Рөлдік ойын әдісі

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Марта 2012 в 15:39, реферат

Описание работы

Рөлдік ойын - бұл өмірлік жағдайлардың белгілі бір мінез-құлық немесе эмоционалдық жақтарын меңгеру ниетінде алдын-ала бөлінген рөлдер арқылы қатысушы топтардың сахналап ойнауы.

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Office Word (3).docx

— 28.27 Кб (Скачать)

Қазақ тілін оқытудағы  рөлдік ойындардың орны.

Қазақ тілін үйренуде рөлдік ойындардың пайдасы зор.Ойын —оқушылардың тілді үйренуге деген сенімін оятады. Рөлдік ойындарда барлық оқушыларға бірдей рөл тиеді де, бір-бірімен міндетті түрде қарым-қатынасқа түсіп,сөйлеседі. Оқушылар белсенді жұмыс істеп, бір-біріне жәрдем беріп, жұмыстарын мұқият тындап, өздерін және бір-бірін бағалайды, ал мұғалім тек бағыттаушы болады.

Рөлдік ойындардың негізгі  талаптары:

Ойын оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттыруы қажет. Сонымен қоса, ең бастысы оқушылар өздеріне лайықты рөлді өзі тандап алған жөн.Сонда ғана олардың ойыны да, тілі де нанымды және сенімді шығады.

Рөлдік ойындарға топ  болып қатысқан дұрыс.

Оқушы өзін рөлде неғұрлым еркін сезінетін болса, ол соғұрлым қызыға ойнайтын болады.

Осындай шарттар бойынша  дайындалған материалдар қолданылса ойын соғұрлым жоғары тиімділік береді.

Кейде мұғалімнің өзі де, басты рөлден басқа кез-келген рөлде ойнауына болады, тек ол рөл топтағы тіл қатынасын дұрыс бағыттап отыратындай болсын.

Ойын барысында мұғалім оқушының қатесін бірден түзетпейді, тек білдіртпей өзіне ғана түртіп алады да, келесі сабақта осындай қателермен жұмыс істейді.

Рөлдерді бөлу. Рөлдердің  сипаттамасы түсіндіріліп айтылады. Адам туралы мәлімет берілсе: ақ көңіл, адал, жалқау деп сипаттама беріледі. Оқушы өзінің ойнайтын бейнесін тез елестету үшін ойын шарты дұрыс және нақты түсіндірілуі қажет. Әдетте ойнайтын рөл туралы көп айтудың да қажеті жоқ, себебі оқушы өз рөлін шығару үшін жеке шығармашылық мүмкіншілігін көрсету керек, ол үшін уақыт беру керек.

Рөлдерді мұғалім бөледі, кейде оқушылардың қалауларына да ерік берген жөн, себебі қазақ тілін өзі қаншалықты біледі, соған орай өздеріде рөлді тез тандайды. Өткізген ойынға қорытынды жасаған кезде мұғалім дұрыс тәсіл қолданып, әсіресе, алғашқы мадақтауда абай болғаны жөн. Өйткені, оқушының ынтасын жоғалтады. Талдауда алдымен жақсы жақтарын айтып, содан кейін ғана кемшіліктерге тоқталу қажет.

Егер мүмкін болса, ойын барысын  бейнетаспаға немесе магнитофон лентасына  жазып алған жөн. Артынан оқушылармен бірге көріп, тыңдап отырып, барлық ойынды немесе кейбір тұстарын талдаған өте тиімді. Себебі, мұнда мұғалім ойынға дайындық кезіндегі жіберіп алған қателіктерін байқайды да, келесі жолғы ойындарда осындай кемшілікгерге жол бермейді,есте сақтайды.

 

Драматизацияланған ойындар

Қазақ тілі сабағында драматизацияланған ойындар оқушыларға керекті сөздер мен сөйлемдерді меңгеруді, интонацияны дұрыс пайдалануды, мәнерлеп және көркемдеп оқытуды дамытуда көп әсерін тигізеді.Актерлер ретінде көбінесе басқа ұлттың балалары ойнаса, ал сарапшылар, кеңес берушілер ретінде қазақ оқушылары ойнайды.

Драматизацияланған ойындардың түрі басқа ойындарға қарағанда  күрделірек себебі, ол ертегілерден және әдеби шығармалардан құрылады. Рөлдік ойындарды меңгергеннен кейін оқушылар бұл ойынның түрін тез меңгереді. Мысалы: драматизациялық ойындарды екі түрлі дайындауға болады:

 а) шығарманы өзгертпей  дәл түрінде сахнаға қою;

 б) мәтінге шығармашылық  түрде өзгеріс жасап,сахнаға қою.

 

Драматизацияланған ойындардың белгілі, айқын мақсаты болады.

Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықгыру.Тілдік қарым-қатынасқа  түсу дағдыларын дамыту.

Оқушыларды сөйлеуге үйрету.

Өмірде кез-келген оқиға  туралы естігенін ұғуға және іс-әрекет жүзінде көрсете білуге үйрету.

Ойынды қолдануда оның күнделікті жаттығу жұмысына айналмауын ескеру керек, ондай жағдайда оқушының қызығушылығы төмендейді. Қандайда болсын ойынды таңдауда баланың жеке психологиялық қабілетін де ескерген жөн.

Осы ұсынылып отырған ойын түрлері қазақ тілін меңгеруде  балалардың тілге деген қызығушылығын  арттырып, оқу-тәрбие үрдісін іске асыратын ұтымды бір жолы. Сонымен қатар  ойын балалардың еркін, өзін ұстауға  байланысты этика дағдыларын, сондай-ақ оқушыларды еңбекке, ұжымдық қызметке дайындайды.

 

 

 

Әдебиеттер:

 

  1. Буланова М.В. «Педагогические технологии», Ростов, 2002.
  2. Кукушин В.С. «Современные педагогические технологии». Ростов, 2003.
  3. Сущенко С.А. «Социальная поихология». Ростов, 2005.
  4. Петров А.В. «Ойын әрекеті арқылы белсенділікке баулу». 2001.

 

 

 

 

 


Информация о работе Рөлдік ойын әдісі