Н.Г.Чернышевский мен Н.А.Добролюбовтың педагогикалық теориясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2012 в 14:50, реферат

Описание работы

Н.Г.Чернышевскийдің педагогикалық көзқарастары
(1828 – 1889)
Н.Г.Чернышевский 1828 жылы Саратов қаласында діни қызметкердің жанұясында дүниеге келді. Алғашқы білімді үйде алды, орта білімді – діни семинарияда, жоғары білімді – Петербург университетінде.
Петербург университетін бітіргеннен кейін Саратов гимназиясында үш жыл бойы әдебиет пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді. Одан кейін Петербургке барып, өзін әдеби-публицистикалық қызметке арнады

Работа содержит 1 файл

Чернышевский-Добролюбов.doc

— 52.50 Кб (Скачать)

        Добролюбовтың пікірінше, дене  тәрбиесіне жеткіліксіз мән беру  екі негізгі себептерге байланысты іске асады:

        1) адам табиғаты туралы жалған, идеалистік түсініктердің нәтижесінде;     2) үстем тап өкілдерінің дене  еңбегіне, еңбек адамына менсінбей  қараушылықтың салдарынан.

        Адам даярлау жүйесінде Добролюбов  басты рольді ақыл-ой тәрбиесіне  ерекше мән берді. Ол табиғат және қоғам туралы білімдермен шәкірттерді қаруландыруы қажет деген болатынды.

        Шәкірттердің сенімін қалыптастыруда  ақыл-ой білімімен қатар Добролюбов  дұрыс ұымдасқан адамгершілік  тәрбиесіне ерекше мән берді.  Негізгі адамгершілік қасиеттерге патриотизм, гуманизм, еңбекке сүйіспеншілікпен қарау, табандылық, турашылдық, принципшілдік т.б. қасиеттерді жатқызды.

        Добролюбов оқушыларды сөз бен  істің бірлігін қамтамасыз ету  қабілеттілік.

        Оқушылардың тәртібі туралы. Добролюбов сол кездегі мектептегі таяқ тәртібін қатты сынға алды. Ұрып-соғу және басқа да оқушылардың адамгершілік қасиеттеріне нұсқан келтіретін және балалардың белсенділігі мен өз дербестігін аяққа басатын құралдарды Добролюбов варварлық деп атады.

        Оқушыларға әсер етудің крепостниктік тәсілдеріне тән таяқ тәртібін қарсы бола отырып, Добролюбов оқушылардың саналы тәртібімен оны ұстаудың ізгілік құралдарын жақтады.

        “Оқушылардың орнында дұрыс отыруы”,  Добролюбовтың пікірінше, - бұл таяқ  тәртібінің көрсеткіші. Ал саналы тәртіп баланың қозғалғыштығына, белсенділігіне, балалық ерекшелігіне онымен жұмысты және мінез-құлқына мүмкіншілік беріледі.

        Тәрбиенің негізгі шарттары мен  тәсілдері және оқушылардың арасында  саналы тәртіпті қолдау ретінде  Добролюбов төмендегілерді атады: мұғалімнің шәкірттерге ерекше қамқоршы болуы, көңіл бөлуі, оқушыларды дер кезінде міндеттерімен таныстыру, мұғалімнің оқушыларға қойған талаптарын, табандылық және бірізділік, кішіпейілділік пен қамқорлық қатынастардың ұштасуын қамтамасыз ету, мұғалімнің үлгісі және оқушылардың мінез-құлқындағы  жағымды үлгілерді қолдану, оқушылардың тәртіпті орнатуға ынталылығы, олардың тәртіпті бұзушылыққа күреске қатысы.

        Добролюбов Пироговтың ұрып-соғуға, таяқ тәртібіне қарсы шығуын  қызу қолдады. Бірақ Пирогов  өзінің бұрынғы айтқан бағытынан ауытқып, “кейбір жекеленген жағдайларда” ұрып-соғуды қолдануға болады дегеннен кейін оған қарсы өзінің атақты “Дүремен қиратылған бүкілресейлік иллюзиялар” атты мақаласында Пирогов пікірінің екіжақтылық сипатын қатты сынға алды. Пирогов 1860 жылғы өзінің жауабында Добролюбовтың сын-ескертпелеріне қарсы шығып, өзін ақтамақшы болды. Осыдан кейін “Тамшыдан теңізге” атты мақаласында тағы да Пироговтың келісімпаздығын, бұрынғы ұстанған бағытынан бас тартқандығын қатты сынға алды.

       Чернышевский және Добролюбов Раищевтің, Белинскийдің және Герценнің педагогикалық көзқарасын дамытты және тәрбие, педагогика туралы революцияшыл-демократиялық ілімнің жүйесін негіздеді. Олар мектептің оқу және тәрбие жұмысының мазмұны және әдістемесі туралы ілімді толық талдады.

        Революцияшыл демократтардың педагогикалық  мұрасы өзінің идеялық-саяси бағыттылығы  және ғылыми деңгейі бойынша  Маркске дейінгі кезеңде тең  келетін болмады және тәрбие  мен оқытудың алдыңғы қатарлы  жүйесі үшін Ресей прогрессивті  күштерінің күресінде көрнекті роль атқарады.

        Чернышевский мен Добролюбовтың  революцияшыл-демократиялық педагогикалық  ойлары Ресейдегі прогрессивтік  педагогиканың және білім берудің  дамуына үлкен ықпал жасады. Осы  педагогикалық мұраның көптеген  мәселелері қазіргі кезеңге дейін өз құндылығы жоқ.

Информация о работе Н.Г.Чернышевский мен Н.А.Добролюбовтың педагогикалық теориясы