Мектеп менеджерінің іс-әрекеті

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2013 в 11:50, реферат

Описание работы

Басқару мәдениетінің негізгі компоненттері. Білім саласында еңбек ететін адамдардың басқару мәдениеті, олардың кәсіптік-педагогикалық мәдениетінің құрамды бөлігі болып табылады. Дәстүрлі ұғымда кәсіптік-педаго-гикалық мәдениет негізінен педагогикалық қызметтің нормалары, ережелері, педагогикалық техника және шеберлікпен байланыстырылады. Ал, соңғы жылдардағы психологиялық-педагогикалық зерттеулер педагогикалық мәдениет категорияларына педагогикалық құндылықтар, педагогикалық технология және педагогикалық шығарма-шылықты да қосатын болды.

Работа содержит 1 файл

мектеп баскару.docx

— 31.37 Кб (Скачать)

Мектеп кеңесінің, педагогикалық кеңес қызметінің нәтижелігі; он бір жылдық оқу және тәрбие циклындағы мектеп жұмысы; мектептің есепті баяндамасы.

Қорытынды талдау жасау оның объективтілігі, тереңдігі, перспективлігі жаңа оқу жылының жоспарын жасауға дайындық қызметін атқарады.

Кез келген педагогикалық процесті басқару мақсат қою мен жоспарлаудан тұрады. Педагогикалық жүйенің үнемі қозғалыста, үнемі даму үстінде болуы оқу-тәрбие жұмысында мақсат қою мен жоспарлауды жетілдіріп отыруды қажет етеді. Әрине, тәрбиеленушілердің бойында белгілі бір қасиеттің қалыптасуын дәл белгілеу, жоспарлау мүмкін емес. Ал жоспарлау жеке тұлғаның барынша және жан жақты дамуына қолайлы объективті жағдай туғызуы тиіс.

Сондықтан педагогтардың  алдында тұрған мақсаттар мен міндеттер қоғамның алдындағы жалпы міндеттер мен мақсаттардың көрінісі болып табылады. Мақсат жоспардың өзегі болғандықтан ол педагогтің де, оқушының да әрекеттін қамтуы керек. Басқару қызметінің мақсаты — жұмыс түрлері мен тәсілдерін, оның жалпы бағыттарын айқындайтын бастау.

Педагогикалық жүйеде мақсат қоюдың ерекшелігі бұл жерде қоғамның объективті талаптарын білу жеткіліксіз.

Бір жерде басқару әрекетінің жалпы мақсаттарын оқушылардың жас ерекшелігі мен дербес-психологиялық ерекшеліктерін ескеріп белгілеу орынды. Жалпы мақсатты жан-жақты тармақталған «ағашқа» теңейтін болсақ »басты» мақсат оның діңі болып шығады. Сондықтан оның педагогикалық процестің басты мақсаты жекелеген мақсаттардың іске асуы есебінен нәтиже беретінін ұмытпау қажет.

Сапалы түрде мақсат белгілегенде директормен бірге мұғалімдер, оқушылардың да осы жұмысқа тартылуы, оладың әрқайсысының педагогикалық процесте белгілі бір құқық, міндет, жауапкершілік арқалауына жағдай жасайды.

Мақсат қоюды осылай түсіну кешенді мақсатты бағдарламаны іске асыратын жоспарластыруға мүмкіндік береді. Кешенді мақсатты бағдарлама мектеп жұмысы жоспарының қысқартылған моделі емес, ол мектептің жалпы жоспарынан бөліп алынған барынша маңызды 3-4 мәселені нақтылана түскен бөлігі.

Педагогикалық жүйені басқарудың жалпы қағидалары

Кез келген әрекет, соның  ішінде басқару әрекеті де ұйымдастырушы  мен басшылық жасаудың барлық функцияларын іске асыруда басшылыққа алатын бірқатар қағидаларды сақтауға негізделеді. Ол қағидалар мақсат қою және жоспарластыру, ұйымдастыру, бақылау және т. б. топтастырылады. Ал басқару қағидалары басқару заңдылығының бейнелену және нақты іске асуын  танытады. Мектепішілік менеджменттің  негізгі заңдылығы талдағыштық, мақсатқа сәйкестік, ізгілік, басқарудағы  демократиялық және мектеп түрлі  басқару қызметіне дейін болуы  сияқты компоненттерді қамтиды. Осы  заңдылықттардан мектеп директорының, менеджердің оқу жүйесін басқарудағы  басшылыққа алатын негізгі қағида-лары туындайды. Сонымен негізгі қағидаларға  мыналар жатады: педагогикалық жүйені демократизациялау және ізгілеу; орталықтандыру және орталықсыздандырудың парасатты  үйлесімі; жеке билік пен алқалы биліктің бірлігі; педагогикалық жүйені басқару ақпараттарының объективтілігі және толықтылығы.

Педагогикалық жүйені басқаруды демократияландыру және ізгілендіру

Мектепшілік басқару ең алдымен  басшылардың, мұғалімдер, оқушылар мен  ата-аналардың бастамашылығы мен  өздігінен жұмыс жасай алуын  дамытуға бағытталады. Бұл жағдай тек  қана шешім қабылдау мен талқылаудың  бүкпесіз, ашық жүргізгенде ғана мүмкін. Мектеп басшы-ларын сайлау, педагогикалық  кадрларды байқау және контракт негізінде  қабылдаудың жүйесі — мектептегі демократияның бастауы. Сол сияқты мектепті басқарудағы жариялылық ақпараттың ашықтығы және түсініктілігіне негізделелді. Мектептің алдында тұрған міндетті, оның қиындығын жете сезінген әрбір  мүғалім оған бей-жай қарамайды. Мектеп әкімшілігінің, мектеп кеңесінің  тұрақты түрде есеп беріп отыруы оны талқылауға және шешім қабылдауға мұғалімдер мен оқушыларды қатыс-тыруы  мектеп өмірінде демократияның орнығуына  негіз қалайды.

Басқарудың жүйелілігі мен тұтастығы

Педагогикалық процесті басқару жүйесінің табиғатын түсіну, басқаруға қолайлы алғышарт жасайды. Мектептегі басқаруды жүйелілік ыңғайының бірінші белгісі — мектепті жүйе ретінде танып, оның негізгі белгілерінен құралатын осы жүйенің тұтастығын көре білу. Екінші белгі мектептің құрылымы болып табылады. Жүйенің құрылымы қалай болса мектептің байланыстары мен қатынастарының дамуы соған тікелей байланысты болмақ. Жүйенің үшінші компоненті оның өзіндік ерекшеліктері мен сипаттарынан туындайды. Дегенмен олардың өзара әрекеттесуі арқылы жүйенің жаңа сапасы қалыптасады. Компоненттердің тұрақты түрде өзара жақындауға ұмтылуы жүйенің тұтастығын айқындайды. Мектепті басқаруда жүйенің төртінші ерекшелігі — оның қоршаған ортамен тығыз және өзгеше байланыстылығын естен шығармаған жөн. Мектеп пен қоршаған ортаның әрекеттесуі екі формада көрінеді. Бірінші жағдайда мектеп өз әрекетін сыртқы ортаға бейімдесе, екінші жағдайда мектеп өз мақсаттарына жету үшін ортаны өзіне бағындырады.

Мектепті басқарудағы жүйелілік пен тұстастық мектептің басшысы мен ұжымының басқару қызмет-терінің өзара байланысы мен өзара әрекеттесуін де қарас-тырады. Бұл қағиданы іске асыруда біржақтылыққа жол бермеуге болмайды. Осы қағида арқылы басқару қызметі-нің бірізділігін, қисындылығын, өзара пайдалылығын, оның барлық қызметінің де бірдей маңыздылығын аңғарамыз.

 


Информация о работе Мектеп менеджерінің іс-әрекеті