Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Декабря 2011 в 20:28, реферат
Басқару мәдениетінің негізгі компоненттері. Білім саласында еңбек ететін адамдардың басқару мәдениеті, олардың кәсіптік-педагогикалық мәдениетінің құрамды бөлігі болып табылады. Дәстүрлі ұғымда кәсіптік-педаго-гикалық мәдениет негізінен педагогикалық қызметтің нормалары, ережелері, педагогикалық техника және шеберлікпен байланыстырылады. Ал, соңғы жылдардағы психологиялық-педагогикалық зерттеулер педагогикалық мәдениет категорияларына педагогикалық құндылықтар, педагогикалық технология және педагогикалық шығарма-шылықты да қосатын болды.
Тәрбиелік шараның оқушы тұлғасына дербес ықылас, оның балалар ұжымын қалыптастыру, өзін-өзі басқаруын дамытуына талдау;
Мұғалім, сынып жетекшісінің қызметіне, педагогикалық шеберлігіне тәрбиешінің тәрбие процесін басқарудағы біліктілігі мен кәсіпқойлығына, беделі, педагогикалық әзірлігіне баға беру;
Тәрбие ісінін жүргізудегі кемшіліктері оның себептері;
Сынып жетекшісіне, мұғалім мен тәрбиешіге тәрбие процесін жетілдіруіне ұсыныс, ақыл-кеңес беру.
Мектептің оқу жылында атқарған жұмыстарының қорытынды талдауының негізгі мазмұнын мынадай басты бағыттар құрайды:
Оқыту сапасы - мұғалімдердің қажеттік дайын-дығының дамыта оқыту талаптарына сай
болуы;
Білім беру бағдарламалары мен стандарттардың орындалуы; оқытудың белсенді түрлері мен әдістерін қолдану; сабақтың тәрбиелік мүмкіндігін іске асыру; тұлғалық ерекшеліктер мен дербестік нышандарды дамыту; оқушылардың білім, дағды, іскерлігін бағалаудың шараларын сақтау;
Оқушылардың білім, іскерлік дағдысының сапасы - көлемі, тереңдігі, жүйелілігі, түсініктілігі, танымды-лығы; оқушылардың жалпы білім берудің барлық сатысындағы білім сапасы; оқушылар біліміндегі типтік олқылықтар мен олардың себептері; оқушылардың компьютерлік білімі және т.б.
Оқушылардың тәрбиелік деңгейі; мектептегі әдістемелік жұмыстың жағдайы мен сапасы;
Ата-аналармен және қоғамдық ұйымдармен тиімділігі;
Оқушылар денсаулығы жайлы санитарлық-гигиеналық мәдениет;
Мектеп кеңесінің, педагогикалық кеңес қызметінің нәтижелігі; он бір жылдық оқу және тәрбие циклындағы мектеп жұмысы; мектептің есепті баяндамасы.
Қорытынды талдау жасау оның объективтілігі, тереңдігі, перспективлігі жаңа оқу жылының жоспарын жасауға дайындық қызметін атқарады.
Кез келген педагогикалық процесті басқару мақсат қою мен жоспарлаудан тұрады. Педагогикалық жүйенің үнемі қозғалыста, үнемі даму үстінде болуы оқу-тәрбие жұмысында мақсат қою мен жоспарлауды жетілдіріп отыруды қажет етеді. Әрине, тәрбиеленушілердің бойында белгілі бір қасиеттің қалыптасуын дәл белгілеу, жоспарлау мүмкін емес. Ал жоспарлау жеке тұлғаның барынша және жан жақты дамуына қолайлы объективті жағдай туғызуы тиіс.
Сондықтан педагогтардың алдында тұрған мақсаттар мен міндеттер қоғамның алдындағы жалпы міндеттер мен мақсаттардың көрінісі болып табылады. Мақсат жоспардың өзегі болғандықтан ол педагогтің де, оқушының да әрекеттін қамтуы керек. Басқару қызметінің мақсаты - жұмыс түрлері мен тәсілдерін, оның жалпы бағыттарын айқындайтын бастау.
Педагогикалық жүйеде мақсат қоюдың ерекшелігі бұл жерде қоғамның объективті талаптарын білу жеткіліксіз.
Бір жерде басқару әрекетінің жалпы мақсаттарын оқушылардың жас ерекшелігі мен дербес-психологиялық ерекшеліктерін ескеріп белгілеу орынды. Жалпы мақсатты жан-жақты тармақталған "ағашқа" теңейтін болсақ ''басты'' мақсат оның діңі болып шығады. Сондықтан оның педагогикалық процестің басты мақсаты жекелеген мақсаттардың іске асуы есебінен нәтиже беретінін ұмытпау қажет.
Сапалы түрде мақсат белгілегенде директормен бірге мұғалімдер, оқушылардың да осы жұмысқа тартылуы, оладың әрқайсысының педагогикалық процесте белгілі бір құқық, міндет, жауапкершілік арқалауына жағдай жасайды.
Мақсат қоюды осылай түсіну кешенді мақсатты бағдарламаны іске асыратын жоспарластыруға мүмкіндік береді. Кешенді мақсатты бағдарлама мектеп жұмысы жоспарының қысқартылған моделі емес, ол мектептің жалпы жоспарынан бөліп алынған барынша маңызды 3-4 мәселені нақтылана түскен бөлігі.
Бұндай мақсатты бағдарламаның мазмұнын айқындайтын қысқаша түсініктемесі болады; оның жалпы мектептік жоспардағы орны; басты мақсаты, міндеттер жүйесі; мақсатқа жету көрсеткіштері; орындалу мерзімі; міндетті орындауды басқарудың мәліметпен қамтамасыз етілуі; бағдарламаның орындалуын бақылау; қорытынды талдау; бағдарламаны орындауға енгізілген түзету.
Мектептегі басқаруды жоспарластыру зерттейтін құбылысқа жасалған педагогикалық талдаудың негізінде іске асатын мақсатты бағдарлама деп білеміз. Бұл жерде жоспар түрінде қабылданған шешім ұзақ перспективаға арналуы, шұғыл, адамдағы істерді шешуге бағытталуы
мүмкін. Осыған
байланысты мектеп жұмысының жоспарын
перспективалық, жылдық, ағымдағы деп
бөліп қарастырамыз.
Мектеп жұмысы жоспарының түрлері және оған қойылатын негізгі талаптар
Мектеп
жұмысының жоспарын дайындау оның орындалуының
шынайылығын, нақтылығын,
үздіксіз-дігін қамтамасыз ететін бірқатар
талаптарды сақтауды қажет етеді. Ол ең
алдымен
мақсатты бағытының талабын сақтауға
байланысты. Мақсатты бағыттылық
дегеніміз белгілі бір
мақсатты қондырғы деп бағалауымыз керек.
Оның мәні педагог және оқушылар ұжымы
жұмысының негізгі бағыттарын дамытып
және тереңдетіп, мектеп жұмысының барлығы
тәжірибесін есепке алу деген сөз. Бұл
мұғалім, сынып жетекшісі, қоғамдық ұйымдар
әрекетіне және мақсаттар қою болып табылады.
Жоспарластыруға қойылатын перспективалық талап біріншіден мақсаттың жақындығы, түсініктілігі, қолайлы-лығы сияқты сезімдік сипатын білдірсе, екіншіден стратегия ретінде мақсаттың ұзақ мерзімділігін, сонымен бірге іске асыруға болатын шынайылығын танытады. Ал, жоспарластыруға қойылатын комплекстілік талап жоспарды түзу барысында әртүрлі құралдар, әдіс, тәсілдер мен әрекет түрлерін біртұтас байланыста қарастыруды қажет етеді. Ендігі бір талап түрі объективтілік. Ол мектеп қызметінің объективті жағдайын, орналасқан жерін, қоршаған табиғи, әлеуметтік ортасын, педагог және оқушылар ұжымының мүмкіндіктерін ескеруді қажет етеді.
Мектеп жұмысында бұл талаптарды ескермеу талдау негіздемесінің жетімсіздігіне, шашыраңқылығына, мектеп-тегі өзге басқару құрылымдарының жоспарымен үйлес-пеушілікке апарып соғады. Мектептердің тәжирибесі көрсеткендей, кейде мектеп басқарудың функциясы ретінде жоспарлауды жоғары қояды да басшының барлық күш-жігері жақсы жоспар жасауға жұмылдырылады, ал ол жоспар ұйымдастырушылық жұмыспен қамтамасыз етілмейді.
Мектеп жұмысының практикасында жоспардың негізгі үш түрі кең қолданылады: перспективалық, жылдық және ағымдық.
Перспективалық жоспар мектепті соңғы жылдардағы жұмыстарына терең талдау жасау негізінде бес жылға жасалады. Оның құрылымы мына сипатта болуы мүмкін:
1. Жоспарластырған мерзімдегі мектептік міндеттері.
2. Оқушылар контингентінің
жылдар бойынша дамуы, сыныптардың арту
мүмкіндігінің
перспективасы.
Жылдық жоспар жазғы каникулды қосқанда бүкіл оқу жылын қамтиды. Мектептің жұмыс жоспарын дайындау ағымдағы оқу жылында басталады да бірнеше кезеңді қамтиды. Бірінші кезеңде (бірінші оқу тоқсаны) мектеп директоры, оның орынбасарлары дамыту мен білім беру, соның ішінде жоспарластыруға да қатысты теория-лық және әдістемелік, нормативтік және нұсқау сипатын-дағы құжаттармен танысады. Екінші кезеңде (екінші оқу тоқсаны) директордың басшылығымен жоспар, жобасы-ның құрылымын жасау, қажетті мағлұмат көздерін тауып, мәлімет жинақтайтын бастамашыл топ құрылады. Үшінші кезеңде (үшінші оқу тоқсаны) жинақталған мәліметтер талданады, комиссия мүшелерінің есептері талданады, қалыптасқан қиындылықтардың себебі айқындалып, оларды жоюдың жолдары қарастырылады. Төртініші кезеңде (төртінші тоқсанның соңы) жоспар жобасы дайындалып, талқыға салынады. Жоба оқу жылының алғашқы педкеңесінде мектептің жұмыс жоспары бекітіледі.
Ағымдағы
жоспар жалпы мектептік жоспарды нақтылау
үшін оқу тоқсанында жасалады. Осылайша
жоспарлардың негізгі түрлері педагог,
оқушы және ата-аналар ұжымдарының әрекетін
үйлестіруге мүмкіндік береді. Бұл жоспарлар
мұғалімдер мен сынып жетекші-лерінің
жұмысы үшін стратегиялық жоспар болып
табылады.
Мектептің жылдық жұмыс жоспарының үлгі мазмүны
Мектептердің жылдық жоспарларының түрлі нұсқаларын жинақтай келіп, жоғарыда жоспарластыруға қойылған талаптарды ескеріп, жылдық жоспардың мынадай үлгі жоспарын көрсетуге болады:
Жұмыс жоспарының бұл бөлігінде мектеп мөлтек ауданы анықталады, нақты мектептанту мүмкіндігі ескеріледі. Мектеп оқушылардың жалпы орта білім алуына бағытталған шараларды жоспарластырады. ҚР ''Білім туралы'' заңның баптарының орындалуын басшылыққа алады, ата-анасы жоқ, қамқорлыққа зәру балаларға материалдық көмек ұйымдастырады. Бұл жоспар бойынша баланың құқын қорғау, оларды үйде оқыту, тәрбиесі қиын оқушыларға көмек көрсету мәселелері де қамтылады. Педұжым мен ата-аналардың жұмыс жоспарында балалардың дербес-шығармашылық дамуына жағдай жасау да қарастырылуы тиіс.
3. Педагогикалық ұжымның оқу-тәрбие процесінің сапасын көтеру қызметі
Оқушы мен мұғалім қызметінің барлық саласын қамтитын болғандықтан жоспардың бұл бөлімінің көлемі барынша мол болады. Бұл, әсіресе, білімнің, дағдының іскерліктің сапасын қамтамасыз ету, ол үшін оқу процесін ұйымдастырудың жаңа түрлерін қолдану, оқытуды дербестендіру және жіктеу болып табылады. Сыныптан тыс және сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыру, оқушы тұлғасының мәдени базасын қалыптастырудағы мектеп қызметінің алуан түрлілігі оқушылардың өзін-өзі басқаруын дамыту, балалардың қоғамдық ұйымдарын қолдаудың ''Бала құқықтары туралы Б¥¥ Конвенция-сына'' сәйкестігі.
Біртұтас
басқару циклында жоспарластыру қызметін
іске асыру мектеп қызметінің тиімділігін
арттырады.
Қабылданған шешімдерді іске асыруда оған қажетті жүйені іске қосу, оның түрлі компоненттерінің өзара тиімді әрекеттесуін қамтамасыз ету үшін ұйымдастыру кезеңі қажет. "Ұйымдастыру" ұғымы бірнеше мағынада қолданылады. Біріншіден, өткізілген сабақтың сыныптан тыс жұмыстың сапасын, тұтас оқу-тәрбие процесінің немесе оның бір бөлігінің жағдайына берілген баға ретінде қолданылады. Екіншіден, ұйымдастыру ұғымы мектеп басшыларының, мұғалімдердің, оқушылардың өзін-өзі басқару органдарының белгіленген жоспарды іске асыруға, алға қойған мақсатқа қол жеткізуге бағытталған, жалпы тұтас педагогикалық процесті басқаруды ұйымдастыру мағынасында қолданылады.
Адамның ұйымдастырушылық
қызметі өзінің табиғатынан нақты жағдайда
психологиялықпедаго-гикалық білімдерді
шұғыл қолдана алуға негізделген практикалық
қызмет. Әріптестермен, оқушылармен тұрақты
түрде өзара байланыста болу ұйымдастырушыл-дық
қызметке біршама танымалдық бағдар береді.
Ұйымдастыру қызметін жетілдіруді жоспарлауда
мектеп басшысы тұлғааралық қатынастарды
ұйымдастыру, мектеп менеджерлерін дайындау
жүйесі сияқты мектепішілік менеджмет
идеяларын қолдану мүмкін.
Ұйымдастыру қызметі
қабылданған
шешімдерді іске асыруға бағытталады.
Ал оны нақты - мұғалімдер, балалар, ата-
аналар, жұртшылдық өкілдер атқарады.
Сондықтан кез келген істі ұйымдастырғанда
оны адам-
дық фактордың мүмкіндігін пайдалану
және іске асыру тұрғысынан бағалаған
орынды.
Ұйымдастырушы орындау-шыларды алдын
ала іріктеу, оларды жұмыс орны, уақыты
және
ұжымдық іске қатысу реттілігімен бөлу
сияқты мәселелерді шешеді. Алдағы іс-әрекеттің
мазмұнын, түрі мен әдістерін таңдауда
нақты жағдай мен орындау-шылардың мүмкіндігін
арақатынасын айқындау қажет. Бұл жерде
нақты жағдай ретінде әрекетке қажетті
еңбек