Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2013 в 07:22, доклад
Адамзаттың көптеген жылдар бойғы ойнау тәжірибесі ойынның білімдік құндылығын дәлелдеді. Ойынның шығу сырын ғалымдар жүздеген жылдар бойы зерттеп келеді. Оның шығу тарихы жайлы көптеген пікірлер бар.
Көп тұжырымдардың бірі бойынша ойын қоғамның діни, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы кезіндегі бос уақыт пен демалысты өткізу мәселесінен туындаған. Ерте заманда ойын қоғамдық өмірдің бір бөлігі болып, оған діни-саяси маңыз берілген. Ерте гректер ойынды Құдайлар қолдаған десе, Қытайда мерекелік ойындарды император ашып, өзі де қатысқан.
Қазақтың ұлттық ойындарының бір қыдыруы асық ойынынан тұрады. Асықты «Сен айт», Мәтінді жалғастыр ойындарында қолдануға болады. Бұл ойындар асық лақтыру арқылы жүреді де, баланы шапшандыққа, тез ойлауға дағдыландырады. Сабақта ұлттық ойын элементтерін қолдану барысында мұғалім сөздермен таныстырады, дұрыс айтуға үйретеді, салт-дәстүрді сүюге тәрбиелейді. Оқушылар көбінесе сабақта ойын түрлерінің жиі болуына жақсы дағдыланады.
Мысалы : жануарлар атауларын жақсы естерінде сақтап қалулары үшін мынандай ойын түрін жүргіземін «Адасқан малдар» ойыны.
Төрт түлік малдың сүреттері тақтада ілулі тұрады және суреттердің қасында жануарлардың өз балалары сүреттелмеген. Сонымен балалар төрт түлік малдың қозысын, ботасын, бұзауын, құлынын тауып тақтаға шығып жазады. Бұл ойын балалардың тез ойлану, дұрыс жазу дағдыларын қалыптастырады. Сабақтарда қолданатын ойын элементтері оқушылардың белсенділігін арттырып, оларды ынталандырады, теориялық білімдерін практикада қолдануға үйретеді. Кез келген ойын элементі сабақта екі түрлі мақсатқа бағытталады. Оның біріншісі – оқушының сабаққа қызығушылығын, ынтасын арттыру, тілін дамыту, екіншісі – оқушыларды тапқырлыққа баулып, зейініне, ойлау қабілетін арттыру.
Ойын элементтерін тиімді
қолдану 1-4 сыныптарда өте тиімді деп
ойлаймын, себебі тез жазу, оқу, мақмұндау
дағдылары қалыптаспаған
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика.
Астана, 1986ж.
2. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдияров Н. Педагогика.
3. Біржанұлы Қ., Мусин С. Педагогика тарихы.
Алматы, 1986ж.
4. Сағындықұлы Е. Педагогика. Алматы, 1999ж.
5. Савин Н.В. Методика преподавания педагогики.
М., 1987ж.
6. Подласый И.А. Педагогика. М., 1998ж.
7. Тілеуова С.С., Әліпбек А. Педагогика.
Ш., 2006ж.
8. Тілеуова С.С. Жоғары мектеп педагогикасы.
Ш., 2005ж
9. Педагогикалық ізденіс. А., 1990ж.
10. Әбенбаев С.Ш. Тәрбие теориясы мен әдістемесі.
11. Асылов Ұ. Педагогикалық әдеп. 2004ж.
12. Синица И.Е. Педагогикалық әдеп шеберлігі.
13. Жарықбаев А. Әдеп және жантану.
14. Қабылдиев Ж. Қазақ этнопедагогикасы.
15. Қоянбаев Ж.Б. Педагогика. Астана, 2004ж.
16. Нұрғалиева Қ. Кәсіптік білім. Алматы,
2002ж.
17. Пидкасистый А.Д. Педагогика. М., 2004ж.
18. Табылдиев Ә. Қазақ этика педагогикасы
бір ғана әдеп.
Информация о работе Ойын технологиясы арқылы бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын қалыптастыру