Ойын технологиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 16:17, автореферат

Описание работы

Ойын - баланың жан серігі іспеттес. Қай бала болмасын ойнап өседі. Әрбір елдің ойыны сол елдің қоғамдық идеологиясына, тұрмыс-тіршілігіне, айналысатын кәсіп-шаруашылық ерекшеліктеріне байланысты.
Айталық, мұғалімнің ұжымдық ойынды тартымды ұйымдастырып өткізуі балалардың бір-бірімен достық қатынастарының дұрыс қалыптасуының нышаны екені сөзсіз. Ойын кезінде жолдасының айтқанымен келісіп, оны құрмет тұтудың өзі адамгершілікке бастайтын жол.

Работа содержит 1 файл

Ойын технологиясы.docx

— 14.76 Кб (Скачать)

Кіріспе

Ойын - баланың жан серігі іспеттес. Қай бала болмасын ойнап өседі. Әрбір елдің ойыны сол елдің қоғамдық идеологиясына, тұрмыс-тіршілігіне, айналысатын кәсіп-шаруашылық ерекшеліктеріне байланысты.

Айталық, мұғалімнің ұжымдық ойынды тартымды ұйымдастырып өткізуі балалардың бір-бірімен достық қатынастарының дұрыс қалыптасуының нышаны екені сөзсіз. Ойын кезінде жолдасының айтқанымен келісіп, оны құрмет тұтудың өзі адамгершілікке бастайтын жол.

Ойындар оқушылардың ой - өрісін дамытып, ойлау қабілетін арттырумен қатар, үйретілген, өтілген тақырыптарды саналы да берік меңгеруге үлкен әсер етеді. Ойындар оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдірумен қатар, сөздік қорларын молайтып, сауатты жазуға да баулиды. Оқушылар ойын ойнау барысында үйренген сөздерін айтып қана қоймай, оның қандай мағынада қолданылатынын да біледі. Ойын оқу пәндерінің мазмұнымен тығыз байланыста жүргізілгенде ғана дұрыс нәтижелер береді.

Мұғалім ойын арқылы әр баланың игі бастамасын қолдап, оның бойындағы жақсы қасиеттерді өрбіте, өзіндік мінез-құлқын қалыптастырады. Мәселен, Әлім құмнан неше түрлі құрылыстарды өзі ойлап сала алады. Жанына келген Әсетке ол құмнан құрылыс салудың жолдарын бар ынтасымен айтып түсіндіреді. Болашақта осы Әлімнен талантты құрылысшы шығуы әбден ықтимал. Әр баланың бойында өмірге деген белгілі бір бейімділігі, сүйікті істері болады. Соны дер кезінде байқап, жан-жақты дамыта тәрбиелеу қажет. 

Балалардың мейірбандық  қасиеті отбасындағы үлкен адамдардың өнегесіне, мектепте мұғалім - апайының олармен күнделікті қарым-қатынасы мен тәрбие жұмысын ұтымды жүргізуіне байланысты қалыптасады. Үлкендердің мейірімділігі баланың сәби жүрегін қуаныш сезіміне бөлейді. Бала жаны еліктегіш, ол үлкендердің іс-әрекетін үлгі ретінде қабылдайды да, оны ойын кезінде айқын бейнелеуге тырысады.

Бала табиғатының өзі  тек ойынмен байланысты. Сәби шағындағы алғашқы қуыршақпен ойнауы баланың қамқорлық, ізгілік сезімін оятады да, әрі қарай өрбіте түседі. Мұндай ізгілік сезім құрбылар арасындағы достық қатынастың қалыптасуына жағдай туғызады. Қай бала болмасын жеке-дара ойнағаннан гөрі, бірігіп ойнаудың әлдеқайда қызықты, мазмұнды болатынын айқын сезіне бастайды. Соның нәтижесінде олардың ойынға деген қызығушылықтары артып, достықтары беки, нығая түседі.

Ойын кезінде балалар  өздерінің мінез-құлықтарын танытуы  мүмкін, сондықтан ең алдымен балаларды  ойын барысында бағыттап отыру қажеттілігі  туады, мысалы бір нәрсені жасау  қажеттілігі туындаған кезінде  дұрыс бағыт беріп, көмектесу керектігін ойластырған жөн.

Балалардың күнделікті іс-әрекетінің негізгі түрі шығармашылық ойынмен  тығыз байланысты. Мұғалімнің ойынды шебер ұйымдастыруына, тәртіп бұзатын, қисықтау, қыңырлау балаларды өзіне белсенді көмекшілікке тағайындап, біртіндеп ықпал ете отырып, ойын ережесін бұзбай ойнауға негіз болады. 

Педагог өз тобындағы тәртіп бұзатын балалардың намысына тимей, адамгершілік жайындағы шығармаларды оқып талдай отырып та олардың сезіміне әсер етеді. Қай бала болмасын жағымсыз қылықтан жиреніп, әңгіме мазмұнындағы жағымды бейнелерге еліктейді. Ойын кезінде көркем шығармаларды оқу барысында, біртіндеп топтағы балалардың өздері-ақ байқағыш, реттегіш бола бастайды. Мұғалім күнделікті білім беру, еңбекке баулу, ойындарын ұйымдастыру кезінде әрбір баланың жеке тұлғасының қалыптасуына ізгілік сезімдерінің дамуына ықпал етуі тиіс, сонда ғана баланың танымына жағымды әсері болады.

Атақты педагог А.С.Макаренко  ойын туралы: «Ойын-балалар ұжымында міндетті түрде болуы қажет, ойын ойнамаған балалар ұжымы, нағыз  балалар ұжымы болып саналмайды, балалар өміріне ойындар ұйымдастырылып, ойынның түрленіп отыруы, мазмұнды және қызықты болуы қажет».


Информация о работе Ойын технологиясы