Шетел тілдерін үйретуде рөлдік ойындарды қолдану

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2013 в 10:53, курсовая работа

Описание работы

Зерттеу мақсаты: Шетел тілдерін оқытуда рөлдік ойындарды қолданудың бүгінгі жай-күйін теориялық тұрғыдан сараптау, оқушылардың сөйлеу дағдысын дамытуда рөлдік ойындарды ұйымдастырудың ең тиімді жолдарын табу, оларды сабақ үдерісінде пайдаланудың тиімділігін тәжірибелік-эксперименттік жолмен тексеру.
Зерттеу міндеттері:
1)Шетел тілін оқытуда рөлдік ойындарды қолдануды теориялық тұрғыдан қарастыру және оның тиімділігін анықтау
2)Сабақ барысында рөлдік ойындарды қолдану жетістіктерге әкелетінін дәлелдеу
3)Мектеп мұғалімдеріне практикалық ұсыныс жасау

Работа содержит 1 файл

алуа курсовой.doc

— 155.00 Кб (Скачать)

    Мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеттерінің бірі – ойын. Бірақ мектепте ойынды сабақтан мүлде бөліп қарауға болмайды. Жалпы орта білім беретін мектептердегі шетел тілдерін оқыту тұжырымдамасында төменгі және орта сатыда, тіпті жоғары сатыда да ойын элементтерін кеңінен қолданған тиімді болатыны көрсетілген. Шетел тілін оқытуда қолданылатын әдістердің ішінде ойын элементтері маңызды роль атқарады. Оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда, жаңа сөздерді меңгеруде, тілге деген қызығушылығын арттыруда, білім деңгейін тексеруде ойын элементтерін пайдаланған жөн. Мұғалім ойындардың сабақ кезінде қолдануға ыңғайлы, өткізілуі жағынан қарапайым түрлерін таңдап алғаны жөн. Таңдап алынған ойындар оқушылардың жас ерекшелігіне, сөз байлығына, білім деңгейіне сай болуы керек. Сабақ барысында ойын элементтерін пайдалану үшін мұғалім алдын-ала жоспар құрып алуы керек.

2.3 Ағылшын  тілі сабағында ойын әдісі  арқылы оқушылардың коммуникативтік  біліктілігін дамыту

             Ғылыми жұмыстың екінші тарауында ойын әдісі арқылы оқушылардың коммуникативтік біліктілігін  дамыту жолдары эксперимент тұрғыдан зерттелді. Еліміздің   тәуелсіздік  алып, дербес  мемлекет  болып, нарықтық  қатынастар  заңымен  өмір  сүруге  бет бұрып, шет елдік мемлекеттермен  терезесі  теңесіп тұрған  кезеңінде, білім беру  жүйесі  де  өз  алдына  бөлек дамып, күрделене түсуде. Бұл өз  кезегінде қазіргі таңдағы педагогика  саласындағы оқу үрдісінің басты мақсаттары  мен  міндеттерінің  жоғары  деңгейде  қойылуына өз  әсерін  тигізуде. Білім  беру  жүйесінде  білім  алушылардың  білім сапасын  арттыру  мәселесінде  ғылым  мен  тәжірибенің бір-бірімен  өзара  байланысқан, көптен  қалыптасып  келе  жатқан  қарама-қайшылықтарын  шешу  басты  мәселелердің  бірі  болып  табылады. Сол  мәселелердің  ішіндегі  ең  бастысы  оқыту  үрдісіндегі  оқытудың  әдістері  мен  формаларының  мазмұнының  сәйкес  келмеуі. Осы  орайда, әлі  де  жаңа  инновацияның  бірі  болып  табылатын, өте қызықты және  алдынан үміт   күттіретін  оқыту әдісінің  бір түрі-ойын  арқылы  оқыту әдісі.Бұл бөлімнің  «Ойын категориясына ғылыми  көзқарастар мен ой-тұжырымдар» атты  тарауында ойын  жөнінде айтылған көптеген  философиялық  көзқарастар  әлем  мәдениетімен  тығыз байланысты екендігі көптеген зерттеушілердің еңбектерінде кездесетіндігі  айтылады. Айталық,  ерте  замандардағы  эллиндік  және  римдік  халықтар  ойынды  балаларды тәрбиелеу құралы  етіп,  жауынгер  ұландарды дайындау  мақсатында  қолданған. Ойындар  арқылы  жас  ұрпаққа  соғыс  өнерін  үйретіп, мәдениет  пен  сөз  өнерін  дарытқан. Ойындардың  жастарды  тәрбиелеу  мүмкіншіліктерінің зор екендігіне  жете   мән  берген. VII-XX  ғасырларда  ойын  әрекетін  түсіндіруде  жаңа көзқарастар, пайымдаулар орнығып, төмендегідей ғалымдар ойын  әрекетінің  философиялық  негіздерін  ғылыми  тұрғыдан  қарастырды,олар: Г. Гегель, В. Вундт, Ф. Шиллер, К. Бюлер, В. Фриге, К.Гросс, Г. Спенсер, И. Хейзинга, И. Кант, Г.М. Мейес, В.М. Демин, М.А. Каган, т.б. ғалымдар ойын  теориясының  қалыптасуы  мен  дамуын,  ойын  іс-әрекетінің  әлеуметтік  жақтарын  анықтап,  оның  баланың  қиялы  мен  ойлау  қабілетіне  оң  әсер  ететінін  анықтаған.Бірінші  бөлімнің  «Ойын  түрлерінің  әдістемелік  топтастыру  жолдары»  деп  аталатын  екінші  тарауында  ойын  түрлерінің  классификациялануы  қарастырылады.  Қазіргі  уақыттағы  ғылыми  түсінік  бойынша  ойындарды  халықтық, спорттық, кәсіптік  немесе  іскер, стратегиялық, дидактикалық, коммуникативті  деп  классификациялайды. Ойындарды   классификациялау  оқыту   ойындары  теориясының  ең  маңызды  мәселесі  болып  табылады. Ойындарды  классификациялауға  әр  түрлі  жағынан  келген  зерттеу  нәтижелері  бар. Солардың  кейбіреулеріне  тоқтала  кетсек.     

           Біздің  ойымызша  берілген  классификацияға  коммуникативті  біліктілікті  дамыту  ойындары  түрін  қосуға  әбден  болады, олай  дейтініміз қазіргі  кезде  қоғам  талабына  сай, шетел  тілдерін  оқытуда  қойылып  жүрген  ортақ  міндет - тілді  коммуникативті  бағытта  оқыту, ондағы  мақсат - оқушыларды  қарапайым  болса  да  өз  ойларын  еркін  жеткізумен  шектелмей,  өзара  тіл  табысып, пікір  алысуға  үйрету, себебі  жалпыға  білім беретін  орта  мектепте  берілетін  бүкіл  білімнің  негізгі  мақсаты - оқушының  шетел  тілінде  сөйлеу  қабілетін  дамыту.

«Коммуникативтік  біліктілік пен коммуникативтік  әдісінің негіздері»  атты  үшінші  тарауда  қазіргі  кездегі шет  тілін   оқыту  үрдісінде  кеңінен  қолданылып  жүрген коммуникативті  әдіс  пен  коммуникативті  біліктілік  ұғымдарына  түсінік берілген. Коммуникативтік әдіс – оқушы мен мұғалімнің тікелей қарым-қатынасы арқылы жүзеге асатыны, белгілі бір тілде сөйлеу мәнерін қалыптастыратын, тілдік қатынас пен әдістемелік категорияларға тән басты белгілер мен қағидалардың басты жүйесінен тұратын, тіл үйретудің тиімді жолдарын тоғыстыра келіп, тілдік қарым-қатынас құралы ретінде іс жүзіне асыратын әдістің түрі.

            Шетел  тілін  оқытуда  оқушылардың  коммуникативтік  біліктілігін  қалыптастыру  бүгінгі  күнде  ең  маңызды мәселенің  біріне  айналуда. Шетел  тілінде  сөз  әрекетінің  жоғары  деңгейде болуы  коммуникативтік  біліктілік  элементтерінің  оқушылардың  бойында  толық  қалыптасуынан  көрініс  табады. Олар: коммуникативтік  білім, коммуникативтік  дағды, коммуникативтік  іскерлік. Осы  элементтерді  шетел  тілдерін  оқып  үйренудің  бастапқы  деңгейінде  сөз  әрекетінде  қалыптастыра  білуіміз  қажет [10.14]. 

                Бұл  ұғымға  анықтама  беретін  болсақ  коммуникативтік  біліктілік  дегеніміз  шетел  тілінің  грамматикалық  құрылымы  мен  тілдік  бірліктердің  қызметін  толық  білетін, яғни  лингвистикалық  білімі  сөз  әрекетінен  сөйлеу  түрі  жоғары  деңгейде   көрінетін, шетел  тілінде  еркін қарым-қатынас  жасай  алатын адамның   тілге деген   қабілеттілігі деп  көптеген  әдістемелік  әдебиеттерде  көрсетілген [10.14].  Коммуникативтік  біліктілік  белгілі  бір  тілдік  ортада  немесе  арнайы  ұйымдастырылған  оқу  үдерісінде  қалыптасатындығы  қазіргі  таңда  жиі  айтылып  жүр.

Оқушы  оқу  үрдісіндегі  басты  субьект, ал  мұғалім  шетел  тілінде  қарым-қатынас  жасаудағы  көмекшісі  және  ұйымдастырушысы   болып  табылады. Шетел  тілі  пәнін  оқудағы  басты  әрекет  оқушының  сыртқы  және  ішкі  белсенділігінен  танылады. Шетел  тілін оқытуда  коммуникативті  бағдарлы  әрекетті  қарастыра  отырып, әдіскер  Р. Мильурд  мынандай  тұжырымды  көрсетеді, яғни  әдістемелік  тәсіл  көмегімен  коммуникативтік  ойын  еркін  қатынас негізінде  қарастырылады. Бұл  жағдайда  тапсырма  түрлері  мынандай болуы  мүмкін: коммуникативті  ойын; коммуникативті  имитация; еркін  қарым-қатынас [10.14].

Оқушының  коммуникативтік  қабілетін  дамытуда  оқыту: оқу, сөйлеу, тыңдау, жазу-ауызша  өзара  қатынас, жазбаша  өзара  қатынас  бір  уақытта  дамиды;  оқытудың  бұл  төрт  түрі  де  сөйлесушілердің  бір-бірін  түсінуін  қамтамасыз  етеді.

Оқу  үрдісі  негізінде  коммуникативтік  қабілетін  дамытуда  ойын  элементтерін  пайдаланып, топпен  және  жеке  немесе  жұппен  жұмыс  істеу  арқылы  оқушының  жеке тұлға  ретінде  ерекшеліктерін  анықтау, зейінділігін  қадағалау, өз  білім  деңгейіне  өзі  баға  беруіне  көмектеседі.

 

 

2 тарау  қорытындысы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

              Зерттеудің  мақсатына  сәйкес, аталмыш  зерттеу  жұмысында  коммуникативтік әдісінің  оқыту үрдісіндегі рөлі  мен ойын   арқылы  оқыту әдісінің  маңыздылығы, ағылшын тілі  сабақтарында  ойын  әдісі арқылы  оқушылардың коммуникативті  біліктілігін  дамытуға  қатысты ғылыми-зерттеу жұмыстарындағы  көптеген  шетелдік  және  отандық зерттеушілердің   ойын  категориясына берілген  анықтамалары мен ой- тұжырымдары талданды.  Біз қазіргі таңда оқушылардың сөйлеу  біліктілігін  дамыту  жолдарының  басты шарты – оқыту үдерісінде  ағылшын тілі  сабақтарында  ойын  арқылы  оқыту  әдісін  жиі  пайдалану  тиімдірек  деген  қағиданы  ұстандық.

Мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыру  мақсатында  әдістемелік әдебиеттерді пайдаланып, ауызекі сөйлеуді  дамытуға арналған  ойын  түрлерін  жинақталынып,  топтастырылды. 

Ойын  түрлерінің  ішіндегі  коммуникативті  біліктілікті  дамытатын  ойындардың  басқа  ойын  түрлерінен  айырмашылығы, тиімділігі  анықталды.

Қорыта  келе, ойын  түрлері  педагогикалық, психологиялық  және оқыту әдістемесі тұрғысынан салғастырмалы талдау жасау арқылы қарастырылу барысында, ағылшын тілі сабағында оқушылардың коммуникативті  біліктілігі мен сөйлеу  дағдысын  дамыту, коммуникативті ортаны қалыптастыру және де білім беру жолында жоғары нәтижелерге жету үшін, білім берудің қазіргі тұжырымдамасына сәйкес оқу үдерісінің белгілі бір жүйемен үздіксіз жүргізілуі, сонымен қатар, осы тұста, тіл, психология және педагогика сабақтастығының қажеттілігі айқындалды.

 Оқыту үдерісі  барысында қарапайым коммуникативтік  біліктілікті, яғни шетел тілін қажетті жағдаяттағы ауызша және жазбаша (сөйлесім, тыңдалым, оқылым, жазылым) өзара мәдени қарым-қатынас үдерісінде қолдана алу қабілеттілігі мен дайындығын қалыптастыруды қамтамасыз ететін тілдік, сөздік, әлеуметтік-мәдени білім, білік дағдыларының ендірілуі зерделенді.

Ағылшын  тілі  сабағында  оқушылардың  сөйлеу  біліктілігін  ойын  әдісі  арқылы  дамытудың  әдістемесі  ұсынылды, бұл  әдістеме  ағылшын тілі сабақтарындағы  ойындарды, коммуникативті  ойындарды, шетелдік  мектептердегі  тіл сабақтарында   қолданылатын коммуникативті ойындар  мен  ойын  әрекеттерін  қамтыды.

Отандық  және  шетел  мемлекеттерінде сабақ  үдерісінде  қолданылатын  коммуникативті  біліктілікті  дамытатын  ойын  түрлері  салғастыра  талданып, сараланып, топтастырып нақтыланды. Ойын  түрлерінің арасындағы айырмашылығы және тиімділігі  анықталып, олардың қолданылу жолдары мен ерекшеліктері қарастырылып, мысалдар арқылы дәлелденіп, белсенді әдіс ретіндегі  іскерлік  ойындардың  мүмкіндігі  және   коммуникативті  оқыту  әдісінің  маңыздылығы айқындалды. Коммуникативті  ойындарды ағылшын тілі  сабақтарында  қолданудың ұтымдылығы эксперимент нәтижелері бойынша дәлелденді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиет тізімі

1. Макапова Г.К.  « Роль ролевых игр в обучении  иностранному языку» // Қазақстан  мектептеріндегі шет тілі 6/2006.- 37-40 б.

2. Пассов Е.И.  «Игра дело серезьное» // Урок  иностранного языка в средняях  школах.- 1988.- 204-211б.

3. Мартыненко Л. С. Ролевые и деловые игры на уроках английского языка. –М., 1997 .- 56-58 б.

4. Жилкина Д.Н.  «Ролевые игры на уроках английского  языка» // Иностранные языки в  школе №1/2010.- 34-38 б.

5. Тұрғанбаева  М.О. «Ағылшын тілі сабағында ойын элементтерін қолдану жолдары»// Мектептегі шет тілі №1/2008.- 11-13б.

6. М.Ф.- «Обучающие игры на английском языке.»- М., 1984.- 96-98 б.

7. Семенова Т.В.  « Ролевые игры в обучении  иностранным языкам» // Иностранные  языки в школе №1/2005.- 13-14 б.

8. Ливингстоун К. –« Ролевая игра в обучении иностранным языкам.» -М: Высшая школа, 1988.-53 б.

9. Зимняя, И. А. Психологические аспекты обучения говорению на иностранном языке. М.: Просвещение, 2005.- 357 б.

10. Конышева  А.В. «Использование ролевых игр в обучений иностранного языка на начальном этапе»  Игровой метод в обучении иностранному языку// №5/2008.- 11-13 б.

11. Калимулина О.В. Ролевые игры в обучении диалогической речи // Иностранные языки в школе. - № 3- 2003.- 16-17 б.

12. Рогова Г.В., Рабинович Ф.М., Сахарова Т.Е., Методика обучения иностранным языкам в средней школе, - М.: Просвещение, 1991. - 42-44 б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Шетел тілдерін үйретуде рөлдік ойындарды қолдану