Педагогикалық іс әрекеттің құрылымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 15:08, реферат

Описание работы

Педагогикалық іс-әрекет дегеніміз - мұғалімнің оқу-тәрбие істерін нәтижеге жеткізетін әрекеттер құрылымы. Мұғалімнің шеберлігі педагогикалық мамандық негізінде басқара білу.
Педагогикалық іс-әрекеттер мынандай құрылымдардан тұрады: іс-әрекет мақсаты, іс-әрекет объектісі, іс-әрекет субъектісі, іс-әрекет құралы.

Работа содержит 1 файл

Педагогикалық іс-әрекет тің құрылымы.doc

— 49.50 Кб (Скачать)

    Педагогикалық іс-әрекет тің құрылымы

    Педагогикалық іс-әрекет дегеніміз - мұғалімнің оқу-тәрбие істерін нәтижеге жеткізетін әрекеттер  құрылымы. Мұғалімнің шеберлігі педагогикалық мамандық негізінде басқара білу.

    Педагогикалық іс-әрекеттер мынандай құрылымдардан тұрады: іс-әрекет мақсаты, іс-әрекет объектісі, іс-әрекет субъектісі, іс-әрекет құралы.

    Аталған іс-әрекет құрылымдары бір-бірімен  байланысты комплексті жүзеге асырылып, іс-әрекеттің компоненттері де болады. 

    Осы аталған іс-әрекеттер компоненттері  де болып табылатын іс-әрекеттер мақсаты, объектісі, субъектісі және іс-әрекет құралдарын жеке-жеке алып қарайтын болсақ: іс-әрекет мақсаты – жас ұрпақты жан-жақты тәрбиелеуді көздейді. Жан-жақты тәрбиелеу тәрбие жұмысын комплекс жүзеге асыруы қажет етеді. Комплесті жүргізу адамгершілік, еңбек, эстетикалық, дене, экономикалық, экология, ақыл-ой тәрбиелерін тұтас бір-бірімен ұштастыра жүргізу болып табылады.

    Тәрбие  жұмысын комплексті жүргізу тәрбиеленушінің  санасына да, мінез-құлқына да, олардың  тіршілік қызметіне де бір мерзімде ықпал жасауға мүмкіндік береді.

    Жеке  адамды жан-жақты дамыту жас ұрпақтың тіршілік қызметінің алуан түрлі:өндірістік, қоғамдық саяси, рухани адамгершілік салаларында  барлық қабілет дарындарын дамытуды қарастырады.

    2. Іс-әрекет объектісі – адамдардың қалыптасуының объективтік негізін – қоғамның материалдық-техникалық базасы, қоғамдық қатынастар, тұрмыс салалары, табиғи орта және адамның туа біткен қасиет-нышандары  сияқты адамдардың еркі мен санасына тәуелді емес факторлар құрайды. 

    Адам  жанасқан нәрселердің бәрі-адамдар, заттар, табиғаттың және айнала қоршаған қоғамдық өмірдің құбылыстары осының барлығы оның санасы мен мінез-құлқына, оның рухани әлпетіне ізін қалдырады. Адам қоғамның белсенді мүшесі ретінде қалыптасады. Сөйтіп, адам әрқайсысы қайталанбайтын дара ерекшеліктерімен көзге түседі.

    Сондықтан адамға педагогикалық іс-әрекетті шығармашылық негізінде ұйымдастыра білуді қажет  етеді.

Қазіргі кезде  жоғары оқу орындарында мұғалімнің технологиялық компетенттілігін жетілдіру  өзекті мәселеге айналуда. Оқыту стратегиясы мен технологиясын таңдаудағы кәсіби міндеттердің шешімі оқушының тұлғалық сапасының дамуынан көрініс табады. Педагог тудыратын сыртқы шараларды оқушы өзінің жеке іс-әрекетімен жүзеге асырады. Оқыту іс- әрекетін басқару - оған белгілі дәрежеде талап қою, педагогтың таным белсенділігін арттырып, шығармашылығын дамытатын және инновациялық білім беру мен инновациялық білім беру ортасын жасау.

Соңғы жылдары  педагогикалық компетенттілік ұғымына  деген көз-қарастардың ауқымы кеңейе түсті. Жоғары білікті маманның компетенттілігі ұғымының мән-мағынасын анықтауға бағытталған мәселелер педагогика саласындағы зерттеулерде, ғылыми-әдістемелік басылымдарда кеңінен қарастырылуда.

Жалпы компетенттілік ұғымына ғалымдар көптеген зерттеулер жүргізген.

Мысалы, В. Шепель компетенттілік ұғымына білім, біліктілік, тәжірибе, білімді пайдалануға теориялық-тәжірибелік  дайындық ретінде анықтама береді. Ал В. Ландшеер компетенттілікті тереңдетілген  білім деп түсінеді.

Сонымен қатар  компетенттілік ұғымына, П. Симонов, М. Чошанов, В. Даль, В. Безруков, Н. Розов психологтерден А. Журавлев, Н. Талызина тағы да басқа ғалымдар өз ойларын білдіріп, талқылаған.

Кейбір зерттеушілер компетенттілік ұғымын «құзыреттілік» аталымымен нақтылайды. Компетенттілік – «істі біліп» іс-әрекет атқаруға қабілеттілікті білдіретін жалпы балама термин. Әдетте, белгілі бір әлеуметтік-кәсіби мәртебесі бар адамдарға қатысты қолданылады, оның орындайтын міндеттері мен шешетін күрделі проблемаларының нақты деңгейіне сай білім мен іскерлігінің сәйкесті мөлшерін анықтайды.

Латын тілінен  аударғанда компетенттілік дегеніміз  өз ісін жетік білу, танымы мол, тәжірибелі деген мағынаны білдіреді. Ал, түсіндірме сөздіктерде «компетенттілік» ұғымы  компетенцияны меңгеруші ретінде  қарастырылады. Компетенттілік, тұлғаның теориялық білімі мен практикалық тәжірибесіне сай белгілі бір міндеттерді орындауға дайындығы. Ал французша «компетентті», заңға сай, ағылшынша «қабілетті» деген мағынаны білдіреді.

В. Даль «компетенттілік» ұғымы тек әділет саласына тән  деп санайды, оның ойынша, компетенттілік дегеніміз «заңға сәйкес», «толық құқылы» деген мағынаны білдіреді. В. Безруков компетенттілікті «кәсіби түрде сауатты талдау жасай алу, бағалай алу, белгілі бір ойын айта алу біліктігінің қалыптасуы» деп түсіндіреді. Э. Зсер мен О. Шахматова компетенттілікті кәсіби білім мен біліктің жиынтығы, сонымен қатар кәсіби іс-әрекетті орындай алу әдіс-тәсілдері деп санайды.

Компетенттілік  теория мен практиканың бірлігі  негізінде қалыптасады. Ол жансыз жаттанды білім түрінде емес, тұлғаның танымға деген әрекетін, ойлауға қатысын және әрекетке, белгілі мәселелерді ұсынып, шешім жасауға, оның барысы мен нәтижелерін талдауға, ұдайы түрде ұтымды түзетулер енгізіп отыруға деген іскерлігінің белсенділігінен көрінеді.

Н.С. Розов компетенттіліктің  екі жағы болатынын анықтайды  да, бірінші жағына танымдық және практикалық  жаңалық енгізуді ассимиляциялау мүмкіндігімен, екінші жақты-жүйелерінің әр түрі, тип, профилі сатыларына қойылатын талаптарын анықтау мүмкіндігімен байланыстырады.

Н.С. Розовтың пікірінше, компетенттіліктің мынадай қырлары  бар:

- мәндік аспект, неғұрлым жалпы мәдени контекстегі  ахуалды жете түсінудің барлығын  көрсетеді: бұл контекстік аясына  осы сияқты ахуалды бағалау,  оны ұғыну мен оған деген  қарым-қатынас кіреді;

- проблемалық-практикалық  аспект, бұл – осы бір жағдайда  ахуалды айқындай білудің мақсат, міндет, нормаларды алға қою мен  орындау тиімділігінің бара-барлығын  сипаттайды;

- коммуникативтік  аспект, бұл – осы тәріздес  ахуалдағы қатысымның және адамның осындай жағдайға қатысын және өзара ықпал жасауға тиісті мәдени үлгі деңгейінің барлығын қамтамасыз етеді. Компетенттілікте жетекші рөл проблемалық-практикалық аспектіге беріледі.Сондықтан осы үш аспектінің қалыптасқандығы, жалпы мәдени компетенттілікке ие адамның сипатын береді. Өйткені, бұл қарап отырғанымыздай, адамдардың өз мүмкіндігін жүзеге асыруға жол ашады.

Қазіргі түсіндірмелерде  «компетенттілік» ұғымы екі түрлі  аспектіде: компетенттілікті меңгерген  және белгілі бір нәрсеге білімі бар деген мағынада қарастырылады. Ол «білім, біліктілік, пікір айта алатындай дағды» сияқты ұғымдарды қамтиды. Біз жоғарыда көрсетілгендерге сүйене отырып, педагогикалылық компетенттіліктің қалыптасу мазмұны мен құрылымдадарына байланысты блоктарын құрдық.

Педагогикалық технология – бұл педагогикалық іскерліктердің жетістігіне жеткізетін ғылыми жобалау және нақты өндіру. Сонымен педагогикалық процесс белгілі жүйе принциптерінде құрылатын болғандықтан, педагогикалық технология сыртқы және ішкі, осы принциптерді жалғастырмалы орындаудың бұл принциптер олардың объективті қарым-қатынасында және педагогтің тұлғасын толық көрсететін жинағы ретінде қарастырылуы мүмкін.

Мұғалімнің инновациялық іс-әрекеті өз қызметіне жаңа технологияларды  енгізуі. Білім беру жүйесінде қазір  технологиялардың сан алуан түрлері бар.

Материалды түсіндіру  әдісін таңдау әдістерінің тиімділігі өз кезеңінде, оқыту мақсатына жету мүмкіндіктеріне байланысты болады.

Оқытудың басты  мақсаты, материалдарды түсіндіруде  білім мазмұнының объектісі мен  әрекеттерін және студенттердің логикалық шығармашылық іскерліктерін дамыту. Бірінші мақсатта - білім мазмұнын түсіндіру - дайын білімді хабарлаудағы тиімді әдістемелерге ақпараттық және проблемалық мазмұндау жатады. Басқа да жағдайларда, егер білім мазмұны нақты әрі толық болса, басқа әдістемелерге қарағанда түсіндіру әдісі жиі қолданылады. Сонымен қатар, белгілі мөлшерде логикалық іскерліктерді дамытуға жағдай жасалады, өйткені мазмұнды айқындауда репродуктивті қажеттілік қарастырылған. Бірақ, логикалық іскерліктерді белсенді дамытуда және қандай да шығармашылық тәсілді дамытуда дайын білімді хабарлауға жағдай жасалмайды.

Екінші мақсатқа жетуде баяндау әдістемесінің мүмкіншіліктері  жоқтың қасы.

Инновациялық  бағдар оқытушының кәсіби педагогикалық  мәдениетін қалыптастыру іс-әрекетке ойлап табу, меңгеру, педагогикалық жаңалықтарды оқыту практикасында қолдану, инновациялық аймақ тудыру.

Инновациялық  бағдардың педагогикалық іс-әрекетте қажеттілігі төмендегідей:

1) әлеуметтік  –экономикалық өзгерістер, білім  беру жүйесінің әдіснамасын оқыту процесін ұйымдастыру технологияларын түбегейлі өзгерту қажеттілігін тудыруда. Инновациялық бағдарлылық білім беру жүйесінің жаңарту құралы болып табылады;

2) білім беруді  ізгілендіруді нығайту, білім  жүйесіндегі түрлі өзгерістер  үнемі жаңаны ұйымдастыру формаларын, оқыту технологияларын қажет етеді;

3) педагогтардың  педагогикалық жаңалықтарды меңгеру  және қолдану факторының өзіне  қарым-қатынастарының өзгеруі Оқу-тәрбие  процесінің мазмұнының қатаң  регламентіне тек педагогикалық  әрекетте дәстүрлі әдіс – тәсілдерді пайдалануға ғана мүмкіндік береді. Егер, бұрын инновациялық іс-әрекет жоғарыдан ұсынылған жаңалықтарды қолдану болса, қазір таңдау зерттеушілік мүмкіндіге ие.

Оқыту процесінде бұл блоктарды меңгеру арқылы кәсіби іс-әрекетінде пайдаланылады. Аталмыш іс-әрекет блоктары жан-жақты. Олар педагогтың оқытушылық іс-әрекетінің пәндік мазмұнын игереді.

Педагог іс-әрекетінің құрылымын іс-әрекеттің психикалық кезеңдеріне байланысты талдауға болады: болжау, шешім қабылдау, орындау, бағалау  және бақылау. Оқыту процесінде педагогқа басты назарды іс-әрекеттің рефлексивті кезеңінде жоспарланған және шығарылған әрекеттерді талдау, коррекция мен өзіндік бақылау, өз әрекетін нәтижеге байланысты бағалау керек. Осы процесс оқу – педагогикалық жүйені қадағалауға мүмкіндік тудырады.

Информация о работе Педагогикалық іс әрекеттің құрылымы