Сабақта оқушылардың дара ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Апреля 2012 в 13:29, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының егемен ел болып, тәуелсіз мемлекет болғалы блім беру мен тәрбие үрдісін жаңаша құру қажеттілігі туындап отыр. Адам – белсенді іс – әрекетшіл жан. Ол өзі үшін және ұрпақ үшін дүниені өзгертіп, жақсартып дамытады.
Қандай да тәрбие тәсілі ықпал ету үшін балалардың жас шамасын, жеке-дара ерекшеліктерін ескеру керек. Өйткені балалардың нерв клеткаларының жұмысқа қабілеттілігі, шыдамдылығы әр түрлі.

Содержание

Кіріспе...............................................................................................................3
І- тарау. Оқытуды ұйымдастыру формалары
1.1 Сабақ – күрделі психологиялық процесс.................................................5
1.2 Оқытуды ұйымдастыру формалары.........................................................7
ІІ-тарау. Сабақта оқушылардың дара ерекшеліктері
2-1. Оқушылардың өзіндік жұмыстары..........................................................19
2-2 Оқушылардың ерекшеліктері...................................................................24

Қорытынды ......................................................................................................32
Қолданған әдебиеттер тізімі...........................................................................33

Работа содержит 1 файл

педагогика курсовой.doc

— 185.00 Кб (Скачать)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ  МИНИСТІРЛІГІ 

Жәңгір  хан атындағы Батыс-Қазақстан  аграрлық-техникалық университеті  
 
 
 

Қазақстан тарихы және философия кафедрасы 

Курстық жұмыс 

Тақырыбы:

«Сабақта оқушылардың дара ерекшеліктері» 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Орындаған: ПО-21 топ

студенті  Валиева А. Б

Тексерген: аға оқытушы,

педагогика  магистрі Ерниязов О.Н 
 
 

Орал -  2010

ЖОСПАР 

Кіріспе...............................................................................................................3 

І- тарау.    Оқытуды ұйымдастыру формалары 

1.1 Сабақ – күрделі психологиялық процесс.................................................5

1.2 Оқытуды ұйымдастыру формалары.........................................................7 

ІІ-тарау.    Сабақта оқушылардың дара ерекшеліктері 

2-1. Оқушылардың өзіндік жұмыстары..........................................................19

2-2 Оқушылардың ерекшеліктері...................................................................24 
 

Қорытынды ......................................................................................................32

Қолданған әдебиеттер тізімі...........................................................................33 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Кіріспе

    Қазақстан Республикасының  егемен ел болып, тәуелсіз мемлекет болғалы блім беру мен тәрбие  үрдісін  жаңаша құру қажеттілігі туындап отыр. Адам – белсенді іс – әрекетшіл жан. Ол өзі үшін және ұрпақ үшін дүниені өзгертіп, жақсартып дамытады.

    Қандай  да тәрбие тәсілі ықпал ету үшін балалардың жас шамасын, жеке-дара ерекшеліктерін ескеру керек. Өйткені балалардың нерв клеткаларының жұмысқа қабілеттілігі, шыдамдылығы әр түрлі. Нерв процесі күшті болса ол кішкене кезінен үйренген тәртіп режим бойынша активті жүреді. Олардың ақыл-ой қабілеттері әр түрлі. Сондықтан білімді, жаңа іскерлікті игеру, ой қабілетінің дамуы әр түрлі жолдармен өтеді. Кей бала жаңа сөзді, бір-екі сабақта меңгере алады, ал екінші бір балаға ол сөзді бірнеше рет қайталау қажет. Әр баланың өз мінез-құлқына қарай ерекшелеуге болады, жайдары активті болады. Олардың шаршау белгілері де әр түрлі болады. Бір бала шаршағанда сылбыр болады, екіншісі-оқыс қимыл көрсетеді. Баланы дұрыс түсіну үшін шаршаудың алғашқы белгілерін уақтылы байқау керек. Тынықпаған шаршаған балаға сабақты созып ары қарай оқы десе ол потологиялық күйге ауысады. Олардың активті мінез-құлқының бұзылуы қажудан болады. Ұзақ уақыт жұмыс істеу оқу қажытады, оған белгілі режим келеді. Егер қажыған, шаршаған балаға сурет сал десең, ол сол суретті салуды біле тұра сабақ соңына таман қарындашпен шимай қимылдар жасай салады. Егер мұғалім оқушының сұрағына жауап берсе, олар оны құрметтейді, өздерінің тілектеріне мұқият қарағаны үшін, олармен бірге ойлап жауап бергені үшін бағалайды. Балалар мұғалімнің әділдігі мен адалдығын, сөзінде тұра алатынын, уәдесін орындайтынын өте бағалайды. Мұғалімдік шеберлікті меңгеру, шебер мұғалімдердің лабараториясы мен педагогикалық еңбектің технологиясын оқып үйрену.

    Шебер болу үшін ерекше педагогикалық таланттың  болуы міндет емес, қалау болу керек. Өз бетіңмен көп еңбектену керек; өз пәніңді өте жақсы білу керек; оқыту методикасын білу керек; педагогикалық шеберлікті меңгеруге, педагогикалық қасиеттерді тәрбиелеу керек. Мектеп оқушысы неғұрлым есейген сайын, соғырлым ой-пікірмен жиірек санасып, өзінің жеке басына ден қоя бастайды. Мектептің ықпалы анықтаушы бола тұрса да, ол үйдегі жайсыз ортаның немесе басқа да жұғымсыз жердің теріс ықпалын ұдайы жеңе алмайды.

                   Менің осы жазған «Сабақта оқушылардың дара ерекшеліктері» деген курстық жұмысымның бөлімі 4 тараудан  тұрады.  Кіріспе бөлім,  негізгі бөлім,  қорытынды және  қолданылған әдебиеттер  тізімінен     тұрады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

І- тарау.    Оқытуды ұйымдастыру формалары 

1.1  Сабақ – күрделі психологиялық процесс 

    Сабақ баланың оқу әрекетінің сыныптан тыс және үйдегі түрлеріне де бағыт – бағдар беріп, жетекшілік рөлін атқарады. Сабақ – оқыту жұмысын ұйымдастырудың басты формасы болғандықтан, ендігі жерде оның атқаратын  қызметі мен оқыту процесінде алатын орны ерекше болды. Сабақта оқушыларға білім берумен қатар, олардың рухани – адамгершілік  қасиеттері мен ақыл – ой қабілеттерін дамыту мақсаттары көзделеді.

    Сабақ  - күрделі  психологиялық және дидактикалық процесс, онда оқушылармен педагогикалық  қарым – қатынас жасау  және тәрбиелеу  міндеттері іске асырылады.

    Сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар жүйесі :

  1. Сабақтың мақсаты айқын, мазмұны, жоспары және оның құрылымы  алдын – ала белгілі болуы тиіс.
  2. Сабақ оқыту принциптерінің ережелері мен талаптарына сәйкес болуы қажет.
  3. Сабақтың ғылыми мазмұны  оқушылардың  жас және дара ерекшеліктеріне  сай ұғынымды, түсінікті болуы керек. Сондай – ақ сабақта оқушылардың  бойында бірліктер мен дағдыларды қалыптастыру міндеті  жүзеге асырылуы тиіс.
  4. Сабақтың мазмұны оқытатын пәннің бағдарламасына сәйкес болуы және әрбір сабақ басқа сабақтар жүйесінің буыны болуы міндетті нәрсе.
  5. Сабақта оқушылардың білімге ынтасы мен қызығуын арттыру үшін сабақтың құрылымы мен әдістерін түрлендіріп , көрнекі және техникалық құралдарды,  түрлі ойындарды тиімді қолдану керек. «Баланың  ынтасын  арттыру үшін  оқытылатын  нәрседе  бір жаңалық  болуы керек» - деп Ж. Аймауытов жайдан – жай  айтпағанын ескеру  керек.
  6. Сабақта оқушылардың белсенділігін арттыру үшін проблемалық ситуациялар туғызып, проблемалық міндеттер мен тапсырмаларды орындауға басшылық ету қажет.
  7. Сабақтың сапасын жақсарту үшін мұғалім оқушылармен қарым – қатынас жасау шеберлігін арттырып отыруы керек. Педагогикалық қарым – қатынас жасау және қарым – қатынас арқылы білім алу керек деген қағиданы  іске асыру  пайдалы.
  8. Сабақта оқушыларға білім берумен қатар оларды өздігінен білім алудың  әдіс – тәсілдеріне  үйрету міндет.
  9. Сабақ оқытудың білім беру, тәрбиелеу және дамыту қызметін біртұтастық принципке сай жүргізуі тиіс.
  10. Сабақтың  дидактикалық құрылымы немесе  кезеңдері бірізділікте, бір – бірімен  өзара байланыста,  бірін – бірі толықтырып тұрулары қажет.
  11. Сабаққа  дайындалу және  оны өткізу  барысында  мұғалімнің сыныптағы, мектептегі нақтылы  жағдайды  ескеріп отыруы шарт.

    Қазіргі кездегі сабақты жетілдіру жұмыстарының  ішіндегі негізгі мәселелерінің бірі – оның түрлері мен құрылымы. Мектеп тәжірибесінде бір типті  сабақтар болмайды. Сондықтан, оқыту жұмысын  жүйелі әрі нәтижелі  жүргізу  үшін, оны топтастырудың  мәні орасан зор. Сол себептен  әрбір мұғалімнің сабақ  классификациясын ойдағыдай білуі шарт.

    Сабақ классификациясы – сабақтарды құрылысы жөнінен топтастыру, түрге бөлу. Дидактикада сабақ классификациясын  анықтауға айрықша  маңыз береді.  Бұл мәселе  турасында педагогикалық  ғылыми еңбектерде ортақ  пікірлер  әлі де  қалыптаспаған. Қоғам және соған орай оқытудың  мазмұны,  әдіс – тәсілдерінің  де өзгеріп , жаңарып отыруы сөзсіз. Сонымен қатар,  сабақты жіктеу әрбір пәннің ерекшеліктеріне, оқушылардың жас және таным ерекшеліктеріне де байланысты болып келеді.  

1.2 Оқытуды ұйымдастыру формалары 

Оқыту әдістерін жетілдіру бүгінгі күннің басты мәселесі болып отыр. Оқыту әдістерінің тиімділігін арттырып, оқытудың жаңа формалары мен тәсілдерін меңгеру қажеттігіне педагогикалық зерттеулерде айрықша маңыз беріледі.

Алайда, оқыту әдісін қайта құру - күрделі процестің бірі. Кейбір әдістерді қолдануда біржақты асыра сілтеушілікке жол бермеу керек. Тіпті әр тақырыптың өзі де оқытудың ерекше тәсілдері мен жолдарын талап етеді. Сондықтан, оқытуда әртүрлі әдістерді қолдану қажет.

Сабақтың  тақырыбы мен мақсатына, оқу материалының мазмұны мен көлеміне, оқушылардың дайындық дәрежесіне сәйкес, сабақтың құрылысы мен оқу әдісін ұдайы толықтырып отыруды мұғалім өзі белгілеп, өзі таңдап алады.

Олай  болса, оқыту әдісін мұғалімнің таңдап алуы белгілі шарттарға байланысты болып келеді.

1.   Оқыту әдістерін оның мақсат - міндеттеріне, оқушылардың жас және таным әрекетінің ерекшеліктеріне сай қолдану.

2. Қолда бар нақтылы көрнекі және техника құралдарын, кабинет жабдықтарын ескеру.

3.   Мектептің географиялық орналасуын ескеру. Мысалы, оқытуды қала мектептерінде оқушылардың өндіріс орындарына экскурсия жасау мүмкіндігімен, ал ауыл мектептерінде мектеп жанындағы участкелерге, табиғатқа, ауылшаруашылық өндірісіне бару жағдайымен байланыстыру.

4.    Мұғалімнің іс - тәжірибесінің шығармашылық сипатына, оның шеберлігіне тікелей байланысты шараларды іске асыру.

Оқытудың  нәтижелі өтуіне негіз болатын түп  қазық - мақсаттың жүзеге асуы. Мұғалім  қандай тақырып өтсе де, ен алдымен, оның мақсатын анықтауы тиіс. Бұл мұғалімнің өзіне қажет. Себебі оқылатын оқу материалын баяндауда оның негізгі идеясын немесе оқушылардың назар аударатын басты мәселесін есте сақтауға тиіс және оқушының ойында бекітілуге қажетті қосымша материалдарды анықтау жұмыстарын атқармай тұрып, оның мақсатын белгілей алмайды.

Оқытуды ұйымдастыру формасы - оқыту процесінің міндеттерін іске асырудағы мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеттерінің сыртқы көрінісі. Ұйымдастыру формасында оқытудың мақсаты, мазмұны мен әдістері бірыңғай жүзеге асады.

Қоғамның даму тарихында жас ұрпақты оқытудың ұйымдастыру тәсілдері де өзгеріп тұрады. Оқыту жұмысын ұйымдастырудың тарихында, оның негізінен үш түрлі формасы қалыптасқан: жеке - дара, топтық және сынып - сабақтық жүйе.

Жекелеп оқыту жүйесі көне және орта ғасырларда пайдаланылды. Мұғалім жеке оқушының орындаған жаттығу жұмыстарын тексеріп, мәтінді оқытып тыңдайтын, қалай оқу керектігін көрсететін, үй тапсырмаларын орындау амалдарын түсіндіретін, музыкалық құралдармен пайдалануды үйрететін. Дене шынықтыру тәрбиесінен жарыс және бәсеке жұмыстарын ұйымдас-тыратын, жеке не бірнеше оқушымен әңгіме жүргізу әдістерін де қолданатын.

Бұрын қазақ еліндегі молдалардың балаларды  оқытуы да осы орта ғасырлық оқу  жүйесіне өте ұқсас еді. Әр жастағы  балалар молданың алдында жүгініп отырып, әр кітаптан оқыған.

Жаңа  дәуірде Англияда оқытудың "белл-ланкастер" жүйесі тарады. "Сатылы" немесе ''өзара  оқыту'' түрінің ерекшелігі: бір оқу  жылында жас шамалары, білім дәрежелері әртүрлі, құрамы тұрақты емес оқушыларды жылдың қай мезгілінде болмасын оқуға қабылдап отырған. 200-300 немесе 600-ден астам оқушыны мұғалім сатылап оқытуды ұйымдастырған, түске дейін ересектерді оқытса, түстен кейін олар өз кезегінде жасы кіші оқушыларға өздерінің мұғалімнен алған білімдерін үйретіп отырған.

Америка Құрама Штаттарында ХХ ғ. басында ''дальтон-жоспар'' оқу формасы тұңғыш рет қолданылды. Бұл жүйенің ерекшелігі, оқу жеке дара, әрбір оқушының өз күшімен, белгілі бір бағдарламаларды бөлшектеп оқытуды ұсынды. Мұндай оқытуды ұйымдастыруда мұғалімнің басшылық рөлі төмен болды.

Кеңес мектебінің алғашқы жылдарында оқу  ісінде балалардың бірлесіп атқаратын жұмысы ретінде бригадалық – зертханалық әдіс жүйесі ұсынылды. Бұл әдіс бойынша, оқу сыныптары 3-4 топқа бөлінді. Әр топты басқаратын бригадирлер (жақсы оқитындары және ұйымдастыруға қабілетті балалар) белгіленді. Бригадирлер өз тобындағы оқушылардың орындаған тапсырмаларын жинақтап, мұғалімге бригада атынан жауап берді. Бригадирдің жауабына қарай, бригадаға оқушылар білімінің бағасы қойылды. Мұндай жағдайда оқушының жеке басының ерекшелігімен санасушылық болмады. Мұғалім тек консультант есебінде ғана жұмыс атқарды.

Оқытудың  кең таралған сынып - сабақ жүйесінің  негізін қалаған Ян Амос Коменский  болды. Ол өзінен бұрын өткен және ағымдағы педагогикалық тәжірибелерді зерттеп, оқу ісін жүйелі ұйымдастыруды ұсынды.

Оқушыларды  сыныпқа жас шамалары мен таным  қабілеттері бойынша топтастыру. Сыныптағы оқушылар құрамының әркезде тұрақты болуы.

Жеке  пәндерді тұрақты оқу кестелері  арқылы алмакезек оқыту. Оқытуды оқу жоспарына, оқу бағдарламалары және оқулықтарға негіздеу. Оқытуды жылдың тұрақты бір мезгілінде бастап, аяқтау. Оқытуды ұйымдастыру тек мұғалімнің басшылығымен жүргізілуі.

Қорыта  айтқанда, мұғалім бір мезгілде жас  шамалары бірдей, құрамы әркезде тұрақты  оқушылар тобымен жұмыс істейді.

Неміс педагогы И. Ф. Гербарт сабақтың негізгі  төрт кезеңін ұсынды. Мұғалімнің оқу  материалын мазмұндау кезеңі, жаңа материалды өткен материалмен байланыстыру кезеңі, сабақты жаттығу әдісімен жүргізу кезеңі және қысқаша қорытынды  жасау кезеңі.

Сынып-сабақ  формасы оқыту жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде күні бүгінге дейін өзінің маңызын жойған жоқ. Себебі, ол ең алдымен мұғалімге оқытатын пәннің мазмұнын жүйелі түрде баяндауына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, сабақ баланың оқу әрекетінің сыныптан тыс және үйдегі түрлеріне де бағыт-бағдар беріп, жетекшілік рөлін атқарады.

Сабақ - оқыту жұмысын ұйымдастырудың басты  формасы болғандықтан, ендігі жерде  оның атқаратын қызметі мен оқыту  процесінде алатын орны ерекше болды. Сабақта оқушыларға білім берумен қатар, олардың рухани-адамгершілік қасиеттері мен ақыл-ой қабілеттерін дамыту мақсаттары көзделеді.

Сабақ - күрделі психологиялық және дидактикалық процесс, онда оқушылармен педагогикалық  қарым-қатынас жасау және тәрбиелеу  міндеттері іске асырылады. 

Сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар жүйесі 

Сабақтың  мақсаты айқын, мазмұны, жоспары  және оның құрылымы алдын-ала белгілі  болуы тиіс.

Сабақ оқыту принциптерінің ережелері  мен талаптарына сәйкес болуы  қажет.

Сабақтың  ғылыми мазмұны оқушылардың жас және дара ерекшеліктеріне сай ұғынымды, түсінікті болуы керек. Сондай-ақ сабақта оқушылардың бойында біліктер мен дағдыларды қалыптастыру міндеті жүзеге асырылуы тиіс. Сабақтың мазмұны оқытатын пәннің бағдарламасына сәйкес болуы және әрбір сабақ басқа сабақтар жүйесінің буыны болуы міндетті нәрсе.

Сабақта оқушылардың білімге ынтасы мен  қызығуын арттыру үшін сабақтың құрылымы мен әдістерін түрлендіріп, көрнекі  және техникалық құралдарды, түрлі  ойындарды тиімді қолдану керек. ''Баланың ынтасын арттыру үшін оқытылатын нәрседе бір жаңалық болуы керек''- деп Ж. Аймауытов жайдан-жай айтпағанын ескеру керек.

Информация о работе Сабақта оқушылардың дара ерекшеліктері