Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2012 в 08:41, контрольная работа
Мұғалім: Балалар, біздің бүгінгі т/с тақырыбы «Отбасы тіршілік
тірегі »деп аталады. Сабақ барысында біз отбасы, адамға ең қымбат, ең жақын адамдар туралы, олардың мейірімділігі, сүйіспеншілігі туралы, имандылығы туралы сөз қозғаймыз.
«Отбасы
тіршіліктің тірегі»
тіршіліктің тірегі»
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Отбасы тіршіліктің тірегі»
Тәрбие
сағатының мақсаты:І. Ұрпақ тәрбиесінде
ата-бабамыздың
ұстаған жолын,
баланың отбасындағы
орнының жоғары бағалағандығын
паш ету,
бала тәрбиесіне
байланысты салт – дәстүр,
мақал – мәтелдер,
нақыл сөздерді пайдалана
отырып оқушыларды
үлкендерді сыйлауға,
кішіге көмектесуге
баулу.
ІІ. Өзара сыйластыққа, адамгершілікке, имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу.
Т/сағатының барысы.
І. Ұйымдастыру сәті.
1. Шаттық шеңбері. Қуа
Қуанасың сен де.
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге?
2. Ортаға ата-аналармен бірге оушылар шығады. Мектеп психологымен тренинг өткізу.
ІІ. Негізгі бөлім .
Мұғалім: Балалар, біздің бүгінгі т/с тақырыбы «Отбасы тіршілік
тірегі »деп аталады. Сабақ барысында біз отбасы, адамға ең қымбат, ең жақын адамдар туралы, олардың мейірімділігі, сүйіспеншілігі туралы, имандылығы туралы сөз қозғаймыз.
«Адамзаттың бәрін
сүй бауырым деп » ұлы ақын
атамыз Абай айтқан екен.
Ал адамға деген
сүйіспеншілік , мейірімділік қайырымдылық
– ең әуелі әркімнің отбасынан басталады.
Әр үйдің ішіндегі адамдар сол отбасының
мүшелері болып саналады.
Маған да, саған да,
Жақын туыс – бес адам.
Үш әріптен тұратын.
Оңға оқы, солға оқы.
Өзгермейді еш одан.
Бәрі де өз жұратың,
Айтады, қане, кім атын? /апа,ата, ана, іні, аға./
- Отбасы деген не?
- Кім өз отбасы туралы айтып береді? /жауаптарын тыңдау/
Сызбанұсқамен жұмыс.
- Отбасы мүшелерін атап берейік.
Енді балалар отбасының мүшелеріне жеке – жеке тоқталып өтейік.
Ата , ана, әже,
әке, бала, іні, қарындас, аға т
б.
Бала – адамның бауыр еті – дейді қазақ халқы.
Ұрпақ – ғұмыр
жалғасы, тіршілік көзі. Қай халық
болсын, үмітін ең алдымен ұрпағынан
күтеді. Жанған отын сөндірмей,
түтінін түтетін ұрпақ
«Бала - өмірдің жалғасы, көз қуанышы, шаңырақ иесі,»- деп ұрпақты болуға, оның тәрбиесіне қатты көңіл бөлген.
Қуанып жан жүрегі қақ жарылды,
Қасірет басындағы қалды арылып.
Ұл – қыз көріп дүбірлі той жасайды,
Атқан соң маңдайынан таң жарылып.
- Балалар, бізідің отбасымызда ең үлкен, ең ардақты, барлық тәттілерін сендерге арнап тығып қоятын кім?
- Дұрыс, ол біздің ата - әжелеріміз. Кім өзінің ата - әжесіне арнап тақпақ айтып берем дейді.
1-оқушы:
Аппақ күміс сақалды,
Жақсы көрем атамды.
Шахматтан ол бүгін,
Менен тағы мат алған.
- Отбасының тірегі , қорғанышы деп кімді айтамыз? Ол әке.
Ыстық – ау кім – кімге де әке деген,
Суыққа шалындырмай мәпелеген.
Өмірдің соқтығымен өрге тартып,
Алдымен адам бол деп жетелеген.
Тағдырдың кеуде тосып жартасына,
Біз үшін түскен майдан ортасына,
Алаңсыз
салып сайран шалқып
жүрміз
Біз бүгін әкелердің арқасында – дей келе балаларымыздың әкелерге арнаған ойларын тыңдап көрейік.
1 – оқушы:
Алтын арай таңым әке, Әкем – аласармас асқар тауым,
Алатаудай бағым әкем. Әкем – жайқалған жасыл бағым.
Балаң үшін шырылдайсың, Әкем -
Аман болғын, жаным әке.
Оқушылардың әкелеріне арналған өлең шумақтары.
Келесі кезекті ең ардақты, ең сүйікті ол кім?
- Әрине ол аналар.
Анаң деген ақылшың,
Анаң барда батырсың.
Ұясында
кім болса да,
Тек анаңа жақынсың – дегендей аналарға арнау.
1 – оқушы:
Ана деген асыл сөз, Үш әріптен құралған,
Ана деген ғаламат.
Жер бетінде анаға,
Табынады адамзат.
Әрбір ана сүйеді , Анашым бір өзіңсің.
Өз баласын үнемі
Одан асқан жан жоқ деп,
Жер бетінде біледі.
Сонымен, сендер үшін ата, апа, ана, әке қандай адамдар?
- Ең қымбат адамдар.
Құт береке атаң қымбат,
Мейірімді әжең қымбат,
Асқар тауың әкең қымбат,
Аймалайтын анаң қымбат.
Отбасының басқа да мүшелеріне арналған жыр шумақтары айтылады.
Кезекті биге береміз.
«Вальс биі»
ІІ – бөлім.
Армандарым көп менің,
Атқарамын деп келдім.
Оқып білім, ғылымды.
Өнер табам деп келдім.
Үйренген соң білімді, Сайысамыз деп келдік.
Құрметті қонақтар, ата – аналар бүгін 1 – сынып оқушылары мен бірге ата – аналары сайысқа түспекші.
Сайыс түрлері.
1) Таныстыру – презентатция.
2) Өнерлі өрге жүзеді.
3) Полиглот.
4) Сіз өз балаңызды білесіз бе?
5) Мақалды жалғастыр
6) Жеті жұмбақ
7) Әртүрлі жағдаяттарға шешім таба білейік.
Ақ көңілмен, ниетпен,
Әділ баға берсін деп,
Шаршамай, еш жалықпай,
Сайлап алсақ жөн болар. /Әділқазыларды сайлау/
1-сайыс:Таныстыру
– презентатция. Отбасыларын таныстыру.
1- «Шаңырақ» -отбасы.
(Сүлейменовтар жанұясы.)
2-«Береке» - отбасы.(Құдайбергеновтар
жанұясы.)
3- «Бірлік»-отбасы. (Бермағанбетовтар жанұясы.)
4- «Айгөлек»-
отбасы. Ахметжановтар жанұясы.
5– «Балдырған»-
отбасы. (Темірхановтар жанұясы.)
6- «Достық»-отбасы
(Маратовтар жанұясы.)
2 – сайыс:
Өнерлі өрге жүзеді! (Ән, би, тамаша-көрініс)
3 – сайыс: Полиглот.
Қатыссаңдар көтерер көңіл күйін,
Ойынның ойнайсыздар неше түрін.
Сөздерден
көп жаңа сөз құрап
шықса,
Мақсатқа жетеміз – ау біз де бүгін. (Алтыбақан сөзінен сөз құрастыру)
4 – сайыс: Сіз балаңызды білесіз бе?
Сергіту сәті: «Мені кім қалай жақсы көреді?!» (жылы сөздер )
5 – сайыс: Мақалдарды жалғастырыңдар.
а) Ауылдан асқан байлық,
--------- қымбат қазына жоқ. /кітап/
ә) Талапсыз жас,
Қанатсыз-----. /құс/
б) ------- қылығымен көркем. /қыз/
в) Білім – теңіз, ------ кеме. /мектеп/
г) -------- көңілі балада. /ананың/
д) Сөз тапқанға - --------- . /қолқа жоқ/
е) Жақсы сөз - ------------ . /жарым ырыс/
ж) Ине көзінен сынады --------- . /шешен сөзінен сынады/
з) Отан- -------- басталады. /отбасынан/
6 –сайыс:
«Жеті жұмбақ»
1- Қабат- қабат қаттама,
Ақылың болса аттама. Кітап
2 – Қардай аппақ , балдай тәтті – ақ. Қант.
3 – Ұрсаң жерде зулайды,
Жерде қарғып тұрмайды. Доп
Тиіп кетсе басына,
Ешбір зиян тимейді.
5 – Жылт – жылт еткен, жырадан өткен. Су
6 - Әрі қызыл, әрі тәтті.
Татқан жанды таңырқатты.
Оқушылардың өздері білетін жұмбақтарды жасыру.
Ата-анаға тарту. Ән «Жан ана.»
Келесі сөзді әділ-қазылар алқасына береміз. Марапаттау.
1-ші орын Темірхановтар жанұясы.
2-ші Құдайбергеновтар жанұясы.
3- ші Ахметжановтар жанұясы.
«Көрермендер көзайымы»-
Қорытынды сөз: Міне, балалар, бүгін біз өз отбасы мүшелерімен танысып, олардың жанұядағы орнымен және оларды қалай сыйлау керек екенін сөз еттік.