Оқудың педагогикалық технологиялары

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Сентября 2013 в 13:36, контрольная работа

Описание работы

1. Оқудың педагогикалық технологиялары түсінігі
2. Оқудың педагогикалық технологияларына сипаттама

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Word (2).doc

— 54.50 Кб (Скачать)

Пəндердің тұрақты ауысып баруынан оқушы олардың  бірде-біріне тереңдеп ене алмайды. Бір пəннен екіншісіне өтуде бала қиыншылық көреді, көп уақыт сарп етеді, ендігі сабақ өткендегіні көлеңкелейді, сонымен əр өткен сабақ өз құндылықтарын жойып барады. Əр дəріс оқушы үшін – жаңа жүктеме, мұғалімдердің жаңа талаптары, жаңа мазмұнды материал, жаңа көңіл-күй ықпалдары, т.с.с. осылардың баршасына сəйкес бала икемделіп, оқу іс-əрекеттерін орындауы шарт. Ал бұл енді қалыптасып жатқан жас буынға оңай шаруа емес.

Шомдыру оқуында  сабақтар топқа (блокқа) келтіріледі, бір  күнге не аптаға межеленіп, қатар өтілетін пəндер саны кемітіледі. Мұндай технология оқу- оқыту процесін адам қабылдауының табиғи психологиялық ерекшеліктеріне жақындастыра түседі. Сабақта игерілген материалды ұмытудың алдын алу үшін оны бекіту жұмыстары сол күні жүргізілуі тиіс, яғни қандай да уақыт аралығында оқушы басқаларына алаңдамай, тек сол пəнмен ғана шұғылданып, толық шомуы қажет.

Қашықтан  оқу технологиясы – бұл осы  заманғы телебайланыс, электронды почта, теледидар жəне интернет жəрдемімен оқу мекемесіне қатыспай-ақ білімдену қызметтерін пайдалану. Қашықтан оқу қандай да себептермен білім иеленуге қол жеткізе алмай жүргендердің бəріне бірдей үйде отырып оқу мүмкіндіктерін ашады (əсіресе мүгедектерге, зағиптар мен есітуден қалғандарға, т.с.с.).

Оқу технологияларының басқа да түрлері баршылық: əр деңгейлі оқу, толық меңгеру, ұжымдық ықпалдаса оқу, икемдесе оқу, жобалап оқу, авторлық оқу технологиясы (мысалы, В.Ф.Шаталов технологиясы) жəне т.б.

Сұрақтар  мен тапсырмалар 

1. Оқу технологиясы  деген не?

2. «Оқу əдістемесі» жəне «оқу технологиясы» түсініктерінің айырмашылығы неде?

3. Модульді  оқу технологиясының мəні мен  сипаты қандай?

4. Проблемді  оқу технологиясының мағынасын  ашып беріңіз. 

5. Оқудың  қандай авторлық технологияларын  білесіз?


Информация о работе Оқудың педагогикалық технологиялары