Шағын жинақталған бастауыш мектепте ақпараттық-коммуникациялық технология негізінде оқу және тәрбие процесін жетілдіру

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Декабря 2011 в 08:28, доклад

Описание работы

Қазіргі білім жүйесінің ерекшелігі – жеке тұлғаны тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Білім беру – адамға үздіксіз оқуға, білім алуға жан-жақты білім қызметін ұсынатын әлеуметтік институт болуы керек.

Работа содержит 1 файл

баяндама. Белибаева А.М.doc

— 69.00 Кб (Скачать)

     «Шағын  жинақталған бастауыш мектепте ақпараттық-коммуникациялық  технология негізінде  оқу және тәрбие процесін жетілдіру».

     Белибаева Айгерим Муратовна 

     Қазіргі білім жүйесінің ерекшелігі –  жеке тұлғаны тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Білім беру – адамға үздіксіз оқуға, білім алуға жан-жақты білім қызметін ұсынатын әлеуметтік институт болуы керек.

     Білім беру жүйесінің алдына қойылған  мақсаты – адамзаттың прогрестік ерекшелігіне, қоғамдық-тарихи, саяси-әлеуметтік, экономикалық жағдайына сай негізделеді. Қоғам ілгері дамыған сайын адамдардың өмірге деген көзқарастары өзгеруде, білім алуға, тілдерді үйренуге деген ынтасы арта түсуде. Білім беруде ақпараттандыру, пәндерді ғылыми – технологиялық негізде оқыту мақсаты алға қойылуда. Кез-келген мемлекеттің дамуы ақпараттық мәдениетінің деңгейіне байланысты. Білім беру жүйесін ақпараттандыру бағыты – жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы дамыта және дистанционды (қашықтан оқыту) жеке тұлғаға бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын көтеруді, жетілдіруді көздейді.

     Жаңа  ақпараттық- коммуникациялық технологияларды пайдалану оқушылардың оқу материалдарын толық меңгеруі үшін оқу материалдарының практикалық жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндік береді. Бұл технологияларды пайдалану жолында электронды оқулықтар, тексеру бағдарламалары, оқыту бағдарламалары сияқты бағдарламалық өнімдер қызмет етеді. Білім саласында компьютер оқушы үшін оқу құралы, ал мұғалім үшін жұмысшы болып табылады.

     Білім беруде жаңарту құралы есебінде компьютердің рөлі ұдайы өсуде, ал ол өз кезегінде  оқушыларды оның сауатты қолданушысы  болуға мәжбүр етеді. Компьютерді сабақта орынды қолданудың бірқатар артықшылықтары бар. Компьютерлік технологияны қолдану барысында оқытушының әр оқушымен жеке жұмыс жасауға, әрқайсысына әр түрлі тапсырмалар беріп, барлық оқушының білімін бағалауға мүмкіндігі болады, кімнің қай тақырыпты меңгермегенін немесе қай жерде білімінің осал екенін байқап, соны жүйелі түрде жою үшін көмек көрсете алады. [1,.171 б.]

       Шағын жинақталған бастауыш мектептің (ШЖБМ) оқу үрдісінде ақпараттық- коммуникациялық технология құралдарын қолдану өте тиімді. Қолданудағы мақсат – оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру болып табылады. Оқушыларда танымдық қызығушылықтың болуы – олардың сабақта белсенді, білімінің сапалы болуына, оқуға жағымды түрткісін қалыптастыруға, белсенді өміршең позицияны ұстануға мүмкіндік береді.

     Ақпараттық- коммуникациялық технология құралдарын ШЖБМ-те оқыту үдерісінің барлық кезеңдерінде, атап айтқанда, жаңа тақырыпты түсіндіруде, алынған білімді бекітуде, қайталауда, білім, білік, дағдысын бақылау барысында қолдануға болады. Сондықтан оқытудың АКТ құралдарын интерактивті деп атайды, себебі ол оқытушы мен оқушының өзара қарым-қатынас іс-әрекетіне мүмкіндік береді.

     Ақпараттық- коммуникациялық технология құралдарын қолдануда шағын жинақталған мектептің бастауыш сынып оқушылары ақпаратты тек қабылдаушы ғана емес, сонымен бірге оны өңдеп, жеткізу әрекеттерін орындайды. Бұл жағдайда оқытушының мақсаты оқушыларды қажетті ақпаратты табу, сұрыптап, оны жүйелеу мен жеткізу дағдыларын қалыптастыруға бағыттау. Оқытушы оқу пәнінің тақырыбын қоршаған ортада болып жатқан түрлі құбылыстар мен жағдайларды және проблемаларды шешумен байланыстыра отырып, оқушыларға жобаны дайындау тапсыпмасын ұсынады. Бұл тапсырманы орындау мен қорғау кезеңі оқушылардың топ алдында сөйлеу мәдениетін, пікірталасу арқылы ойын жүйелей білу мен өзіндік көзқарасын және ой-пікірлерін қорғай білу дағдыларын қалыптастырып, жетілдіреді. Сонымен мультимедиалық жобаны құру – оқушыларға қажетті теориялық білім мен танымдық қызығушылықты қалыптастыруға мүмкіндік беретін тиімді әдіс болып табылады. [2,.23 б.]

     АКТ құралдары ШЖБМ-тің оқу үдерісінде оқушының оқуға әуестігін, білуге құштарлығын, қызығушылығын дамыту негізінде  ұйымдастырылып, таным құралы ретінде  пайдаланылса, онда ақпараттық-коммуникациялық  технология құралдары оқушылардың  танымдық қызығушылығын қалыптастыруға мүмкіндік беретіндігі анық. Ол үшін бастауыш сынып оқушысынан:

    • өз іс-әрекетінің құрылымын жоспарлай білу;
    • объекті мен үрдістің ақпараттық үлгісін құра білу іскерлігі;
    • әртүрлі жағдайларда АКТ құралдарын қолдана білу білігі;
    • АКТ құралдары арқылы ақпараттармен жұмыс жасау дағдысы талап етіледі.

      ШБЖМ  мұғалімдерінің алдында тұрған міндет – бұл оқушыларды түрлі ағымдағы ақпараттарды саналы, сапалы түрде қолдана білуге үйрету. Бастауыш сынып оқушыларын алғашқы күннен бастап ақпарат көздерін тиімді пайдалануға бағыттау керек.

      Түрлі ақпарат көздерін қолдана білу машықтарын қалыптастыруда бастауыш сынып оқушыларының жас және психо-физикалық ерекшеліктерін ескеру қажет. Ақпаратты іздеу тақырыптарын оқу пәндерінен немесе оның төңірегінен қарастырған жөн. Өйткені, мұндай жұмысқа ШЖБМ оқушыларының өздеріне етене жақын және таныс мәселелер қарастырылуы қажет. [3,.30-33 б.]

      Ақпарат көздерінің қайсысы болмасын зерттеу  әдісін қажет етеді. Барлық танымдық жұмыстар мәтіннің мағынасын ашуға, өзара байланысын, мәселенің мән-жайын ұғынуға жұмсалады. Осы тұста түсіндірмелі-көрнекілік, ойын әдістері, тәжірибелер, бақылаулар мен жобалау әдістері қолданылады.

      Сонымен бірге бастауыш мектепте компьютерді оқушылардың іс-әрекетін жедел бақылауды ұйымдастыру құралы ретінде пайдалануға болады. Оның мынандай артықшылықтары бар:

    • әрбір оқушы өз қарқынымен жұмыс істейді;
    • тексерушіге жеке сынау беру мүмкіндігі бар;
    • компьютер нәтижелерді бағалаудың шынайылығын қамтамасыз етеді;
    • уақытты үнемдейді;
    • сынау нәтижесін автоматты түрде тексеруге мүмкіндік береді;
    • мұғалімнің жетекшілігі өзгереді, енді ол бақылаушыдан кеңес берушіге ауысады.

       Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқушылардың өзіндік  жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруда ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалану өте тиімді. Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың негізгі ерекшелігі – оқушының берілген тапсырманы мұғалімнің көмегінсіз орындауы. Тапсырманы орындауға жақсы нәтижеге жету үшін, мұғалім оқушының іскерлік дағдысын, бақылай білу қабілетін, ойлауын, тапсырманы орындау жолдарын дұрыс таңдай білуін байқап көреді. Мұғалім оқушының өзіндік жұмыс істеу барысын жетекшілікке алып,  оны орындауға тапсырма беріп отыруы ғана қажет.

       Бастауыш  мектептің оқу-тәрбие үдерісінде кеңінен  қолданылып жүрген жаңа педагогикалық технологиялардың бірі – дамыта оқыту технологиясы. (Л. Занков, Д. Эльконин, В. Давыдов, В. Репин). Дамыта оқыту тікелей баланы (субъекті ретінде қарап) жан-жақты дамыта отырып (жеке басын, дүниетанымын, ойлауын, т.б.) оқытуға негізделген. [5,.57 б.]

       Осы мақсатта дамыта оқыту технологиясын  басшылыққа ала отырып, қазақ тілі пәнінен шағын жинақталған бастауыш сынып оқушыларына арналған электрондық оқулықтар жасалған. Электрондық оқулықта сабақтың құрылымы, өту барысы толық берілген. Бұл оқулық оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыруға бағытталған. Мұнда оқушылардың өз бетімен орындайтын жаттығу жұмыстары: бақылау, шығармашылық жұмыстар, тестілер берілген және өздері ізденіп орындайтын жұмыстар қамтылған. Оқулық қазақ тілі пәнінен алған білім, білік, дағдыларын толықтыру, жетілдіру, дамыту мақсатында және сабақ үстіндегі өзіндік жұмыс ретінде, өткен материалды қайталауға, сонымен қатар бағдарламалық білімдерін жете меңгеруге, практикалық дағдыларды қалыптастыруға арналған құрал екен.  Электрондық оқулық мұғалім үшін де, оқушы үшін де өте тиімді. [ 6 ]

       Электрондық оқулықтағы сабақтар дамыта оқыту технологиясы бойынша құрылған. Сабақтың құрылымы 3 үлкен кезеңдерге бөлінген.

       1-кезең:  Бағдарлау – мотивациялық кезеңі.

       Бұл кезеңде мұғалім дәстүрлі сабақтағыдай үй тапсырмасын сұраудың орнына оқу міндеттерін жаңа тақырыпқа байланысты қою жұмысын жүргізеді.

       2-кезең:  Операциялық – орындаушылық кезең.

       Бұл кезеңде берілген барлық тапсырма –  сабақтың негізгі проблемасын шешуге тікелей жол ашады. Яғни барлық тапсырмалар оқушының өз бетінше жұмыс жасауына негізделеді.

       3-кезең:  Рефлексиялық-бағалау кезеңі

       Бұл кезеңде тақырыпқа байланысты қорытындылау тест жұмыстары алынады. Тест 6 сұрақтан тұрады. Әр сұрақтың жауабы тексеру  бағдарламасымен тексеріліп, ұпай саны анықталады. Жинаған ұпай санына байланысты оқушы өзін-өзі бағалай алады.

        

       ШЖБМ-те ақпараттық технологиялар негізінде өзіндік жұмысты ұйымдастыру – қазіргі жеке тұлғаны қалыптастыру және тәрбиелеуде, білім берудің приоритетін түбегейлі өзгертуде, яғни бұрынғыдай оқушыны пәндік білім, біліктердің белгілі бір жиынтығымен қаруландыруды түбегейлі өзгертуде, оқушының жалпы психологиялық дамуының жеткілікті деңгейіне қол жеткізуде және білім сапасын арттыруда маңызы өте зор. [4,. 64-69 б.]

       Ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын қолдану арқылы бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын арттыруға, теориялық білім беруге және практикалық дағдыны қалыптастыруға, берілген білімді ізгілендіру мен демократияландыру, дамыта оқытудың негізгі мәселерін қалыптастыруға болады. 

       ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Полат Е.С. Новые педагогические и информационные технологии в системе образования. – Москва: Academia, 2000. -171 с.
  2. Информатизация начальной школы. Объединенный научный журнал. –Москва, 2008. -№3. -23 с.
  3. Матрос Д.Ш., Полев Д.М., Мельникова Н.Н. Управление качеством образования на основе новых информационных технологий. –Москва, 2001. -30-33 с.
  4. «Хабаршы». Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің баспасы, №1 (74) 2010. -64-69б .
  5. Құрманова Н. Қазақ тілін дамыта оқыту технологиясы. –Астана, 2007. -57 б.
  6. Қазақ тіліне арналаған электронды оқулықтар
 
    1. Белибаева Айгерим Муратовна
    2. Клементьевка жалпы негізгі білім беретін мектебі,

         ШҚО, Семей қаласы, Клементьевка ауылы

    1. ШҚО, Семей қаласы, Клементьевка ауылы
    2. Мектептің нөмері – 572 - 395
    3. E-mail aika89.27.9@mail.ru
    4. Мақала тақырыбы: «Шағын жинақталған бастауыш мектепте ақпараттық-коммуникациялық технология негізінде оқу және тәрбие процесін жетілдіру».
 

      Мен

      Секция  мәжілісінде баяндамамен сөз сөйлеуді қалаймын

      Спасибо, Тебе, Аллах Всевышний, За то, что есть моя семья, За то, что есть мои родные, За то, что есть на свете я. За то, что сытый, не голодный, За то, что есть мне что носить, За то, что сердцем не холодный, За то, что я могу любить. За то, что могу видеть, слышать, За то, что речь есть на устах, За то, что могу просто мыслить, За то, что радость есть в глазах. За все Аллах Тебе спасибо, За все

      Тебя благодарю. Ведь жить на свете так красиво, И я с радостью живу .. 
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       

      ҚЫЗЫЛ КІТАП 
       
      Қызыл кітап- сирек кездесетін түрлердің санының қазіргі жай- күйін көрсететін құжат. 
      Қазақстанның Қызыл кітабында сирек және жойылып бара жатқан түрлердің тізіміне енгізілген жабайы омыртқалылардың 87 түрінің және өсімдіктердік 303 түрінің қазіргі таралуы, санының жай- күйі, биологиясы туралы мәліметтер келтірілген. 
      Қызыл кітапқа ресми енгізілген өсімдіктердің 16 түрі Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының аумағында тіркелген. Алайда Алтай ботаника бағының ғылыми қызметкері б.ғ.к. Ю.А. Котуховтың жұмысының нәтижесінде сирек, осалдау және жойылып бара жатқан түр мәртебесіндегі тағы да 50 түр анықталды. 
      Адамдар мыңдаған жылдар бойы өсімдіктер мен жануарлар дүниесін пайдаланып келді және де өзінің жан- жақты тіршілігінде жануарлар мен өсімдіктердің пайдалы қорын қолданып ғана қойған жоқ, сонымен бірге табиғатты өзгерту арқылы көптеген түрлердің өмір сүру жағдайларына әсер етті. Табиғатқа антропогенді ықпал етудің әсерінен жер бетінде өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерінің жойылу процесі басталды. 
      Ғылыми- техникалық прогресс адамдардың қолына табиғат әлеміне әсер ететін күшті құралдар берді. Бұл құралдар қаншалықты пайдалы болса, соншалықты зиянды. Адамдар көбінесе кейде түсінбей, кейде салақтықтан табиғатты қалпына келтіру үшін ұзақ уақыт қажет болатынын ойламастан, оған қалай болса солай қарайды. Сыңсыған орманның орнындағы жанған түбірлер, су шайып өткен тау беткейлеріндегі жыртылған жерлер, ағаш ағызу кезінде ластанған өзендер. Осының бәрі сирек кездесетін көптеген бағалы аңдар мен өсімдіктердің құруына әкеп соғады. 
      Табиғатта пайда болған әрбір түр өзінші бірегей және ешқашан қайталанбайды, сондықтан да оның жойылуы- орны қайта толмайтын нәрсе. Және де бұл жоғалту қауымдастықтың бүтінділігі мен табиғаттағы жалпы тепе- теңдіктің бұзылуына әкеп соғады. Сондықтан да қазіргі кезде табиғатты қорғау мәселесі дүниежүзілік мәселеге айналып отыр. Бұл мәселе бүкіл әлемде маңызды мемлекеттік мәселе ретінде қаралады. 
      Шығыс Қазақстан облысындағы Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің тізімі 
      «Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген жануарлардың түрлері мен түршелерінің тізбесін бекіту туралы» 
       
      Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 
      21 тамыздағы № 1152 Қаулысы 
       
       

Информация о работе Шағын жинақталған бастауыш мектепте ақпараттық-коммуникациялық технология негізінде оқу және тәрбие процесін жетілдіру