Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2012 в 15:02, курсовая работа
Білім беруді ақпараттандыру жағдайында мамандық таңдау – бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің біріне айналып отыр. Сондықтан мамандардың біліктілігін көтеруді ақпараттандыру туралы тұжырымдама, стандарт және оқу-тақырыптық жоспарларын жасақтау қажет. Аталған қажеттілікті шешу барысында мамандардың біліктілігін ақпараттық технологияны өз қызметтеріне пайдалану саласы бойынша тұжырымдама, модульдік жұмыс бағдарламалары жасақталды. Сонымен бірге білім беруді ақпараттандыру жағдайында мамандардың ақпараттық сауаттылығын, ақпараттық мәдениетін және ақпараттық құзырлығы сияқты қабілеттіліктерді қалыптастыру мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. Ал, қазіргі таңда жоғарыдағы аталған мәселе қалай жүзеге асырылып жатыр деген сауал туындайды. Әсіресе, мемлекеттік тілде осы бағыттағы мәселелер әлі де жеткілікті деңгейде емес.
Кіріспе
І тарау
1.Мамандық таңдауда ақпараттық құзырлықты қалыптастырудың дидактикалық мүмкіндіктері
1.1.Білім беру қызметкерлері арқылы ақпараттық технологияны қолдану саласы бойынша мамандық таңдаудың негізгі жолдарын дамыту.
І.ІІ.Ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану арқылы мамандық таңдау кезеңдерінің біліктілігін арттыру
ІІ тарау
ІІ.І.Ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану арқылы болашақ мамандарды дайындау.
ІІ.ІІ. Мамандық таңдауда мамандардың ақпараттық құзырлығын қалыптастыру.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
2.Базалық. Оның мазмұны мұғалiмнiң ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкiндiктерiн өз қызметтерiне жан-жақты пайдалана бiлуімен анықталады.
3.Арнайы. Бұл “Информатика және ақпараттық технология” пәнiн берудiң әдiстемелiк мәселелерiн шешумен анықталады
Білім беру мекемелерінің басшылары мен пән мұғалімдері үшін мазмұндық құрылым келесі деңгейлер негізінде анықталады:
1. Педагог мамандардың қызметіне ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану бағытындағы элементарлы-бейімделген деңгейі. Бұл деңгейде келесі мазмұндар қарастырылады: компьютермен және оның құрылғыларымен жұмыс жасау техникасы; компьютерлік техниканы қолдану мүмкіндіктері; оқу процесіне қолданбалы программалық құралдарды қолдану дағдылары. Сонымен бірге келесі мәселелер де қарастырылады: білім беруді ақпараттандыруды нормативтік-құқықтық жағынан қамтамасыз ету; ақпараттық-коммуникациялық технологияны білім беру жүйесіне енгізудің тұжырымдамалық негіздері; білім беруді басқару жүйесіндегі ақпараттық технологиялар және т.б.
2.Қызметтік-ізденістік деңгей. Мұнда педагог мамандар ақпараттық технологиямен жұмыс жасау негіздерін практикалық түрде меңгереді. Сондықтан мұнда жұмыс орындарын автоматтандыру процесін құру технологиясы (АЖО-директор, АЖО-оқу ісінің меңгерушісі, АЖО-сабақ кестесі, АЖО-кітапхана және т.б. ) және мультимедиялық электрондық оқу құралдарын жасақтау алгоритмі сияқты мәселелер қозғалады. Сонымен бірге келесі сипаттағы мәселелер де қарастырылады:
- білім беруді ақпараттандырудың теориялық негіздері;
- білім беру жүйесіне ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізудің психологиялық-педагогикалық негіздері;
- педагог мамандардың біліктілігін көтеру жүйесіне ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін қолданудың дидактикалық шарттары;
- ақпараттық технология негіздерін оқытуда жобалау және итерактивтік әдістерді қолдану негіздері;
- басқарудың ақпараттық жүйесін автоматтандыру моделі және оқу процестерін ақпараттандыруды дамыту технологиясы.
3. Жүйелік-шығармашылық деңгей. Мұнда келесі мәселелер қарастырылады: электрондық оқу-әдістемелік құралдарын жасақтау алгоритмі; автоматтандырылған жұмыс орнын жасақтау технологиясы: «АЖО-директор»; «АЖО-оқу ісінің меңгерушісі»; «АЖО-бухгалтер»; «АЖО-сабақ кестесі»және т.б.; әлемдік ақпараттық кеңістікке ену мақсатында web-сайтты жасақтау; оқыту әдістерін жетілдіру және т.б. Сонымен бірге педагог мамандардың біліктілігін және курстың сапалық өлшемін айқындайтын компьютерлік тест сұрақтарын құрастыру алгоритмі түсіндіріледі. Оқу процесінде пайдаланылатын мулътимедиялық үйретуші программалардың, тексеру программаларының, электрондық оқулықтардың өскелең өмір талаптарына сай дайындалып, компьютерді окыту кұралы ретінде пайдалана алатындай деңгейде болуы керек. Бұл мәселе өз алдына үлкен ғылыми ізденістерді талап ететін мәселе, сондықтан осы мәселе жөніндегі зерттеулер одан әрі жалғасуда. Қоғамды ақпараттар жағдайында үздіксіз білім беру жүйесі мыналарға сүйенеді:
- Білім берудің сапасын арттыру, даму қарқынын күшейту және дербестендіру есебінен қоғам мүшелерінің ой-өрісінің даму деңгейін көтеру;
- өз бетінше білім алу мүмкіндіктерін кеңейту және міндетті емес білім беру жүйесінде қоғам мүшелерінің өз мамандықтарын қайта өзгерте алатындай жағдай туғызу.
Бағыт беруді ақпараттандырудың негізгі бағыттары:
методологиясын жетілдірумен стратегиялық мазмұнын таңдау;
әдістерімен формаларын ұйымдастыру;
қоғамды ақпараттандырудың қазіргі жағдайында тұлғаны тәрбиелеу мен дамыту;
оқытудың әдістемелік жүйесін жасау;
педагог мамандардың инттелектуалдық потенциялын дамытуға бағыттау;
өз бетімен білім алу біліктілігін қалыптастыру;
информациялық-оқу, эксперименттік-зерттеу қызметінің өз бетімен түрлі іс-әрекеттерін жүзеге асыру;
тестілік, диагностикалық бақылау әдістерімен білім деңгейін бағалау.
Болашақта Қазақстанда білім беру жүйесін ақпараттандыру телекоммуникациялық желілерді жасау және дамытумен ұштасады. Ал білім беру жүйесінің негізгі міндеттері біртұтас коммуникациялық желілерді жасау және дамытумен ұштасады. Ал білім беру жүйесінің негізгі міндеттері біртұтас телекомуникациялық желіні құру және дамыту арқылы шешіледі. Олар:
- ақпараттық мәдениетті ұйымдастыру мен жеделдету процесін жоғары деңгейге жеткізу;
- жасалынған және дамып келе жатқан телекоммуникациялық желілерді біртұтас бүкіләлемдік информациялық кеңістікте интеграциялау;
- біртұтас ақпараттық кеңістікте әртүрлі деңгейдегі ақпараттармен алмасуды қамтамасыз ету;
- білім беруді дербестендіруді қамтамасыз ету, дистанциялық оқытуға мүмкіндік жасау.
Қоғамды ақпараттандыру жағдайында білім беру қызметкерлерінің біліктілігін ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттердің біріне айналып отыр. Қоғамды ақпараттандырудың негізгі бөлігі – білім беруді ақпараттандыру. Олай болса, ол – білім беру қызметкерлерін ақпараттандыру саласы бойынша біліктілігін көтеру болып табылады. Оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруда мұғалімдердің біліктілігін арттыру ерекше мәнге ие. Сондықтан білім беру қызметкерлерін ақпараттық-коммуникациялық технологияны өз қызметтеріне пайдалануға жан-жақты дайындық курстарын ұйымдастыруымыз қажет. Білім беруді ақпараттандыру жағдайында компьютер оқыту мен дидактикалық құралға айналып отыр. Сондықтан қазіргі білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқу құралдарын мектеп пәндерін оқытуға пайдалану өзекті мәселелердің бірі. Олай болса, бұл мәселелерді жан-жақты шешу үшін мұғалімдердің біліктілігін көтерудің орны ерекше. Аталған мәселені дамыту үшін білім беру қызметкерлері үшін түрлі тренинг курстар өткізілу қажет. Ол үшін бір жүйеге келтірілген, әрі білім беру қызметкерлерінің категорияларының ерекшелігі ескерілген оқу бағдарламалары жасақталуы қажет. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейкесті мәселелердің біріне айналып отыр. Аталған мәселені шешу бағытында ғылыми түрде дәлелденген және бір жүйеге бағытталған тұжырымдама жасақталды. Оку кызметінде компьютерден рефлексивтік деңгейін жүзеге асыруды елестетсек, оның мүмкіндіктері ерекше үлкен. Компьютер кез келген ойдың өтімділігін, міндеттерінің күшті және әлсіз жақтарын көрсетіп бере алады. Шығарылуы күрделі, көп уакытты қажет ететін есепгерді компьютердің көмегімен тез орындауға болады. Нәтижесінде өте жоғары дәлдікпен есептелінген есептің нәтижесін аламыз. Оқу процесіне жана информациялык технологияларды енгізу ісі математикамен де тығыз оайланысты. Пән ерекшелігіне қарай математика курсын толығынан компъютерлік негізге ауыстыруға болмайды. Мысалы, аксиома, теорема, оларды дәлелдеулер жолымен оқушылардың абстрактылык ойлау қабілетін дамыту істері бұрынғы тәсілдермен жүргізілуі тиіс. Оқушылардьң пәнді жақсы игеруінің басты шарты мұғалімнің осы сабаққа деген кызығушылықты тудыра білуінен басталады. Тестілеу жұмыстарын жүргізуде компьютерді пайдалану негізгі орын алып келеді, өзіндік жұмыстар, консультациялар ұйымдастыру және тест тапсырмаларын орындау оқушылардьң білім деңгейін көтерері сөзсіз. Компъютердің графикалык мүмкіндіктерін сызу, сурет сабақтарын өткізгенде пайдалану сабақтың сапалылығын арттырады.
ІІ тарау
ІІ.І.Ақпараттық-коммуникациялы
Ақпараттандырудың негiзгi мiндеттерiнiң бiрi – мектепте компьютердi оқыту құралы ретiнде қолдану: оның мүмкiндiктерiн жаңа материалды баяндауда (бiлiмдi виртуальды өмiрде қолдану), үйрету программаларын қолдану арқылы виртуальды лабораториялық жұмыстарды жүргiзу, баяндалған материалды бекiту (тренинг), Интернет-технологияларды қолдану. Ендi мұғалiмдердi оқушылардың үйрететiн мезгiлi келдi. Соңғы кезде уақыт көрсетiп отырғанындай, мұғалiммен салыстырғанда оқушыда көп ақпарат болатыны кейiнгi көрсетiлген тәжiрибелер дәлелдеп отыр. Сондықтан әрбiр мұғалiм өз қызметiне ақпараттық технологияны пайдалана бiлуi қажет. Бұл мәселе – бiлiм берудi ақпараттандырудың қажеттi шартына айналып отыр. Мектеп мұғалiмдерiн ақпараттық технологиямен алғаш танысу институт базасында өткiзiлетiн салаларының бiрi ретiнде қарастырылған. Негiзгi мақсаты: бiлiм мекемелерi қызметкерлерiнiң ақпараттық мәдениетiн қалыптастыруға жағдай жасау, оның iшiнде, жаңа технология құралын пайдалану арқылы өзiндiк жұмыстарды ұйымдастыру. Егер мұғалiм компьютермен таныс болмаса, онда оған психологиялық тұрғыдан зияндылық жасамау керек. Ақпараттық технология құралдарын пайдаланудың алғашқы ұғымдарын, оны дамытудың дағдысын қалыптастыру және мультимедиялық құралдарды пайдалану арқылы оқу ақпараттарын беру әдiстемесi элементтерiн демонстрация жасау. Еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалык өзгерістерге сай білім беруді жетілдіру бағыттарының бірі-білім беруді акпараттандыру. Осы бағыттағы жұмыстар 1997 жылы қабылданған Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда республика мектептерін жаңа компьютерлік технологиямен қамтамасыз ету жұмыстары іске асьш, енді сол ақпараттық технологияны қолдану мен оны мектептерге енгізу саласында, оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру мақсатында информатика оқытуды жетілдіру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда мектеп пәндерін компьютер көмегімен оқыту нәтижелілігін зерттеудегі ғылыми проблемаларды шешу ең басты орын алады. Бұған себеп психологиялық-педагогикалық проблемараның оқыту процесін компьютерлендірудің барлық бағыттарын жан-жақты қамтуы болып табылады. Зерттеу нәтижелері көрсетіп отырғандай, мектеп пәндерін оқыту процесінде компьютерді Қолдану мұғалім мен оқушы қарым-катынасы жүйесін, олардың іс-әрекеттерінің мазмұнын, құрылымын өзгерте отырып, түрлендіре алады және осы әрекет мүшелерінің мотивіне әсер ете отырып, олардың мотивациялык, эмоционалдық ортасына, сезімнің өсуіне әсер етеді. Демек, оқыту процесінде компьютерді қолдану білім мен біліктілікке қоятын талаптарды қайта қарап, жетілдіріп, жүйелеуді талап етеді. Оқушылардың жалпы оқу біліктілігіне жататын оқу-компьютерлік біліктіліктерін «клавиатурамен жұмыс, программа тізу, принтермен жұмыс істей білу, дайын программаларды қолдана білу, текстік, графикалық редакторлармен жұмыс істей білу» жүйелі түрде қалыптастыру бүгінгі күннің кезек күттірмес талабына айналуда. Адамдарды әр түрлі әлеуметтік ортада өмір сүруге дайындау үшін білім беру ісіндегі шығармашылық бастауды (креативтілікті) арттыру (дамыта білім беруді қамтамасыз ету), қазіргі білім беру жүйесіндегі академиялық жұртшылық білім беру жүйесін дамытудың маңызды және перспективалык, акпараттық және телекоммуникациялық технологияларды пайдалану негізінде кашықтықтан оқыту әдістерін кеңінен енгізу керек екенін мойындап отыр. Қашықтықтан оқыту болашақ 12 жылдық мектеп үшін елеулі білімдік мәні бар бірқатар қосымша мүмкіндіктерге ие болып отыр; Жедел (кеңістіктегі және уақыт ішіндегі кедергілерді жеңу, өзекті тың ақпарат алу, жедел кері байланыс); Ақпараттық (арнайы салалардағы білім ауқымының кол жетімділдігі артады, тұтынушыға интерактивті веб-арналардьң көмегімен жеткізіледі; телеконференцияларда, жөнелту тізімдерінде және интернет желісін басқа да кұралдарында жарияланады); Коммуникациялау (бір-бірімен электр желілерінің көмегімен жедел байланысатын оқуға қатысушылардың окушылардың, педагогтардың, мамандардың саны өседі; интернет сабақтарды. жобаларды, олимпиадаларды өткізуге қойылатын шектеулер алынады.); Педагогикальқ (қашықтықтан жүргізілетін телекоммуникацилардың өзіндік ерекшеліктеріне қарай оқыту бұрынғыдан гөрі интерактивті, технологиялық және дәлелді бола түседі, дараландырады; оқушылар жұмыстарының желідегі жариялымдары, оларды сараптау мен бағалау жеңілдетіледі.); Психологиялық (оқушынын өзін танытуы үшін дәстүрлі эмоциялық-психояогиялық жағдайлармен салыстырғанда анағұрлым жағдайлар жасау; психологиялық кедергілер мен проблемаларды ашу, ауызша сөйлеудің кемшіліктерін жою); Экономикалық (көлік шығыстарын, үй жайын жалға алуға кететін шығындарды үнемдеудің есебінен оқуға жұмсалатын шығындар 40 пайыз шамасында кемиді. Қағазбен іс жүргізу, оқу кұр'алдарының таралымы азаяды.); Қашықтықтан оқыту - адам білім алуға және ақпарат алуға деген құқықтарын іске асыратын үздіксіз білІм беру жүйесі нысандарының бірі. Қазақстанда қашықтықтан білім берудің рөлін өзекті ететін әлеуметтік саяси прогрестер: Білім беруге жаңа талаптар коятын экономикалык реформаларды дамыту. Халықаралық байланыстардың оның ішінде білім беру саласындағы байланыстардың өсуіне ықпал ететін саяси өзгерістер; Білім беру қызметін көрсетулердің әлемдік рыногында бәсекелестіктің артуы кезінде білім беру
Ақпараттық технологиялардың өзекті мәселелері
Ісіндегі халықаралық ықпалдастықты күшейту.
Білім беру процесіне қатысушылардың арасында ақпарат алмасудың сапалық тұрғыдан жаңа техникалық құралдарының пайда болуы және олардың жедел дамуы. Халықтың білім берудің мазмұны мен технологияларына қатысты жаңа сұраныстарын қалыптастыру. Қашықтықтан білім берудің әлеуметтік функциялары:
- халыктық әлеуметтік және кәсіби жұмылуын оның кәсіпкерлік әлеуметтік белсенділігін арттыру;
- елдің сапалы даярланған білікті мамандарға деген сұраныстарын қанағаттандыру;
- отандық жоғары мектепте жинақталған білімді кадрлық және материалдық әлеуметті сақтауға және көбейтуге жәрдемдесу.
- қоғамның білімділік деңгейін және білім сапасын арттыру
- халықтың әр түрлі білім беру қызметтеріне деген, өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыру.
Икемділік. Білім алушылар лекциялар, семинарлар түріндегі күнделікті сабақтарға қатыспайды. Өздеріне ыңғайлы уақытта, ыңғайлы орында және ыңғайлы қарқында сабақ оқиды. Әркім оқу курсының белгілі бір пәнін меңгеру үшін өзіне қанша кажет болса, сонша оқиды.
Модульдік. ҚО бағдарламасының негізіне модульдік принципі алынған. Оқушылар меңгерген әрбір жекелеген пән (оқу курсы) мазмұны бойынша белгілі бір пәндік салаға барабар. Бұл тәуелсіз (бірақ, әрине, логикалық жағынан өзара байланысты) оқу курстарының жиынынан жеке немесе топтық қажеттіліктерге жауап беретін оқу жоспарын жасауға мүмкіндік береді. Оқушы өзі үшін өзінің жеке ұйғарымдарын білдіретін іс жүзіндегі жеке оқу жоспарын жасағанда, әзірше білім алудың дәстүрлі нысандарына тән емес, оңтайлы мүмкіндік туады,
Қосарлылық. Оқыту негізі кәсіптік қызметпен, тіпті оқумен ұштастырыла, яғни «өндірістен қол үзбей» жүргізіледі.
Қашыктықтағы әрекет. Білім алушының тұратын жерінен білім беру мекемесіне дейінгі қашықтық тиімді білім беру процесі үшін кедергі (байланыс сапалы жұмыс істегенде жағдайда) болып есептелмейді.
Оңтайлылығы. Оқу процесінде білім беруші мен білім алушы қашықтықтан оқыту технологиясын уақытқа қарамастан, яғни әрқайсысына ыңғайлы сабақ кестесі немесе жұмыс кестесі бойынша іске асыра алады.
Қамту немесе «бұқаралық». Білім алушылардың саны сыни тұрғыдағы өлшем болып есептелінбейді. Олардың барлық үлгідегі оқулықтар мен анықтамалық көздеріне (электронды кітапханаларға, ақпараттық деректер қорына) қолдары жетеді, сондай-ақ олар бір-бірімен және оқытушымен теле-коммуникациялық желілер және байланыс құралдары арқылы хабарласа алады.
Рентабельдік. Бұл - ҚО-ның жоғары экономикалық тиімділігі. Шетелдік және отандық мамандардың бағалауы көрсеткендей, ҚО білім алудың басқа нысандарына қарағанда шамамен 1,5-2 есе арзанға түседі.
Оқытушы. Әңгіме оқытушының жаңа рөлі және өзіндік функциялары туралы болып отыр.
Білім алушылар. Нақтырақ айтсақ, білім алушының жаңа рөлі және іс-әрекеті.
Жаңа ақпараттык, технологиялар. Ақпараттық технологиялардың барлық түрлері, бірақ та көбінесе жаңа ақпараттық технологиялар (компь-ютерлер, компьютерлік желілер, мультимедия жүйелері, т.с.с.) пайдаланылады.
Әлеуметтілігі. ҚО тұрғыдан жеріне, жағдайына және белгілі бір дәрежеде материалдық жағдайына қарамастан, білім алудың баршаға бірдей мүмкіндігін қамтамасыз ете отырып, белгілі бір дәрежеде әлеуметтік кикілжіңді азайтады.
Интернационалдығы. ҚО білім беру қызметін экспорттауға және импорттауға қолайлы жағдай туғызады. Қашықтықтан оқитын оқушы жасаған білім нәтижелері, оның ішкі жеке басының өсуіне сәйкес келеді. Ғылыми білім беретін интернет-ресурстардың көлемінің өсуі адамзаттың әлемдік мәдени-тарихи жетістіктеріне жетудің мүмкіндігі білім берудін мазмұнының ролін өзгертеді. Дәстүрлі білім берудің негізгі мақсаты таңдап алынған мазмұнды оқушыларға жеткізу болып табылатын бірыңғай көздерге - оқулықтар мен оқу құралдарына шоғырландырылады. Web - ортада, СВ КОМ. ВҮВ-тасушыларда, электронды кітаптар мен вертуальді кітапханаларда бар білімдік ақпараттық қол жетімділдігі және көлемнің ұлғаюы және қашықтықтан оқыту қызметі нысандарының ашықтығы оқушылардың дүниетанымын әлемдік деңгейге дейін кеңейтеді. Сондықтан болашақ 12 жылдық мектепте қашықтықтан оқыту нысандарын бірыңғай ашық білім беру кеңістігіндегі ғаламдық білім беретін телекоммуникациялардың тиімді құралы ретінде лайықты орын алатыны анық.
ІІ.ІІ.Мамандық таңдауда мамандардың ақпараттық құзырлығын қалыптастыру.
Білім беруді ақпараттандыру – бұл ақпараттық-коммуникациялық технологияның құралдарын білім беру саласына қолданудың методологиялық және тәжірибелік құндылықтарын зерттеп, оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық және педагогикалық мақсаттарына бағыттап қамтамасыз ету процесі. Бұл процесс мына бағыттар бойынша жетілдіріледі:
- білім беру жүйесінің басқару механизміндегі ғылыми-педагогикалық ақпараттар мен ақпараттық-әдістемелік материалдарды автоматтандыру арқылы оның қолданылу аясын жетілдіру және басқару ісіне коммуникациялық желілерді қолдану;
- ақпараттық қоғам жағдайында жеке тұлғаның даму бағыттарының міндеттерін негізге ала отырып, оқытудың мазмұнын, әдістері мен оны ұйымдастыру формаларын таңдау мен оның методологиясын жетілдіру;
Информация о работе Кәсіптік оқу орындарындағы кәсіби бағыттылық