Сабақтың түрлері және оның дидактикалық құрылымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2013 в 18:54, реферат

Описание работы

Сабақ түрлері мен құрылымы туралы толық мәлімет беру, алған білімдерін өткен тақырыптармен байланыстыра жетілдіру, ойлау қабілетін дамыту, студенттердің алған білімін өмір тәжірибесінде тиімді пайдалануға тәрбиелеу
1.Сабақтың дидактикалық құрылымы
2. Сабақтың түрлері
Қазiргi кездегi сабақты жетiлдiру жұмыстарының iшiндегi негiзгi мəселелерiнiң бiрi – оның түрлерi мен құрылымы. Мектеп тəжiрибесiнде бiр типтi сабақтар болмайды. Сондықтан, оқыту жұмысын жүйелi əрi нəтижелi жүргiзу үшiн, оны топтастырудың мəнi орасан зор. Сол себептен əрбiр мұғалiмнiң сабақ классификациясын ойдағыдай бiлуi шарт.

Работа содержит 1 файл

сабақтың құрылымы.doc

— 70.50 Кб (Скачать)

 

Оқушылардың бiлiмдерiн, iскерлiктерi мен дағдыларын тексеру, бақылау сабағының құрылымы

1. Сабақтың басталуын ұйымдастыру. Оқушыларға сабақтың мақсат-мiндеттерiн түсiндiру.Оларды сабаққа əзiрлеу.

2. Тексеру, бақылау жұмыстарын  ұйымдастыру.

3. Оқушылардың өзiндiк жұмыстары.

4. Оқушылар бiлiмдерi, iскерлiктерi мен  дағдыларын бағалау.

5. Қорытындылау, сабақтың аяқталуы.

Сабақтың бұл түрiнiң көздейтiн мақсаты – оқушылардың алған бiлiмдерi мен дағды көлемiнiң қандай дəрежеде екендiгiн байқап, тексерумен қатар, оның сапасын бағалау; олардың бiлетiндерi мен бiлмейтiн мəселелерiн анықтап, оны болдырмау жолдарын қарастыру.

Бiлiмдi тексеру жəне бағалау жұмыстары күнделiктi сабақтар барысында, сонымен қатар арнаулы сабақтар түрiнде де өткiзiледi. Соның барысында оқушыларды оқу материалын терең ұғынуға жəне меңгеруiне мүмкiндiк бередi.

Бұл жұмыстың бiлiмдiк жəне тəрбиелiк  қызметi жағынан маңызы зор. Бiрiншiден, оқушылардың бiлiмiне бақылау жүргiзу, олардың бiлiмiн толықтыру болса, екiншiден, олардың жеке басын жан-жақты дамытып, тəрбиелеу жөнiнен ойдағыдай рөл атқарады. Тексеру жəне бағалау жұмыстарын жүйелi атқару оқушыларды тегiс қамтып, олардағы бiлiм, дағдыларындағы кемшiлiктердi дер кезiнде анықтап, болдырмау жолдарын қарастыруға мүмкiндiк бередi.

 

Пысықтауға арналған тапсырмалар:

1.Сабақ классификациясы дегеніміз  не?

2. И. Н. Казанцев сабақты қалай жіктеген?

3.С. В. Иванов сабақты қалай жіктеген?

4. Сабақ құрылымы деп нені айтамыз?

5.Қазiргi мектеп тəжiрибесiнде көптеп қолданылатын сабақ түрлерi   

 

Үйге тапсырма:

1.Сабақтың қандай да бір түрін  таңдап сабақ жоспарын жазып  келу

2.Өзіндік жұмыс. Педагогикалық машық кезінде бекітілген сыныбыңыздағы бірнеше сабаққа қатысып, мына төмендегі сызба бойынша хаттамасын жасаңыз:


Информация о работе Сабақтың түрлері және оның дидактикалық құрылымы