Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 17:25, реферат
Отбасы құқығының пәнін құрайтын қоғамдық қатынастар өзіндік, немесе мүліктік болуы мүмкін. Мүліктік және өзіндік қатынастар құқықтың басқа да салаларының, бірінші кезекте азаматтық құқықтың реттейтін пәнін құруы мүмкін. Бірақ аталған қатынастардың басымдығы бір жағынан, азаматтық құқықта, екінші жағынан, отбасы құқығында бірдей емес. Азаматтық құқықтың негізгі міндеті мүліктік қатынастары реттеу болып табылады.
1. Отбасы құқығы: ұғымы, негіздері мен принциптері
2. Некеге тұрудың тәртібі мен шарттары
3. Некенің жармсыздығы
4. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері
5. Некені тоқтату
6. Қолданылған әдебиеттер
Жоспар
1. Отбасы құқығы: ұғымы, негіздері мен принциптері
2. Некеге тұрудың тәртібі мен шарттары
3. Некенің жармсыздығы
4. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері
5. Некені тоқтату
6. Қолданылған әдебиеттер
Отбасы құқығы
1. Отбасы құқығы: ұғымы, негіздері мен принциптері
Отбасы құқығы некелесу, туыстық, бала асырап алу және баланы отбасы тәрбиесіне қабылдаудың басқа да нысандарына орай, пайда болтатын, яғни отбасы қатынастарын өзіндік және соған байланысты мүліктік қатынастарды, яғни отбасы қатынастарын реттейтін құқық саласы болып табылады.
Отбасы құқығының пәнін құрайтын қоғамдық қатынастар өзіндік, немесе мүліктік болуы мүмкін. Мүліктік және өзіндік қатынастар құқықтың басқа да салаларының, бірінші кезекте азаматтық құқықтың реттейтін пәнін құруы мүмкін. Бірақ аталған қатынастардың басымдығы бір жағынан, азаматтық құқықта, екінші жағынан, отбасы құқығында бірдей емес. Азаматтық құқықтың негізгі міндеті мүліктік қатынастары реттеу болып табылады. Ол өзіндік қатынастарды, олар мүліктік қатынастардан туындайтын болса, немесе қандай да болмасын өзіндік қатынастарды реттеу турала арнайы нұсқау болса ғана реттейді. Бұған керісінше өзіндік қатынастарды реттеу отбасы құқығының негізгі міндеті болып табылады. Отбасы құқығының пәніне кіретін мүліктік қатынастар жеке адамның құқықтары мен міндеттеріне байланысты болады. Отбасы құқығының азаматтық құқықтан айырмашылығы да, міне, осында жатыр.
Сонымен бірге жеке қатынастардың
артықшылығы жөнінде сөз
Сондай-ақ олардың бір-біріне деген жеке сенім сипаты да неке-отбасы қатынастарының ерекшелігі болып табылады. Мәселен, бала асырап алу бала асырап алушы мен асырап алынушының арасында өзара сенім қатынастары орныққан жағдайда ғана өз мақсатына жетеді. Бұл ерлі-зайыптылардың, ата-аналар мен балалардың, қорғаншылар мен қамқоршылардың және қамқорлыққа алынғандардың арасындағы қатынасқа да тән нәрсе. Отбасылық қатынасқа қатысушылардың өзара қарым-қатынасында жеке сенім болмаған жағдайда немесе оны жоғалтқан жағдайда мұндай қатынастарды жеке және отбасы туралы заң нормаларымен құқықтық реттеу тиімсіз немесе тиімділігі шамалы болады.
Отбасы құқығын зерттеуші белгілі кеңес ғалымы Е. М. Ворожейкин: «Өзіндік сенімге ие бола алмаған отбасылық қатынастарды жасанды деп есептеу керек». Көп жағдайда мұндай қатынастар тоқтатылуы тиіс немесе ол басқа жолмен реттелуі керек деп жазды.
Отбасы құқығының қайнар көздері. Қазақстан Республикасы отбасы құқығының қайнар көзі Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы «Неке және отбасы туралы» Заңы болып табылады. Осы аталған Заң актісі 1969 жыллғы 6-тамызда Республиканың Жоғарғы Кеңесі бекіткен неке және отбасы туралы Кодексті алмастырды. «Неке және отбасы туралы» Заң 7 бөлімнен, 29 тараудан 213-баптан тұрады.
Бірінші бөлімдегі «Жалпы ережелерде» неке-отбасы заңдарының негізі жасалып, осы заңмен реттелетін қатынастар, неке-отбасы қатынастарын реттеудің негізгі принциптері белгіленеді.
«Неке» деп аталатын 2-бөлімде некеге тұру, оны тіркеу, некені тоқтату, ерлі-зайыптылар арасындағы өзіндік және мүліктік қатынастарды құқықтық реттеу туралы нормалар топтастырылған.
«Отбасы» деп аталатын 3-бөлім ата-аналар мен балалардың Құқықтары мен міндеттерінің негізі туралы, ата-аналарды туу туралы жазбалар кітабына жазу жайындағы, ата-аналардың балаларға байланысты құқықтары мен міндеттері туралы, ата-аналарды ата-аналық құқығынан айыру және шектеу жайында, сондай-ақ бала асырап алудың тәртібін айқындайтын ережелер, оны болырмау және жарамсыз деп тану жөніндегі баптардан тұрады.
«Қорғаншылық және қамқоршылық» деген 4-бөлімде қорған болу мен қамқоршылықтың міндеттері белгіленеді, сол бойынша қорғаншылық пен қамқоршылық жасаушы, қорғаншылар мен қамқоршылардың құқықтары мен міндеттері, олардың өкілеттіктері анықталады, қорғаншылық пен қамқоршылықты тоқтату қарастырылады.
«Отбасы мүшелерінің алименттік қатынастары» деген 5 бөлімде ата-аналардың балаларды асырау және кәмелетке толғандардың ата-аналарын бағып күтуі жөніндегі міндеттері сөз болады, отбасының басқа да мүшелерінің алиманттік міндеттемелері көрсетіледі, сондай-ақ алимент тағайындау және оны төлеу тәртібі берілген.
«Азаматтық хал актілері» деп аталатын 6-бөлімде азаматтық хал актілерін тіркеу, азаматтық хал актілеріндегі жазбаларға байланысты дауларды шешу тәртібін анықтау, акті кітаптарын жүргізу ережесі, әр түрлі акті жазбаларын жүзеге асыру сөз болады.
Жетінші бөлімде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға неке отбасы заңдарының нормаларын қолдану мәселелері шешілген.
Отбасы құқығының бастауларына басқа да нормативтік актілер жатады. «Неке және отбасы туралы» Заңның 4-бабында көрсетілгендей, неке және отбасы туралы заңға отбасы құқығының нормалары кіретін Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілері жатады. Мұндай актілерге, атап айтқанда, Үкімет немесе республиканың Әділет министірлігі бекіткен түрлі ережелер мен нұсқаулар мысалы, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы Нұсқаулық жатады. Сонымен бірге осы Заңда кейбір басқа актілер де атап көрсетілген.
Неке-отбасы заңдарының дұрыс қолданылуына Республика Жоғарғы Соты Пленумының басшылыққа алатын түсіндірмелері де ықпал етеді.
Отбасы құқығының бастаулары жайлы айтқанда аталған сала құқығының азаматтық құқыққа жақындығын атап өткен жөн. Осыдан шығатын қорытынды, заң неке-отбасы заңдарымен реттелмеген отбасы мүшелері арасындағы мүліктік мүліктік емес өзіндік қатынастарға азаматтық заңдар қолданылатын (5-бап) арнайы атап көрсетеді. Азаматтық кодексті қолдану заң ретінде немесе құқық ретінде де жүзеге асырылуы мүмкін, мұның өзі оның жалпы бастаулары мен мәнінен туындайтын жәйт.
«Неке және отбасы туралы» Заңның, 3-бабы Қазақстан Республикасының, неке-отбасы заңдары мынадай принциптерге негізделетінін белгілейді:
2. Некеге тұрудың тәртібі мен шарттары
Отбасы құқығы бойынша неке бұл «ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең, құқықтық одақ».
Некені заңды түрде рәсімдеу дегеніміз оны азаматтық хал актілеріндегі жазу органдарында тіркеу болып табылады. Белгілі бір тәртіппен тіркелген некенің ғана құқықтық күші болады. Бұл ереже неке-отбасы заңдарының негіздерінің бірі болып табылады.
Қазақстан аумағында қолданылып жүрген неке және отбасы туралы заңда некені міндетті түрде тіркеу барлық кезде талап етілмеді. Мұндай ереже 1926 жылға дейін болады да, кейін 1944 жылғы 8-шілдедегі ҚССР Жоғарғы Кеңесі Торалқасының Жарлығы болды. Бұл Жарлық бойынша іс жүзінде некеде болып, тіркелмеген адамдардың некесі мойындалмады. Ал, мұндай қатынастағыларға бірге тұрған кездерінің уақыты отырып АХАЖ органдарында тіркеу жолымен рәсімдеу құқығы берілді. Кейін ерлі-зайыптылардың бірі қайтыс болған, майданда хабарсыз кеткен жағдайларда аман қалғанының және балаларының мүддесі үшін іс жүзіндегі қатынастарын заңдастыру мүмкіндігі сот тәртібімен шешіліп отырады.
Мемлекетік және қоғамдық мүдделер тұрғысынан алғанда да, ерлі-зайыптылардың және олардың балаларының жеке және мүліктік мүддесін қорғау жөнінен де некені тіркеу қажет. Тіркеу кезінде некені қию шарттарының сақталғандығы тексеріледі.
Некеге тұру үшін заңда белгіленген шарттарды сақтау қажет. Аталған шарттарды оң, теріс деп бөлу қабылданған. Басқаша айтқанда. Оңды жағы көбірек болып, теріс жағы болмаған жағдайда некеге тұруға болады.
Оның біріншісіне мыналар
Некеге тұратын адамдардың өзара келісімі некеге тұрудың шарты ретінде еркек пен әйелдің ерікті және еркін одағы болып табылатын неке мәнінен туындайды. Осы шарт біреудің мәжбүр етуімен болатын неке одағына заң мән бермейтінін көрсетеді.
«Неке және отбасы туралы» Заңның
10-бабында азаматтық хал
Белгіленген неке жасын кемітудің қажеттілігіне келетін болсақ, мұндай жағдай әдетте неке жасына толмаған, бірақ іс жүзінде некеде тұрғандар үшін, әйелдің аяғы ауырлығы мен баласын тууы үшін жасалады.
Некеге тұруға кедергі жасайтын қолайсыз жағдайлардың, немесе басқа да себептердің болатындығы «неке және отбасы туралы» Заңның 11-бабында қарастырылған осы бапқа сәйкес мына тараптағы адамдардың некеге тұруына тиім салынады: 1) біруі болса да басқа тіркелген некеде тұрған адамдардың; 2) тікелей ата тегі бойынша және өзінен тарайтын жақын туыстардың (ата-аналар мен балалардың, атасының, әжесінің және немерелерінің), ата-анасы бір және ата-анасы бөлек әкесі немесе анасы ортақ ағалы інілілер мен апалы-сіңілілердің (аға-қарындастардың); 3) асырап алушылар мен асырап алғандардың; 4) біреуін болса да психикалық ауруының немесе ақыл есі кемдігінің салдарынан сот әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдардың.
3. Некенің жармсыздығы
Заңмен белгіленген шарттар бұзылған жағдайдда неке жарамсыз деп танылады. Сондай-ақ жалған неке («неке және отбасы туралы» Заңның 24-бабы) жарамсыз деп табылады. Белгіленген заң тәртібімен тіркелсе де, «отбасын құру ниетінсіз заңда белгіленген тәртіппен жасалған және ерлі зайыптылардың құқықтары мен міндеттерін туғызбайтын неке» (заңның 1-бабы) жалған неке деп танылады. Некеге тұру фактісінен көрінетіндей, жалған неке кейбіреулердің бас пайдасы үшін ғана жасалады (мысалы, қалада тіркеуге тұру үшін, армия қатарына шақырудан жеңілдік алу үшін т.б.).
Мәжбүрлеп қиылған неке жарамсыз деп танылуы мүмкін.
Некені жарамсыз деп тану туралы талап қоюға құқығы бар адамдар «неке және отбасы туралы» Заңның 25-бабында аталған. Некені жарамсыз деп тану туралы талап қоюға жұбайлар, прокурор, қорғаншы және қамқоршы органдар, сондай-ақ осы некені тіркеу кезінде құқығы бұзылған басқа да адамдар құқылы.
Неке жасы жөніндегі шарт бұзыла отырып қиылған неке кәмелетке толдмаған адамның ата-анасының, қорғаншасының (қамқоршысының) және прокурордың талап қоюымен жарамсыз деп танылады. Егер кәмелетке толмағандардың ісін қорғау кезінде жұбайы он сегіз жасқа толса, онда неке тек соның өзінің талабы бойынша жарамсыз деп танылады.
Заңның некені жарамсыз деп тануға қатысты ережелерінің негіздерін атап көрсетуге болады.
Біріншіден, некені жарамсыз деп тануды сот қана жүргізеді.
Екіншіден, егер некені жарамсыз деп тану туралы іс құралатын сәтте заңға орай оның қиылуына кедергі жасаған мән-жайлар жойылса, некені жарамсыз деп тануға болмайды. Мысалы, ері некеге тұру кезінде басқа әйелімен некелескен жағдайда, істі сот қарағанға дейін ол өзінің бірінші қиылған некесін бұзып, ажырасып үлгере алады.
Үшіншіден, некені жарамсыз деп тану осы некені қиюдан туындаған ерлі-зайыптылардың барлық жеке және мүліктік құқығының, сондай-ақ, «Неке және отбасы туралы» Заңның 27-бабында қарастырылған басқа да құқықтық салдардың жойылуына әкеледі.
Алайда некені жарамсыз деп тану осы некенің қиылуы нәтижесінде туған немесе некені жарамсыз деп танығаннан кейінгі 270 күннің ішінде туған балалардың құқығына нұқсан келтірмейді.
4. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері
Тіркелген неке ерлі-зайыптылардың арасындағы жеке және мүліктік құқықтар мен міндеттерді тудырады.
«Неке және отбасы туралы» Заңның 29-бабына сәйкес ерлі-зайыптылардың жеке құқықтарына мыналар жатады: тегін таңдау құқығы, қызмет түрін, мамандықты, тұрақтылықты жерді таңдау құқықтары, отбасы өмірінің мәселелерін бірлесіп шешу құқығы.
Заңға сәйкес ерлі-зайыптылар тең құқықтарды пайдаланады және тең міндеттерді атқарады. Ерлі-зайыптылардың жеке құқықтарының теңдігі отбасы өмірінің барлық жалпы мәселерін олардың бірлесіп және өзара бірлесе отырып шешуінен көрінеді. Алайда, ерлі-зайыптылардың ешқайсысы да жеке құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру кезінде артықшылықты пайдалануға тиіс емес.
Қолданылып жүрген заңда текті таңдаудың екі жолы ұсынылған. Некеге тұру кезінде ерлі-зайыптылардың қай-қайсысыда өздерінің некеге отырғанға дейінгі тегін қалдыра алады. Сонымен бірге ерлі-зайыптылар өз қалаулары бойынша ортақ бір тек таңдауға құқылы. Ондай тек ерінікі болмаса әйелінікі де болуы мүмкін. Тәжірибеде ерлі-зайыптылар ортақ бір текті таңдайды.