Оқушыларды сауатты жазуға төселдіру

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2012 в 10:16, реферат

Описание работы

Бастауыш сыныптың қазақ тілі сабағында оқушыларды сауатты жазуға үйрету мұғалімнің басты міндеті.
Сауатты жазуға әуелден меңгермеген баланың жоғарғы сыныпқа барғанда түзелуі қиынға түседі. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған оқушылардың жастары қатар болса да қабылдау мүмкіндіктері әр түрлі.

Работа содержит 1 файл

оқушыларды сауатты жазуға төселдіру.doc

— 44.00 Кб (Скачать)

        Оқушыларды сауатты жазуға төселдеру

 

       Бастауыш сыныптың  қазақ тілі сабағында оқушыларды сауатты жазуға үйрету мұғалімнің  басты міндеті.

       Сауатты жазуға әуелден меңгермеген баланың жоғарғы сыныпқа барғанда түзелуі қиынға түседі. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған оқушылардың жастары қатар болса да қабылдау мүмкіндіктері әр түрлі.

        Әр сыныптың өзіндік ерекшеліктері ескеріліп зертелгеннен кейін,білім деңгейіне сай тапсырма беріледі. Сауат ашу кезеңінде сөйлем,сөз,буын,дыбыс ұғымдарын меңгертуде оқулықта берілген суреттер арқылы тіл дамыту жұмыстары жүргізіледі.

         Сауатты жазу дегеніміз әріптерді тастамай,шатастырмай жазу.(Оқушыға буындап оқыту,сөздерді буынға дұрыс бөлгізу керек.Буынды дұрыс меңгерген оқушы сауатты жазады.) Ол үшін дыбыс пен әріп туралы түсініктерін 1-ші сыныптан-ақ дұрыс қалыптастыру қажет.Мысалы: Оқушыларға сөздердің құрамын ұғындыру және сөздердің дыбыстардан құралатынын білгізу мақсатында «Баспалдақтан кім бұрын түседі?» ойынын жүргіздім.

 

        Ор                       Ұл

        Ора                     Ұлы

        Орақ                   Ұлан

а

т

 

          

Д

 

П

а

Т

а

 

Д

 

П

а

т

а

қ

Д

 

п

 

«Бос орынды толтыру» ойыны.

Дыбыс саны мен әріп саны үнемі бірдей болып келе бермейді.  Мысалы,ащы(а-ш-ш-ы),аяқ(а-и-а-қ) сөздеріне әріп санынан дыбыс саны артық,ал лагерь,альбом сөздеріне дыбыс санынан әріп санынан әріп саны артық екенін және себептерін түсіндіріп кетемін.

        2-сыныпта тілдің дыбыстық жүйесіне берілетін білім кеңейтіліп, күрделене түседі.Атап айтқанда «У» дыбысы, «Е», «Я» «Ю» әріптері жеке –жеке қарастырылады.Мысалы: «У» әріпінің жазылуы тақырыбында –ы, і әріптеріне аяқталған сөздерге «у» әріпі қосылғанда,жазуду ы,і түсіп қалатындығын меңгертуде  «Дұрысын жаз» ойыны ойнатылады.

«бу-бұу»        тоқу-тоқыу            жібу-жібүу            іру-іріу

  ту-тұу          оқу-оқыу                жүру-жүрүу          кему-кеміу

   қу-құу         тору-торыу

 

      Қысқа й дыбысы мен ң дыбысының жазылу емлесінде өзіндік қиындықтары бар. Оны былай жинақтап көрсетуге болады. Й-ы,і дыбысынан кейін жазылмайды, тек мына түбірі тый,сый сөздеріне ғана жазылатындығы ескертіледі.

 

                       Қысқа й дыбысының жазылу емлесі

 

                Дауысты дыбыстардан кейін

Тый,сый

Сөздің басында

Сөздің ортасында

Сөздің аяғында

Тыйылу

Тыйым

Тыйған

Тыйылдыру

Сыйлық сыйлады.

Сыйды сыйлау.

Йемен

Йод

Айғаным

Айша

Аяйды

 

Ай,әй,күй,санато-рий,сценарий

 

       Ң  әрпі сөздің басында еш уақытта жазылмайды.Бұл дыбысты н дыбысымен  шатастырып жазуы жиі кездеседі.Оны сөздерді салыстыру арқылы сөз мағынасының өзгеретіндігіне көз жеткізу керек. Және н- тіл ұшы дыбысы,ң тіл арты дыбысы екенін үнемі тілмен жаттығу жасау арқылы үйрету керек. «Дұрысын жаз» Мені (н,ң), бізді (н,ң),оларды(н,ң).Қайсысы мағыналы. Қай уақытта дауысты и мен дауыссыз и-дің  жазылатынына байланысты ереже жиі еске түсірілуі қажет.

       Қосарлы я,ю әріптері бар сөздерді жазуға көп қиындықтар туғызады.Я дыбысы дауысты дыбыстан кейін жазылса екі дыбыстың орнына жүреді. Мысалы:қоян, ұя,мая,таяқ.Я әріпінен бұрын ы,і дыбысының орнына и жазылады.Я әріпі орыс тілінен енген сөздерде де және қазақ сөздерінде де жазылады.Мына формуланы ұсынамын:   и + а = я.

     Ойын ойнату «Сөз құра»ойыны.

1.    а,н,ш,я (шаян);  2.я,т,қ,и,а (тақиа);  3. а,з,я (аяз);  4. б,о,я,у (бояу).

Сауатты жазуға тиімді әдістердің бірі- жатқа жазу. Мысалы:

                                   Ақ түйіншек секеңдейді,

Сары түйіншек жетем дейді.

   Жұмбақты қызыға шешу (қоян, түлкі) жаттау, оларды дұрыс жазып үйрену сауатты жазуға төселдіреді. Жұмбақтың шешулерін дұрыс жазу және осы сөздердегі әріптерден бірнеше сөз құрау арқылы сөздік қорын байытуға болады.

               қоян-оян, оқ, он, қоя.

                Түлкі-үкі, күл, түл, іл, тік, тіл, үк, үтік, күт.

Ю әрпі бар сөздердің жазылуы ережесі де осыған ұқсас.

Алған білімдерін пысықтау мақсатында тест жұмысы алынады.

Қазақ тілінде орыс тілінен енген сөздерге қосымшалар жазғанда байқалатын құбылыстар. Мысалы: ь,ъ белгілері дыбыс қатарына жатпайды. Бұлар орыс тілінен енген сөздерге ғана жазылады: рольге, сентябрьде, секретарьға, фильмге. Ал б в, г, д дауыссыздары термин сөздердің соңында келгенде (клуб, штаб, педагог, архив) айтылуда олар қатаң п,ф, к, т болып есептелгендіктен, жалғанатын қосымшалардың басқа дыбыстары үнемі қатаң дыбыстар болып келеді. Мысалы: клуб-тар, устав-қа, педагог-ке.

   Оқушыларың сауатты жазуға дағдыландырудың негізгі жұмысы- диктант.Ал, диктанттың бірнеше түрі бар.

   Диктант өтілген тақырыпқа, ережеге қарай таңдап алынады. Оқушы білімі осы жерде сыналады, қандай ережені білмейтіндігі байқалады. Мысалы: синтаксистік және пунктуациялық ережелерді жете білмегендіктен, тыныс белгілерін дұрыс қоя білмейді.

Ал тыныс белгісі дұрыс орналастырмаған сөйлемнің мәнін дәл, ашық түсіну қиын.Тыныс белгілері ?!,.;..:-«»().

    Сонымен қатар  тапсырмаларды жиі қате кетіп жатады. Оқушыларға буын құрамындағы дыбыстарды бір-біріне ажыратуға болмайтындығын түсіндіремін. Ол буын түрлерін ажырата білу керек.

  Бас әріптен қысқарған сөздерді мысалы: ҚР, РСР т.б. сөздерді немесе адам атының қысқартып алынған әріпін фамилиядан айрып көшіруге және цифр арқылы таңбаланған өлшем бірлік атауларын тасымалдауға болмайтынын түсіндіремін.

  Қосарланып келген екі дауыссыз дыбыс әріптерінің біреуін жазбай кету немесе керексіз жерге артық әріп жазып қою дыбыс құрамын және буын ережесінін дұрыс меңгермегені,ал жақсы оқитын оқушыдан кетсе, онда жазғандарын қадағалау әдеті дұрыс қалыптаспағаны. Оқушылар бақылау диктантын 25-30 минутта жазып бітеді.

Содан кейін мәнерлеп оқып шығып, өздеріне бір-екі минут шолып шығуға  тапсырамын.

Тапқан қателерін қарындашпен белгілетемін. Таппаған жағдайда қазақ орфографиясы мен пунктуациясы жайындағы түсініктерін, ережелерін еске түсіру арқылы қатемен жұмыс ұйымдастырамын.

 

 

Информация о работе Оқушыларды сауатты жазуға төселдіру