Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда өзіндік жұмыстың теориялық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 17:47, курсовая работа

Описание работы

Білім беру және оқыту теориясының әдіснамалық негізі- таным теориясы , оқушы тұлғасын жан - жақты және үйлесімді қалыптастыру туралы ілім болып табылады.Бұл теория білім беру және оқытуды арнайы ұйымдастырылатын іс -әрекет ретінде қарастырады.Білім беру және оқыту теориясының оқушыларды оқыту мәселесіндегі талаптарының бірі - танымдық белсенділік пен саналылық.

Содержание

Ітарау. Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда
өзіндік жұмыстың теориялық негіздері.
1.1 .Оқушылардың танымдық белсендіігі ұғымының теориялық негізі
және мәні.
1.2.Оқушылардың өзіндік жұмысы оқыту формасының тиімді әдісі
ретінде.
1.3.Оқушылардың шығармашылық дербестігі.
Птарау. Жоғары сынып оқушыларының танымдық
белсенділігін қалыптастыру әдістемесі.
2.1.Оқушының танымдық қызметіндегі мұғалімнің шеберлігі.
2.2.Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру әдістемесінің
нәтижесі және әдістемелік ұсыныстар.
Қорытынды.

Работа содержит 1 файл

курсавой обмен.doc

— 1.55 Мб (Скачать)

 

 

 

Мазмұны

 

Ітарау. Оқушылардың  танымдық белсенділігін  қалыптастыруда

өзіндік жұмыстың теориялық негіздері.

1.1 .Оқушылардың танымдық  белсенділігі ұғымының теориялық негізі

       және  мәні.

1.2.Оқушылардың  өзіндік жұмысы оқыту формасының  тиімді әдісі

     ретінде.

1.3.Оқушылардың шығармашылық дербестігі.

Птарау.    Жоғары    сынып    оқушыларының    танымдық   

белсенділігін қалыптастыру әдістемесі.

2.1.Оқушының танымдық  қызметіндегі мұғалімнің шеберлігі. 

2.2.Оқушылардың  танымдық белсенділігін қалыптастыру әдістемесінің

      нәтижесі және әдістемелік ұсыныстар.

Қорытынды.

Қолданылған    әдебиеттер.

 

Қосымшалар. 

Ітарау.Оқушылардың  танымдық белсенділігін қалыптастыруда өзіндік жұмыстың теориялық негіздері.

1.1. Оқушылардың танымдық белсенділігі  ұғымының теориялық негізі және мәні.

Білім беру және оқыту теориясының әдіснамалық негізі- таным теориясы , оқушы тұлғасын жан - жақты және  үйлесімді қалыптастыру туралы ілім болып табылады.Бұл теория білім беру және  оқытуды арнайы ұйымдастырылатын іс -әрекет ретінде қарастырады.Білім беру және  оқыту теориясының оқушыларды оқыту мәселесіндегі талаптарының бірі - танымдық белсенділік пен саналылық.

Бұл талаптың орындалуы оқушылардың оқу материалын түсінуге , өткенді жаңамен байланыстыруға, негізгісі мен қосымшасын анықтауға, алған білімдерін тәжірибеде пайдалануға , өз пікірлерінде оларға сүйенуге ұмтылысынан көрінеді.Білімді саналы меңгеру өз бетімен жаңа білім алуға мүмкіндік беретін ақыл - ой еңбегінің өзіндік тәсілдерін игермейінше іске аспайды.Оқушылардың белсенділік танымдық іс- әрекетінің көздейтін мүддесі -білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету қажеттігі негізінде дамиды.Белсенділіктің ең жоғарғы көрінісі оқушылардың алған білімдерін өмірде, тәжірибеде нәтижелі пайдалана білуі болып табылады.Осыдан келіп, оқыту барысында оқушының іс - әрекетінде танымдық белсенділікті қалыптастыру талабы туындайды.

Танымдық  әрекеттің негізінде оқушыларда танымдық белсенділік қалыптасады.Танымдық белсенділік - оқушының оқуға, білуге деген  ынта-ықыласының , құштарлығының ерекше көрінісі.Мысалы: мұғалімнің баяндап тұрған жаңа материалын түсіну үшін, оқушының оны зейін қойып тыңдауы , алған білімін кеңейту үшін өздігінен кітап оқып, бақылау тәжірибе жасау сияқты жұмыстар жасауы қажет.Өйткені өтілген материалдарды саналы қайталауда, жаңадан білім алуда, оның жолдары мен дағдыларына үйренуде белсенділіксіз мүмкін емес.Яғни оқушының белсенділігі оқу үрдісінің барлық кезеңінде орын алуы қажет.Сабақ барысында оқушының бойында танымдық белсенділік пайда болса, оқушылардың ақыл - ой қабілеттерінің мынадай элементтері дамиды: зеректілік, байқағыштық, ойлау және  сөйлеу дербестігі т.б.Оқушылардың    танымдық    белсенділігін    дамыту    және     қалыптастыру мәселесіне   зерттеушілер,   педагогтардың,   әдіскерлердің   көптеген   еңбектері арналған.

Мектептің ғасырлар бойғы даму тарихында алдыңғы  қатарлы педагогикалық ой өкілдерінің танымдық әрекетке қатысты, әсіресе, танымдық белсенділікті дамыту идеяларын зерттеу және  талдау негізінде төрт бағытты бөліп көрсетуге болады.

Әлеуметтік -педагогикалық бағыт ежелгі дәуірден бастау алады.Оның көрнекті өкілдеріне ежелгі грек оқымыстылары: Сократ, Платон, Аристотель баланың белсенді және өз бетімен білім алуының маңыздылығын, өз бетімен білім алудағы жетістіктері өзін- өзі тәрбиелеуде маңызды екендігін, жан- жақты жетілудің әрі обьекті, әрі субьекті екендігін жан- жақты негіздеген.Олардың пікірінше, белсенді ойлау адамның заттық, тэжірибелік іс- әрекетінің алғышарты болып табылады және  ойлай отырып оқушы іздену арқылы өз бетімен білім алады.Өзіндік іс- әрекеті нәтижесінде балада қанағаттану, қуаныш сезімі оянып, білімді игеруде белсенділігі артады деген пікірде болды.

Бұл пікірлер көптеген ғасырлар бойы педагогтардың  талдау нысанасы болып келді.Ол Мишель Монтень, Томас Мор, Томаззо Компанелла еңбектерінде жалғасын тапты.Енді баланы өз бетінше әрекет ететін, саналы, ойлы, сыншыл азамат тәрбиелеу талабы туындады.Ол үшін жаңа білімді игеруде өз бетінше жұмыс жасап, өзі таным жолына бет бұрып, таным өрісінің жаңа шеңберіне жету жолын дұрыс таңдап алуы қажет болды.

Дидактикалық - әдістемелік бағыт Я.А.Коменский еңбектерінен бастау алады.Оның «¥лы дидактика» еңбегінде жазылған дидактикалық принциптерін ұсына келіп, оқушылар өз бетінше істейтін белсенді әрекетін ұйымдастыру және  оқыту, мұғалім мен оқушының әрекетін талдау мәселелерін қарастырады.Бүл бағыт бірнеше ғасырлар бойы жалғасын тауып, одан әрі дамыды.Бұл Ж.Ж.Руссоның, И.Г.Песталоццидің, А.Дистервергтің еңбектерінде дами түсті.

Психологиялық- дидактикалық бағыт К.Д.Ушинский,Ы.Алтынсарин еңбектерінен бастау алады.Оқушылардың өзіндік әрекеті тек қана оқытудыңпедагогикалық әдістері мен құралдары төңірегінде ғана емес, сондай - ақ зерттеу нысаны ретінде танылуымен сипатталады.

К.Д.Ушинский танымдық әрекет мәселесіне мән беріп, "өзіндік жұмыс -оқытуды жетістікке жеткізудің бірден- бір жолы" деп есептеді.Осы жұмыстың нәтижесіне жету үшін мұғалім мен оқушының оқу үрдісіндегі еңбегін дұрыс бөлуі деп түсіндірді.К.Д.Ушинский педагогикалық ғылымда алғаш рет оқушылардың өзіндік жұмысына философиялық және  психологиялық-педагогикалық тұрғыда талдау жасайды.

Ы.Алтынсарин оқыту арқылы өз бетінше білім көтеруге жол бастауда, ой -әрекетін жаттықтыруда мұғалімнің ролін жоғары бағалады.Ал К.Д.Ушинский мұғалімнің ролін ескере отырып, ол оқушының белсенділігін дамыту мақсатында ұйымдастырылған дербес бақылау мен тәжірибе өткізу, көрнекіліктер дайындау сияқты жұмыстардың маңыздылығына тоқталды.К.Д.Ушинскийдің пікірін П.Ф.Каптерев одан әрі дамытты, оның пікірінше, сабақта мұғалім бағыттаушы ғана, ал оқушының білімді игеруі өзіндік ішкі мүмкіндіктеріне байланыстылығын атап көрсетті.Бұл бағытта П.Ф.Каптерев, А.П.Вахтеров, Ы.Алтынсариннің және  т.б. педагогикалық ойларын жатқызуға болады.В.П.Вахтеров оқушының оқу танымдық белсенділігін арттыратын әдіс- тәсілдерді көрсетіп көптеген эксперименттер жүргізді.

Жаңашыл педагогикалық бағыт. Қоғам дамуының тарихи жаңа кезеңі қоғамның барлық саласындағы уақыт тудырған күрделі өзгерістермен айқындалады.Қоғамдағы оқу ағарту, білім беру саласындағы өзгерістер жеке тұлғаны қалыптастыруға , оқу үрдісінде тиімді әдіс- тәсілдерді іздестіруге, баланың шығармашылық, рухани, дене мүмкіндіктерін дамытуға, адамгершілік пен салауатты өмір салтын берік ұстануға бағытталады.Оқытудың жаңа технологиясы (инноватика, танымдық белсенділікті дамыту, модуль жүйесі, саралап, көп деңгейлік негізде, мультимедия жүйесін қолдану т.б) озат зерттеушілер, жаңашыл педагогтар идеясы орта мектеп жағдайындағы білім берудің қызметіне жаңаша сипат әкелді.

Танымдық  іс- әрекет, танымдық белсенділік,танымдық ізденімпаздық мәселелері жөнінде оқу - әдістемелік, психология — педагогикалық әдебиеттерге ғылыми зерттеулерге шолу жасау барысында танылған жаңашыл педагогикалық бағытты бөліп көрсетуге болады. Ю.К.Бабанский білім беруді оңтайландыру жүйесін ұсынса, М.А.Данилов пен Б.П.Есипов оқушының танымдық міндеттерін шешуде танымдық белсенділікті қалыптастыратын оқыту әдістерінің дидактикалық тұрғыдағы классификациясын жасады.

Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыратын танымдық әрекетін дамытуда проблемалық оқытудың маңызын В.И.Зазвязинский, М.И.Махмутов, Ж.Б.Қоянбаев, А.А.Бейсенбаева атап көрсеткен.

Оқушының  оқу - танымдық әрекетін, танымдық белсенділігін  арттырудың тиімді қүралдарының бірі - оқушының өзіндік, өздігінен білім алу әрекеті жайлы Т.С.Сабыров, М.А.Құдайқұлов, Р.С.Омарованың еңбектері маңызды.Оқушылардың оқыту мәселесін жетілдіру жөнінде А.Н.Ильясова, Н.Д.Хмель, С.А.Ұзақбаева, О.С.Сыздықова, Р.Н.Төлеубаева, Б.И.Мұханова, М.С.Молдабекова т.б. еңбектерін ерекше атап өтуге болады.

Танымдық  әрекет – шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл - ой әрекеті.Ол танымдық қажеттіліктен, мақсаттан, таным қисындарынан және әрекетті орындаудың тәсіл - амалдарынан тұрады.Танымдық белсенділікті бір ғана белгімен көрсетуге болмайтын ұғым, оның алуан қырлы сипатын айқын көреміз.

Белсенділік адамның әрекетке қатынасын өз бетінше  әрекет етуге дайын болудан, ұмтылыстан, алға қойылған мақсаттарға жету үшін оңтайлы жолдарды таңдай білуден көрініс табатын жеке тұлғаның сипаты ретінде айқындалады.

Оқушының  танымдық белсенділігі өз кезегінде қабылдау, есте сақтау, ойлау, қиялдау үрдістері мен зейінніц тұрақты күйін қажет етеді.

Қабылдау түйсікке қарағанда күрделі процесс, ол түйсіктер арасындағы белгілі қатынастарға тәуелді, оның физиологиялық негізі бірнеше анализаторлардың бір мезгілде бірлесіп қосақталған әрекетінен туындайды.Мәселен, дыбысты көркем фильмді адам көру, есту анализаторлары арқылы қабылдайды.Қабылдаудың негізгі бір қасиеті оның тұтастығы.Қабылдаудың обьектісі кейбір жеке қасиеттерден, жеке бөліктерден тұрғанмен, адам оларды бүтіндей тұтастай қабылдайды.Қабылдау ойлаумен тығыз байланысты.Обьектілердің мазмұны белгілі тұжырымдар мен сөз арқылы аталғанда ғана, толық қабылданады.Заттар мен құбылыстардың мағыналығы және  оларды жалпылау қабылдау қасиеттеріне жатады.Бала түсініксіз тілде айтылатын сөздердің мағынасын қабылдай алмайды.Жалпылау тәсілі қабылдаудың мағынасын арттырып, адам сезіміне және ой- әрекетіне әсер етеді.Қабылдаудағы иллюзиялар дегеніміз - заттардың бейнесін бұрмалап, теріс бейнелеу.Иллюзиялар әр қилы себептерге байланысты.Көру талдағыштарының ерекшеліктері, қабылдау жағдайының өзгеруі, көргенді бейнелеп болжау, көздегі әр түрлі кемістіктер иллюзияға себеп болады.Балаларды жалған қабылдаудан арылтып, обьектіні дұрыс қабылдауға үйрету - ұстаз қызметіндегі басты міндет.Бақылау мен байқағыштық туралы мәселе де маңызды нәрсе.Өйткені, бақылау арқылы адам белгілі бір нәрсені, құбылысты жүйелейді, жоспарлы түрде бейнелеп, оның дамуы мен өзгерісін танып біледі.Байқағыштық адам зейінінің шоғырлануын, қызығуын, нақты әрекетін талап етеді.Бақылау мен байқағыштық - адам тіршілігі үшін қажетті қасиет.

Ес - адамның ақыл - оймен тығыз байланысты күрделі психикалық процесс.Оның есте сақтау, қайта жаңғырту, еске ендіру, ұмыту сияқты өзіндік процестері бар.Бір нәрсені есте сақтау оны өзге нәрселермен байланыстыру деген сөз.Сондай байланыстардың болатынын тұңғыш көрсеткен -Аристотель.Мұндай байланыс ассоциация деп аталады.Есті біріншіден, оның дүниетанымдық, екіншіден, адамның ақыл - ойын қалыптастыруда алатын ролі тұрғысынан қарастырған дұрыс.Көптеген эксперименттік зерттеулерде, мидың түрлі бөлімдеріне жасалған операцияларда ми қабығының түрлі алқаптарының зақымдануы естің кейбір түрлерінің нашарлауына әкеліп соқтыратындығы дәлелденген.Мәселен, мидың желке аймағы зақымданса, көру есінің, самай аймағы зақымданса, сөз қозғалыс есінің нашарлайтыны байқалған.Есте сақтау адамның   қабылдау,   қиял,   ойлау,   сезім   түрлері,   қызығу,   мүдде   сияқты

психикалық  құбылыстармен тығыз байланысты.Адамның  есі бұрынғы білімімен, ескі мен жаңаны ұштастырып отыру нәтижесінде дамиды.

Заттар мен  құбылыстардың байланыс - қатынастарының миымызда жалпылай және  жанама түрде_бейнеленуін ойлау дейміз.Ойлаудың қамтитын шеңбері кең.Ойлау танымның жоғарғы сатысы.Оның айрықша ерекшелігі - сөзбен тығыз байланыстылығы.Ойлау мен сөйлеу органикалық бірлікте болады.Ой шындығы тіл арқылы беріледі.Шындықтағы себеп- салдарлық байланыстар тәжірибеде танылып , белгілі тілдік формалармен аталады.

Ойлау формалары- ұғым, пікір және ой қорытындысы деп үшке бөлінеді.Ұғымда заттардың жалпы және  негізгі қасиеттері бейнеленеді.¥ғымдар арқылы адам танымның ұзақ процесінің нәтижесі қорытылады.Ғылыми ұғымдарды меңгеру мектепке түсіп оқи бастаған кезден басталады.Соған орай, мұғалім баланың ойлау тәсілдерін дамыту үшін алғашқыға көрнекілік әдісті пайдаланып, сондай-ақ әр заттың өзіндік белгілерін ажырата білуге баулып отыруы керек.Ойлау үстінде адам бұрын есте сақталған біліміне сүйенеді, оның эмоция, сезім әрекетінде белсенділік туады, қызығуы, темпераменті жанданады,бүлар адамның ойлау қызметіне өң беріп, мақсатты іске бағыттайды. Қиял - адамның есінде сақталған қабылдау, елестету, ойлауды қайтадан өндеп, жаңартып, солардың негізінде жаңа бейнелер жасау.Ол еңбек әрекетінде, әсіресе шығармашылық еңбек үстінде дамып отырады.Қиял - ойлаумен бірге алдын -ала болжау, жаңа бір нәрсені жасау, материалдық обьектіде іске асырылатын нәрсені идеалды түрде көз алдыңа елестету процесі.Қиял бейнелері нәтижесінде адамның шындықты, ақиқатты тануының шекарасы кеңейіп отырады.Осы процестің жәрдемімен адам өзіне тікелей әсер етпеген нәрселерді танып біледі, өткендегіні,  келешектегіні,  сондай-ақ басқалардың  ойы  мен  сезімін  аңғара алады. Мұғалім еңбегі де шығармашылық сипатта болады.Ол сабақ үстінде алдындағыны қиялмен болжап түрады.Оқушылар да өз келешегін қиялы арқылы болжап, шамалайды.Адамның білім қоры, тәжірибесі, белгілі көзқарасы, айқын сенімі мол болса, оның соғұрлым шындыққа сай дұрыс қиялдауға мүмкіндігі мол болады. Қиялда жасалатын бейнелер сөз арқылы тұжырымдалады.Арман -қиялдың ерекше бір түрі екендігін айта келіп, әр оқушының жарқын болашағын алдын - ала қиялдап, аңсап қана қоймай, соған жету жолында күресе білу керектігін мықтап еске салу қажет.Бұл жерде қиялдың осы түріне қарама -қарсы құрғақ қиял болатындығын еске салған абзал.

Шәкірттің қиял қабілетін  дамыту, тәрбиелеу, оның келешекті армандай алу қасиетін қалыптастыру - мұғалімнің басты міндеттерінің бірі.Оқушы қиялының дамуына мектепте алған білімі ерекше әсер етеді.Адамға деген мейірімділік, ізеттілік, тілектестік т.б. тамаша қиялсыз өрістей алмайды.Бала қиялын дамытуға көркем әдебиет, музыканың, сурет салудың, еңбек сабақтарының мәні зор.Зейін - дербес психикалық процеске жатқызуға болмайды.Зейін адам санасының барлық жақтарымен қосақтасып оның психикасын белгілі бір обьектіге бағыттап жинақтайды.Зейін қасиеттерін түсіндіру үшін оларға жеке -жеке сипаттама берген жөн.Мәселен, зейіннің көлемі дегеніміз - адамның бір уақыт ішінде қамтитын обьектілерінің саны.Зейіннің бөлінілуі оқушылар меңгеруге тиісті нәрселердің қасиеттері мен ерекшеліктеріне байланысты.Зейіннің табиғатын дүрыс түсіну үшін обьектілерді дүрыс қабылдап, олардың мән жайын түсіну қажет.Бұл оқушылардың дағдысын қалыптастыруды талап етеді.Зейіннің аударылуын іс - әрекет үстінде, яғни тиісті міндеттерді шешу үшін бір обьектіден екінші обьектіге, немесе оның бір жағына сананы әдейі аудару арқылы қалыптасатынын нақты мысалдармен түсіндіру қажет.Зейіннің басты бір қасиеті - оның тұрақтылығы.Зейнді түрақтата алу жүйке процестерінің күшіне, әрекет сипатына қалыптасқан әдетке байланысты.Сабақ   үстінде    баланың    зейінін    белгілі    бір    әрекетке    ғана шоғырландырып, оны үнемі тұрақты етуге, ол үшін алаңдатушы тітіркендіргіштермен күресе білуі шарт.Зейін әсіресе, жас балаларда шашыраңқы келеді.Өйткені, олардың сыртқы тітіркендіргіштерге әсерленгіш тізгіні күшті.Шаршағандық, өз ойымен әлек болу, қолайсыз эмоциялық күй бала зейінін ауытқытып, түрлі нәрселерге әсерлендіреді.Оқу тәрбие процесінде мұғалім балалардың мұң - мұқтажына, көңіл күйіне, денсаулығына, сабақ үлгеруіне үнемі зейін қойып отыруы тиіс.Өйткені, бала зейінінің, ой өрісінің өсуі мүғалімдер үшін аса қажетті обьект.Оқушылар адамда сондай-ақ сыртқы және ішкі зейіндердің де болатынын, олардың өзіндік ерекшеліктерін ескергені жөн.Мәселен, айналаға зер салып қарау, жай көңіл аудару сыртқа бағытталған зейін делінсе, адамның өз ойына, адамгершілік қасиеттеріне, әсемдікті сезіп білуіне, көңіл-күйіне, басынан кешкен оқиғаларының санасының бағытталуы ішкі зейін делініді.

Сондықтан оқу  барысында оқушының таным белсенділігін арттыруда олардың өз бетінше танымдық ықылас - ынтасын шығармашылық әрекетін дамытатындай етіп ұйымдастырады.Шәкірттің қабылдауы негізінен, мүғалімнің сабақты жүйелі түрде жүргізуіне байланысты.Оқушылардың жаңа материалдарды қабылдауына негіз болатындай даярлық жұмыстары жүргізіледі.Оқушылардың оқу-танымдық қызметін арттыру дұрыс әрі нақты әрекеттер негізінде іске асады.Баланың өзіндік сезімдік танымы негізінде қабылданған білім, дағды, ептілік әлдеқайда нәтижелі әрі жемісті болады. Танымдық белсенділіктің үш дәрежесі бар:

Информация о работе Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда өзіндік жұмыстың теориялық негіздері