Шешендік сөздерді оқыту

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Января 2012 в 15:16, реферат

Описание работы

Шешендік сөздер қазақ ауыз әдебиетінің күрделі де көркем бір саласы болып табылады. Қазақтың дәстүрлі шешендік сөздерін: шешендік толғау, шешендік арнау, шешендік дау деп шартты түрде үшке бөлуге болады. Шынайы шешендік қиялдан тумайды, өмірлік оқиғалардан, табиғи құбылыстардан туады, көп жылдық тәжірибе мен сан рет қайталау арқылы сыннан өтіп халық мойындаған қағидаға, даусыз ақиқатқа айналады.

Работа содержит 1 файл

Шешендік сөздер.docx

— 36.12 Кб (Скачать)

Елімізде қалыптасқан шешендік сөздердің басқада қайталанбас өзіндік ерекшеліктері де мол. Бұлар – “аттың жалы, түйенің қомында” көшпелі өркениеттің мақсат-мүддесіне сай ауызекі, суырыпсалмалық дәстүрінде туған мұралар.

Суырыпсалмалық  қазақ өнерінің қай-қайсысына болмасын тән, бірегейі құбылыс. Дәстүрлі қазақ өнерінің негізгі қасиеті сақталған жыраулық өнерді, ақындық өнерді, жалпы кең мағынасындағы ақындық өнерді импровизациясыз пайымдау аса қиын. Қазақ шешендік өнерінің бұл сипатын С. Негимов тілімен айтсақ: “Қазақ шешен билерінің импровизациялық қабілет қарымы шешендік өнердің ең жоғарғы биігіне шыққан деуге болады. Әрине қаумалаған қауымды дүр сілкіндіру, ой-қиял теңізіне жүздіру, ынта-ықыласын арттыру шешеннің табиғат сыйлаған қасиетінің үстіне табанды ізденістерімен, білім қорын үнемі жаңартып, түйінді қорытындылар шығарып, мәнерлі, әсерлі, әуезді тілмен жеткізумен ерекшеленеді”. Соңғы кезде қазақ балаларына арналған ауыз әдебиетінің үлгілерін, оның салаларын оқытуға ерекше көңіл бөлінуде. Оқу материалдарына аңыз әңгімелер, мақал-мәтелдер, жырлар, шешендік сөздердің түрлерін балалардың жас ерекшеліктеріне қарай енгізу дүние танымын кеңейтуге, жан-жақты дамуына ықпал етеді. Жас ұрпаққа қазақтың би – шешендерінің өмірінен мәлімет беріп қызықты тұстарынан сөз қозғау өнегелі істерге апарар жол.

Шешендік сөз  – адамзат тарихындағы рухани материалдық мәдениеттің дамуының негізгі құралдарының бірі шешендікке құрылған әңгімелерді, аңыздарды және өлеңдерді бастауыш сыныпта оқыту бала тілін ұштайды, сөздік қорын байытады, өмірге деген көзқарасын оятып, дүниетанымына жол ашады.

Бастауыш сынып  оқушыларына қазақ халқының атақты шешендері Қаз дауысты Қазыбек, Төле, Әйтеке билерді ана тілі пәні арқылы таныстырып, олардан қалған құнды да мол мұраларды оқыту, ұлағатты сөздерін жатқа айтқызу – уақыт талабы.

Ғалым – педагог Ы. Алтынсарин нақыл сөздерді жинады және оларды жариялады. Ол өзінің хрестоматиясына “Ізбасты”, “Байұлы”, “Жәнібек батыр”, “Жиренше шешен” тағы басқалардың көргендікке, тапқырлыққа құрылған “даналық әліппелерін” енгізіп, кезінде оларды оқуға ұсынған. Алғашқы ұстаз аталы сөздің құндылығын сол кезде–ақ білген.

Шешендік сөздерді тұңғыш зерттеушілердің бірі - М. Әуезов болса, 30-жылдары оларды іріктеп, жинап, халықтың керегіне жаратуға үлес қосып, қамқор болған, асыл сөздерді оқырман қауымға ұсынушы және балаларды ізгілікке тәрбиелеуде таптырмас құрал екенін оқытушы С. Сейфуллин болды. Сәкен Сейфуллин өзінің “Қазақ әдебиеті” дейтін кітабында шешен билердің әлеуметтік қызметтерін, шешендік сөздердің ауыз әдебиетінде алатын орнын анықтап, бірсыпыра нұсқауларын жариялады.

Одан кейін  қазақ шешен сөздерін арнайы зерттеген  ғалым Әмина Маметова. Ол өзінің “Қазақстан шешен билерінің сөздері және қазақ әдебиетіндегі оның орны” кандидаттық диссертациясында белгілі қазақ билерін атап, олардың аттарынан айтылатын сөздердің әдебие мәнін толығырақ анықтай түседі. Сонымен, ана тілі сабақтарының танымдық мақсатына мыналар ескерілу қажет:

1.Шешендік сөздерді  халқымыздың қадір тұтуы

2.Шешендік сөздердегі  ұлттық мәдениет және парасаттылық

3.Асыл сөздің  астарындағы ұлағатты сөздер

4. Дау-жанжалдардың  бітімін екі –ақ ауыз сөзбен шешіп, ел мен елді бітістіріп, жарастырып келелі мәселелерді тындырып отыратындығы

Билер мен шешендердің  көрегендігін, даналық сөздерін оқытып, жатқа айтқызу жас ұрпақты  шешендікке, ата-бабадан қалған мол мұраны игертуге баулиды.

Қазақ шeшeндiк сөздeрi — бастаy алар қайнар бұлақтарын түркiлiк танымнан түптeн тартып, өзiндiк ұлттық eрeкшeлiктeрдi, қасиeттeрдi бойына жинақтап, көркeмдiк қyатымeн, ғибраттық сарынымeн дараланған, сондай-ақ, ас бай поэтикалық тiлiмeн өзгeшe қалыпта көрiнгeн, халқымыздың рyхани азығына айналған көркeмдiк құбылыс.

Бүгiнгi қолымызға  жиналған мәлiмeттeрдi саралай кeлгeндe шeшeндiк сөздeрдiң көлeмiнiң тым аyқымды, iшкi жанрлық түрлeрiнiң дe алyан түрлi eкeндiгiнe, классикалық әдeбиeттiң кeлeлi мәсeлeлeрiн шeшyдe кәдeгe асып жатқан шығармалар eкeндiгiнe көз жeткiздiк.

Бастауыш сыныптарда шешендік сөздерді оқытудың негізгі  мақсаты бастауыш сынып оқушыларының өз ойы мен пікірін еркін жеткізе алатын, жауаптаса алатын тұлға деңгейіне көтеру, яғни ұлттық шешендік сөйлеудің айла амалдарын шешендік өнердің сыр мен сымбатын, тапқырлықты, тақырыптық тәсілдерді қолдану бүгінгі ұрпақтың бойына сіңіру.

Оқушыларға шешендік сөздерді туралы сөз қозғағанда ең алдымен мұғалімге назар аудару керек. Мұғалімдер күнделікті сабақ беру үрдісінде шешендік сөздерді орынды жерінде ойын дәлелдеуде дәнекер етсе, оқушыларды тілге шебер ойы орамды мәдениетті сөйлеуге тәрбиелейді.

Бір сөзбен айтқанда бұл зерттеудің жаңалығы – оқушылардың шешендік сөздерді меңгеру нәтижесінде сана-сезімі мен ақыл ой ұшқырлығы, сөз шеберлігі, дұрыс ойлау жүйесін қалыптасатын, төменгі сыныпта шығармашылық қабілетін арттыруға болады.

Қорытындылап  қарасақ, шешендік сөздерге халық даналығы, инбаттылық пен ізгілік нышандары жатады екен.

Шешендік сөздердің  бастауыш сыныпта, балаларға, олардың  тілін дамытуға, сөздік қорын байытуға қаншалықты қажет екенін көріп отырмыз.

Шешендік сөздерді оқыту 

Сабақтың  тақырыбы: «Шешендік сөздерді таныту мәселелері»  

Сабақтың  мақсаты: а)Қазақ халқының даналығы мен дәстүрлі шешендік асыл қазынасын оқыту;мән- мағынасын ашу.

ә)Шешендік  сөздердің  мазмұны мен құрылысына түсінік  беру.

Сабақтың көрнекілігі:а)Әлем ойшылдарының шешендік өнер туралы түсінік білдірген нақылдары мен қанатты сөздері жазылған әдеби журнал.Кейбір сөздер ретіне қарай интерактивті тақтада көрсетіледі.Мысалы:

  1. «Шешеннің парызы –шындықты айту» (Платон) .
  2. «Созбақтай бе рсе, тамаша сөз де жалықтырып жібереді »( Б. Паскаль).
  3. «Тыңдаушылардың қолдап құптауы –шешен сөйлеуге қисапсыз мүмкіндік тудырады.» (Цицерон).
  4. «Барлық заманда тіл байлығы мен шешендік өнер қатар жүріп келеді» (А.П. Чехов).
  5. «От сықылды жылы болсын жүзіңіз бен сөзіңіз »(Шәкәрім).

      «Ақылмен  ойлап білген сөз.

      Бойына жұқпас сырғанар.,

      Ынталы жүрек  сезген сөз

      Бар тамырды  қуалар»

              (Абай).

а) Үнтаспадан шешендік толғау, арнауларды таныту.

б) Шешендік сөздер туралы жазылған еңбектер әдеби сын  мақалалар ,зерттеулер т. б.А. Байтұрсынов «Әдебиет танытқыш,» М.Жармұхамедұлы «Шешендік өнер», Қазақтың би-шешендері туралы жинақтар, С. Нагимов «Шешендік өнер»,А. Адамбаев еңбектері, Ғ. Жандыбаев «Сөз мәйегі» ,К. Уәлиев «Сөз мәдениеті» .т. т.     

 Бұлардың  барлығы сабақ көрнекілігі ғана  емес, оқушылардың үнемі оқып-біліп танысатын ідебиеттері, оқу-құралдары.

Сабақтың тәрбиелік  мәні: Ой зерделігінен туып, халық жүрегіне ұялаған  парасатты шешендікті таныту; тарихымызды танытып, ұлттық намысымызды оятып, рухымызды көтеретін би-шешендер сөздерін саралап, жүйелеу барысындағы ой-толғаныстар. Сөз тереңдігін түсініп, бағалай білуге, сұлулық сезіміне баулу.      

 Сабақ барысы: Оқушылардың назарын төмендегідей  сұрақтарға аудару; түсініктер, мағлұматтар беру:      

1.Қазақ елінде  ертеден қалыптасқан дәстүрлі  шешендік мектебі бар.        

2.Шешендік сөздің ел өміріндегі  орны (Жеті жарғы).      

3.Шешендік сөздердің бұлақ бастауы-халық  ауыз әдебиетінің үлгілері. Мысалдар  арқылы дәлелдеу.       

4.Ұлттық сөз өнері тарихындағы  билер есімі, олардың қоғамдықөміріміздегі  алатын орны.      

 Алдын ала оққушылардың өздігінен  ізденіп,орындауы үшін әдеби-жаттығулар, сұрақ-тапсырмалар берілуі керек,      

 Пән мұғалімінің сабақтағы сөйлеу  өнері сабақтың тәрбиелік мәні арттырады. Шешендік сөздер – әдеби тілдің сөздік қоры.Шешендік туындылар басқа жанрлар тәрізді, әдеби тілдің ұйтқысы болмақ. Оның сөйлеу құрылысын, сөйлеу ережесін бойға сіңіру әдеби тілімізді байытады, ой- өрісімізді кеңейтеді. Оқушыларды шешендік өнерге тәрбиелеу әдебиет сабақтарында біртіндеп іске асырылып отырады.      

 Сабақ барысында «өнер падишасы»  саналатын шешендік өнер ғылымы  басқа ғалымдардың өркендеуіне  әсер етіп отырғанына шолу  берілгені дұрыс.Оқушылар өздері  дайындап әкелген әдеби шығармашылық  бақылау күнделіктерінен үзінділер оқиды.      

 Мысалы, қазақ даласында болып,  халқымыздың бойындағы асыл қасиеттерді  жете көріп, терең түсініп,  ерекше сүйіспеншілікпен тамашалай  білген шетел саяхатшы зерттеушілерінің  естелік жазбаларынан үзінділер  алуға болады.      

1-оқушы. А.Янушкеевич ( 1803-1857). «Мен қазақ халқының суырып салма өнерін, асқақтата салған әнін тыңдап ерекше әсерге бөлендім. Бұдан бірнеше жыл бұрын екі ел егесіне сай, шаршы топтың алдында сөз сөйлеген шешендерді көрген едім, сонда мен өмірінде Демосфен, Цицерондарды естіп білмеген жандардың жез таңдай тілмарлығына таң-тамаша болып, қол шапалақтаған едім. Ал бүгін менің алдымда не оқи, не жазабілмейтін ақындар  бұлбұлдай сайрап отыр. Жаратқан иесі мұндай өнер берген халық, мәдениет әлеміне өгей болуға тиіс емес. Күндердің күнінде, қазақтың бетпақ шөліне де мәдениеттің рухы кіреді.»    

2-оқушы: Поляк  ақыны  К. Зелинский (1809-1881) қазақ халқының өмірінен алып «Қазақ», «Дала » поэмаларын жазды. Олар (1842) жылы басылды. 1964 жылы Т. Жароков қазақ тіліне аударды. Г. Зелинский қазақ халқының таланттылығын, шешендігін,өнерге бейімділігін, танып, көріп,жоғары бағалай білген.Оны мына жолдардан көруге болады.             

 Шіркін қазақ әндерін-ай,әндерін.             

 Жұлып кетер  жүректің нәр әрлерін.          

   Кейде ызғырық, күз даладай қайғылы.            

 Кейде аспандай  неткен шексіз, сәнді едің!...

Қазақ халқы  сөз өнерін ерекше қадірлеген халық. Сөзге тоқтау –ежелден үзілмей келе жатқан дәстүріміздің бір көрінісі.

3-оқушы:Шешендердің  ең негізгі құралы- сөз. Сол сөз арқылы тыңдаушысын өзіне тартып,жүрегін толқытып, бойын балқытады. Бұл асқан өнер ,дарын қабілеттен туады. Мұса Шорманов жайлы  М. Жүсіп Көпеев былай суреттейді.

                                              Бас қосылған жиында        

     Бұлбұлдай болып сайраған.             

Бұлақтай ағып қайнаған.           

 Сөйлеген шақта көздері                                                   

   Шамшырақтай жайнаған.

Немесе 

Жақсылар  бас қосқанда,  

 Алды- артынан  тосса да:     

 Шылбырынан  шалдырмай,         

 Құбылып  гүл-гүл жайнаған...

Деген сөздерден  асқақ шешеннің өзіндік қасиеттерін  тани түсеміз. Шешен сөйлеудің ең негізгі сыры- баланың жастайынан-ақ  ән, күй, жыр ертегі, аңыз естіп өсуінде  жатқанын оқушылар тани түседі.     

4-оқушы: Шынайы  шешен - жарқын тұлға. Оның ойлау,  сөйлеу мәнері, бүкіл болмысы,  дүниетанымы, кескін - келбеті айналасына  әсер етпей қоймайды. Асқар Тоқмағанбетов М. Әуезов жайлы: «Мұхаң сөзге шешен кісі еді, әсіресе шабыты келгенде , сөзін тыңдайтын адамын тапқанда  ақиық бүркіттей қомданатын, 

Мұзбалақ  тегеурінді мұқалмаған. 

Қаймағы  асыл сөздің  жұқармаған        

 Қазына халыққа арналңан тұрған  бойы      

Ашылған алтын сандық мұқалмаған » 

дейді. З. Қабдоловтың: «Шешендік кейбіреулердің  ұғымындай ,әшейін  ширақ сөйлеу ,құрғақ пысықтық жасау емес. Шешендік –шексіз білімнен  ,терең ойдан ,асқан парасаттан туатын  нәрсе. Мұхаңның шешендігі ғұлама ғалымдығында жатыр»,- деген пікірі  шешендіктің шалқар шабыт пен шалқыған сыр мен сезімнен туатынын бекіте түседі.     

 Қазақ халқының  даналығы мен дәстүрлі шешендігі ғасырлар бойы халық сынынан өткен құнды мұра – асыл  қазына болып табылатынын оқушыларға түсіндіру барысында оларды «Тұрмыс – салт жырларындағы тапқырлық», «Қара өлеңдегі шешендік , «Мақал –  мәтел  -халық даналығы », «Жыраулар  поэзиясындағы шешендік үлгілері  », «Айтыстағы тапқырлық пен  шешендік  үлгілері», «Айтыстағы  тапқырлық пен шешендік »деген тақырыпшаларға топтай отырып , мысалдар келтіріп дәлелдеп көрсеткен жөн.  Мысалы тіркестерінің кейбір түрлерін  Ғ. Жандыбаевтың «Сөз мәйегі» кітабынан алып , -деп , оқушылардың өздеріне тапқызып түсініктемелер  жазғызса артық емес. Бұл М. Әуезовтің тіл шеберлігінің құдіреттілігін тануға жол ашары сөзсіз.      

Информация о работе Шешендік сөздерді оқыту