Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2012 в 20:24, реферат
Қазіргі таңда отбасындағы ажырасу, қиын бала, ұрыс-керіс сынды жайттар күннен-күнге артуына байланысты өзекті әрі ауқымды мәселеге айналып отыр. Осындай проблемалардың түйінін шешуде әлеуметтік жұмыстың алар орны ерекше. Сондықтан, отбасындағы проблемаларды шешуде әлеуметтік көмек көрсетуіміз керек
Кіріспе.................................................................................................................
I тарау Отбасының әлеуметтік мәселелері
1.1 Отбасымен әлеуметтік жұмыстың мәні және әдістері............................
II тарау Шет елдердегі отбасымен әлеуметтік жұмыс
2.1 Араб – мұсылман әмірлігіндегі отбасымен жұмыс спецификасы .........
III тарау Қазақстандағы отбасымен әлеуметтік жұмысты жетілдіру жолдары
3.1 Қазақстандағы әлеуметтік жетілдірудің шарттары...................................
Қорытынды ......................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .................................................................
Жоспар
Кіріспе.......................
I тарау Отбасының әлеуметтік мәселелері
1.1 Отбасымен әлеуметтік жұмыстың мәні және әдістері......................
II тарау Шет елдердегі отбасымен әлеуметтік жұмыс
2.1 Араб – мұсылман әмірлігіндегі отбасымен жұмыс спецификасы .........
III тарау Қазақстандағы отбасымен әлеуметтік жұмысты жетілдіру жолдары
3.1 Қазақстандағы әлеуметтік жетілдірудің шарттары......................
Қорытынды ..............................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ..............................
Кіріспе
Қазіргі таңда отбасындағы ажырасу, қиын бала, ұрыс-керіс сынды жайттар күннен-күнге артуына байланысты өзекті әрі ауқымды мәселеге айналып отыр. Осындай проблемалардың түйінін шешуде әлеуметтік жұмыстың алар орны ерекше. Сондықтан, отбасындағы проблемаларды шешуде әлеуметтік көмек көрсетуіміз керек. Отбасыға жалпы анықтама бере отырып, алда туындайтын мәселелерге көрсетілетін әлеуметтік жұмыстың мәні мен мазмұнын ашу, отбасымен әлеуметтік жұмысты талдау, отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың жетілдіру жолдарын көрсету:
- отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың мәнін айқындау;
- отбасымен әлеуметтік жұмыстың маңызын анықтау;
Отбасы – адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Себебі: адам баласы шыр етіп дүниеге келген күннен бастап, сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді. Кәмілеттік жасқа толғаннан кейін де өзі отбасын құрып бөлек шықпағанша, туған ата-анасының қол астында, қамқорлығында болмақ. Демек, отбасы – негізгі қамқорлық мектебі.
Отбасы – некеге қарағанда күрделірек қарым-қатынастар жүйесі, ол тек жұбайларды ғана емес, сонымен қатар балаларды, туыстарды, жұбайларға жақын адамдарды біріктіреді. Отбасы – бұл әлеуметтік институт пен шағын әлеуметтік топ белгілерін иеленетін әлеуметтік жүйе. Отбасы әлеуметтік институт ретінде жұбайлардың, ата-аналардың, балалар мен басқа туыстардың өзара қарым-қатынастарын реттейтін әлеуметтік нормалардың, санкциялардың және мінез-құлық үлгілерінің жиынтығымен сипатталады. Отбасы – некеге немесе қандас туыстыққа негізделген шағын топ, оның мүшелері тұрмысының ортақтығымен, өзара моральдық жауапкершілікпен және өзара көмекпен байланысады.
Отбасы – адамдардың өзара әрекеттесулерінің ежелгі институты, бірегей құбылыс. Оның бірегейлігі бірнеше адамның ондаған жылдарға есептелетін ұзақ уақыт ішінде, яғни адам өмірінің көп бөлігінде өте тығыз өзара әрекеттесетіндігінде. Қарқынды өзара әрекетесудің, мұндай жүйесінде таластардың, дау-дамай мен дағдарыстардың пайда болмауы мүмкін емес.
І ТАРАУ ОТБАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1 Отбасымен әлеуметтік жұмыстың мәні және әдістері
Отбасы бір қарағанда, әлеуметтік түсініктер танымының қарапайым ғана түрі ретінде көрінеді. Осы термин күнделікті қарым-қатынаста қолданып, әр адамның осы отбасылық өмір туралы жеке тәжіриебесі бар.Біз осы сөзді барлық партиялардың саяси қызметкерлерінің аузынан естуге үйреніп алғанбыз, олар өздерін отбасы мен отбасы қажеттілігінің жақтастарымыз деп есептейді.1
Кәсіптік жұмыстардың шетелдік тарихына ондаған жылдар болған деп есептелінеді. Қазақстанда әлеуметтік жұмыстар тарихы енді қалыптасып жатыр, жоғары оқу орындарында әлеуметтік жұмыстар жөнінде мамандар даярлау жұмысы басталды, осы саладағы ғылыми зерттеулерге деген қызығушылық туып, халықтың әлеуметтік мәселелерін шешумен нақты айналысатын мемлекеттік, жеке меншік, қоғамдық ұйымдар құрылуда. Кеңес дәуірі кезінде қолданылған «мемлекеттік және қоғамдық қолдау жүйесі» тоқтатылып, ол қолдағы қалған принцип бойынша қаржыландырылып, бұл оның тиімділігін елеулі түрде төмендетті, олардың іс-әрекеті негізінен алғанда, әлеуметтік қамтамасыз ету болды. Осы ретте, әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік мекемелеріне диплом алған мамандар қажет болмады. Қазір біз осы қызметтің жаңартпа тәсіліне қарсы келетін, мемлекеттік әлеуметтік қызметтердің инерциялық ойлауымен әлі де болса кездесып қалып отырмыз.
Әлеуметтік жұмыстардың мәні әлеуметтік қайта құру дәуірінде өсіп отыр, оның иіндеті болмай қалмайтын әлеуметтік дау-жанжал салдарын төміндету болып табылады. Әлеуметтік жұмыстардың кәсібилігі, өмір сүру мүмкіншіліктері кедейшілік, денсаулығының төмендігі, дискриминация және мүгідектігі салдарынан шектелген адамдар мен отбасыларын реформаға табысты түрде бейімделуге мүмкіндік береді. Әлеуметтік жұмыстардың дамуы әлеумнттік жағдайы мүдделері әр түрлі топтағы адамдар үшін өз мүмкіндіктерінтеңестеруге қол жеткезуін шамалайтын, азаматтық қоғамның құндылықтарын қалыптастырумен тығыз байланысты.Әлеуметтік жұмыс, бір жағынан алғанда, өмір сүрудің қиын жағдайында отырған адамға немесе топқа көмек көрсетуге бағытталған, ал екінші жағынан алғанда, ол жеке адам, жеке топ, қоғамдық, жеке меншік және мемлекеттік ұйымдар арасында делдалдың маңызды рөлін атқарады.
Әлеуметтік жұмыс әлеуметтік қиыстырылған іс- әрекет болып табылады, онда қызмет жүйесі, жұмыс бастылықтың құрылымы мен теория жиынтығы айтылады. Оның мазмұны сол және басқа елдегі әлеуметтік көмек қажет ететін адамдармен жүргізілген жұмыстармен, әлеуметтік қызметтердің қалыптасқан түрлерімен, әлеуметтік жұмыстардың кәіптік дәрежесімен және клиенттердің әр түрлітобымен жүргізлетін әлеуметтік саясат сипатымен анықалады.Кәсіби әлеуметтік жұмыс отбасы құрамы мен клиенттің тұрмыс қалпы, әлеуметтік мәртебесі, дін, этика, мәдениет деректерімен анықталатын әр түрлі жағдайларда іске асырылады.7
Әлеуметтік жұмыстардың дәстүрлі тұжырымдамасы жеке, отбасылық, өндірістік және басқс да мәселелерді анықтау кезіндегі көмек көрсетудегі, адамның қоғаммен өұқықтық, экономикалық, әлеуметтік қатынастарын ретке келтіруші ретінде әлеуметтік жұмыстардың мақсатын анықтайды. Отбасы немесе оның жеке мүшелерімен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың жеке сипаты бар екендігі осыдан көрінеді. Бұл әлеуеттік қызметкердің өз объектісімен жеке байланысын шамалайды.
Әлеуметтік мәдени жағдайлар үнемі өзгеріп тұратындықтан, отбасында болып жатқан өзгерістерді қадағалап отыруға мүмкіндік беретін отбасылық мониторинг орнату қажет. Осындай ақпарат ең алдымен, отбасымен әлеуметтік жұмыс жүргізетін қызметтерге қажет. «Отбасы» терминіне практикада анықтама беру оңай нәрсе емес.
Отбасына біз қандас немесе интимдік, жыныстық қатынастар арқылы бір-біріне жақын адамдардан тұратын туысқандар тобын жатқызамыз. Отбасы негізінде, некеден жасалады және қоғамдық қатынастар мен өмірдің басқа да әдет-ғұрыптарына қарағанда, тұрақты болады. Дегенмен, бірге тұрып, шаруашылықтарын бірге жүргізіп, заң түрінде тіркелмеген отбасылар да кездеседі. Соңғы уақытта осындай отбасылар санының көбейіп кеткені байқалады. Некенің тұрақты немесе тұрақсыз болып келуі де әртүрлі. Бүгінгі күні қоғамда болып жатқан адамдар әртүрлі өзгерістерге байланысты, отбасы тәртібі мен ұйымы да соған қарай икемделеді. Отбасының жеке қатынастары мен өмірдің әдет-ғұрпына экономикалық жағдай, заң, дін, білім, салт-дәстүр әсер етеді. Сондықтан, отбасын ортадағы қоғамның экономикалық және әлеуметтік аспектілерін игеретін әлеуметтік және экономикалық тұрғыда қарастырамыз.
Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың да басқа да ғылымдар сияқты теориялық және эмперикалық білімдері бірдей, оның ерекшеліктері ббілімдері мен ептіліктерінде. Осы әлеуметтік қызметкер мен әлеуметтік жұмыс ғылымының принципі болып табылады. Ғылым ажырамас құрамдас бөліктерден: заңдылық, приинцип және әдістерден тұрады. Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс қызметтің әмбебап түрі болып табылады, ол басқа ғылымдар топтамасымен байланысты, олардың бірнеше негізгі принциптерін бөліп алуға болады:жалпы философиялық принциптер: детерменизм, бейнелеу, даму. Әлеуметтік ғылымдардың жалпы принциптері: тарихи, әлеуметтік келісу, әлеуметтік мәнділік. Бұлардың ерекше белгілері: плюрализм (әр түрлі ой-пікірлер) отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстар принципін түсіну.
Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстар ғылымының келесі принциптері оларды топтастыруға байланысты: мазмұнды принциптер: қоғамдық-топтық және жеке мүдделерінің үйлесімі; өзін-өзі және отбасы мүшелерін қамтамасыз ету, отбасы мүшелерінің күнкөрісі үшін өзіңің күнелтуі және толық жарамды азамат тәрбиелеу. 3
Психологиялық-педагогикалық принциптер – эмпатия (жан ашуы); сенімді психологиялық пана, қазіргі уақытта қиын жағдайларда адамға күнелтуге көмектесу және т.б; әдістемелік принциптер: мирасқорлық, бірізділік, үздіксіздік, құзырлылық; ұйымдастырушылық – жинақтылық, делдалдық (психология, құқық, медицина және т.б. ғалымдар арасында);нормативті актілер мен заңдарда әлеуметтік жұмыс тәжірибесі мен талдап қорытындылаудың нақты принциптері, атап айтқанда, өзінің отбасы мүшелеріне экономикалық, әлеуметтік және дене қауіпсіздігін қамтамсыз ететін адамдар мен азаматтардың құқын сақтау, отбасындағы жас балалар, қартайған және науқас адамдарға мемлекеттің қамқорлық кепілдігі, балалар мен жастарды әлеуметтендіру шарты; отбасында, жұмыста құпиялылықты, махаббатқа деген сезімін, өмірге деген құштарлығын сақтау және т.б.
Отбасымен әлеуметтік жұмыс жүргізу кезіндегі операциялармен тәсілдер жиынтығын, қандайда бір мақсатқа жету жолдарын, нақты мәселені шешуді әдіс деп түсінеміз. Отбасымен әлеуметтік жқмыс жүргізу кезіндегі көптеген әдістер пән аралық болып саналады, өйткені өз қызметімен және ауқымды міндеттеріне байланысты ғылым ретінде бөлінеді. Сондықтан да, отбасымен әлеуметтік жұмыс жүргізу кезінде қолданылатын әдістерді сипаттай отырып, оларды экономикалық, құқықтық, медициналық, саяси, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік, әкімшілік, педагогикалық және т.б. түрге бөлеміз.
Сондай-ақ, мақсатқа жету үшін өз жұмыс тәсілдері мен міндеттері игерген, отбасы саласы және отбасымен жүргізілетін жұмыс технологиясын өзіндік ерекшелігі бар маман ретінде әлеуметтік қызметкердің мамандығымен де анықталады.
Әр ғылым жалпы пікірлер мен жанжақты заңдарға – методологияға сүйеніп, «өз» құбылыстарын зерттеу және де ғылыми білімді практикада қолдану әдістерін жетілдіреді, яғни мәселені шешу әдісі.
Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс ғылым ретінде адамдық қызметтің саласы болып табылады, ал оның қызметі жалпы отбасы мен толық жарамды азаматтардың күнкөрісі үшін, отбасы жөніндегі білімді жүйелік, пысықтаудан тұрады. Осындай қызметтердің бапрлығын отбасымен жеке тұлғалардың мәселелерін шешетін мамандар, белсенділер, кәсіпкерлердің кәсіптік, мемлекеттік, қоғамдық әдістерімен іске асыруға болады. Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстарын маңызды мәселелерінің бірі – қоғамның әлеуметтік-саяси жағдайлары мен отбасының өзінің ішкі үдерістеріне қатысты отбасы, отбасы қатынастары дамуының ішкі мәселелерін шешудің ұтымды әдістері мен технологияларын әзірлеу жөніндегі жұмыс әдістері мен қолданыстағы нысандарын талдау болып табылады.
Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс өзінің негізінде әлеуметтік (қоғамдық) ғылым бола отырып, техникалық, әсіресе, табиғи ғылымдармен байланысты. Оның білімі шегінде жүргізілетін зерттеулер пәнаралық сипатта болады: әлеуметтік-демографиялық, әлеуметтік-саяси, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық т.б.,ал екінші жағынан социология, педагогика, құқықтану және басқа да әлеуметтік пәндермен байланыстары бар.
Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс жүргізу кезіндегі көптеген әдістер пәнаралық болып саналады, өйткені өз қызметімен және ауқымды міндеттеріне
байланысты ғылым ретінде бөлінеді. Сондықтан да, отбасымен әлеуметтік жұмыс жүргізу кезінде қолданалатын әдістерді сипаттай отырып, оларды экономикалық, медициналық, саяси, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік, әкімшілік, педагогикалық және т.б. түрге бөлеміз. 7
Отбасымен жұмыс жүргізетін әлеуметтік қызметкер бұл – біздің басты маңызды ұғымарының бірі. Отбасымен жүргізетін әлеуметтік қызметкер бұл – отбасымен әлеуметтік жұмыс жүргізу саласындағы маман, өзінің кәсіби, лауызымдық міндеттеріне қарай адамда, отбасында, топта пайда болған проблемаларды жеңе білуде әлеуметтік көмектің барлық түрін көрсететін адам.
Отбасы барлық уақытта ежелгі философтардан бастап қазіргі заманғы ғылымдардың зерттеулерін қоса алғанда, озық қоғамдық ойлардың, ілгері саяси және қоғамдық қайреткерлердің басты назарында болды. Бірақ, отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс ғылым ретінде әлі даму үстінде.
II тарау Шет елдердегі отбасымен әлеуметтік жұмыс
2.1 Араб – мұсылман әмірлігіндегі отбасымен жұмыс спецификасы
Әлеуметтік қамтамасыз етудің жүйелері Араб-мұсылман елдерінде де қызмет көрсетеді. Олардың әрқайсысының өзіндік ерекшелігі болғанымен де, барлығы да бір – бірімен тығыз байланысты.Жалпы ерекшеліктерге әлеуметтік көмектің аймақтық – отбасылық факторларының көрсетілуін жатқызуға болады. Сол сияқты, сақтандыру механизмін және әлеуметтік қорғаудағы мемлекеттің қатысуын маңызды механизм ретінде қарауға болады. Мемлекеттің әлеуметтік көмегі мұнай көп өндірілетін елдің шығыс бөлігінде жақсы қолға алынған. Олардың кейбіреулері конституйиялық дәрежеде әлеуметтік саяхат пен әлеуметтік қамсыздандыру бағытын қолға алған. Мысалы, Кувейт үкіметі үшін бағыт сілтеушісі, алдына қойған мақсаты – «әлеуметтік қорғаудағы мемлекет» болып табылады, және ол конституцияда бекітілген болып табылады. Бұл жай ғана декларация ғана емес. Кувейтте 1990 жылдың аяғында мемлекеттегі әрбір адам басына жылдық кірістің 11 мың ақщ долларына дейін жеткізді. Бұл бүкіләлемдік адам басына шаққандағы жылдық кірістің орта жәрежесінен 5 есе көп болып отыр. Арабтарға және басқа да мұсылман халықтарына әлеуметтік қамтамасыз етудің аймақтық - дәстүрлі түрі тән болып отыр. Өзін тазартқан, яғни, меккеге, қажылыққа барған адамдарға күнделікті өміріндегі әлеуметтік проблемаларына ерекше қарайды екен. Яғни, олардың өздері біреуді әлеуметтік жағынан қамтамасыз етіп отырады екен. Жетімдер, жесірлер, кедейлер және т.б. өмірден көңілі қалған адамдарға көмек беріп отырады екен. Имам, молдалардың қатысуынсыз өмірдегі маңызды мәселелердің ешқайсысы өткізілмейді екен, яғни туылған күннен бастап, неке құру мен өмірден өтуге дейін. Олар көбінесе әлеуметтік көмекті қажет ететін адамдардың әлеуметтік мәселелерін шешуге көмектеседі. Яғни, бұл жердегі ерекшелік – қасиетті қызметкерлер әлеуметтік қызметкерлердің жұмысын атқарады. Бұндай ерекшелік Сирия, Иордания, Ирак және де басқа араб елдерінде бар. Бұл олардың дәстүрлі – аймақтық бағыты болып табылады. Мұсылман елдерінде әлеуметтік көмек көрсету бұрыннан бері келе жатыр. Оған мысалыға Ресейдегі мұсылмандардың өмірін келтіруге болады.