Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 14:20, курсовая работа
Қзақстан Республикасының «Білім туралы» Заңыда «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» делінген.
1.Кіріспе.
a) Педагогикалық жаңа технология мектепте.
b) Педагогикалық жаңа технология меңгеру – міндет.
c) Ақпараттың технологияны қолданудың ерекшеліктері.
2.Негізгі бөлім.
a) Модульдік оқыту теориясының негіздері.
b) Модульдік бағдарламаларды құру.
c) Модуль құрылымы.
d) Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясы
e) Модульдік оқытуды технологиясы және оны ұйымдастыру.
f) Физика сабақтарында модульдік оқыту технологиясын қолданудың мақсат-міндеттері.
g) Модульдік оқыту технологиясының ерекшеліктері.
3.Қорытынды.
a) Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану – сапалы білім негізі.
b) Модульдік оқытудың тиімділігі.
Жоспар.
1.Кіріспе.
a) Педагогикалық жаңа технология мектепте.
b) Педагогикалық жаңа технология меңгеру – міндет.
c) Ақпараттың технологияны қолданудың ерекшеліктері.
2.Негізгі бөлім.
a) Модульдік оқыту теориясының негіздері.
b) Модульдік бағдарламаларды құру.
c) Модуль құрылымы.
d) Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясы
e) Модульдік оқытуды технологиясы және оны ұйымдастыру.
f) Физика сабақтарында модульдік оқыту технологиясын қолданудың мақсат-міндеттері.
g) Модульдік оқыту технологиясының ерекшеліктері.
3.Қорытынды.
a) Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану – сапалы білім негізі.
b) Модульдік оқытудың тиімділігі.
Педагогикалық жаңа технология мектепте.
Қзақстан Республикасының «Білім туралы» Заңыда «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» делінген.Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізднісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды.Сондықтан да әр мұғалім өз іс-әрекіне қажетті өзгерістерді, әр түрлі тәжірибелер жөнінде мағлұматтарды, жаңа әдіс-тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білуі керек.Еліміздің экономикалық, саяси-мәдени дамуына үлес қосатын, әлеуметтік өркениетке көтерілетін, парасатты денсаулығы мықты азаматын тәрбиелеу – ұсиаздар қауымының бүгінгі таңдағы мерейлі міндеті.
Бүгінгі таңда П.Эрдниевтің дидактикалық біліктерді шоғырландыру технологиясы, Л.Занков, Д.Эльконин мен В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, Ш.Амонашвилтдің ізгілікті тұлғалық технологиясы, В.Шаталовтың оқу материалдарының белгі және сызба үлгілері негізінде қарқынды оқыту технологиясы, М.Чошановтың мәселелік модульді оқыту технологиясы, Третьяковтың, К.Вазинаның модульді оқыту технологиясы және басқа да көптеген ғалымдардың технологиялары кеңінен танымал.Ал қазақстандық ш.Қаланова, Ж.Қараев, Ш.Таубаева, Қ.Қабдықайыров, М.Жанпейісова, Ә.Жүнісбек, Қ.Нағымжанова, т.б.ғалымдардың зерттеулерінде оқытудың жаңа технологиялары жан-жақты қарастырылады.
Инновациялық үрдістің негізі – жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі.Кез-келген жаңа әдіс жекелік, сондай-ақ уақытша жоспарға жатады.Яғни, бір мұғалім үшін өілген материал тәрізді.18-ғасырда Я.Коменскийдің жасаған сабақ жүйесі, А.Макаренко және В.Сухомлинскийдің іс-тәжірибелері, сондай-ақ В.Шаталовтың қолданған тірек-конспетілері, С.Лысенкованың оза отырып оқыту әдістері, М.Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясы, т.б жаңалықтары мен ой-идеяларын қолдану өте тиімді деп есептейміз.
Педагогикалық жаңа технология меңгеру – міндет.
«Тегінде адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттермен озады» деген екен қазақ елінің ұлы ақыны Абай Құнанбаев.Біз қадам басқан 21-ғаысрдың азаматы қандай болу керек? Біз бұл сұраққа ақылды, білімді, мәдениетті, Отан сүйгіштік қасиеті жоғары, жаңаны тануға деген ұмтылысы зор болу керек деген жауап алған болар едік.
Білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік білім бағдарламасының негізгі міндеттері мына төмендегідей:
- халықтың барлық жіктері үшін сапалы білімге қол жеткізуді қамтамасыз ету;
- қазақстандық патриотизмге, төзушілікке, биік мәдениетке, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеу;
- отандық дәстүрлер, әлемдік тәжірибе және тұрақты даму қағидаттары негізінде білім берудің мазмұны мен құрылымын жаңарту;
Ақпараттың технологияны қолданудың ерекшеліктері.
Оқыту , білім беру тәжірибесі педагогикалық үрдістің сапасын үнемі арттырып отыруды талап етеді.Сол себепті педагогикалық үрдісті технологияландыру мәселесі маңызды болып саналады.
Қазіргі ақпараттық қоғамда және өндірістіің дамуының негізгі құралы болып ақпараттық ресурстардың қажеттілігі көрінеді.Сондықтан білім беру саласы да өзінің дамуы үшін жаңа қадамдарға баруда.Осыған байланысты адамға ақпараттар кеңістігінде дұрыс бағытты таңдщауға мүмкіндік жасай алатын оқытудың жаңа технологиялары пайда болуда.
Оқу тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерін интенсификациялау үшін педагогикалық жаңа технологияларды қолдану қолға алынып жатыр.Қазіргі ақпараттандырудың өзіне тән ерекшелігі: білім беру өрісіне белсенді түрде кіру, арнайы оқытатын ортаны құруға бағытталған оқытудың жаңа технологияларын пайдалану және дамыту, ақпараттық өнімнің жаңа тәсілдері мен құралдарын оқу үрдісінің заңдылықтарына сәйкес қолдану.
Жаңа ақпараттық технология көмегімен орындалатын қызмет өзінің кез-келген нақты формасында тиімдірек орындалады, адам өркениетті бола бастайды.
Жастарды тәрбиелеу мен оқытуда жаңа сапалармен қамтамасыз етуде, олардың білім деңгейін жоғарылату мен дайындатуда әр түрлі оқыту түрлері мен белсенді оқыту әдістері маңызды орын алады.Білім беруде ең танымал компоненттердің бірі болып белсенді оқыту бағытталған.
Белсенді оқытуда ең бастысы оқытудың жаңа түрлерімен әдістері қолданылып, оларт белсенді деген атқа ие болды.Олар: мәселелі дәрістер, семинарлар-пікірталастар, модельдеу әдістері, имитациялық ойындар т.б жатады.Белсенді оқыту түріне сондай-ақ қатысушылардың әр түрлі ғылыми-зерттеу жұмыстарын да қосуға болады.Бұл психологилық тиімділігі оқуға қажеттілік болғанда жүзеге асады.Оған түрткі әлеуметтік жағдайлар мен тәрбиелу әрекеттеріне тікелей тәуелді болып келеді.Қазіргі жаңа әлемде тұлға өз орнын табу үшін оқуға деге қызығушылығына, қажеттілігіне ойлануы керек.Мұндағы негізгі тапсырма әрбір даму кезеңінде қатысушылардың аддекватты түртклерін тауып, оған берілген мәселені түрлендіріп, безендірумен қатысты қорытындыланады.Оқудағы түрткілерді мойындау, меңгерілген оқу үрдісіндегі негізгі мағыналы мазмұнды болжап отырады және ол қатысушылардың оқуға деген қарым-қатынасынан анық көрінеді.
Оқуға деген қажеттілік тұрақты қызығушылықтарды оятады, оған түрткі оқуға деген қызығушылық болуы мүмкін, яғни ол адам жақсы білім алып жетістіктерге жетуменбайланыстырылса керек.
Мақсаты: Білім беруде модульдік технологияны тәжірибелі қолдану, яғни оқыту үрдісінің тиімділігін көтеру мақсатында пайдаланылады.
Мақсатынан келесі міндеттер шығады:
модульдік технологиялардағы теорияны қолдану мүмкіндігін анықтау
модульдік бағдарламаны құрудағы технологияны қолдану.
сызықсыз құрылымдағы материалды қолдану.
модульдік технологияда эксперименттер жүргізу.
Жұмыстың эксперименталды бөлігінің құрылымы мен мазмұны анықтаушы болжам келесілерден құралады:
Егерде оқытуда концепциялы критерилерге базистелген әдіс,