Кәсіптік
білім
Кәсіби білім беру - өнеркәсіп, ғылым, техника және мәдениеттің әртүрлі
салалары үшін жоғары, орта және төменгі
білікті мамандар даярлау оқу орны.
Кәсіптік даярлық, кадрларды кәсіптік даярлау – білім
беру жүйесінің маңызды саласы; мамандар мен жұмысшыларға
кәсіптік білім беру, оларды мамандыққа даярлау, қайта оқыту
және олардың біліктілігін көтеру. Бастауыш
кәсіптік білім беру ісі негізгі жалпы
білім беру базасы негізінде кәсіптік
мектептер мен кәсіптік лицейлерде жүзеге асырылады
және ол еңбек қызметінің түрлі бағыттары
бойынша біліктіжұмыскерлерді (жұмысшыларды, қызметшілерді) даярлауға бағытталған.
Кәсіптік мектепте оқу мерзімі 2 – 3 жыл, кәсіптік лицейде – 3 жыл, ал ерекше маңызды кәсіптер
және бірегей жабдықтарға күтім жасауға байланысты кәсіптер
бойынша – 4 жыл. Сондай-ақ, тікелей өндірісте,
оқу-өндірістік комбинаттарда, оқу орталықтарында,курстарда және жұмысшылар
мен қызметшілерді даярлайтын басқа да
оқу-өндірістік құрылымдарда да кадрлар кәсіпке даярланады.
Орта кәсіптік білім оқушыларға колледждер мен училищелерде беріледі, мұнда
кәсіптік білім беру ісі арнаулы орта
білім берумен ұштастырыла жүргізіледі
және ол орта кәсіптік білімі бар мамандарды
даярлауға бағытталған. Колледжде оқу мерзімі – 3
– 4 жыл. Жалпы орта білімі бар, сондай-ақ,
сабақтас мамандықтар бойынша бастауыш кәсіптік білімі бар
азаматтар колледждерде қысқартылған,
жеделдетілген бағдарламалар бойынша орта
кәсіптік білім алады. Колледждерде тиістілицензиясы болғанда ғана бастауыш
кәсіптік білім беру бағдарламалары іске
асырылады.
Экономиканың нарыққа бағдарланып қайта
құрылуына байланысты мамандардың біліктілік деңгейіне, олардың кәсіптікілкімділігіне, ептілігі мен шеберлігіне, бастамашылдығына жоғары талаптар қойылып отыр. Осыған
орай кәсіптік білім беру жүйесіне ерекше
назар аударылып, дағдарысқа қарсы күрес барысында
оған экономикада жүргізілетін құрылымдықөзгерістерді қамтамасыз ететін, нарықтық сауаттылықты енгізетін “қуатты фактор рөлі” жүктелуде.
1999 ж. колледждердің мемлекттік қазыналық
кәсіпорындар қатарына жатқызылуына байланысты
олар ақылы оқытуға көшті, олардың
тек кейбіреулері ғана мемлекттік тапсырыс бойынша жұмыс істейді.
Бұл тапсырысты тиісті мемлекттік органдар білікті жұмысшылар
мен қызметшілерді даярлаудың мемлекттік
бюджет есебінен іске асырылатын жоспары ретінде белгілейді.
Қазіргі кезде колледждерде оқушыларға конкурстық негізде мемлекттік гранттар мен несиелер беру жолымен мамандар
даярлаудың тетігіәзірленіп, тәжірибеге
енгізілуде.