Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Марта 2012 в 11:02, доклад
Мониторинг качества образования дает возможность своевременно и правильно приминать управленческие решения, способствующие предотвращению неблагоприятных или критических ситуаций, осуществлять комплексное положительное развитие личности ребенка.
Программа «Мониторинг качества образования в ОУ» разработана с целью создания механизмов обеспечивающей образавание, соответсвующее социальному и региональному заказам. Оснаванием для разработки программы послужили результаты проблемно – ориентированного анализа организации и управления монирорингом качества образавания в школе. При разработке модели мониторинга за основу взяты оценочные показатели, используемые в Региональной системе оценки качества образования.
УДК
МЕКТЕПІШІЛІК «БІЛІМ САПАСЫ МОНИТОРИНГІ» БАҒДАРЛАМАСЫН ҚҰРУ ЖӘНЕ ОНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫ
А.Ө. Кеулімжай
М.Горький атындағы №16 мектеп директорының орынбасары
Қазалы қаласы, Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы
Мониторинг качества образования дает возможность своевременно и правильно приминать управленческие решения, способствующие предотвращению неблагоприятных или критических ситуаций, осуществлять комплексное положительное развитие личности ребенка.
Программа «Мониторинг качества образования в ОУ» разработана с целью создания механизмов обеспечивающей образавание, соответсвующее социальному и региональному заказам. Оснаванием для разработки программы послужили результаты проблемно – ориентированного анализа организации и управления монирорингом качества образавания в школе. При разработке модели мониторинга за основу взяты оценочные показатели, используемые в Региональной системе оценки качества образования.
Monitoring quality formation enables in good time and it is correct to take the management decisions, promoting prevention disadvantage or critical situation, realize the complex positive development to personalities child.
Program: “quality education monitoring in comprehensive organization” was developed with the aim of
creating a stable developed mechanism for a new quality education monitoring school model, which guarantees education appropriate for social and regional orders. The base for developing a program to serve as the problem – oriented analysis organization results in quality monitoring administration at schools. The basis of the development monitoring model takes indicators using a regional system of quality education measures.
Бағдарламаны жасау негізі:
Қоғам дамуының қазіргі таңдағы кезеңі үшін білім сапасын арттыру маңызды болып саналатын, білім саласындағы жаңа басылымдылықтардың құрылуы тән.
2010 жылға дейінгі кезеңде қазақстандық білімді жаңарту тұжырымдамасы білім саясатының негізгі мақсаттарының бірінің жалпы білімінің сапасын арттыру үшін жағдай жасауын анықтайды.
Белгіленген мақсатқа жету үшін мектептің білімдік қызметінің мазмұны мен оны басқару мазмұнына жүйелі өзгерістер талап етіледі.
Білім мекемесінде білім сапасы мониторингін ұйымдастыру мен басқарудың қазіргі кездегі тәсілдері қалаған нәтижені бермей отыр. Мектептің қызметін бағалай отырып, біз барлық пән бойынша үлгеретін оқушылардың пайызын, сапалы үлгерімді, тәжірибелік және бақылау жұмыстарын орындау нәтижелерін, медаль алғандардың санын, пәндік олимпиадалар мен интеллектуалды марафондардың жеңімпаздарын есептейміз. Тәжірибелік қызметте бұл құрамды мектепте білімнің деңгейі нормативке қаншалықты жақын екенін біз анықтай алмаймыз, жетілдіру керек топты ғана анықтай аламыз. Білімдік мониторингтің осындай қалыптасуы мен бөлінуі мектептегі білім сапасының шынайы бейнесін көруге мүмкіндік бере ме?
Мектептегі білім сапасының мәселелерін зерттеу белгілі бір нәтижеге алып келеді.
Мектептегі білім сапасын анықтау үшін:
- біріншіден, білім сапасын бағалаудың белгілері мен көрсеткіштер;
- екіншіден, БМ білім сапасын бағалаудың бақылау - өлшемдік материалдары;
- үшіншіден, жетілдіру керек білім процесінің сол бағыттары мен элементтерін көрсетуге мүмкіндік беретін, білім сапасының сұрақтарын үйрену бойынша педагогикалық ұжымның жұмысы;
- төртіншіден, осы бағыттағы жүйелі жұмыс қажет;
«Білім мекемесіндегі білім сапасының мониторингі» жасалған бағдарламасы әлеуметтік және аймақтық сұраныстарға сай біліммен қамтамасыз ететін, білім мекемесіндегі білім сапасы мониторингінің сапалы жаңа үлгісінің тұрақты дамуының механизимін құруға бағытталған;
Білім сапасын басқарудың жүйелі ұйымдастыруын ұсынады және оның жетістігін қамтамасыз ететін, маңызды психологиялы – педагогикалық жағдайларды анықтайды.
Бағдарламаны жасаудың теориялық бастамасы болып зерттеудің мәселелерімен байланысты жұмыстар болды:
a) білім сапасы мен оны басқару (М.М. Поташник);
b) міндетті түрдегі жүйелермен басқаруды жетілдіру (Т.Н.Шамова );
c) білім сапасын басқару жүйелерінің дамуы мен қалыптасуының ерекшеліктері туралы (Ю.А.Конаржевский, Г.В.Панасюк)
d) білім сапасын басқарудың ақпартты - әдістемелік қамтамасыз етудің әдістемелік негізі туралы (Г.В.Панасюк, Г.В.Головичер);
e) білім сапасын бағалаудың аймақтық жүйелерін жобалау технологиясы мен пайдалану (Г.В.Панасюк, Г.В.Головичер, Г.А.Шапоренкова)
f) білім процессінің мониторигтік зерттеуінің үлгісі туралы (Г.П.Попова);
g) білім мекемелеріндегі білім сапасы мониторингінің әдістемелік негізі туралы (И.М.Варнавина).
Аталған теориялық сілтемелерді талдау осыны өңдеу үшін мәні бар, бірқатар ережелерді құруға мүмкіндік берді.
Білім сапасы дегенде әлеуметтік, психологиялық және физикалық ерекшеліктердің көрінуі мен оның үйрену аспектісіндегі жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуы бойынша жүзеге асуға оның бейімділігін ұғындыратын, ерекшеліктерінің жиынтығын түсінеміз.
Білім сапасын басқару – білім процесіне секілді, білім жүйесінің, оның әлеуметтік пен педагогикалық нәтижелерінің нормаға, стандартқа және ұсынылған талаптарының қалыптасу параметрлерінің үлкен сәйкестігіне жету мақсатында негізгі басқару және қолдайтын процестерімен байланысты басқа да кешендеріне жүйелі, координациялық әсері.
Мониторинг білім жүйесінің жағдайы немесе оның жеке элементтері туралы, сонымен қатар тұрғындардың, ата-аналардың білімдік қажеттілігін қанағаттандыру туралы ақпараттарды жинау, өндеу, сақтау және таратудың жүйесін көрсетеді.
Мониторинг – арнайы ұйымдастырылған, мақсатты бақылау, ақпараттардың бар дерекнамадағы жағдайын үнемі бақылау мен диагностикалау, сондай-ақ арнайы ұйымдастырылған зерттеулер мен өлшемдер.
Білім сапасын басқару негізгі мен басқару процесінің сапасын, білім процесіне қатысушылардың сапасын, білім мазмұны сапасын, балалардың негізгі және қосымша білімінің бағдармамасын жүзеге асыру сапасын, инновациялық қызметтің сапасын қоса отырып, білімнің бастапқы құрама сапасынның динамикасын бағалауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Білім сапасы мониторингінің үлгісін жасауда аймақтың білім сапасын бағалау жүйесінде қолданылатын бағалау көрсеткіштері негіз болып алынған.
Білім мекемесінің деңгейінде осы жүйеге сәйкес мына базалық көрсеткіштер алынған: базалық білім бағдарламасы бойынша оқушылардың оқу деңгейі; бағдарлы бағыт бойынша оқушылардың оқу деңгейі; оқушылардың тәрбиелену деңгейі; медалистердің, жүлдегерлердің және олимпиада жеңімпаздарының, байқауға қатысқандардың саны; бітірушілердің жоғарғы және арнайы орта оқу орындарына, сондай-ақ бюджет бөліміне түсуі; балалардың денсаулық жағдайлары мен психикалық дамуы; оқушылардың құқық бұзу динамикасы; оқушылардың өмірлік қорғаныс пен әлеуметтік бейімделу деңгейі.
Оқушылардың жеке тұлғалық нәтижесінің көрсеткіштерімен қатар (оқыту, тәрбиелігі, дамуы, дене және психикалық денсаулығын сақтау) білім процесін ұйымдастыру, білім мекемелерін қалыптастыру мен дамытудың жүйелік көрсеткіштері қолданылады:
- білім процесін ұйымдастыру мен дамыту;
- білім процесін басқару, мектептегі оқыту түрлері;
- мемлекеттік бағдарламаны орындау деңгейі;
- білім мекемелерінідегі инновациялық процестердің деңгейі;
- педагогтардың кәсіби білімі (аттестация нәтижелері мен педагогтардың біліктілігін арттыру);
- мұғалімдердің кәсіби байқауларға қатысуы;
- оқыту мен басқаруды ақпараттандыру деңгейі;
- мұғалімдердің ақпараттық технологияны игеру көрсеткіштері;
- материалды-техникалық және оқу- материалды базасының жағдайы мен дамуы (кабинет жабдықтау көрсеткіштері, кітапхана қоры, оқыту пәндері бойынша оқу-әдістемелік жиынтықтар).
Бағдарламаның мақсаты
Бағдарламаның соңғы мақсаты: әлеуметтік және аймақтық сұраныстарға сәйкес, біліммен қамтамасыз ететін, білім мекемелеріндегі білім сапасы мониторингінің жаңа үлгісін сапалы тұрақты даму механизмін құру.
Бағдарламаның міндеті
- әлеуметтік және аймақтық сұраныстарға сәйкес, біліммен қамтамасыз ететін, мектептің қалыптасу шарттары мен болған қиындықтарға бейімделген, білім мекемелеріндегі білім сапасы мониторингінің сапалы жаңа үлгісін құру;
- мектепте оқитындардың әлеуметтік сұраныстарды қанағаттандыратын білім сапасына жету;
- басқарудың жүйелі ұйымдасуын оқу-тәрбиелік үрдіспен құру;
- мониторнигтік зерттеудің бағдарламасын жобалау мен жасауға қатысатын, шығармашылық педагогикалық ұжымды құру.
Кешендік – мақсатты бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі бағыттары:
- Білім мекемелеріндегі білім сапасы мониторингінің үлгісін жасау.
- Білім мекемелері қызметінің негізгі бағыттары: жалпы білімдік, тәрбиелік, әдістемелік, денсаулық сақтау бағыттары бойынша бағдарламаны жүзеге асырудағы әрекеттің жоспарын жасау.
- Бағдарламаны жүзеге асыру процесінде мазмұнды, ұйымдастыру мен басқару жақтарын түзету.
- Білім сапасын бағалау үшін қолданылатын әдістің тиімділігін анықтау.
- Бағдарламаның мақсаты: Мектептегі білім сапасының мониторингін ұйымдастыру мен басқару жағдайын талдау;
- Мектепішілік мониторинг жүйесін құру мен қолдану саласындағы ғылым мен тәжірибеге жетуді үйрену;
- Мектепішілік білім сапасының мониторингінің үлгісін жасау;
- Мектепішілік білім сапасы туралы ақпаратты алудың әдістері мен тәсілдерінің, бағалау – белгілеу кешендерін таңдау, бейімделу мен жобалауды жүзеге асыру;
- Мектепішілік білім сапасының мониторингін қамтамасыз ету үшін нормативті-әдістемелік құжаттарды дайындау;
- Мониторингтік зерттеулік ақпараттарды салыстыру, жалпылау, бөлу мен талдау үшін ақпараттық – сараптамалық жүйені жасау;
- «Мектепішілік білім сарасы мониторингі» тақырыбы бойынша ақпараттық банкті құру.
Бағдарламаны жүзеге асыру кезеңдері.
І. Талдау – жобалау (2008-2009 оқу жылы).
Қызметтің негізгі түрлері:
- Мектептегі білім сапасы мониторингін басқаруды ұйымдастыру жағдайын талдау.
- Нормативті құжаттарды, тақырып бойынша ғылыми, және әдістемелік әдебиеттерді оқу,
- Мониторингті зерттеулерді жүзеге асыруға қажетті білім процесінің субъектісін негіздеу.
- Білім сапасы мониторингісінің үлгісін жасау;
- Мониторингтік зерттеулердің бағытын анықтау;
- Мониторингтік зерттеулердің белгілерін, көрсеткіштерін, орындаушыларын анықтау;
- Білім сапасы туралы ақпараттарды алудың әдістері мен тәсілдерін таңдауды жүзеге асыру;
- Мониторингтік зерттеулерді, ақпараттарды таңдауды, сақтауды, ұсынуды жүргізу үшін жұмыс құралдарын дайындау (әдістемелер, тестілік кешендер, сауалнамалар және т.б.).
- Білім сапасы мониторингін қалыптастыруды қамтамасыз ету үшін нормативті-әдістемелік құжаттар мен материалдарды дайындау.
ІІ. Негізгі (2009-2010 ж.).
Қызметтің негізгі түрлері:
- Білім мекемелеріндегі қызметтің негізгі бағыттары бойынша бағдарламаны жүзеге асыру бойынша іс-шаралардың жүйесін жасау.
- «Мектепішілік білім сапасы мониторингі» бағдарламасын жүзеге асыру.
- «Білімнің жаңа сапасы: сұраныстар, бағалар, жету жолдары» атты педагогикалық кеңес өткізу.
- Бағдарламаны жүзеге асыру процесінде мазмұнды, ұйымдастыру мен басқару жақтарын түзету.
- Білім сапасын бағалау үшін қолданылатын әдістің тиімділігін анықтау.
- Бағдарламаны жүзеге асыру тиімділігін бағалау.
ІІІ. Жалпылау (2011 ж.).
- Жұмыс нәтижесін жалпылау, қойылған мақсат пен міндеттермен байланысын нақтылау.
- «Мектепішілік білім сапасы мониторингі» тақырыбы бойынша ақпараттық банк құру.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Варнавина И.М. Методические основы мониторинга качества образования в общеобразовательном учреждении: методические рекомендации. – Салехард: ЯНОИПКРО, 2006.
2. Конаржевский Ю.А. Педагогический анализ как основа управления школой. – Челябинск: Изд-во ЧГПИБ 1978.
3. Панасюк В.П. Информационно-методическое обеспечение управления качеством образования на муниципальном уровне: учебно-методическое пособие /В.П. Панасюк, Г.В. Головичер. – СПб.: Астерион, 2007.
4. Панасюк В.П. региональная система оценки качества образования: опыт проектирования и применения: учебно-методическое пособие/ В.П. Панасюк. Г.А. Шапоренкова, Г.В. Головичер. – Спб.: Астерион, 2007.
5. Поташник М.М. Оптимизация управления школой. – М., 1991.