Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2011 в 09:08, реферат
Модельдеу әдісі – ғылыми танымның зерттеу объектілерін олардың модельдерін жасап, зерделеу арқылы танып-білу әдісі. Модельдеу әдісінің пайда болуы техникалық жүйелердің күрделілігіне, материалдық процестер мен құбылыстарды зерттеу қажеттілігіне орай туындайтын ой-түрткілерге, себептерге, тағы басқа байланысты. Модельдеу кез келген затты мақсатты, жылдам, неғұрлым тиімді тәсілмен зерттеуге мүмкіндік береді. С
Модельдеу әдісі – ғылыми танымның зерттеу объектілерін олардың модельдерін жасап, зерделеу арқылы танып-білу әдісі. Модельдеу әдісінің пайда болуы техникалық жүйелердің күрделілігіне, материалдық процестер мен құбылыстарды зерттеу қажеттілігіне орай туындайтын ой-түрткілерге, себептерге, тағы басқа байланысты. Модельдеу кез келген затты мақсатты, жылдам, неғұрлым тиімді тәсілмен зерттеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, модель зерттеліп жатқан объектінің субъект баса көңіл қойып отырған қасиеттерін жоғары дәлдікпен бейнелей алады. Ол объектіні құбылыстарға, заттар мен процестерге тән қосалқы белгілерден айырып, ондағы жалпы, негізгі, елеулі заңды белгілерді табуға мүмкіндік береді. Сондықтан модельдеу танымның формасы, әдісі, ірі категориясы болып саналады. Модельдеу екі түрге бөлінеді. 1) Пәндік модельдеу зерттеу объектісінің белгілі бір физикалық, геометриялық, динамикалық немесе функционалдық сипаттамаларын нақыштайтын модель жасау арқылы іске асады. 2) Идеалды модельдеу кезінде модель ретінде сұлбалар, сызбалар, формулалар, табиғи және жасанды тілдердегі сөйлемдер, тағы басқа қолданылады. Мұндай модельдеу түріне математикалық (компьютерлік) модельдеу жатады. Әлдебір құбылысты оның моделі арқылы зерделеу модельдік эксперимент деп аталады. Күрделі жүйелерді зерттеу кезінде көбіне бірін-бірі толықтыратын бірнеше модельдер қолданылуы мүмкін. Кейде бір құбылысты зерттегенде бір-біріне қарама-қайшы келетін модельдер пайдаланып, бұл қайшылық таным дамуының аса жоғары деңгейінде шешімін табуы мүмкін. Модельдеу танымның басқа да формалары мен әдістерімен (эксперимент, абстрактілеу, гипотеза ұсыну, теория құру, түсініктемелеу, тағы басқа) бірлесе отырып, адам білімінің тереңдей түсінуіне зор ықпал етеді.
Әдебиеттер: Веников В., Веников Г., Теория подобия и моделирование, М., 1974; Рузавин Г., Методология научного исследования, М., 1999. М. Сәбит
Ғылыми танымның жалпы ұстанымдары мен әдістері
Жеке ғылымдардың әдістері, жалпы ғылыми әдістер және оларға сипаттама
Ғылыми танымның
әдістері жалпы деңгейлеріне, ғылыми
зерттелу үдерісіне, қолданылу ауқымының
кеңдігіне қарай бірнеше топқа
бөлінеді. Сондай-ақ олар: жеке, жалпы
ғылыми және жалпылама (философиялық)
әдістерге бөлінеді. Жеке
әдістер нақты зерттеулердің тар шеңберінде
қолданылады және зерттелетін объектілердің
сапалық ерекшеліктерімен тығыз байланыста
болады. Пәндік бағдарына қарай зерттелу
үдерісіне: физикалық, биологиялық, әлеуметтік әдістері қолданылады.
Мысалы, химиядағы валенттілікті табу, социологиядағы анкета жүргізу әдістері сияқты.
Зерттелетін объекті мен оны зерттеу арасындағы
тәуелділікті ескере отырып, зерттеуші объект пен әдістің сәйкестілігін қадағалау
керек. Жалпы ғылыми
әдістер ғылыми зерттеулер аясында
кең қолданылады. Ғылыми таным эмпириялық
және теориялық
деңгейлерге бөлінеді. Жалпы ғылыми әдістердің
кейбірі тек эмпириялық деңгейде (бақылау, эксперимент, өлшеу), басқалары тек теориялық
деңгейде (идеалдау, формалау), тағы бірқатары
эмпириялық және теориялық деңгейде (модельдеу)
қолданылады.
Эмпириялық танымның бастау алатын әдісі — бақылау. Ол айналадағы нағыздық объектілері туралы бірқатар алғашқы ақпараттар алуға мүмкіндік береді. Бақылау белсенді танымдық үдеріске жатады және нәрсе мен сыртқы дүние құбылыстарының сезімдік (көбінесе көру) бейнеленуі болып табылады. Бұл әдісті қолданған кезде танушы адам белгілі бір тану мақсатына сүйенеді. Әдетте, ойша әрекет бағдарламасын жоспарлайды және алынған айғақтарға, демек, реалдылық туралы білімдерге сәйкес келетін түсінік береді. Бақылау үдерісінде зерттеуші салыстыру және өлшеу операцияларын қолданады. Зерттеуші объектіні белгілі бір белгісі бойынша салыстырады, сонан кейін оны өлшейді. Өлшеу барысында субъективтілікті мейлінше азайтады. Ал өлшеу кезінде өлшеу құралдарын қолдану зерттеушіні физикалық үдерістерді тіркеудің; сезім органдары сияқты сенімсіз құралдарынан бас тартқызады. Эмпириялық танымның бұдан да күрделі әдісі тәжірибе болып табылады. Тәжірибе деп объектінің өзіне сай қасиеттерін айқындау зерттеушінің оған жасанды жағдайлар жасау жолымен әсер етуін айтамыз. Мұндай жағдайда зерттеуші алдын ала объектінің белгісіз (жасырын) сипаттарын ашу үшін, оның өту жағдайларын өзгерте отырып, табиғи үдеріс барысына енеді.
Оған: ''анализ'', ''синтез'', ''индукция'', ''дедукция'' жатады. Анализ дегеніміз — объектіні бірнеше құрамдас бөліктерге бөліп алып, оларды жеке зерттеу. Ондай бөліктер ретінде объектінің белгілі бір заттық элементтері немесе оның қасиеттері, белгілері, қатынастары алынуы мүмкін. Объектінің өзін ұстау заңдарын айқындау үшін алдын ала оның маңызды және екінші қатардағы белгілерін ажыратып алу керек. Олардың жалпы объект құрылымы мен ұстанымында алатын орнын айқындау керек. Объектіні тұтастық ретінде тану оның құрамдас бөліктерін зерттеумен шектелуге болмайды. Таным үдерісінде олардың арасындағы объективтік мәнді байланыстарды ашу, оларды жинақтап, бірлікте қарастыру қажет. Таным үдерісіндегі осы екінші кезенді жүзеге асыру — объектінің жеке құрамдас бөліктерін зерттеуден оның біртұтас байланысқан жағдайын зерттеуге көшуге, анализ әдісін өзге әдіспен, яғни синтезбен алмастыруға байланысты. Анализ аяқталған жерде синтез басталады. Синтездеу кезінде объектінің анализ жасау кезінде ажыратылып тасталған құрамдас бөліктері қайтадан біріктіріледі. Бүл жерде синтездеу деп элементтерді біртұтас жүйеге қарапайым механикалық түрде біріктіру деп түсінбеу керек. Шындығында, ол тұтас жүйедегі өр элементтің орны мен рөлін анықтайды, олардың өзара байланыстарын белгілейді. Демек, біздің көз алдымызда зерттелетін объектінің нағыз диалектикалық бірлігін көрсетіп береді. Анализ бен синтез бір-бірінен бөлек операциялар емес, мәніне қарай олар танымның аналитикалық, синтетикалық әдісінің екі жағы болып табылады. Индукция ойдың жалпыдан жалпыға қарай бағытталуын, дедукция кері бағытта, ойдың жалпыдан жалқыға қарай бағытталуын сипаттайды. Біздің ой қорытуымызда индукция жиі көрініс береді. "Барлық адам өледі. Юлий Цезарь — адам. Демек, Юлий Цезарьдің де өлетіні белгілі". Жалпы жағдайды біле тұра, таным субъектісі оны сол сипаттағы құбылыстардың бәріне ауыстырады. Бұған дейін мұндай объектілер ұзақ индуктивті тану жолынан өткендіктен, сол білімдердің нәтижесінде жеке зерттеу логикалық қорытуға ұласады. Данышпан ғалым-химик Д.И.Менделеев сол кездегі белгілі химиялық өлшемдердің бәрін дерліктей зерттей отырып, элементтердің периодтық заңына алдымен индуктивтік жолмен келді. Элементтердің қасиеттері олардың атомдық салмағына тәуелділігі анықталғанда, ол таза дедуктивтік әдіспен сол кезде әлі ашылмаған, белгісіз элементтердің қасиеттері туралы жорамал айтты. Содан кейінгі ашылған элементтер ол тұжырымдаған заңдылықтардың толығымен дұрыстығын көрсетті. Индуктивтік әдіспен алынған ақиқат үнемі толық бола бермейді, сондықтан ол дедуктивтік әдіспен дәйектелуі керек. Екінші жағынан, дедукция үнемі индуктивтік жолмен алынған нәтижелерді пайдалануы керек.
'''Аналогия''' деп түрлі объектілер
арасындағы, олардың белгілерінің, қасиеттерінің,
қатынастарының арасындағы ұқсастықты
атаймыз. Объектілер арасындағы ұқсастың
пен айырмашылық оларды салыстыру кезінде
айқындалады. Демек, аналогия
әдісінің
негізі салыстырудан тұрады деген сөз.
Аналогия әдісі ғылымның көптеген салаларында
— математикада, физикада, химияда, кибернетикада, қоғамдық
пәндерде
қолданылады. Осылай XVI ғасырда Галилей маятник тербелісінің
заңдылықтарын
зерттеу шіркеудегі шамдалдың (люстра) тербелуі мен маятниктің
ауытқуы арасындағы аналогиядан басталды.
И.Ньютонның бүкіләлемдік
тартылыс заңын
ашуына да ағаштан алманың түсуі мен аспан
денелерінің жерге құлауы арасында аналогия
түрткі болғаны белгілі. Дыбыс пен жарықтың
берілу, бейнеленуі, сыну құбылыстарының
арасындағы аналогия XVII ғасырдағы голланд
физигі Гюйгенсті жарықтың толқын сияқты
табиғатын айқындауға бастап әкелді. Аналогия
бойынша қорытынды шығарудың өр түрлі
тұрпаттары бар. Бәріне ортақ нәрсе —
тура зерттеуге алынатын объект басқа
болып, ал қорытынды екінші объект туралы
жасалады. Сондықтан аналогия бойынша
қорытындыны жалпылама мағынада ақпаратты
бір объектіден екіншісіне аудару деп
қарауға болады. Мұндайда алғашқы зерттелген
объект — модель ақпарат аударылған объект
— түпнұсқа (оригинал) делінеді.
Осылайша, модель әрқашан аналогия ретінде
көрінеді, өйткені модель мен түпнұсқа
бір-біріне ұқсас. Модельдеу әдісінің
мәні таным субъектісі таным объектісінің
түпнұсқасы туралы оның түпнұсқадан үнемі
айырмашылығы бар моделін зерттей отырып,
қосымша ақпарат алатындығынан көрінеді.
Сондықтан модельдеу аналогия әдісінің
бір түрі болып есептеледі. Мұндайда ақпарат
кешіру модель мен түпнұсқа ұқсастығының
деңгейіне байланысты. Болашақ салынатын
ірі құрылыстар мен жасалатын техникалық
бұйымдардың қасиеттері мен сипаттамасы
алдын ала олардың модельдерінде зерттеледі.
Қаржы-экономикалық тұрғыдан бұлар толық
ақталады. Модельдеу
әдісін ғалымдар
бірнеше ғасырлар бойы пайдаланып келеді.
Кезінде XV ғасырда өмір сүрген Леонардо
да Винчи
модельдеудің маңызын жақсы түсінген.
"Құстың ұшуын барлық бөлшектері бойынша
зерттеу өте қиын, — деді ол, бірақ оны
жасап шығаруға болады. Судың астында
жүзу туралы жазып көр — кұстың ауада
ұшқанын аласың". Модельдеу әдісін Галилей, Ньютон және басқа ғалымдар
да пайдаланған. Ол кезде: "Модельдеуді
зерттеудің ең бастапқы кезінде ғана пайдалануға
болады, ол ыждағатты ғылыми зерттеулер
жүргізуге жарамайды" деген пікір таралған
еді. Мысалы, 1870 жылы Англияда аса ірі бронкеме
"Кептен"
жасалды. Бұл кемені моделі бойынша сынақтан
еткізген инженер Рид
бронкемесінің
маңызды кемшіліктерін анықтады. Алайда
ағылшын билеушілері "ойыншықпен"
жасалған тәжірибені назарға алғысы келмеді.
Ақыры сол үшін олар жазасын алды, "Кептен"
ашық теңізге шыға берісімен суға батып
кетті, 500 адамның өмірі үзілді. Қазіргі
кезде де модельдеу әдісін жеткілікті
бағаламауға немесе оны көзге ілмеуге
болмайды. "Модель" дегенде, әдетте,
біздің ойымызға адам арнайы жасамақшы
болған белгілі бір шынайы нәрсенің немесе
жүйенің, құрылғының, шығарманың, сипаттаманың
кішірейтілген үлгісі келеді. Модель арқылы,
қолмен ұстап, көзбен көруге болмайтын
зерттеу объектісі туралы қалыпты жағдайда
киын немесе мүмкін болмайтын білім алуға
болады. Ғылымның түрлі салаларында таным
үдерісінде әр түрлі модельдер қолданылады.
Оларды екі топқа бөліп қарастыру керек:
біріншісі— заттай немесе материалдық
модельдер, екіншісі — логикалық немесе
идеалдық модельдер. Заттай модельдер
көрнекі формада зерттеу объектісінің
материалдық қалпын көрсетеді. Олар күрделі
техникалық жүйелерді, қымбат тұратын
агрегаттарды сынақтан өткізгенде қолданылады.
Модельмен эксперимент жасау арзанға түседі
әрі ыңғайлы. Логикалық немесе идеалдық
модельдер материалдық түзіліммен байланысты
емес. Олар зерттеушінің санасында құрылады.
Қазір оларды жасауға компьютер қолданылады.
Компьютерді пайдаланып ғалымдар күрделі
ақпараттың модельдер жасайды.[1]