Шетел тілін оқытуда ойын элементтерін пайдалану

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2013 в 19:38, реферат

Описание работы

Шетел тілін оқыту мақсаттары қоғамның мұқтаждығына байланысты өзгеріп отырады. Қазіргі кезде орта мектепте шетел тілін оқыту мынадай төрт мақсат көздейді: коммуникативтік мақсат, білімдік, тәрбиелік және жетілдіру мақсаты. Осы аталған мақсаттардың ішінде коммуникативті мақсат жетекші рөл атқарады, қалған мақсаттар сол коммуникативтік мақсатты орындау арқылы жүзеге асырылады.
Орта мектепте шетел тілін оқытудың басты мақсаты коммуникативтік мақсат болуға тиіс, яғни орта мектепті бітіруші бағдарламада белгіленген көлемде оқыған шетел тілін қатынас құралы ретінде меңгеруге тиіс.

Содержание

І. Кіріспе:
Мектепте шетел тілін оқытудың мақсаты мен міндеттері
ІІ. Негізгі бөлім:
А) Шетел тілін оқытудағы ойынның қолданылуы.
Б) Ойын – шетел тілі сабақтарында оқушылардың білімін
қалыптастырудағы әдістердің бірі.
С) Ойын және оның түрлері.
ІІІ. Қорытынды:

Работа содержит 1 файл

реферат 1.doc

— 57.00 Кб (Скачать)

Тақырыбы: Шет тілін үйретуде ойын элементтерін пайдалану

І. Кіріспе:

Мектепте шетел  тілін оқытудың мақсаты мен міндеттері

ІІ. Негізгі бөлім:

А) Шетел тілін  оқытудағы ойынның қолданылуы. 
Б) Ойын – шетел тілі сабақтарында оқушылардың білімін 
     қалыптастырудағы әдістердің бірі. 
С) Ойын және оның түрлері.

ІІІ. Қорытынды:

Шетел тілін оқытудағы  ойынның маңызы мен ролі.  

         Шетел тілін оқыту мақсаттары қоғамның мұқтаждығына байланысты өзгеріп отырады. Қазіргі кезде орта мектепте шетел тілін оқыту мынадай төрт мақсат көздейді: коммуникативтік мақсат, білімдік, тәрбиелік және жетілдіру мақсаты. Осы аталған мақсаттардың ішінде коммуникативті мақсат жетекші рөл атқарады, қалған мақсаттар сол коммуникативтік мақсатты орындау арқылы жүзеге асырылады. 
          Орта мектепте шетел тілін оқытудың басты мақсаты коммуникативтік мақсат болуға тиіс, яғни орта мектепті бітіруші бағдарламада белгіленген көлемде оқыған шетел тілін қатынас құралы ретінде меңгеруге тиіс. Демек сөз әрекетінің негізгі түрлерін: монолог және диалог түрінде сөйлеу ауызша айтылған сөзі тыңдап, түсіну, жазбаша мәтіндерді оқып, ондағы ақпаратты қабылдай білу іскерліктерін меңгеруге тиіс. 
          Жалпы орта білім беретін мектепте шетел тілін оқыту осындай практикалық мақсатпен бірге білімдік мақсатты да көздейді, яғни, шетел тілін оқыту барысында оқушылардың филологиялық білімін арттыру және жалпы дүниетанымын кеңйту мақсаты жүзеге асады. Шетел тілін үйрену арқылы сол тілді үйреніп отырған елдің мәдени мұраларымен, көркемөнерімен танысады. Сөйтіп шетел тілі пәнаралық байланыстарды жүзеге асыруға да мүмкіндік жасайды. 
            Шетел тілінің лексикалық, грамматикалық, фонетикалық құралдарын игеру барысында оқушылардың бойында білім алуда белсенділік, өз бетімен жұмыс істеуге қабілеттілік, қорытынды жасай білу іскерлігі қалыптасады. Жалпы білім беретін мектепте шетел тілін практикалық тұрғыда меңгеруге үйреткенде оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге баулу, алған білімін, икемділік дағдыларын жаңа жағдайларға тап болған кезде, шығармашылықпен қолдана білуге машықтандыру көзделеді. Оқушылардың білімін арттыру олардың жалпы дүниетанымын кеңейту мақсатында жүзеге асырылдаы. Осы мақсатпен анықтама әдебиеттерді пайдалану, мәтін мазмұнын өз бетімен түсінуге бейімделу және оның кейбір жерлерін түсінгендерін қысқаша айтып беру, шағын хабарлар дайындау және өз пікірін айтып, баға беру сияқты әрекеттерге дағдыландырудың маңызы зор. 
                Шетел тілі пәні оқушылардың жан-жақты дамып жетілуіне, дүниеге көзқарасының, сана-сезімінің, рухани және эстетикалық көзқарасының қалыптасуына, өз бетінше білімін көтеруге ұмтылуын дағдыға айналдыруына игі әсер етеді. Шетел тілін оқып үйрену барысында оқушылар өз сөзін жоспарлай білуге икемделеді, сөз әдептерін дұрыс пайдалануға дағдыланады. 
   Шетел тілі мектепте оқытудың шарттарын ескере отырып, оқушылардың мектепті бітіргеннен кейін де шетел тілін оқып, түсіне білу қабілетін қалыптастыруға мән берілуге тиіс. Осыған орай шетел тілін мектепте оқытудың  практикалық мақсатын жүзеге асырудың алғы шарты – оқыту әдіс-тәсіліне, коммуникативтік бағдар беруге назар аударылады. 
   Коммуникативтік лингвистика саласындағы қазіргі ғылыми зерттеулердің нәтижелері шетел тілдерін оқытуда көптеген теориялық және практикалық мәселелерін, оның ішінде ең алдымен оқытудың мазмұны туралы мәселені жаңа тұрғыдан шешу қажеттілігін көрсетуде. Қазіргі кезде шетел тілінің атқаратын ролі ерекше. Қазір адамдардың тіл саласындағы қызметі тіл арқылы қарым-қатынасқа түсуі, комуникативтік және танымдық мәні бар міндеттерді ойдағыдай шешуде және ойдағыдай түсінісуде көмекке келетін тәсілдер мен құралдар сияқты мәселелерге ерекше көңіл бөлуде. 
   Мұғалім оқушыларға шетел тілін үйрету үшін, біріншіден шетел тілі бізге неге керек? Не үшін оқимыз? Қандай пайдасы бар? – деген сұрақтарға жауап беру керек. Осы сұрақтарға жауап берген соң әрбір мұғалім оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру жолдарын қарастыру керек. Сабақтың қызғылықты да әсерлі өтілуі жаңа сабақтың тартымды түсіндірілуіне де байланысты. Көрнекілік пен техникалық құралдарды ұтымды пайдалану жоғарыдағы міндетті ойдағыдай шешуге ықпал етеді. Оқушылардың материалды жеңіл меңгеруіне мүмкіндік туғызады, олардың ынтасын, қызығушылығын арттырады. Оқушылар шетел тілін үйренумен қатар шетелдің тарихымен, әдет-ғұрпымен, әдебиетімен танысады. Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру жолдарының бірі сыныптан тыс жұмыстар және қосымша материалдар беру. Қосымша материалдарды пайдаланып отыру оқушылардың сөздік қорын кеңйтіп, тіл байлығын жетілдіреді, шетел тілінде сөйлеу дағдыларын қалыптастырады. 
              Мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеттерінің бірі – ойын. Бірақ мектепте ойынды сабақтан мүлде бөліп қарауға болмайды. Жалпы орта білім беретін мектептердегі шетел тілдерін оқыту тұжырымдамасында төменгі және орта сатыда, тіпті жоғары сатыда да ойын элементтерін кеңінен қолданған тиімді болатыны көрсетілген. Шетел тілін оқытуда қолданылатын әдістердің ішінде ойын элементтері маңызды роль атқарады. Оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда, жаңа сөздерді меңгеруде, тілге деген қызығушылығын арттыруда, білім деңгейін тексеруде ойын элементтерін пайдаланған жөн. Мұғалім ойындардың сабақ кезінде қолдануға ыңғайлы, өткізілуі жағынан қарапайым түрлерін таңдап алғаны жөн. Таңдап алынған ойындар оқушылардың жас ерекшелігіне, сөз байлығына, білім деңгейіне сай болуы керек. Сабақ барысында ойын элементтерін пайдалану үшін мұғалім алдын-ала жоспар құрып алуы керек. Жоспар әдістемелік тұрғыдан қарағанда мынандай шарттарға жауап беруі тиіс: 
-ойынның өтілетін сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сәйкес болуы; 
-ойынға бөлінетін уақыттың нақты белгіленуі; 
-ойынның ойналу түрінің нақтылануы (топпен ойын немесе жекелей ойын); 
-ойынға қажетті материалдардың дайындалуы; 
-қолданылатын сөздер, сөз тіркестері, мақал-мәтелдер, тақпақтардың таңдалынып алынуы; 
-пысықталатын грамматикалық, лексикалық, фонетикалық материалдардың анықталуы; 
-ойынның өту барысының жоспары жасалуы. 
   Сабақта қолданылатын ойындар алуан түрлі. Олар оқу ойындары және коммуникативтік ойындар болып екіге бөлінеді. Бұл ойындардың шетел тілі сабақтарында әрқайсысының пайдалану орны, мақсаты, атқаратын қызметі жағынан айырмашылықтары бар. Шетел тілін оқытудың бастапқы сатысында оқу ойындарын немесе коммуникативтік ойындарды қолдану оқушылардың білім, білік дағдыларына байланысты шешіледі. Тілді жаңадан үйреніп жүрген оқушылар еркін қарым-қатынас жасап, сөйлесе алмайды, сондықтан мұғалім тек коммуникативтік ойындарды қолдана алады. Ойынды бастар алдында түсініктеме ана тілінде жүргізіледі. Ойын жарыс түрінде өткізілсе барлық оқушылар басынан аяғына дейін ықыласпен қатысады. Ойын элементтері оқушыларды жалықтырмайды, керісінше қызықтырады. Ойын соңынан оқушылардың пікірі, көзқарасы талданады, баға беріледі. Ойын арқылы оқушылар белсенділікке, өз бетінше жұмыс істеуге, қорытынды жасауға дағдыланады.

Бастапқы және кейінгі этаптарда шетел тілін оқытудағы бір негізгі аспект ол ойын элементтерін тиімді пайдалану болып табылады. Ойын арқылы бала қоғамдық тәжірибені меңгереді, сондықтан әр сабақ үрдісінде қандай ойын қолдануға болатынын сабақтың мақсатына, жас ерекшелігіне сәйкес таңдау керек.  
Ойындар бес негізгі түрге бөлінеді:  
1)стол үсті ойындары 
2)дидактикалық ойындар 
3)қозғалыс ойындары 
4)іскерлік ойындар 
5)интеллектуалдық ойындар 
 
І. Стол үсті ойындары. 
Оқушылардың зейінділігін дамытатын, ой-өрісін кеңейтетін құрал. Сыныпта стол үсті ойындарын топтық және дара жұмыста қолдануымызға болады. Бұған ребус, кроссвордтар жатады, оларды тақтада, ватман қағазында, қима қағаздарда немесе компьютерде орындауға болады. Бұл ойындарды қорытынды, білімді тиянақтайтын сабақтарда қолданған тиімді. 
 
ІІ. Дидактикалық ойындар. 
Оқушылардың таным белсендігін жандандыратын, өздігінен ойлауын дамытатын тәсілдердің бірі. Олар кез-келген оқу материалын қызықты да тартымды қылып, оқушылардың көңілді күйін көтеруге, өздерінің жұмыстарына қанағаттануға және білім үрдісін жеңіл меңгеруге көмектеседі.  
Мысалы: «Le dejeuner d’alphabet». Бірінші оқушы: «Aujourd’hui j’ai mangé...» деп, «А» әрпінен басталатын сөзді айтады (ex : abricot), келесі оқушы бірінші оқушының сөзін қайталап, «В» әрпінен басталатын сөз айтады  (ex : banane) т.с.с.

 
ІІІ. Қозғалыс ойындары . 
Бұл ойындар оқушылардың іс-әрекеттерін бір түрінен басқа түріне тез ауысуға көмектеседі және ешқандай арнайы дайындықты талап етпейді. Бұларды жабық бөлмеде немесе ашық аланда да өткізе аламыз. 
 
IV. Іскерлік ойындар . 
Оқушылардың оқу мазмұнын терең меңгеруге және пысықтауға ықпал етеді. Олар саяхат сабақтарда белсене қатысуымен, ауызша мәлімдеуімен, күйзелуімен білімдерін жандырады. Іскерлік ойындар оқушылардың қиялын дамытады, салыстыруға және дәлелдеуге үйретеді. 
 
V.Интеллектуалдық ойындар. 
Бұл ойындар оқушылардың зор белсендігін оятады. Бұл категорияға «ұғымталдыққа, жүйріктікке, зеректікке» бейімделген тапсырмалар – шарадалар, жұмбақтар, бас қатырғыштар жатады. 
Кез келген ойынды қолданғанда келесі мәселелерді естен шығармау керек: 
-мектепте әр-түрлі ойындарды ойнаған бала шығармашылдыққа дайын; 
-ойын, оның түрі, мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай болуы; 
-жарқын көрнекілік ойынды талапқа сай өткізуге ықпал етеді; 
-ойынның қызықты материалы тақырыппен тығыз байланыста болуы. 

«Conversation téléphonique» Бұл ойын сан есімдерді жаттап, жаттығуға арналған. Бір оқушы телефонмен сыныптағы оқушының телефон номерін теріп, сандарды ауызша айтады. Қоңырау шалған оқушы қоңырауға жауап беріп, қысқаша реплика құрып, диалог жасау керек.

Нәтиже

1. Әр оқушының  шығармашылығы  артады.

2. Жылдам жұмыс  істеуге  дағдыланады

3. Оқушының жеке  қабілеті  анықталады

4. Оқушы топ  жаруға  ұмтылады.

5. Оқушының ойлау  қабілеті дамиды

6. Әр оқушы өз деңгейінмен бағаланады

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

  1. Чернова Г.М., Урок французского языка. Секреты успеха, Москва, Просвещение, 2007
  2. Бастауыш мектебі №7-8 2008
  3. Кириллова М.Е., Игровая технология на уроках французского языка.
  4. Мектептегі  шет тілі  №1.2009

 

  1. http://www.studyfrench.ru

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚР БІЛІМ  ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

 

 

 

 

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: «Шетел тілін оқытуда ойын элементтерін пайдалану»

 

 

Орындаған: Нурмухаева А.

Тексерген: Меңдіғазиева М.Т.


Информация о работе Шетел тілін оқытуда ойын элементтерін пайдалану