Оқыту теориясы. Дидактика

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 20:21, реферат

Описание работы

Әл-Фараби оқыту дегеніміз - үйрету, дағдыландыру, әрекеттендіру дейді. Оқыту - мұғалім мен оқушылардың белгіленген мақсатқа жетуге бағытталған, реттелген, бірлескен іс-әрекеті, оқушылардың танымдық іс-әрекетін арнайы ұйымдастыру. Оқыту процесі - мұғалім мен оқушының бірлескен іс-әрекеті.

Содержание

1. Дидактика туралы ұғым. Оқыту процесінің мәні.
2. Дидактика және жеке әдістемелер.
3. Оқыту процесінің қозғаушы күштері.
4. Білім, іскерлік, тәрбиелік, дамытушылық қызметтері.
5. Оқыту процесінің негізгі қүрамдық бөліктері.
6. Оқушылардың білімді үғыну сатылары.
7. Оқытудық түрлері.

Работа содержит 1 файл

Оқыту теориясы.docx

— 74.91 Кб (Скачать)

Дистанциялық оқыту (алыстан  білім беру), электрондық және телекоммуникациалық құралдар арқылы алыста орналасқан адамдардық оқу-танымдық қызметі мен дамуын ұйымдастыру.

Оған әр түрлі субъектілер қатысады:

Дистанциялық мұғалім, тікелей  білім беретін мұғалім, техникалық жобалаушы, үйлестіруші немесе дистанциялық оқытудың әкімшілігі, оқу материалының авторлары, т.б.

Дистанциялық оқытуға тән нерсе жоғары мотивация және оқушылардағы дамыған танымдық қызмет, тек осылай болғанда оқушылар интерактивтік режимде жұмыс істей алады. Дистанциялық мектептің оқушылары өз қалаулары бойынша оқу материалдарымен, мұғаліммен жұмыстарын шамалап, өз сұрақтарына керекті жауаптарын алады.

Оқушылар еңбек тәртібін саңтап, техникалық және басқа проблемаларды шеше алатындай, жазба және сызу жұмыстарын жүргізе алатындай болу керек.

Синхрондық сыныптарда бір бағдарламалармен жұмыс істейді. Асинхрондық сыныптарда оқушылар кез келген уақытта келіп жұмыс істейді. Соңғы түрінде тәжірибелі оқушылар тәжірибесі аз оқушыларға көмектеседі.

Дистанциялық сабақ элементтері

Оқу материалы. Мұғалім оқытудық диалогтың түрі басталғанға дейін оқушылардың барлығын олар сабаққа әзірлену үшін оқу материалымен қамтамасыз етеді. Оқушыға керекті материалдар мынадай тәсілдермен беріледі.

 

 

•  СВ-КОМ немесе дискета, аудиокассета, бейнекассета "қағаз" құралдар (кейс-технология) пошта арқылы салынады.

•  файлмен электрондық  почта арқылы жіберіледі.

•  дистанциялық мекеменің  білімдік сайтына орналастырылады.

•  веб-беті түрінде, керекті материалға сілтеме жасалып, Интернет жүйесіне беріледі.

•  оқушыға бір немесе бірнеше электрондық кітапханада жұмыс істеуге мүмкіндік жасалады.

Диагностикалық материал. Дистанциялық оқытушы мен оқушы  электрондық пошта арқылы тесті, бақылау тапсырмалары, есептеу табельдерімен, бағалардың парақтарымен алмасады. Бұлардың бәрі білімдік серверде тұрады. Мұғалім оқушыларға үй тапсырмасын, оны қалай орындау керектігі туралы нұсқау береді.

Көрнекілік. Телекоммуникация арқылы оқытушы оқушыларға слайдтарды, суреттерді, сызбаларды, т.б. көрсетеді. Интернет желісі бойынша экскурсия  жүреді. Оқушылар бір-біріне көрнекіліктерін көрсетеді. Оқушылар өз жұмыстарын басқа оқушылар және мұғалімдер көру үшін серверге салып қояды. Осы процестерді алыстан мұғалім басқарады.

Мұғалім оқушыларға сұрақ береді. Оқытушы электрондық конференция, бейнеконференция кезінде оқушыларға сұрақтар береді.

Материалды түсіндіру. Мұғалім  оқушыларға өзінің бейне-дәрістерінің жазбаларын жібереді. Кейде Интернет желісіндегі білім қорларына сілтеме жасап жіберген жақсы.

Мұғалім пікірталастарды басқарады.

Пікірталас, веб-форум, е-mаіl-конференция, чат-пікірталас тәртіптеріне өте алады.

Оқушылар мұғалімге сұрақ бере алады. Сұрақтар электрондық хат арқылы, ұжымдық rаm - сабақ кезінде жеке "терезе" арқылы, т.б. беріледі.

Оқушы оқушыға сұрақ береді.

Мұғалім оқушылардың реакциясын көреді, өзінікін білдіреді. Бейнеконференция режимінде мұғалім оқушының талқыланып отырған мәселеге қатынасын көреді. Мәтіндік электрондық тележелілерде клавиатура белгілерінің көмегімен жаса-латын бет пішіндер бар: мысалы(:-) жымию, т.б. Кейбір телеқатынастық бағдарлама көңіл-күйді білдіру үшін қосымша құралдар ұсынады.

Мұғалім оқушыларды бағалайды. Дистанциялық оқытуда мұғалім оқушының жұмысын сабақ өткізгенде, ал үй тапсырмаларын, тестілерді, шығармашылықтапсырмаларды, зерттеулерді кез келген дистанциялық және телеқатынас құралдары көмегімен тексереді.

Дистанциялық оқыту құралдары.

•  электрондық почта (Е- mаіl);

•  электрондық журналдардық, конференциялардың тізімі (тақырып  бойынша);

•  нақты уақыт тәртібінде хат жазысу;

•  тез хабарласу жүйесі (Интернет-пейджер);

•  Интернет жүйесіндегі www. WеЬ-сайт ішіндегілер, білімдік сайтқа тіркелгендер қаралады, оn-line-дық виртуалдық кітапханаларға кіреді. WеЬ -бетте басқа беттерге, қорларға сілтеме жасалады. Іздеу сервері арқылы желідегі кез келген ақпаратты табуға болады.

 

•  WеЬ -сайтқа жазатын белсенді арналар.

FTR серверлер және файлдік  архивтер.

•  Интернеттің факсимилдік қызметі.

•  Интернеттегі телефон - LР.

•  Мобильдік телефон  көмегімен Интернетке шығу. Сонымен  дистанциялық оқытуға түрлі субъектілер қатысады. Кластық синхрондық және асинхрондық деген түрлері бар. Дистанциялық оқыту телеқатынас құралдары арқылы жүзеге асады.

Дистанциялық оқыту тұтас  дистанциялық курстың элементі (оқушылар мұғалімнен бөлек), немесе іштей оқу  элементі (мұғалім Интернет қорлары  мен технологиясын іштей оқу процесінде қолданады).

Дистанциялық курсты жобалауға  дистанциялық жұмыстарды нақтылау, шолу енеді. Дистанциялық жұмыстар демонстрация түрлері, кіріспе сабақ, жеке жұмыс консультациялар, дистанциялық конференциялар, веб-жұмыс дистанциялық олимпиадалар.


Информация о работе Оқыту теориясы. Дидактика