдениетті біріктіре оқыту арқылы студенттердің жеке тұлға ретінде қалыптасуына, мәдени білімінің кеңейуіне, интеллектісінің дамуына, үйреніп жатқан тілінің әлем мәдениетінде алатын орнын түсінуге және сол тілде қатысым арқылы сөйлеу ерекшеліктерін қалыптастыруға, тілдегі стереотиптерді түсініп қабылдауға көмектесе алуы.
Шынайы тілдесу тілдік құзыреттілікпен шектелмейді, ол лингвоелтанулық, лингвомәдениеттанулық білімді қажет етеді. Елтану, мәдениеттану мәліметтерін тілді өзге тіл ретінде оқып-үйренуші басқа ұлт өкіліне толық өз дәрежесінде жеткізу, әрине, қиын. Бірақ оның бөліктерін оқыту кезінде біріктіріп ұсыну әлеуметтік-мәдени құзіреттіліктің мақсатты түрде дұрыс бағытталуын қамтамасыз етіп, халықтар арасындағы тілдесуді, мәдениеттер сұхбатын өзара байытудың негізі болып есептеледі. В.Г.Костомаров мұндай құзыреттілікті мәдениетаралық құзыреттілік деп атайды. Ғалымныц пі-кірінше: «Мәдениетаралық құзыреттілік үйренушінің өзге мәдениет дәйектерін шыдаммен қабылдауға қабілетін қалыптастырады, шын ниетпен өзге мәдениетті түсінуге сол, тілде сөйлейтін адамдардың жүріс тұрыстарын солардың көз қарастарын үйрету болып табылады. Осы жол арқылы бүкіл әлемдік мәдениетті қабылдауға, олардың ұлттық тұрмысын білуден сол арқылы өз мәдениеттінде, тілінде байытады.[2,80].
Лингвомәдениеттану
Осы лингвомәдениеттану
құзіреттіліктерін
«Фон» терминінің мағынасы: басқа елдің, халықтың өмірі, мәдениеті туралы білім [4;145]. Аялық білім ол басқа елдің шынайы өмір тіршілігінің бейнесі және көрінісі туралы жиынтық. Е.М. Верещагин және В.Г. Костомаров оларды қатысымдық білімдердің жалпы жиынтығы деп анықтайды. [5;126]. Е.И. Шумагер аялық сөздерді басқа елдің ұлттық ерекшелігін айқын бейнелейтін лексикалық бірліктер деп қарастырады. [6;124]. Осы мәдениетаральқ қатысымға оқытуда аялық білімнің бір тобы үлкен рөл аткарады. Олар - басқа мәдениет ерекшеліктеріне, басқа елге тән сөздер. Бұлар да мәдениетаралық қатысымда өзара түснісуді жеделдетеді. Бұларға реалиялар жатады. Лингвистикада бұл ұғымға бірілген айқындама әртүрлі. О.С.Ахманованың түсіндіруінше реалия «в классической грамматике разнообразные факторы, изучаемые внешней лингвистикой, такие как государственное устройство страны, история и культуры данного народа, языковые контакты носителей данного языка и т.д. точки зрения их отражения в данном языке» [7;488]. Реалия- ол да материалдық мәдениетке жататын заттарды бейнелейтін ұғымдар. «Белгілі бір ұлт пен халыққа ғана тән материалдық мәдениет атаулары, тарихи деректер, мемлекеттік институттар, ұлттык және фольклорлык кейіпкерлердің аттары, мифологиялық жайлар т.б.». Осылайша, зерттеуші реалия ұғымына жекелеген заттарды, ұғымдарды, тұрмыс пен мәдени құбылыстарды, сол халық пен сол елдің тарихына катысты сөздерді жатқызады. Бұл айқындамадан автордың реалияны заттың белгісі мағынасында деп түсіндіргені байқалады.
Реалиялар кез келген тілде бар. Оларға айқын көрініп тұратын ұлттық колорит тән. Әртүрлі тілдер мен мәдениеттерді салыстыра келіп, реалияларды былайша бөліп көрсетуге болады:
1. Тек қана бір тілге ғана тән реалиялар,
басқа тілде мүл
дем жоқ: Амер. drugstore аптека- закусочная.
2. Екі тілде
де кездесетін реалиялар. Бірақ біреуінде
ол
қосымша мағынаға ие. Амер. сlover leaf – клеверный
лист; автодорожное пересечение с развязкой
в виде клеверного листа. [8;14]
3. Әртүрлі қоғамда ұқсас функциялар әртүрлі реалиялар арқылы жүзеге асады: Амер.sponge – губка / Қаз. мочалка (ваннада шомылғанда).
4. Әр тілдегі ұксас реалиялар өз ұлтына тән мағыналық бояумен ерекшеленеді: cuckoo’s call –көгершіннің көкілдеуі америка халқына қыздың тұрмыс құруына қанша уақыт қалғанын білдірсе, қазақтарда өлім ұғымымен сәйкестендіреді. [8;14].
Г.Д. Томахиннің өте дәл көрсеткеніндей реалияларда тілмен мәдениеттің тығыз байланысы айшықтала көрінеді. Белгілі бір қоғамның материалдық және рухани өмірінде жаңа реалиялардың пайда болуы соған сәйкес жаңа сөздің пайда болуына әкеледі. Реалиялардың негізгі айырмашлығы олардың заттық мазмұнының сипатында.
Қорыта келгенде оқыту
үрдісінде студенттерді шетел тіліне
үйретуде сол елдің мәдениетімен
салт дәстүрімен сол елге ғана тән
сөз өнерінің ерекшеліктерімен таныстыру
маңызды міндеттердің бірі болып
табылады. Ол үшін олардың лингвомәдениеттанулық
құзіреттіліктерін қалыптастыру керек.
Лингвомәдениеттанулық
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Воробьев В.В. «Лингвокульторология (теория и методы)».-Москва:Из-во РУНД, 1977.
2. Костомаров В.Г. «Человеческое
измерения» как перспективное
направление в развитии
3. Кунанбаева С.С. «Современное иноязычное образовани: Методология и теория» . - Алматы: Эдельвейс, 2005.
4. Федоров А. В. «Основы общей теории перевода». – М. : Высшая школа, 1983. – 400 с.
5. Верещагин Е.М., Костомаров В.Г. « Язык и культура: Лингвострановедение в преподавании русского языка как иностранного». М.: Русский язык, 1983. 269с.
6. Шумагер Е.И. «Фоновая лексика, ее своеобразие и связь с
Культурой» //Лексика и культура. Тверь: Тверской государственный университет, 1990. – с. 124 –129.
7. Ахманова О. «Словарь лингвистических терминов». - Москва: Советская энциклопедия, 2-ое изд, 1969.
8. Томахин Г.Д. «Реалии в языке и культуре»//ИЯШ,1997, №3-с.13-18.
Информация о работе Студенттердің лингвомәдениеттанулық құзіретін қалыптастыруда реалияларды қолдану