Мұғалімнің кәсіби білімін көтеру

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2011 в 08:03, реферат

Описание работы

Ғаламдандыру күннен күнге өсіп келе жатқан халықаралық бәсекелестік қоғамда болып жатқан өзгерістердің ауқымы мен қарқынының өсуі білім беру беру саласының, мемлекет дамуының басты факторына айналуына себеп болды. Ұлтымыздың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынов «Білім біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы»,- деп бекер айтпаған.

Қазіргі таңда еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті – білім берудің ұлттық моделіне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жетелеу.

Работа содержит 1 файл

Мұғалімнің кәсіби білімін көтеру.doc

— 47.00 Кб (Скачать)

    МҰҒАЛІМНІҢ  КӘСІБИ  БІЛІКТІЛІГІ  – НӘТИЖЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН  БІЛІМ  САПАСЫНЫҢ  КЕПІЛІ

    Н.С. Сарсенова

    Атырау  облыстық кадрлар  біліктілігін арттыратын және қайта даярлайтын  институт директоры, ББЖ КБАРИ доценті 

    Ғаламдандыру  күннен күнге өсіп келе жатқан халықаралық бәсекелестік қоғамда болып жатқан өзгерістердің ауқымы мен қарқынының өсуі білім беру беру саласының, мемлекет дамуының  басты факторына айналуына себеп болды. Ұлтымыздың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынов «Білім біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал  біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы»,- деп бекер айтпаған.

    Қазіргі таңда еліміздегі білім беру жүйесінің  ең басты міндеті – білім берудің  ұлттық моделіне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жетелеу.

    «Қазақстан  Республикасының 2005-2010 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында» орта білім берудің мақсаты-алған білімінің, кәсіби дағдыларының негізінде өмірдің өзгермелі жағдайларында еркін бағдарлай алатын, өзінің білімін дамытуға, сол алған білімі арқылы өз мүмкіндіктерін іске асыруға және адамгершілік тұрғыда өз бетінше дұрыс, жауапты шешім қабылдауға қабілетті тұлға қалыптастыру екендігі баса айтылған.

    Елбасы  Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасының  білім  және ғылым қызметкерлерінің ІІІ сьезінде сөйлеген сөзінде «Жаңа формацияға жаңа педагог қажет» -деп атап көрсетті. Жаңа формацияның педагогын қалыптастыру үшін жаңа кәсіби мазмұн, жаңа кәсіби даярлық технологиясы, әрі даярлық сапасын арттыруға бірден-бір қызмет ету керек. Сонымен қатар оқу-тәрбие үрдісін технологияландыру бағытында инновациялық ізденістер, оқу дидактикалық, ғылыми-әдістемелік, кадрлық қуат мүмкіндіктері болуы қажет. Бұл  жөнінде «Білім мемлекеттік Бағдарламасында: осы урдісті тереңдету мен дамыту үшін жаңа құқықтық, ғылыми-әдістемелік, қаржы-материалдық жағдайларын жасауды және маманмен қамтамасыз етуді талап етеді» –деп атап көрсеткен.

    Атақты  педагог-ғалым В.А.Сухомлинский «Мұғалімдік  мамандық-бұл адамтану, адамның күрделі  және қызықты, шым-шытырығы мол жан  дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік  пен педагогикалық өнер- ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады»-деп ұстаздық өнерге ерекше баға берсе, Ы.Алтынсарин «Маған  жақсы  мұғалім бәрінен қымбат, өйткені мұғалім мектептің жүрегі” деген екен. Демек, қазір  мектеп алдындағы басты міндеттерді шешуде мұғалімнің кәсіптік білімі, мәдениеті жоғары болуы шарт. Мұғалімнің ұстаздық тұлғасын өз дәрежесінде қалыптастыру үшін төмендегідей  міндет артады.

    -Біріншіден  білім беру  сапасын жүйелі  арттыру тәсілдерін  меңгерту.

    -Екіншіден, үнемі өзгеріс үстіндегі күрделі өмірде белсенді әрекетке дайын мектеп түлегін дайындаудың сапасын арттыру мен оның мәдениет деңгейін көтеру.

      Мұғалімнің кәсіптік деңгейін  көтеру бүгінгі  таңда әдістемелік  жұмысының жүйелі, жаңаша бағыт  негізінде ұйымдастыруды көздейді.

    Мұғалімнің  кәсіптік дәрежесін арттырудың жолдарын қарастыратын әлемдік педагогикалық  ойларды жинақтай келе, ғалым Ш.Таубаев  мынадай қорытынды жасаған: “Кәсіптік  қызығушылық педагогкалық қызметті бағалауда, білуге деген қажеттіліктен  туындайды, ал ол жоғары кәсіптік қажеттілікке тек мұғалімнің жеке өз басының ұмтылуы арқылы ғана айнала алады”. Осы бағытта қазіргі таңда мұғалімдерге мынадай әдістемелік талаптар қойылады:

  1. Педагогикалық- психологиялық деңгейін көтеру.
  2. Оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын, әдістемелер мен тәсілдерді зерттеп, меңгеру және оны өзінің кәсіптік жұмысына қолдана білу.

    3.Өз  білімін көтеруге, шығармашылық  жұмыс атқаруға ынталандыру, қажетті  жағдайлар туғызу, педагогтарды  ақпараттық жағынан қамтамасыз  ету.

    4.Авторлық бағдарламалар, курстар, құралдар, мақалалар ізденістер жасауға ұмтылдыру, қызықтыру, ынталандыру және ондай мұғалімдерге қолдау көрсету.

    5.Педагогтардың  жұмысында еңбекті ғылыми ұйымдастыруда  әр мұғалімнің күнделікті ісіне  енгізу.

    Мұғалімнің  кәсіптік қызметінің құрамдас бөлігі:

    1.Біліктілігін  көтеру (семинар, курстар т.б.)

    2.Әдістемелік  жұмыстары.

    3.Кәсіптік  жаңашылдық қызметі.

    4.Кәсіптік  тұлғасы: негізгі  мәселені  анықтай алуы, жобалар құра білуі,  мақалалар жаза алуы, адами-рухани,психологиялық  сапалары  т.б.

    5.Пән  бойынша сыныптан тыс жұмыстары.

    6.Қоғамдық  педагогикалық қызметі.

    Мұғалім жауапкершілігін арттырып, кәсіптік мәдениетін көтеруде әрбір ұстаз  өз пәнінің  аясында қалып қоймай қандай да бір дәрежеде шығармашылықпен  еңбек ете білуге баулуда кадрлар біліктілігін  арттыратын және қайта даярлайтын институт қызметкерлерінің атқартын жұмысы аз болмайды. Олар:

    -Заман  талабына  лайықталған курстар  ұйымдастыру;

    -Оқу   семинарларын ұйымдастыру;

    -Байқаулар,олимпиадалар, конкурстар;

    -Педагогикалық  оқулар т.б.

      Өскелең, болашағы зор жас ұрпақты қоғам талаптары мен оның мақсат, мүдделеріне сай өмір сүруге бейімдей отыра оқытып, логикалық ой тұжырымдатып, тұлғаны шығармашылыққа тәрбиелеуде, өзінің табиғат пен қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуде және Жер бетінде тіршілікті сақтауда мектеп пәндері үлкен рөл атқарады. Соның ішінде жаратылыстану саласында территориялық, табиғи және әлеуметтік-экономикалық жүйелерді басқаруды оқытатын география пәнінің орны ерекше. Ол оқушыларға табиғаттың әсемдігін сезіне отырып, тылсым дүниенің құпияларымен таныстырып, дүниетанымдық сабақ берумен қатар, олардың алған білімін есіне сақтау, ойлау қабілетін, тіл байлықтарын, ой-өрісін кеңейтіп, зеректік, іскерлік және табиғат құбылыстарын жете бақылағыштық, қоршаған ортаға үлкен жауапкершілікпен қарайтын сезімдерін жетілдіреді.

    География пәні – оқушылардың жалпы мәдени дамуына да көп үлес қосады, бұл  пән Қазақстан Республикасы білім  саласында ізгіліктену, мәдениеттану білімдері бағытында өте маңызды орын алады.

    Педагогикалық кадрлардың кәсіби біліктілігін көтеру, өзара тәжірибе алмасу, шығармашылықпен жұмыс жасап жатқан мұғалімдерді анықтау және әдістемелік шеберлігін жетілдіру мақсатында Атырау облыстық кадрлар біліктілігін арттыратын және қайта даярлайтын институтында көптеген курстар мен іс-шаралар ұйымдастырылуда.

    Қазіргі мұғалім-кәсіптік даярлығы жоғары, озық педагогикалық технологияларды  меңгерген және оны өзінің іс-тәжірибесінде  тиімді қолдана білетін, жан-жақты дамыған шығармашыл тұлға болуы тиіс, сондықтан да курстық даярлық жұмыстарының мазмұны, ұйымдастырылуы мен  өткізілуіне ерекше көңіл бөлінеді.

    География пәнінен өткізілетін курстар  – дүние жүзінің географиялық суреттемесін береді, географиялық ой жүйесін қалыптастыра отырып, география ғылымының негізгі бағыттарымен таныстыру арқылы пән тіліне үйретеді және облыстың жалпы білім беретін мектептеріндегі оқушылардың саяси, экономикалық және экологиялық мәдениеттануының дамып қалыптасуына септігін тигізеді.

    Педагогикалық кадрлар біліктілігін жетілдіруде  дамыта оқыту идеясын тереңдете  отырып, жаңа педагогикалық технологияны тиімді қолдануды түсіндіру мақсатында, институттың курстық іс-шараларының  оқу үрдісіне  Москва мемлекеттік  педагогикалық университетінің, Астрахань қаласы психологиялық-медициналық лабораториясының, АҚШ-тағы халықаралық зерттеулер мен байланыс жөніндегі кеңесі (Айрекс) –тің, «МАКМИЛАН» білім орталығының, білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлар біліктілігін арттыратын республикалық институттың, Ы.Алтынсарин атындағы Білім академиясының, жергілікті оқу орындарының ғалымдары, оқулықтардың авторлары мен көптеген тірек мектептерінің ұстаздары шақыртылып дәрістер  өткізілуде.

    Айталық, география пәні бойынша нәтижеге бағытталған оқытудың ерекшеліктеріне арналған курсқа білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлар біліктілігін арттыратын республикалық институттың әдіскері Сүлейменова Гүлнар Абдоллақызы арнайы шақыртылып, облыс мұғалімдерінің іс-тәжірибесін жетілдіруге оң әсерін тигізді. Сонымен қатар, осы жылы облыстың барлық география пәні мұғалімдері қатынасқан оқулық авторы Ұлжалғас Әмзеқызы Есназарованың республикалық атаулы мектебі мүшелерінің қатысуымен ғылыми-тәжірибелік семинары, география пәні мұғалімдерінің облыстық олимпиадасы және «Ең үздік география кабинеті» байқауы және тағы да басқа сайыстар ұйымдастырылды.  

    Педагог кадрлардың өзін-өзі анықтауының  негізгі мазмұны олардың  жалпы  педагогикалық, ғылыми-зерттеу, әдістемелік  және мәдени  даярлығының  табиғи  бірлігі  болып  табылады.

    Осы айтылған мәселелерден алдымызға қойып  отырған оқушылар білімінің мемлекеттік  талапқа сай болуын қамтамасыз ету, стандарт деңгейін анықтау проблемасының  өзектілігі мен білім беру сапасынын  арттыру міндеттері шығады.

    Жақсы педагог-оқытушы -  қазіргі таңда қоғам үшін аса қымбат қазына болып есептелмек. Бәсекеге қабілетті Қазақстан, бәсекеге қабілетті қазақстанның қарышты экономикасы десек те, жақсы экономикадан демеу алатын, қуатты әлеуметтік мемлекеттің қабілетті халқы үшін де ең қажеттісі – білімділік.

    Білімді, шығармашылықпен жұмыс жасайтын, жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдерді қолданып, оқушылардың өз бетімен  жұмыс жасауына бағыт-бағдар беріп  және логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіріп жүрген мұғалімдеріміз баршылық. Мұғалімдердің осындай жұмыстарының нәтижесінде облысымыздың көптеген оқушылары республикалық сайыстарда алдыңғы қатардан көрінуде. Айталық, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадада 2005 жылы Атырау қаласы №13 мектеп-гимназиясының оқушысы Райымқұлов Қайрат пен 2006 жылы облыстық ұлттық гимназияның оқушысы Жолгуттиев Бауыржан география пәні бойынша жүлделі орындарды иеленді.

    Қазақтың  заңғар жазушысы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің: “Ел боламын  десең, бесігіңді  түзе” деген өте терең мәнді  орынды да әдемі нақылы бар. Ол – еліңнің ертеңі – жас ұрпағыңды жақсылап өсір деген сөз ғой. Осы міндеттің көп салмағы мұғалімдер мен тәрбиешілерге түсетіні аян.

    Елдің ертеңгі күніне сенімін орнықтыру, өнімді де шығармашылық еңбекті өрістету, қоғамды кернеп бара жатқан бұзақылықтарға қарсы күшті тосқауыл қойып, адамдардың бейбіт өмірін қамтамасыз ету – бүгінгі күннің мағыналы мақсаты. Тәрбиелеу мен тәрбиеленудің, ұстаздық пен шәкірттіктің табиғи арнаға түсіп, ардақты да беделді орнына ие болуы осындай игі істермен сабақтасып жатқанын мойындағанымыз жөн. Баланың бойындағы дарындылыққа бастар қабілеттерді оятуға, талантының гүл жарып өсуіне қалтықсыз еңбек етер тәрбиелеуші ұстаздар болса елдің өсуі де, ұрпақтың өркендеп қарышты қанат самғауы да болмақ. Ол үшін Елбасымыз өз Жолдауында атап көрсеткеніндей, ең алдымен Ұстаз мәртебесі, Ұстаз беделі артуы қажет. 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Мұғалімнің кәсіби білімін көтеру