Менің сүйкімді күшігім

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2013 в 19:40, методичка

Описание работы

«Ғажайып баулар» арқылы бір-біріне жақсы тілектер білдіріп, жүректерінен шыққан жылуды, қонақтарға сыйлайды (алақанды үрлеу арқылы)

Работа содержит 1 файл

Элвира.doc

— 49.00 Кб (Скачать)

№9 орта мектеп

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Менің сүйікімді күшігім

 

 

 

 

 

                                                                       Өткізген:  Улетова Э

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2012жыл

 

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің технологиялық картасы.

 

Білім беру саласы:    «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрлері: Тіл дамыту,

                                                          Айналамен таныстыру, Бейнелеу.

Тақырыбы:           «Менің сүйкімді күшігім»

Мақсаты:             Білімділік:  Күшік туралы түсініктерін кеңейту,

                              берілген      сұраққа толық жауап беруге жаттықтыру. 

                              Сөздік қорын байыту, байланыстырып  әңгімелеуге  

                              жаттықтыру

 Дамытушылық:  Бейнелеу ой-қиялын дамыту,

                              шығармашылық  белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік:           Үй жануарларына қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу,

                            ұқыптылыққа, тазалыққа баулу.

Көрнекілігі:         Күшік, әр түрлі шаршы қағаздар, қылқалам, күшіктер

                             бейнеленген суреттер, субояқ.

Әдіс-тәсілдері:  1) Психологиялық тренинг «Ғажайып баулар»

                            2)Таң қалдыру сәті.

                            3)Болжам стратегиясы

                            4)Топтау

                             5)Дыбыстық ойын  «Айнытпай сал»

                             6) Сергіту  сәті

                             7)Белсенді  орталықтарға бөлу

                             8) Бала жұмысын мадақтау. Қуанышты хабарлама.

 

Қызмет түрлері

Тәрбиеші қызметі

Балалар қызметі

Ұйымдастырушы-қозғаушы қызмет

«Ғажайып баулар» (психологиялық ойын – жаттығу тренинг) шананың келуімен таң  қалдыру сәті ұйымдастырады.

«Ғажайып баулар» арқылы бір-біріне жақсы тілектер білдіріп, жүректерінен шыққан жылуды, қонақтарға сыйлайды (алақанды үрлеу арқылы)

Ұйымдастыру-ізденушілік.

«Әдемі қорапқа » қызығушылығын арттыру.  Болжам стратегиясы

-балалар бізге қонаққа «Әдемі қорап» кім әкелді деп ойлайсындар?

-Не бар екенін білгілерің  келе ме?-деп баланың сабаққа қызығушылығын арттыру.

Көңілді әуен ойналып, сүйкімді күшік шығады.

Күшік: (дыбыстайды)

Көзі шамдай күшікпін,

Көп ойынға түсіппін.

-Балалар бізге сүйкімді  күшік қонаққа келіпті.

-Қане күшікке амандасайық

-Сүйкімді күшікті  қалай деп атасақ екен?

-Балалар енді күшікке  қандай өнерлі бала екенімізді  көрсетейік, орнымызға отырамыз.

Топтау:

    адамның      сүйікті асы-сүйек

      досы

                                иттің баласы

               Күшік    

 

аф-аф деп             үйшікте болады

дыбыстайды

 

Балалардан күшік туралы мақал-мәтелдер, ырым-тыйымдар өлеңдер  сұралады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дыбыстық ойын: «Айнытпай  сал»

 

Құлыншақтан қуыршақ,

Шауып жүріп құлады.

Салшы даусын, қуыршақ,

Сонда қалай жылады?

 

Тышқан шығып інінен,

Жем іздейді күнімен.

Қарны ашқанын ол қалай,

Жеткізеді үнімен?

 

Олай-былай жүгіріп,

Ала мысық ойнамай,

Аша алмаса есікті,

Дыбыстайды ол қалай?

 

Әтешке қарап ән салып,

Әнші болған балапан.

Әтеш болып шақырып,

Соқшы, қане, алақан.

 

Күзетші күшік-саққұлақ,

Үй күзетіп шапқылап,

Дыбыс шықса қаттырақ,

Қалай, қалай үреді?

 

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық,

Қолымызды созайық.

Оңға қарай иіліп,

Солға қарай иіліп.

Белімізді жазайық

Айналаға қарайық,

Отырайық тұрайық,

Біз тынығып алайық.

Тынығып біз болған соң,

Әсем күшік жасайық.

 

Түстер арқылы орталықтарға бөлу:

1)оригами

2)кляскография

3)саусақ арқылы бейнелеу

Балалар қорапқа таңырқап қарап, онда не бар екенін болжайды.

 

 

 

 

 

 

Балалар таңданып қуанады.

 

 

 

 

Күшікке амандасып, күшікке  ат қояды.

 

 

 

 

 

 

Балалар сұраққа жауап береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Күшігім өсіп ит болды,

Түнде тынбай үреді.

Адал досым қасымнан, қалмай бірге жүреді.

 

Бірі жеті қазынаның,

Ит-ежелден адам досы,

Балаларға қозы лағың,

Бағыстың дәл өзі.

 

 

Ит-адамның досы.

 

Итке кет дейді,

 Аяқпен теппейді.

Ит-адамға ырыс деп,

Тебуді шектейді.

 

 

Балалар ойын ережесін тыңдайды, дыбыстайды, орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Осы ойын арқылы балалардың көңіл – күйі көтеріліп, сабаққа  қызығушылығы арытады

 

 

 

 

 

 

 

Балалар орындарынан  тұрып,қимылдап,сергіту сәтін орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жай әуен ойналып тұрады,жұмыс  жасау әдістері көрсетіліп, қиялы  мен ойын сәйкестендіре жұмыс  атқару.

Жетекші-жөндеуші

Балалар жұмысы қадағалнады,

Күшік туралы түсінігі, білімі қалыптасады. Саусақ моторикасы дамиды,шеберлігі артады. Бір-бірінің жұмысын бағалап, өз жұмысына қуанады. Сабақ соңында балалардан: - Бүгінгі сабақта немен шұғылдандың? –Қандай әдіс-тәсілдермен жұмыс жасадық? Сабақ ұнады ма? Тағы не істедік? Бірігіп атқарған жұмыстары үшін балалар мадақталады.

Өз жұмыстарын көрсетіп, ойларын жеткізеді, күшіктеріне ат қояды, күшіктері туралы бейнелі әңгімелейді, қандай жұмыс түрлерімен айналысқанын түсіндіреді. Өз жасаған жұмысына ризашылық сезімі қалыптасады.


 

 

 

Күтілетін нәтиже:

 

Білуі қажет: Күшік туралы түсінігі қалыптасып, түсінігі молаяды. Бейнелеу жұмысының әдіс-тәсілдері арқылы саусақ бұлшық еттері дамиды. Бейнелеу, бүктеу тәсілдерін меңгереді және шығармашылық ой-қиялы өрістейді.  Қалыптасқан түсініктер: Өз бетінше жұмыс жасай, өз еңбектерін бағалай біледі.

Орындаушылық қабілеті:  Қылқаламды қолдану, қағазбен жұмыс істеу, бүктеу әдістері қалыптасты, зейіні, ой-өрісі дамыды, ұқыпты жұмыс жасауға үйренеді.

 

 


Информация о работе Менің сүйкімді күшігім