Музыка сабағындағы педагогикалық қатынас. Мақсаттары, функциясы, қазіргі талап, қатынас әдісі

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2011 в 09:18, реферат

Описание работы

Философтар, педагогтар, психологтар, социологтар тұлға категориясына түрлі анықтама береді.
Даралық болып туады, тұлға ретінде болу деген афоризм бар. «Мен» - тұлға мінезіне тұрақтылық қасиет, оның ішінде адамның сана-сезімі, «жақынға» деген, «алыстағы» қоршауға қатынасы, әлемге және өзіне деген ұғым. Осыны көркейтсе, адам өзі де көркейеді.

Работа содержит 1 файл

сабағындағы педагогикалық қатынас.doc

— 30.50 Кб (Скачать)

Музыка  сабағындағы педагогикалық  қатынас. Мақсаттары, функциясы, қазіргі талап, қатынас әдісі 

     Философтар, педагогтар, психологтар, социологтар  тұлға категориясына түрлі анықтама береді.

     Даралық болып туады, тұлға ретінде болу деген афоризм бар. «Мен» - тұлға мінезіне тұрақтылық қасиет, оның ішінде адамның сана-сезімі, «жақынға» деген, «алыстағы» қоршауға қатынасы, әлемге және өзіне деген ұғым. Осыны көркейтсе, адам өзі де көркейеді.

     Өнерде  басқаша: Моцарт «Дон Жуанды», «Свадьба Фигаро»-ны  жазбаса, ол үшін ешкім де жазбаушы еді, дәл солай Абай болмаса, Абайдың қара сөздері болмаушы еді. Италияда 1452 ж. Леонардо да Винча тумаса «Моно Лиза» болмаушы еді.

     «Таптырмайтын адам болмайды» деген сөз бар, бірақ ол өнерге қатысты айтылмаған. Дәрігерді, жұмыскерді, мұғалімді «ауыстыруға» болады, ал шығармашылық адамды «ауыстыруға» болмайды. Жоғары деңгейдегі көркем шығарма ешқашанда қайталанбайды. Дәл солай оқушылармен, жастармен қатынасқанда, педагог тұлғасын қайталауға болмайды, дәл солай музыкант тұлғасы (суретші болсын, әртіс болсын, әдебиетші т.с.) өзінің кәсіби әрекетінде қайталанбайды. 

     Музыка  сабағы өнер сабағы ретінде өте маңызды. Бұл тұрғыда музыкалық, педагогикалық, және басқа да білім, дағды мен  икемділік қажет, онсыз музыка сабағы болмайды. Ең қажеті мұғалімнің жеке тұлға ретінде оқушыларды музыкамен қызықтыра алуы, музыканы ләззат ала орындауға, тыңдауға деген сезімін оята білуі. Музыкант-мұғалімде «интелегентный» деген қасиет болады. «Интелегент» - тұлғаның негізгі бөлігі болып табылады. Өйткені - ол музыкант. Сондықтан музыка мұғалімінің қасиетіне жататыны:

     - музыкалығы, өзін музыкант деп  санауы;

     - балаларға деген махаббаты, эмпатийлығы;

     - кәсіби ойшылдығы мен өзіндік  сезімі;

     - музыкалық-педагогикалық сезгіштігі;

     - мұғалімнің әртістігі;

     - музыка мұғалімінің тұлғалық позициясы.

     Ең  негізі, музыка мұғалімінің кәсіби шеберлігінің деңгейін көтеру – оның әдіснамалық мәдениеті. Әдіснама – ғылымның бір саласы, ізденіс жолының әдісі ретінде қолданылады. Әдіснаманың оқу-ізденіс жұмысында алғаш рет аннотация, рецензия, баяндама дайындау болса, келесі ізденістің шыңы – шешім, гипотеза, нәтиже ретінде кәсіби әрекетінің жетілуі. 

     Мұғалімнің  кәсіби сапалылығы мен қасиеті –  музыка сабағында жалпы сыныппен қарым-қатынасының икемділігі және әр оқушымен жеке қатынасы. Музыкалық-педагогикалық қатынас педагог музыканттың кәсіби шығармашылығының бір бөлігі ретінде қаралады да, ол функция жүйесі ретінде қалыптасады.

     Музыкалық-педагогикалық функция қатынасына жататындары:

    - коммуникативтік - ақпараттық – музыка сабағында

оқушыларға  ақпаратты жеткізуі мен қабылдауы;

      - функциялық реттеу – музыкамен көркем қатынас процесіндегі

басқару және оқушы мен мұғалімнің арасындағы реттеуі.

     Сондықтан музыкалық-педагогикалық құрылысында келесі элементтер көрінеді: мотивация, мазмұнды-мағыналы, коммуникативті-орындаушылық.

     Мотивациялық элемент – музыкалық - педагогикалық қатынастың негізі (көркем - эстетикалық табиғаты).

     Мазмұнды-мағыналы – көркем - коммуникативтік мақсаты ретінде қаралады. Ол – көркем - эстетикалық бағыт, мұғалім мен оқушының музыкалық қатынас ерекшелігі, және де ең негізі – музыка сабағында коммуникативтік эстетикалық ситуацияны жасау.

     Музыкалық - педагогикалық қатынасқа музыкалық-орындаушылық элементі жатады. Олар: музыка мұғалімінің елесі, функция, эмпатия, рефлексия, зейіні, аффектілік есте сақтау, мимика, пантомимика, өз-өзін ұстау және музыкант-педагогтың көркем-интеллектуалды саласындағы тұлғалығы. 

Қолданылған әдебиет  тізімі;

1.Жарықбаев Қ. Жантану негіздері. Алматы -2002.-250 бет

2.Зимняя И.А. Педагогикалық психология. Оқулық.Алматы-2005.- 359 бет

3.Намазбаева Ж.И. Психология, оқулық Алматы-2005.- 430 бет

4.Алдамұратов А. Жалпы психология,Алматы,1996. – 300 бет

5.Тәжібаев Т. Жалпы психология. Алматы 1993. – 300 бет

6. Илина Т. А. Педагогика:- Алматы, 1977.- 488 бет.

7. Ж..Б. Қоянбаев, Р. М. Қоянбаев. Педагогика. – Алматы, 2002. - 369 бет.

8.Педагогикалық психология. -Алматы, 1995. -350 бет.

9.Ж.Әбиев, С. Бабаев, А.Құдиярова. Педагоика. -Алматы. 2004. - 460 бет.

10. Педагогика және психология сөздігі. - Алматы, 2002.-254 бет.

11. Музыкалық  психология, музыкалық білім беру  психологиясы,                                   

музыкалық іс-әрекет психологиясы: мамандығы «Музыкалық білім беру» студенттеріне және оқытушыларына арналған оқу құралы / ПМУ доценті Н. Дүкенбай, ф.ғ.к., ПМУ доценті

Г. Дүкенбай. –  Павлодар : Кереку, 2008. – 104 б. 

Информация о работе Музыка сабағындағы педагогикалық қатынас. Мақсаттары, функциясы, қазіргі талап, қатынас әдісі